«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет34/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
қалыптасқан. Негізінен өзі жалғанған түбір сөзге абстрактілі, мекендік, нақты зат атауы, 
бүтіннің бөлшегі, қимылдың атауы мәнін үстейтін бұл жұрнақ арқылы техника саласында 
ұғым, зат атауын білдіретін терминдер жасалады. 

шық, -шік жұрнағы арқылы күбішік (бачок), ершік (седло), кемершік (заплечик), 
айқаршық (крестик) т.б. терминдер жасалған. Қазақ тіл білімінде «форма тудыратын жұрнақ» 
деп есептелетін бұл жұрнақ туралы тіпті кейбір сөзжасамға арналған еңбектерде айтылмаған 
да. Мәселен, А.Салқынбайдың «Қазіргі қазақ тілі» атты оқулығында сөз тудырушы тұлға 
мағынасы туралы тараушасында зат есім жасайтын жұрнақтар қатарында мұндай жұрнақ 
көрсетілмеген [2,440]. Дегенмен бұл жұрнақтың қазіргі кезде техникалық терминдер 
қалыптастыруда өзіндік үлесі бар екендігі байқалады. 
-қ, -ық, -ік, -ақ, -ек жұрнағы арқылы піспек (поршень), елек (решето), шытырлауық 
(трещотка), жетек (привод) т.б. терминдер туындаған. Бұл жұрнақ туралы зерттеу еңбектерінде 
«тілдің тарихи бастауында қимыл есім қызметін атқарып, қызметтік-семантикалық құрылымы 
дамуы нәтижесінде сөзжасамдық тұлғаға өзгерген» деген пікір айтылады [2,439]. Аталған 
жұрнақ арқылы техника саласында атау тұлғалы терминдер қалыптасқанын аңғаруға болады. 
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағы арқылы тойтарма (заклепка), қолданба (приложение), 
ағытпа (разъем), қапсырма (скоба), серіппе (пружина), түйіспе (стык), қорытпа (сплавы) т.б. 
терминдер жасалған. Аталған жұрнақтың техникалық терминдерді жасауда құралдық және іс-
әрекет, процесс нәтижесінде туындайтын атаулық мағына үстейтінін байқаймыз. Жоғарыдағы 
мысалдарда «қорытпа» термині әрекеттің нәтижесінде туындайтын атау болса, қалғандары 
кұралдық атауды білдіріп тұр. 
-у жұрнағы арқылы қалкалау (маскирование), модельдеу (моделирование), керілу 
(натяжение), аудару (опрокидывание), тасымалдау (перенос), ағыту (разъединение), 
телеграфтау (телеграфирование), тұйықтау (шунтирование) т.б. терминдер туындаған. -У 
жұрнағы туралы ғалымдар «қимыл есім ретінде 
XIX 
ғасырдан бастап белсенді қолданылады да, кейін заттану үдерісінің нәтижесінде көптеген 
заттық атаулардың жасалуына себеп болады» деген пікір айтады [2, 440]. Техника саласында 
бұл жұрнақ арқылы қимыл атаулы терминдер көптеп жасалған. 
Келтірілген жұрнақтардың барлығы да төл тіліміздің жұрнақтары болып табылады. Ал 
шет тілдік материалдан алынған кірме жұрнақтарға араб-парсы тілінен еніп, тілімізде сөз 
тудыру қызметіне ие болған жұрнақтар жатады. 
Сондай-ақ техника саласында морфологиялық жолмен жасалған терминдердің басым 
бөлігі көп компонентті терминдер құрамында кездеседі. Мәселен, бойлық-оралым муфтасы 
(продольно-свертная муфта), жерқазушы-фрезерлі машина (землеройно-фрезерная машина) т.б. 
Ол туралы техникалық терминдерді жасаудың синтаксистік тәсілі туралы сөз етілген тарауда 
айтылды. 
Техника саласындағы терминдерді жасау ісіне қатысушы жұрнақтардың белсенділік 
деңгейі әр түрлі болады. Белгілі бір салада қолданысы жағынан өнімсіз жұрнақтар техникалық 
терминдерді қалыптастыруға барынша белсенді қатысуы мүмкін. Ал сөз тудырушы 
жұрнақтардың техникалық терминдер жасауға қатысу деңгейін анықтау міндетін бұдан әрі 
термин қалыптастыру мәселесін біріздендіруге ықпал ететін тірек ретінде санасақ, ол міндетті 
шешу - терминтанушылар атқаратын жұмыс. Осы мақсатта біз Қазақстан Ресиубликасы Үкіметі 
жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен 31 томдық сөздіктің 7- машина 
жасау саласына арналған томына талдау жасадық. 


Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
Жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша аталған сөздіктегі терминдерді 
жасауға қатысқан жұрнақтар арасында -у, -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -
лық, -лік, -дық, -дік, - тық, -тік жұрнақтары өте белсенді қызмет атқаратындығы, -ша, -ше, -
уыш, -уіш, -ыс, -іс, -с, -шық, -шік, - ық, -ік, -қ, -к, -ым, -ім, -м, -ғы, -гі, -қы, -кі 
жұрнақтарының белсенділігі орташа екендігі, ал -шы, -ші, -хана, -шек, -кақ, -кек, -ын, -ін, -н 
жұрнақтарымен бірді-екілі термин ғана жасалғанын көреміз. Бұл көрсеткіш бір ғана сала 
сөздігін талдауда анықталып отырғандықтан, техниканың барлық саласындағы 
жұрнақтардың термин жасауға қатысу деңгейі осындай деуден аулақпыз. Дегенмен де, осы 
мысалдардың өзінен-ақ техникалық терминдерді қалыптастыруға белсенді катысып жүрген 
жұрнақтарды анықтауға және олардың түбір сөзге жалғану арқылы оған үстейтін 
мағыналарына сай қандай ұғымға атау болатындыктарын анықтауға болады. 
Сонымен бірге біз жоғарыдағы кестеде тек төл сөздерге жұрнақ жалғану аркылы 
жасалған терминдерге тоқталдық. Ал техника саласында кірме терминдер құрамындағы түбір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет