Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет70/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Бомарше (1732-1799). XYIII ғ. Франция комедиясының негізін салушы. Әкесі де, өзі де сағатшы болып, сағат механизмін кемеліне жеткізгендердің қатарынан табылған. Кейбіреу­лер оның жасап шығарғандарын тартып алмақшы болғанда бозбала батыл күреске шығып, өзінің авторлық құқын дәлелдеп, қорғап шығады. Осылайша, Париждің ең жақсы сағатшысы аталғанымен, өз өнерін тастап, сарай маңынан үлкен лауазымға ие болып, өзінің Карон есімін дворяндық де Бомаршеге өзгертеді. Бомарше өте дарынды, әрі механик, әрі өнертап­қыш, дипломат, музыкант және ақын болған. Оның Франция, Германия, Англия мен Ресейде қойылған «Евгения» атты алғашқы пьесасы авторға жетістіктер сыйлап, оған үлкен атақ әкеледі. 1772 ж. Бомарше шу­мақ­ты комедиялық опера жазып, оның бірінші нұсқ­асы «Севильдік шаштаразшы» деп аталады. Мұнде жастардың қызметшілердің көмегі арқылы ақсақалдарды мазақ етулері жайлы айтылады. Шым-шыты­рық оқиғалар мен қателіктерге толы бұл комедияның бас кейіпкері білімді, батыл әрі пысық Фигаро атты жігіт болатын..
Свифт Джонатан (1667-1745) ағылшын жазушысы, сатирик, ақын, публицист әрі саясаткер болған. Ол 1667 ж. 30 қарашада Дублинде ағылшын отбасында дүниеге келген. Свифтің әкесі жас­тайы­нан қайтыс болып, ол ағасының қолында тәрбиеленеді. Свифт Ирландияда өз заманына сай өте жақсы жоға­ры білім алады. Алғашында графтар мектебі Килкенниде содан соң дублиндік Тринити-колледжінде оқиды.
1704 ж. жазылған «Бөшке туралы ертегі» деген шығармасында оның католиктермен қақатығысы туралы жазылған. 1726 жылы жазылған «Гулливер саяхаты» атты шығармасы Свифтің ең соңғы және қорытынды кітабы болатын. Онда автордың фантастикалық, өмірлік, шығармашылық өте бай тәжірибесі көрініс тапқан.
Свифтті әлемдегі адамзат тағдыры жайындағы мысқылды әрі мұңды толғауға толы «Гулливер саяхаты» атты мәңгі өлмес роман­ның авторы ретінде бүкіл әлем таныған. Свифттің кейіпкері Гулли­вер әлемнің төрт еліне саяхат жасап, оны баяндау саяхатшының ресми және қысқа есеп беруі ретінде келген. «Англияда саяхат жайлы кітаптар толып жатыр», - дейді оқырманның тек көңілін көтеруді мақсат тұтып, түрлі аңыз-әңгімелер мен жоқты тілге тиек ететін авторларға көңілі толмаған Гулливер. Автор саяхатшының негізгі мақсаты адамдарды өзі болған елге қатысты жақсы-жаман мысалдардан хабардар етіп, оқырманның ой-санасы мен дүниета­ны­мын арттыру екенін көрсетеді. Хирург, кеме дәрігері, лауазым­сыз, қарапайым Гулливердің қысқа жазбаларының астарында қалыптасқан адамзат өміріне, саналы түрде басталмаған қоғамдық қатынастарға қатысты тамаша сатира жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет