Орта патшалық әдебиеті (б.з.д. XXII-XYI ғ.). Орта патшалық кезеңіндегі мысыр әдебиетін классикалық деп атау қабылданған. Сол уақыттан жеткен ескерткіштер ежелгі әдебиетпен салыстырғанда барынша құнды және алуан түрлі.
Орта патшалық кезеңінің бірнеше папирусы барынша ерте уақытқа сәйкес келеді, соның ішінде «Шешен тілді адам туралы повесть» ерекше. Повесть әрекеті X әулеттің патшалық ету уақытына жатады. Шын мәнісінде, повесте қандай да бір оқиға желісі жоқ. Ол - ауыл шаруасының жоғары шенді сарай қызметкеріне оның қол астындағы қызметшісінің оны тонап кеткендігіне қатты ашуланғаны туралы баяндайтын тоғыз жоғары дәрежелі аса мәнерлі сөздерден тұратын өтімді шағым. Бұл сөздер жазбаша жазылып қызыл тілді өзі секілді ұнататын перғауынға жеткізіледі. Ақырында жапа шегушіге шығынын төлеп, тіпті сыйақы береді. Бұл риторикалық үлгі елдің ішкі жағдайын бекіту идеясымен, онда әділ, шыншыл соттың билеуімен сарындас.Сол секілді перғауынның өз ұлы Мерикарға «Гераклеопольдың ұлағаты2«. «Ұлағат» авторы өз баласымен, яғни келешек патшамен елді басқару тәжибесімен бөліскен, мәтін тамаша ойларды қамтиды. Мысалы, «Бай халық көтеріліске шықпайды», «тіл - бұл қылыш (патшаның)», «сөз кез келген қарудан күшті», «кектенбе, өзінді өзін ұстаған жақсы», «өзіңе сені сүйетіндерден ескерткіш жаса». Бір сөзбен айтқанда, бұл «Ұлағат» Мысыр мемлекетінің басшыларының саяси ойларының жоғарғы деңгейіне куә болатын қызықты пікірлерді табамыз.
Ал Весткар папирусының ертегілері (Орта патшалықтың соңы) басқа жанрға жатады. Олар ортақ шеңберге біріктірілген: Хуфу IY әулетінің бізге белгілі перғауыны өз ұлдарына көне заман туралы әңгімелерді естігісі келетінін айтады, оның ұлдары белгілі данышпан Джедефхор, Хафра (Хефрен) тақ мұрагері және екінші ұлы пирамиданы салушы және кіші ұлы Бауфра кезекпен әкесіне ертегілер айтады. Ертегілер немесе әңгімелердің бірігуі – Батыс («Декамерон»), Шығыс («Панчатантра», «Мың бір түн») әдебиетіне белгілі үйлесімділік тәсіл. Весткар папирусында бұлар әлем әдебиетінде алғаш кездесті.
Шебер өңделген халық шығармашылығымен бірге орта патшалықтың әдебиетінде басқа жанрға тиесілі ескерткіштер табылған. Біріншіден, діни көзқарас негізіндегі әдеби құндылығымен ерекшеленетін шығармалар болды. Мәселен, құдайларға арналған әнұрандарды айта кетсек, Хапи (Нілдің құдайы әнұрандары, Осириске және т.б. құдайларға арналған.
Осирис культінде өлместік туралы жалпы таралған догманың антитезисі ретінде орталық патшалық дәуірінде «Арфист өлеңі», яғни алдыңғысына қарсылық мазмұнда пайда болды. «Арфист өлеңінің» ең толық нұсқасы жаңа патшалықтың 500 ж. шамасына жататын Харрис папирусында сақталған, Интеф XI әулетінің перғауындар уақытына жатады.
«Неферти болжамдары». Снофру IY әулетінің перғауыны өз сарайында көңілсіз болғандықтан, оны серігітетін данышпан табуға бұйырады. Олар Нефертиді ертіп келеді, ол перғауыннан өткенді немесе келешекті білгісі келе ма деп сұрайды. Патша келешегін білгісі келеді. Неферти алдағы қорқыныштарды жориды: Ніл құрғап, құрылыққа айналғанда аштық белең алады, елді жалпылай бүлік басады, адамдар бір-бірін жек көріп, қауіптенеді, шығыстан көшпелі азиалықтар келіп халықты қанай бастайды және т.б. Бірақ оңтүстіктен, яғни Жоғарғы Мысырдан Амени мысырлықтарды құтқарып, таққа отырады. Қайратты әрі әділ қолбасшы елде тәртіп орнатады, азиаттық басып алушыларды қуады, ел қалпына келеді. Амени - XII әулеттің негізін салушы I Аменемхаттың /Эхнатон/ қысқарған аты.
Келесі шығарма - ежелгі мысыр әдебиетінің інжулерінің бірі, «Синухе әңгімесі» деген атпен әлем әдебиетінде белгілі. Мұның авторы мысыр мәдениетін жетік білуші, терең психолог болды. Бұған көп нұсқадағы толықтай немесе бөлектенген әңгіме мәтіні куәландырады, сонымен бірге мысырлықтардың көркемдік талғамының нәзіктігін көрсетеді. Әңгіме бірінші жақтан жазылған, қайталауларды және тілдің бірдей болуын кездестірмейміз. Керісінше шығарманың тілі бай және әдемі, грамматикалық оралымдар мен фрезеология әсерлі. Суреттеулер жанды, әдеттегідей емес, автор сөзсіз шындықты көркемдік тұрғыдан ұғыну қабілетімен дарынды болған.
«Синухе әңгімесі» шынайы тарихи жағдайды тірі суреттегені соншалықты, тіпті ол тарихи тұлға деген ой пайда болады. Мүмкін, алайда мұны дәлелдейтін құжаттар жоқ. Қалай болса да, «Синухе әңгімесі» бағалы тарихи қайнар көз болып табылады. Шығармаға өз лауазымдарын атап шығып, Синухе әңгімесіне кіріседі. Сарай маңында болғанда Синухе I Аменемхаттың баласы, болашақ патша I Сенусертпен ливийллік темеху тайпасына қарсы жорықта бірге болады. Осы уақытта I Аменемхат кенеттен өз резиденциясында қаза табады. Түнде сарай резиденциясынан келген елшілер I Сенусертке патша өлімі туралы хабарлаған кезде-ақ «тоқтамай, әскеріне де хабарламай сұңқар жол серіктерімен ұшып кетті» делінген. Ол, әрине, бүлік мүмкіндігіне жол бермеу үшін астанаға асығады. Лагерьде қалып қойған Синухе кездейсоқ болашақ перғауынға қастық туралы әңгімені естіген беті, қатты шошып елдің солтүстік-шығысына қашуға шешім қабылдайды. Әбден жол тауқыметіне азып-тозған ол Кедем елінде Ретену билеушісі Амунешимен кездеседі. Билеушінің сеніміне кірген Синухені енді өз қызына үйлендіріп, оған шұрайлы жерлерді бергені туралы; Кейін Синухе тайпа көсемі болуы, халық арасында құрметке ие болғандығы; балаларының ер жеткендері т.с.с жөніндегі жетістіктерін жазған. Жылдар өте берді, қарттық жақындай бастады. Синухе өз елін аңсады. Дүниежүзілік әдебиет тарихында бірінші рет бұл сезім оның тілегінде көрініс тапты: «О, Құдайым, менің елден қашуымда бірге болған, мейірімді болшы маған қайтадан, мені патша сарайына әкелші! Менің жүрегімнің күнде болатын жерлерін тағы бір мәрте көруге мүмкіндік берсең. Туған елімде жерленгеннен не артық болуы мүмкін? Көмектесе гөр маған! Өткен уақыт ғажайып. Құдай маған мейірімділігін азайтпады. Қазір де мейірімді бола гөр».
Синухе қалауы жоғарыдан да, кек сақтамаған перғауыннан қабыл болған. «Синухе әңгімесі» - осы күні де қызығушылықпен оқылатын тамаша шығарма. Ол сондай-ақ сол уақыттағы оқырманның көңілін аудармауы мүмкін емес еді, себебі ол батыр әрі батыл патшаға және тағдыры таңқаларлық Синухенің өзіне арналған.