Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С


ӘЛЕМДІК Орта ғасырЛАР әдебиетіНЕ КІРІСПЕ



бет38/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

ӘЛЕМДІК Орта ғасырЛАР әдебиетіНЕ КІРІСПЕ

Орта ғасыр дәуірінде әлем әдебиеті дамудың жаңа кезеңін бас­тан кешір­ген болатын. Бұл құбылыс Еуропа, Азия мен Солтүстік Африкада құлиелену­шілік құрылыстың ыдырап, толық жойылға­ны­нан кейін өндірудің феодалдық тәсілінің пайда болуы мен оның даму кезінде жүреді. Осы кезде құлиелену­шілікті білмеген «жаба­йы» халықтар да феодлизмге өткен болатын, бірақ олар феодализм­ге бірден алғашқы қауымдық құрылыстың құлауынан кейін өтеді. Ирлан­дия мен Испаниядан бастап Индонезия мен Жапон аралда­ры­на дейінгі алып географиялық бытыраң­қылық пен уақыт аралығына қарамастан, өндірудің феодалдық тәсілі және онымен байланысты идеологиялық, саяси және мәдени институттар ежелгі әлем әде­бие­тінің негізгі тірегі болады.


Осылайша, қалыптасқан идеологиядағы феодалдық құрылыс талас­сыз шіркеу беделімен сипатталады. Мұндай қызметке тек хрис­тиан діні ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген моно­теистік негіздегі «әлемдік» діндер де ие болған. Ежелгі діндерге қара­ған­да, мұндай дін­дер­дің адамгершілік құндылықтары зертте­ліп, анықталады. Сондықтан да орта ғасырлар әдебиетінде этика­лық мәселелер маңызды орынға ие болады. Осындай діни идеоло­гия салта­­нат құрған дәуір­де кез келген әлеуметтік қайшылық сөзсіз діни мәселелер төңірегінде жүреді.
Шіркеулік идеология бөлшектенген қоғамның таптық–иерар­хия­лық құры­лы­мын анық­тайды. Иерархиялық байланыстар жүйесі өмірде де, мәдениет саласында да түрлі аймақта түрліше бол­ға­ны­мен, орта ғасыр дәуірінде олардың бас­ты белгісі болып табылған таптық мәселелер әмбебап сипатта болады.
Орта ғасырлардағы әлем әдебиетінің үдерісі айқын бірлікпен сипат­та­лады. Осы бірлік­тің негізінде қоғамдық құрылыс пен мәде­ниет дең­г­ейі­нің жалпылық сипаты жатыр. Орта ғасыр дәуірінде геогра­фия­лық тұрғыдан бір-біріне жақын үздіксіз байланыстағы әдебиет пен бір-бірінен алшақ келетін ежелгі салт-дәстүр негізін­дегі «көне» әдебиеттер мен «жас» әде­биет­тер­дің барлығы да жалпы заңды­лықтарға бағынады.
Зерттеліп отырған кезеңді ежелгі дәуірден алшақтататын хро­но­ло­гиялық шекара жеткі­лікті дәрежеде жалпы әмбебап сипатқа ие. Осындай алып мыңжылдық дәуірдегі әлем әдебие­тін, яғни Ерте орта ғасырмен Кемелденген орта ғасыр әдебиетін бөліп көрсетуде де өзіндік тұтастық бар. Әлемнің әр түкпіріндегі әдебеттерде бұл үл­кен кезеңдердің сипаты көбіне бір типті болып келеді. Нақтырақ айтсақ, әдеби үдерістердің бағыттары мен олардың түрлері және нақты әдебиеттердегі ескерткіштер мен олардың ерекшеліктерінде ұқсас­­тықтар кезде­се­ді.
Дегенмен ортағасыр әдебиеті әлем мен адамды тану және шындықты нақты әрі дәл сурет­теуде тынымсыз тәжірибе жинау үстінде болады.
Орта ғасыр әдебиеті әр алуан және бай болғаны соншалық, орта ғасыр дәуірінен кейінгі кезеңде пайда болған әдеби үдеріс оның ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибесіне сүйенбей, өмір сүруі мүмкін емес еді. Көптеген шығыс әдебиеттерінде ортағасыр дәстүрлері, өзгеріске ұшыраған түрде болса да, ХІХ ғ. алғашқы жартысына дейін өмір сүруін тоқтатпады. Мұндай әдебиеттер үшін бұл дәстүрлер ұлттық мұра болған. Батыста да мұндай дәстүр­лер­ден толық бас тарту болмады. Бұл аймақта орта ғасыр мәдениетінде кездесетін кертартпа тұстары ғана алып тасталынады. Дегенмен орта ғасыр әдебиеті өзінің жетістіктерімен бірге адамзаттың әдеби дамуында маңызды дәуірдің бірі ретінде өз бағасын табаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет