Гуманитарлық-педагогикалық институты



бет6/13
Дата18.10.2023
өлшемі463,12 Kb.
#118732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Телу арқылы көбею. Телу дегеніміз бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің (көзшенің) немесе сол өсімдіктің сабағынан дайындалған қалемшенің екінші бір өсімдіктің саба- ғымен (тамыры жақсы жетілген) жымдасып бірігіп кетуін айтады. Бұл жағдайда көбейту үшін теліген (отырғызған) өсімдікті үстінгі, ал қалемшені отырғызған тамыры бар өсімдікті астынғы деп атайды.
Телудің 100-ге жуық әртүрлі жолдары бар. Дегенмен оларды үш типке біріктіруге болады: 1) екі өсімдіктің бұтақтарын жақындастырып байлап біріктіру арқылы телу, бұл жағдайда үстінгі өсімдік астынғы өсімдікпен толық бірігіп кеткенге дейін оның сабақтарын аналық өсімдіктен ажыратпайды; 2) қалемшелер арқылы телу . Бұл жағдайда 2 - 3 бүршігі бар үстінгі өсімдіктің сабағынан қиғаш кесінділер жасау арқылы қалемшелер дайындалады. Содан соң астынғы өсімдіктің сабағын сына тәрізді жарып, оған алдын ала дайындалған қалемшелерді отырғызады (телиді). Бұл жағдайда привой мен подвойдың сабақтарының жуандығы шамамен бірдей болуы шарт, өйткені олардың камбий қабаттары бір-біріне дәл келуі тиісті. 3) көзшелері арқылы телу, немесе окулировка, — бұл жағдайда сабақтың ортаңғы бөлігінде тыныштық қалыпта тұрған, немесе өсіп келе жатқан бүршіктер алынады.
Вегетативтік жолмен кобеюдің ең жаңа түрі, ол өсімдіктердің ұлпаларын немесе жекелеген клеткаларын тазартылған камерада осіру арқылы жеміс беретін өсімдіктер алу. Бұл жағдайда арнайы қоректік ортада өсірілген ұлпаның клеткалары алдымен іріктеледі , содан соң барып бөліне бастайды.
Осындай өсірілген ұлпадан жекелеген клеткаларды бөліп алып, келешегінде олардан тұтас өсімдіктер өсіруге болады.
НАҒЫЗ ЖЫНЫССЫЗ ЖОЛМЕН КӨБЕЮІ
Нағыз жыныссыз жолмен көбею арнайы маманданған клеткалар арқылы (споралармен, немесе зооспоралармен) іске асырылады. Споралардың қатты қабықшасы болады және олар желмен таралады. Зооспоралардың қатты қабықшасы болмайды және талшықтарының көмегімен қозғалады. Олар жыныссыз көбею органы болып табылады және спорангилардың немесе зооспорангилардың ішінде жетіледі. Төменгі сатьщағы өсімдіктерде бұл бір клеткалы , ал жоғарғы сатыдағыларда көп клеткалы орган.
Спораның түрі көп. Шығу тегіне және атқаратын қызметіне қарай оларды екі топқа бөледі: жыныссыз көбеюге арналған споралар және жыныстық жолмен көбеюге арналған споралар.
Жыныссыз көбеюге арналған споралар (зооспоралар) митотикалық бөліністерден сон, пайда болады және тікелей жаңа особьтар беруге қабілетті келеді. Пісіп жетілген спора аналық организмді тастап шығады да өсімдіктердің көбеюін және таралуын қамтамасыз етеді. Мұндай споралармен көбею төменгі сатыдағы өсімдіктерге тән (балдырларға, са ңырауқұлақтарға және т.б.).
Жыныстык, жолмен көбеюге арналған споралар аналық особьты бере алмайды. Олар гаплоидты (п), өйткені мейоздың негізінде пайда болады. Мұндай споралар саңырауқұлақтардың кейбір топтарында және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде болады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде спорадан алдымен өскінше пайда болады, онда гаметалар жетіледі. Гаметалар қосылғаннан кейін хромосомдардың диплоидты саны қалпына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет