Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет97/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Мигель де Унамуно (1864-1936) – жазушы, философ, ғалым-филолог, профессор әрі қоғам қайраткері. Унамуно Испанияның солтүстігіндегі Бильбао қаласында саудагердің отбасында дүниеге келген. Мадрид университетінде оқып, «Басктардың пайда болуы мен оған дейін болған жайттар» тақырыбында диссертация қорғаған. Осы тақырыпты таңдаған кезде Унамуноның өз елінің тарихына деген қызығушылығы пайда болып, оның кейінгі шығармашы­лығына да әсер етеді. 1924 жылы әскери диктатураға қарсы жазған памфлеттері мен мақалалары үшін Канар аралдарына қуылады. Жеті жылдық қуғын-сүргін оның қайрат-жігеріне еш әсер етпеді.
Унамуно шығармашылығының негізгі тақырыбы – Испанияның тарихи тағдыры, Отанының бүгіні мен ертеңі, ол махаббат, өлім, жалғыздық туралы сөз еткен. Жазушының «Махаббат және педагогика», «Тұман» романдары адамның қалыптасуы, рухани өмірге қол жеткізу сияқты мәселелерді қамтиды. Бұл романдардың ХХ ғасыр әдебиетіне қосқан үлесі зор. Бұл романдарыдың біріншісі трактатқа жақын болса, екіншісі – өсиет. Унамуноның өзі бұл шығармаларының романдарға ұқсамайтынын айта отырып, оларды испан тілінде «роман» мағынасын беретін «noYela» сөзімен атамай, өзі ойлап тапқан «noYila» деген сөзбен атайды.
«Сана скептицизмі» мен сезімдер арасындағы күрес – Унамуно шығарма­шы­лы­ғын­дағы негізгі ойлардың бірі. «Адамдардың өмірді трагикалық сезінуі» теориясы осы оймен байла­нысты. Ақыл мен жүрек арасындағы күрес - ешқашан бітпейтін үдеріс. Алайда, Унамуно өлім­нің алдында бас имей, оған қарсы тұруға шақырады. Өліммен күресе отырып, «жанта­ласушы» өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Бұл тек қана испандық коррида уақытында емес, күнделікті өмірде де болатын жағдай. «Махаббат және педагогика» романының бас кейіпкері – Кларита танымал бола алмаған роман авторы ретінде де, сүйгенінен айырылған еркек ретінде де жеңіліс табады. «Тұман» және одан кейін жазылған Унамуноның «Авелб Санчес» (1917) атты романы мен «Үш өсиет новеллалар» жинағында (1920) адамның өзін қор­ша­ған ортамен бітпейтін күресі туралы айтылады. Әділетсіздікті жаны сүймейтін Мигель де Унамуноның этикалық идеалы.
Оның өлеңдерінде Отан («Рух қаны»), Испания табиғатының әсемдігі («Ашық көзде­ріммен өлейін»), фашизмге қарсыл күрес («Фашизм»), болашаққа сенім («Эй, испандықтар! Уақыт келді!») жайлы айтылған. Унамуноның «Поэтикалық кредо» атты көркем манифесті өлеңмен жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет