Жаңа патшалық әдебиеті (б.з.д. XYI-YIII ғ.). Жаңа патшалық кезеңінде ішкі және сыртқы гүлдену нәтижесінде Мысыр орасан дүниежүзілік державаға айналып, сыртқы әлемнен бөлектеуінін жойды. Мұндай тарихи өзгерістер, әрине, әдебиетте де өз әсерін айшықтады, әсіресе әнұран табыспен қолданылды.
Әнұрандармен қатар жаңа патшалық дәуірінің діни әдебиеті «Өлілер кітабының» 125-ші тарауы ерекше саналды, өйткені «Пирамида мәтіндері» тек патшаларға арналса, бұл керісінше қайсыбір пақырға да көмектеседі деген сенім қалыптасты. Мәтіндердің 125-ші тарауы өзінің мазмұнымен ерекшеленеді: онда өлген адамның жанына Осиристің табыттық соты суреттеледі. Бұл табыттық сотының мәні: адам жанының жерде жасаған іс-қимылдары дұрыс деп танылса, мәңгілік өмірмен қамтамасыз етілді; қылмыскердің немесе күнәһардың жаны екінші және соңғы өлімге берілді. Мұнда өлген адам жасамауы тиіс күнәлар мен қылмыстар тізімі келтірілген. Сиқырлы мазмұнды көптеген басқа тараулардың арасына жоғалған «Өлілер кітабының» 125-ші тарауы мысырлықтардың жоғарғы дәрежедегі талаптарын байқауға болады.
Ауыз әдебиетінен фрагментарлы түрде сақталған басқа аңыз-ертегілер көптеп кездеседі. Аңыздық емес мазмұндағы ертегілер де барынша қызықты. Соның ішінде «Екі ағайынды туралы» ертегі орны бөлек.
Ертегі қарапайым халықтық типті ағалы-інілі шаруа-егіншілер, кіші інісі далада және үйде қинала еңбек етіп, ағасы мен әйелінің азығын табады. Ертегіде әңгіме кіші інісінің басынын айналдыруға тырысқан ағасының опасыз әйелі туралы болады. Ештеңе шықпаған соң опасыз әйел күйеуіне ол жоқта інісінің зорлағысы келгенін айтады. Жәбірленген және абыройы төгіліген інісі кұдайдың көмегімен ағасынан кұтылып кетеді. Ол «кедр жазығы» Ливанға кетіп қалады, онда алуан түрлі сиқырлы оқиғаларды басынан кешеді. Соңында інісіне алаңдаған ағасы оны Мысырға қайтуын сұрайды, ал опасыз әйелі жазасын алады. Ал кіші інісі Мысыр перғауыны болады.
Сол секілді жаңа патшалық әдебиетінде өзінің өмірлік сенімділігі әрі лирикалығымен «Ун-Амон саяхаты» аталатын мысырлық Ун-Амонның Библге саяхаты туралы әңгімесі құнды. Бір ғана данада жеткен ол Мәскеуде А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері мемлекеттік мұражайында сақталған, Әңгіме сол кезеңдегі елдер мен Мысырдың саяси жай-күйі туралы қызықты мәліметтер катарын камтиды. Ун-Амон саяхатын сенімділігі мен көркемдік жетістігі бойынша «Синухе әңгімесімен» салыстыруға болады.