Альберто Моравиа (1907-1990) - Италияның атақты жазушысы әрі новеллист. Ол Пиранделлодан кейін 20-шы жылдардағы орын алған адамды шеттету мен халықтың бытыраңқылығы жайлы («Селсоқ қарайтындар» романы, 1929), фашизмге қарсы күрес («Маскарад», 1941; «Чочара», 1957) пен соғыс туралы жазған. Оның соғыстан кейін жазған шығармалары («Римдік әйел» романы, 1947; «Римдік әңгімелер» (1954) және «Жаңа Римдік әңгімелер» (1959) атты өлеңдер жинағы) неореализм әдебиетіне жақын келеді. Сонымен қатар Моравиа буржуазиялық отбасылардың құлауы мен ыдырауы, қазігі замандағы суретшілердің тағдыры жайлы романдарында («Жек көрушілік», 1954; «Көңілсіздік», 1960), Римнің тұрғындары – қатардағы жауынгерлер жайлы жазады. Моравианың шығармаларында лирика ирониямен, көңілсіздік күлкімен байланыстырылады. Моравианың реализмі әлеуметтік-психологиялық анализдің шеберлігі және сатирикалық әуенмен ерекшеленеді.
Альберто Моравиа (Пинкерле) Римде дүниеге келген. Жазушының әкесі сәулетші болған. Альберто 9 жасында сүйек туберкулезімен ауырып, шипажайларда көп жылдар бойы емделуіне тура келеді. Емханада жатып, оның кітап оқуға деген қызығушылығы артады. Кейіннен ол әдебиет саласында бағын сынап, он алты жасында өзінің алғашқы романын жазуды бастайды. 1925 жылы аяқталған бұл романын «Селсоқ қарайтындар» деп атап, 1929 жылы өз қаржысымен баспаға шығарады. Бұл кітап жазушының болашағын анықтады Моравианың ең мықты шығармаларының бірі болып табылады. 30 жылдардың алғашқы жартысында Моравиа Лондонда, кейін Парижде өмір сүреді. «Маскарад» (1941) романында келтірілген Орталық Америкадағы диктатордың ойдан шығарылған бейнесі Муссолинидің ызасын келтіреді. Нәтижесінде Моравианың еңбектерін басуға тыйым салынады.
Қасіретке толы тағдыр, өтірік, екіжүзділік, рухани азғындық, арсыздық, зорлық тақырыптары Моравианың төмендегі шығармаларында да кездеседі: «Бой ұсынбау» (1948), «Жұбайлар махаббаты» (1949), «Конформист» (1951) және т.б. Оның соңғы шығармасында фашисттік режимге бейімделеген адам жайлы айтылады.
Альберто өзінің «Чочора»48 (1957) романында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықтың тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Жазушы өзінің аталған романында «қарсы тұру кезінде» елде орын алған қиындықтар мен кедейшілік туралы жазады.
Умберто Эко (1932) – қазіргі Италия әдебиетіндегі ірі жазушылардың бірі, атақты оқымысты-медиавист, семиотик, мәдениет қайраткері, Болон және бірнеше әлемдік университеттердің профессоры. Ол тек қатаң академиялық ғылымның ғана емес, сонымен қатар еркін шығармашылық ізденістердің де нышаны болған.
Эконың «Раушан есімі»49 атты алғашқы романы (1980) жарыққа шыға сала, үлкен жетістікке ие болып, жазушыға әлемдік атақ алып келеді. 1988-1994 ж. жазушы өзінің «Фуко жол сілтеушісі» және «Накануне аралы» атты екі романын жарыққа шығарды.
Жазушының «Ашық шығарма» (1962), «Визуальды коммуникацияның семиологиясы» (1967), «Жалпы семиотика туралы Трактат» (1975), «Түсіндірудің шектері» (1990) атты шығармалары әлемдік семиотиканың қалыптасуына негіз болған. Эконың үш романы И.Ильин сияқты зерттеушілердің көзқарасы бойынша постмодернизмге жатса, Ю.Лотманның көзқарасы бойынша – семиотикалық романға жатады.
Қорыта келе, XX ғасырда Италия әдебиеті фашисттік Муссолини тәртібінің әсерінен көптеген қиындықтарды басынан өткізгендіктен, фашизм мен соғысқа қатысты тақырыптар басым болған. 1960-ж. Джорджо Бассани және Наталия Гинзбург өз шығармаларында тұлға мәселелерін қарастырды. Олардың еңбектерінде неореализм бағытынан гөрі неоавангардизм басым болады.