Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет74/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Франция әдебиеті

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет ауқымды әдеби жаңалықтарға толы болып, ақындар мен жазушылардың жарқын есімдерімен байи түседі. Жаңа ғасыр тарихы көптеген құбылыстар мен үдерістерге жаңаша көзқарасты талап еткен 1914-1918 жылдарда­ғы Бірінші дүниежүзілік соғыстан бастау алады.


Соғыс жылдарында француз жазушыларының шығармашылығында «Адам және қоғам» мәселесі алдыңғы шепке шығады. Олар өздерінің көзқарастары, дүниетанымы мен эстетика­лық ұстанымдарына байланысты бұл мәселені шешуде түрлі тәсілдерді қолданады. Олар өзде­рінің кейіпкерлерімен бірге өмірдің мәні мен ақиқатты іздеу барысында қилы-қилы жолдармен жүреді.
Гийом Аполлионердің (1880-1918) шығармашылығы француз поэзиясының бастауын білдіреді. Оның эстетикалық ұстанымдары ХХ ғасырдағы ақын­дардың манифесіне арналған «Жаңа сана-сезім және ақындар» атты мақаласында (1918) жинақталған. Аполлионер өзінің өлеңдерінде замандастарының дүниетанымы мен олардың өмірге деген көзқарастарын көрсе­теді. Бұл көрініс оның «Ішімдіктер» (1913) және «Каллиграмма» (1918) атты жинақтарында айқын байқалады. Аполлионердің өлеңдерінде Бірінші дүниежүзілік соғыс жиі қозғалады. Ол өзі де осы соғысқа қатысып, ауыр жарақат алып, жастайынан қайтыс болады.
Аполлионердің шығармашылығында «өмірдің қатыгездігін» көрсету мен «жаңа гума­нистік лиризмге» қарай ұмтылыс байқалады. Ол өлең жолдарын белгілі бір ретпен орналас­тыру арқылы түрлі суреттерді, құмыра мен гүлдердің, жануарлар мен құстардың бейнесін жасайтын. Кейде тыныс белгілерінен мүлдем бас тартып, ал кейде оларды өте шебер қолда­натын. 1917 ж. Аполлионер «сюрреалистік» драма деп таныл­ған «Терезия төсі» деп аталатын пьеса жазады.
Марсель Пруст (1871-1922) әлем әдебиеті тарихына «Өткен уақытты іздену бары­сында» атты романның авторы ретінде еніп, «модернизмнің атасы» атанған. Ол батыл тәжі­ри­беші, импрессионистік прозаның шебері ретінде таны­лады. Прусттың поэзиясы автордың жаңа эстетикалық ұстанымдары арқылы ерекшеленеді. Ол: «Жалғыз ғана шынайы әлем, бұл - ішкі әлем» деп жазады. Пруст өзінің басты кейіпкерін Марсель деп атап, өзінің ішкі әлемін көр­сетпекші болады. Романда Марсельдің өткен өмірі жайлы сөз қозғалып, шығарманың сю­жеті жазушының ішкі дүниесінде болып жатқан түрлі сезімдері мен оның естеліктеріне негіз­деліп құрылған.
1908 жылдан бастап 14 жыл бойы жазған «Өткен уақытты іздеу барысында» атты еңбегі жеті кітаптан тұрады: «Саванаға қарай бағытта» (1913), «Германттарда» (1921), «Содом мен Гоморра» (1921), «Тұтқынға түскен қыз» (1923), «Қашқын әйел» (1925) және «Қайта оралған уақыт» (1927).
Демікпе ауруына шалдыққан жазушы өмірінің соңына қарай достарымен сирек кез­десіп, бір бөлмеде оқшауланып, өзінің романын жаза бастайды. Романда Марсельдің (романның бас кейіпкері) өткен өмірі жайлы естеліктері, өзінің балалық шағы, достары мен Парижде өткізген өмірі, салтанатты кештер мен шенеуніктер туралы асқан шеберлікпен жазылған. Жазушы өзінің шығармасында тарих пен саясатқа назар аудармастан, тек өзінің жан дүниесіндегі терең сезімдерін жазу арқылы барлық адам басынан кешіретін сезімдерді көрсете білгені. Пруст уақыт пен кеңістікті өзінше түсіне отырып, адамның сезімдерін жаңа тәсілдер арқылы жеткізу арқылы романның жаңа түрін өмірге әкеліп, ХХ ғасыр әдебиетіне өз әсерін тигізбей қоймады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет