Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. уакыттық немесе мезгілдік көрсеткішін ғана емес, сонымен қатар сыртқа көрінбейтіндей,
жасырын күйде сақталып отыратын ерекшелігін дәлелдейді деп тұжырымдады. Оны ғалым
«жады мен естен шығарудың арасындағы дихотомиялы, яғни екі жақты әрекеттің көрінісі»,
«адам санасында сақталар ішкі қордың латентті не болмаса құпия дамуы» деп түсіндірді [9; 19-
6.]. Автор генетикалық және әлеуметтік жадыларды өзара салыстыра отырып, екіншісін
танымдық және тәжірибелік әрекеттер қоры деп қараған дұрыс деген қорытындыға келді. Адам
жадында сақталар мәліметтер қазіргі, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің негізінде ғана емес,
әртүрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдердің үлгісінде көрініс тауып жинақталатындықтан,
әлеуметтік жадының құрылымдық сипаттамасына ғалымдар қабылдауды, жасыруды, сақтауды,
қолдану қажеттігіне орай сыртқа шығаруды жатқызып келді, сол себепті зерттеушілер
жадының қоғамдық өзгешелігі деген мәселе шеңберінде символ мен метафора ұғымдарына да
зер салды, оларды әлеуметтік жадының мазмұндық хабаршысы, танымдық сабақтастырушысы
ретінде бағалады. Олар «Метафора салыстыруға негізделген құрал бола тұра, бұрыннан
орныққан, бірақ әр кез қалыпты жағдайда кабылдана бермейтін қоршаған орта байланыстарын
танудың көзі болып табылады, өйткені метафораланудың өзі адам болмысымен өлшенеді» [9;
156-6.], - деп тұжырымдады.
Тану мен қабылдау бір жағынан қоғамдық, екінші жағынан ұлттық-мәдени көрсеткіш
болғандықтан, әлеуметтік танымның көкейтесті мәселелері қатарында ғалымдар «этос»
ұғымына назар аударды. А.К.Бондарев «Этос» маңызды ғылыми және іскерлік тәжірибеде»
атты мақаласында аталмыш терминнің қолданылу аясын салыстыра келе, оның қоғамдық,
ұжымдық сана тұрғысынан зерттелу ерекшелігіне тоқталды. «Этос» - көне грек пәлсапасында
танылған терминдердің бірі. Кезінде А.Лосев те бұл сөздің «мінез-құлық» деп аударылу
өзгешелігіне назар аударған, ал ангика эстетикасында әрі өнертану саласында ол «стиль»,
«ерекшелік», «индивидуалдылық» секілді мағыналарда қолданған... «Этос» ұғымының аясы
кеңейе келе, ол адамның ішкі қадір-қасиетіне негізделген ұжымдық сананын құнды бөліктерін
құрайтын құбылыс ретінде таныла басталды...» [10; ЗЗ-б.]. Сонда әлеуметтік тұрғыдан этос
«белгілі бір мәдениеттің құндылықтары мен идеалдары» болып табылатынын ескерсек,
қоғамдық сана мен танымды да сол мәдени-этникалық дамудың бір бөлігі ретінде қараған
дұрыс. Демек, танымның әлеуметтік негіздері қоршаған әлемнің адамға әсер етуінен әрі жеке
тұлғалардың сол дүниемен және бір-бірімен қарым-қатынас жасау өзгешеліктерінен
туындайды. «Идеология дегеніміз - белгілі бір топтың яки саяси партияның өзі өмір сүрген
қоғамның мүдделерін білдіретін саяси, праволық, моральдік, діни, көркемдік, философиялық
көзқарастар жиынтығы» [11; 42-6.], - деп аталып көрсетілгендей, қоғам, әлеумет, халық, саясат,
идеология секілді ұғымдар адамзат дамуына қажет шарттардың бірі болып табылады.
Олай болса, әлеуметтану мен пәлсапа, психология мен лингвистика т.б. ғылымдардың
нысанын құрайтын қарым-қатынас қоғамдық дамудың да ажырамас бөлшегін құрайды. Қазіргі
танымдық теорияның негізінде жеке тұлғалық сананың субъектаралық және қатысымдық
әрекеттері жататындықтан, кез келген адамды қоғамдық арақатынастар жемісі деп зерттеген
дұрыс. Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның «қажетін» жүзеге асыратын құрал болғандықтан,
тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының атқарар қызметі де, ғылыми
маңызы да ерекше. XIX - XX ғғ. бастап, лингвнстикалық бағыттар мен мектептердің бірі
ретінде негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, зандылыктары
қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын,
әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік
саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші
Э.Д.Сүлейменова «Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік
шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының
маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру
формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің
қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады» [12; 42-6.],- деп анықтама береді. Тілдің қоғамдағы
орны, әлеуметтік таныммен байланысы оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дәрежесімен,
құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен, оқытылу, меңгерілу сипаттарымен
өлшенетіні сөзсіз.