Тамыр - өсімдіктің жерасты мүшесі. Өсімдік тамыр арқылы топырақтан су мен қорек алады. Тамыр тарамдалып, жан-жағына кең жайылып жататындықтан, өсімдікті топыраққа мықтап бекітіп, қанша дауыл соқса да, құлатпай ұстап тұрады. Тамырда өсімдік ағзасына қажетті заттар түзіледі.
Тамыр ұрықта қалыптасады. Тұқым көктеген кезде ұрық тамыры ұзарып, негізгі тамыр пайда болады, ал одан жанама тамырлар тарайды. Сабақтар мен жапырақтарда қосалқы тамырлар пайда болады.
Жаңбырсыз ыстық климатта өсетін өсімдіктердің көпшілігінің тамыр жүйесі күшті дамыған. Ылғалды жағдайларда (су, батпақ) өніп-өсетін есімдіктердің тамыр жүйесі нашар дамиды.
Тамыр жүйесінің екі түрі болады: кіндік тамыр және шашақ тамыр.
Кіндік тамыр - сабақтың топырақ ішіне кеңіген жалғасы. Жіп тәрізді (беде, жусаған, зығыр), ұршық тәрізді (сәбіз, қант қызылшасы, ақжелек), шалқан тамырлы (асхана қызылшасы, шалқан), бұтақ тамырлы (ағаштар, бұталар) түрлері болады.
Шашақ тамырлар сабақтың түбінен таралады. Астық тұқымдас өсімдіктер (бидай, қара бидай) шашақ тамырлы болып келеді.
Өсімдікте қоректік заттардың тамырда жиналуынан (сәбіз, шалқан, қызылша) тамыр жеміс қалыптасады.
Қоректік заттар қосалқы тамырларда да жиналады. Мұндай түйінді жуандауды тамыр түйіндері (георгин) деп атайды. Түйіндер ұшынан қосалқы бүршіктер пайда болады да, олардан өркен дамиды.
Жапырақ - өсімдіктің ең маңызды өсімді мүшесі. Жапырақта тақта, сағақ және кейде тілше болады. Сағағы болатын жапырақтарды сағақты жапырақтар деп атайды (тал, қайың, терек). Кейбір өсімдіктерде сағақ болмайды да, жапырақ сабаққа жапырақ тақтасының негізінен орналасады. Мұндай жапырақтарды опырмалы немесе сағақсыз жапырақ деп атайды (бидай, жүгері, алоэ).
Жапырақтар үш түрлі болып шығады. Олар кезекті, қарама-қарсы, шоқты. Жапырақтың алақандарының пішіндері әр түрлі болады: жүрек тәрізді (жөке ағашы), бүйрек тәрізді (тай-тұяқта), ромб тәрізді (қаратал, қайыңда), жебе тәрізді (шырмауықта), қылқанжапырақты (қарағай, шыршада).
Жапырақтардың жиектері де түрлі-түрлі: үшкір тісті, ара тісті, жұмыр тісті, ойыс жиекті, бүтін жиекті.
Жапырақтар бір-бірінен жүйкелену белгілеріне қарай ажыратылады. Жүйкелену дегеніміз - талшықтардың, яғни өткізгіш шоқтардың жапырақ алақанында орналасу тәртібі. Жапырақ жүйкелері бойымен ондағы сұйық заттар мен шырын қозғалады. Жапырақ жүйкелерінің орналасуы әр түрлі болады. Жүйкелену қатарлас, доға және тор жүйкелі болып келеді.
Жапырақ тақтасының орта бөлімі биік цилиндрлі жасушалардан тұрады, одан бағаналы ұлпа пайда болады. Бағаналы ұлпа астында дөңгелек пішінді борпылдақ ұлпа болады, осы аталған екі ұлпаның екеуінің де жасушаларындағы цитоплазмада хлорофилдер өте көп болады. Хлорофилдерден өтетін күн сәулесі әсерінен органикалық заттар түзіледі (крахмал).
Жапырақтың үстіңгі және астыңғы беттерін өте мөлдір, жазық жасушалардан тұратын жабын қорғайды. Жапырақтың астыңғы жағында көптеген тесіктер - лептесік (устьицелер) бар. Ауа лептесіктер арқылы ішке кіреді. Ылғал көп болғанда жасушалар пішіні өзгеріп, лептесік ашылады да, газ алмасу қарқыны күшейіп, жапырақтан буланған су атмосфераға бөлінеді. Түнде жанасушы өзара түйіседе де, саңылау бітеліп қалады.
Қоңыржай климат жағдайында көптеген өсімдіктердің жапырағы бір вегетациялық кезеңде ғана дамиды. Тек қана қылқан жапырақты өсімдіктердің жапырақтары (қылқаны) 2 жыл (қарағай) және 8-ден 2 жылға дейін (шырша) тіршілігін сақтайды.
Күз және жыл маусымдарының жаңбырсыз ыстық кезеңдерінде көптеген өсімдіктердің жапырақтары түседі. Бұл жапырақ түсу құбылысы деп аталады. Жапырақ түсу - бұл өсімдіктердің суды аз буландыруға бейімделушілігі. Күзде жапырақтарда хлорофилдер ыдырайды. Олар сары, қызғылт сары түске енеді. Бұл - каротин және ксантофилл пигменттерінің реңі.
Жапырақ сағағының түбіндегі жасушалар жедел бөлінеді де, ажыратқыш қабат түзіледі. Тақтаның салмағынан жапырақ үзіліп түседі.
Жапырақтар әр түрлі тіршілік жағдайларына байланысты өзгерістерге душар келеді. Мысалы, шөл дала өсімдіктерінің жапырақтары тікенге ауысқан. Осының нәтижесінде бұл өсімдіктер ылғалды аз буландырады.
Жапырақтың негізгі қызметі - фотосинтез - органикалық зат түзу. Фотосинтездің жалпы формуласы: 6 СО2+ 6 Н²О + энергия С6Н12О6+ 6О2- 674 ккал. Фотосинтез кезінде сіңірген энергия органикалық зат молекулаларында қорға жиналады.
Көмірқышқыл газы қалпына келгенде, оттегі бөлінеді. Бұл процестің барлығы жарықта өтеді.
Фотосинтез процесі хлоропластарда жүреді. Бірақ онда өсімдік жасушаларының барлық, тіршілік ететін мүшелері түгел қатысады.
Фотосинтездің маңызын дәлелдеген - орыстың ірі ботанигі Климент Аркадьевич Тимирязов (1843-1920 жж.) Оның «Күн, тіршілік және хлорофилл» деген еңбегі бар. Крахмал біртіндеп глюкозаға айналып, ерітінді күйінде топырақ жүйкелері арқылы өсімдіктің басқа мүшелері: сабақ, тамыр, гүл, жеміс, тұқымға таралады да, әр түрлі органикалық заттар түзіледі. Мысалы, май, көмірсулар, ақуыз, т.б.
Жапырақ жарық жеткілікті жағдайда өссе, түсі қола жасыл болады. Жарық жеткілікті болмаса, түсі сарғыш болады (ақшыл-жасыл).
Жапырақ су буландырады, мысалы, жаз бойы қайың 68 л суды буландырады. Жапырақ алақаны үлкен болса, су булану көп болады. Судың булануы ыстық күні жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды.
Сабақ - өсімдіктердің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады. Жапырақтар, гүлдер, жемістер сабаққа бекиді. Тамырдың топырақтан алған қоректік заттары жапыраққа, ал жапырақта түзілген органикалық заттар тамырына сабақ арқылы жеткізіледі. Сабақ арқылы өсімдіктер көбейеді. Сабақта органикалық заттар қорға жиналады.
Шөптердің сабағы жіңішке, жасыл, шырынды болатындықтан, оларды шөптекті сабақтар, ағаштардың сабақтары жуан, қатты, мықты болғандықтан, сиректі сабақ немесе дің деп атайды.
Сабақ пішіні цилиндр тәрізді (жауқазын), төрт қырлы (қалақай, егін гүлдері), үш қырлы (қияқ), жалпақ сабақты (дала өсімдіктері) болып келеді.
Көптеген шөптесін өсімдіктер мен ағаш сабақтары тік өседі, оларды тік сабақтар деп атайды (терек, қайың, қарағаш, жөке, шөп, итмұрын, тобылғы, жүгері, күнбағыс, бидай).
Өрмелегіш сабақтар өте жіңішке болғанмен, үзілмейтін мықты, әрі мұртшалары болатындықтан, қасында өсіп тұрған басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (жүзім, асбұршақ, құлмақ).
Жатаған сабақтар (мүк, құлпынай, мүк жидек, қой-Бұлдірген), шырмалғыш сабақтар (қияр, қауын) әлсіз болғандықтан, таяныш боларлықтай затты айнала шырмап өседі, жапырақтарын жеткілікті дәрежеде жарыққа шығарады, олар тропиктік ормандарда көп өседі. Қысқарған сабақтар - сабақтары өте қысқа, жер үстіне көтерілмейді (бақпақ, жолжелкен). Жапырақтары сабақтарын айнала дөңгелектене орналасады.
Ағаш сабағының құрылысы: сыртқы қабық қабаты, қатты қабат - сүрек, дәл ортасында кезекті - өзек көрінеді.
Біржылдық жас өркеннің сыртын жұқа, түссіз өң қаптап жатады, өркендер жасыл түсті болады. Күзге қарай өңнің астында тоз қабаты пайда болады, ол газ бен суды өткізбейді. Ағаш сабағының түсі жылдан жылға қоңырқай тартып қалыңдай береді. Тоз қабатының сыртында саңылаулар болады. Тін қабаты сабаққа беріктік қасиет береді. Тік талшықтары жақсы жетілген өсімдіктерден (зығыр, кендір) түрлі жіптер алынып, әр түрлі бұйымдар тоқылады, кендір маталар, қаптар, жіптер, арқандар есіледі.
Сүректің ақшыл-сары түсі сабақтың көп жерін алып жатады. Сүрекше қабықтың ортасында өте жұқа, нәзік, шырышты жұқа қабаты жатады. Сабақтың дәл ортасында өзек болады.
Сабақтың бойлап өсуі барлық өсімдікте бірдей емес. Алма ағаштарының, теректердің жас өркендері жаз бойы 1-1,5 м ұзарып өседі, ақ қарағай, үйеңкі, емен жылына 1,5 м дейін өседі. Үлкен ағаштар баяу өседі, 20-30 жылдық алма ағаштары жаз бойына бірнеше сантиметр ғана өседі.
Жер жүзіндегі ең ұзын сабақ - ротант пальмасы, оның биіктігі - 200-300 м, эвкалипт -140-155 м, май қарағай -70 м, шырша - 60 м, үйеңкі - 25 м.
Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса, оның ұзарып өсуі тоқталады да, жанама өркендер өнеді.
Сабақ жуандап өседі. Оны жылдың сақинасынан білуге болады. Мысалы, емен - 2000 жыл, шырша -1600 жыл, жөке -1000 жыл, қарағай - 570 жыл, қайың мен терек 150 жылға дейін жасайтындықтары анықталған.
Кейбір өсімдіктердің жапырақтар қолтығында тікендер болады. Бұл - өсімдіктердің жануарлардың жеп кетуінен сақтанатын қорғанышы.
Жапырақтар мен бүршіктер орналасқан сабақты өркен деп атайды. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын деп, бір буын мен екінші буынның арасын буын аралығы деп атайды. Буын аралығы өте жақын орналасса, оны қысқарған өркен дейді (алма ағашы, алмұрт ағашы, қарақат), буын аралығы алыс орналасса, оны ұзарған өркен дейді (теректе, талда, үйіңкіде).
Жабайы жүзімнің, асқабақтың мұртшалары - өзгерген сабақ, сол арқылы олар кез келген заттарға бекінеді. Жер жидектің төселмелі өркендері, мұрттары болса, қиярларда өрімдері болады.
Көпжылдық өсімдіктердің көпшілігінің жер астындағы өзгерген сабағы - тамыр сабақ болады. Жапырақтар сонымен қатар жапырақ тақталарының санына байланысты ажыратылады. Мысалы, қайың мен жөке ағаштары жапырақтарының бір ғана жапырақ тақтасы болады-бұл жай жапырақтар. Шешен, қараған, итмұрын жапырақтарында бірнеше жапырақ тақталары бар-бұлар күрделі жапырақтар.
Жапырақ - өсімдіктің ең маңызды өсімдік мүшесі. Жапырақтың құрылысы: 1. Жапырақ тақтасы 2. Сағақ.
Сағақты және сағақсыз жапырақ болады. Сағақсыз жапырақтың жапырақ тақтасы болады.
Жапырақ алақандарының пішіндері.
1. Жебе
2. Бүйрек
3. Жүрек
4. Қылқанды
5. Ромб
Жапырақ жиектерінің түрлері.
1. Ойыс жиекті
2. Дөңес жиекті
3. Ара тісті жиекті
4. Бүтін жиекті.
Жапырақ жүйкелері.
1. Тор жүйкелі
2. Қатар жүйкелі
3. Доға жүйкелі
Жапырақта күрделі тыныс алу, қоректік заттардың түзілк және булану процестері жүреді. Кейбір өсімдіктердегі жапырақтар өзгеріп жапыраққа тән емес қызыметтер атқарады: кактус тікенектері-қорғаныш қызыметін, бұршақ мұртшалары-тірек қызыметін: өсімдіктің жіңішке сабағын тік қалыпта ұстап тұрады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тамыр және оның атқаратын қызметі қандай?
2.Өркен және оның негізгі элементтері қандай?
3.Сабақтың құрылысы мен негізгі қызметтерін түсіндіріңіз.
4.Жапырақ және оның маңызы туралы түсіндіріңіз.
Дәріс7-8. Тақырыбы: Гүлді өсімдіктердің генеративті мүшелері
Жоспары:
1.Гүл, гүл бөліктері және олардың қызметі
2.Гүлде өтетін процестер
3.Жемістер және олардың түрлері
Гүл дегеніміз түрі өзгерген қысқарған өркен. Ол микро- және мегаспоралар, гаметалар түзуге және айқас тозаңдануға бейімделген. Тозанданудың және одан әрі жы- ныстық проаестің (ұрықтанудың) негізінде тұқым мен жеміс түзіледі.
Кұрылысы. Гүлдің сабақтық бөлігі сағақтан және гүл тұғырынан (табанынан) тұрады . Гүл тұғырының формасы алуан түрлі болады. Конус тәріздіден жалпақ тақтаға, кейде тіптен ойыс бокал тәрізді формаға дейін кездеседі. Гүл тұғырьша түрі өзгерген жапырақтар (гүл жапырақшалар) орналасады: тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар, аталықтар, аналықтар. Көп жағдайда олар шеңбердің бойымен орналасады. Мұндай гүлдерді аиклдық (аиклический) деп атайды. Аиклдық гүлдер әдетге бес немесе төрт қатар шеңбер түзеді: бір қатар шеңберді тостағанша жапырақшалар, бір қатарды- күлте жапырақшалар, екі неме- се бір қатарды аталықтар, бір қатарды- аналықтар түзеді. Гүл жапырақшалары гүл тұғырына спиральдың бойымен орналасқан гүлдерді ааиклдік гүлдер деп атайды. Гүл жапырақшаларының біреулері гүл тұғырына шеңбердің бойымен, ал екіншілері спиральдьш бойымен орналасқан болса, онда мұндай гүлдерді аралық немесе гемиаиклдық (гемиаиклический) гүлдер деп атайды.
Жыныстық органдарына карай бөлінуі. Егер бір гүлде аталық пен аналықтың екеуіде болса, онда мұндай гүлді қосжынысты деп атайды. Дара жынысты гүлдердің не аталықтары, не аналықтары болмайды. Соған байланысты оларды аталық және аналық гүлдер' деп бөледі . Егер бір өсімдікте аталықта, аналықта гүлдер болса, онда мұндай өсімдікті бір үйлі өсімдік деп атайды. Егер аталық гүл бір түрдің бір экземплярында, ал аналық гүл екінші экземплярында болса, онда мүндай өсімдікті екі үйлі өсімдік деп атайды.
ГҮЛ СЕРІГІ
Бұл гүлдің ұрықтануға қабілетсіз бөлігі. Ол қорғаныштық қызмет атқарады және сонымен бірге гүлді тозаңдыратын насекомдарды өзіне еліктіріп, шақырып түрады. Гүл серігі түсінің бояуы әртүрлі болып келетін тостағанша және күлте жапырақшалардан түратын болса, онда оны қосарланған гүлсерігі деп атайды (двойной околоаветник). Ал егер гүлсерігі бір түске боялған болса, онда оны қарапайым гүлсерігіне жатқызады. Қарапайым гүлсерігі не тостағанша жапырақша- лардан, не болмаса күлте жапырақшалардан тұрады. Қарапайым тостағанша жапырақшалардан түратын гүлсерігі әдетте жасыл, ал қарапайым күлте жапырақшалардан тұратын гүлсерігі ашық түске боялған болып келеді. Гүлсерігі болмайтын гүлдерді жалаңаш гүлдер деп атайды . Бұларға тал (ива) мен шаған (ясень) мысал бола алады.
ТОСТАҒАНШ А Ж АПЫРАКШАЛАР
Әдетте олар үлкен болмайтын жасыл жапырақшалардан түрады (тостағанша жапырақшалардан). Кейде тостағанша жапырақшалар ашық түске боялған болып келеді. Бұл жағдайда олар күлте жапырақшалардың ролін арттырып, гүлді тозаңдандыратын насекомдарды өзіне көптеп еліктіреді. Көп жағдайда тостағанша жапырақшалар бір гана шеңбер түзеді. Кейде тостағанша жапырақшалардың ас- тында, тостағанша асты жапыракшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалар жабындық жапырақ- шалардан немесе қосалқы жапырақтардан пайда болады. Тостаганша жапырақшалар бос орналасқан немесе түп жағы азды-көпті біріккен болып келеді (біріккен тостаганша жапырақшалар).
КҮЛТЕ ЖАПЫРАҚШАЛАР
Әдетте күлте жапырақшалар тостағанша жапырақша- ларға қарағанда біршама үлкен және ашық түске боялған болып келеді. Күлте жапырақшалар бір-бірімен біріккен болуы мүмкін (кем дегенде екі-үш күлте жапырақшалары бірігеді) немесе бос күйінде қалып отырады. Соған байланысты күлте жапырақшалардың екі типі болады; жеке жапыракшалылар және біріккен жапыракшалылар. Күлте жапырақшалары жеке орналасқан гүлдерде, әрбір күлте жапырақша түбіне қарай, жапырақтың сағаққа жіңішкергені секілді, айқын жіңішкеретін болса, онда мұндай күлтелерді түқыл күлтелер деп атайды. Ал егерде күлте жапырақшалардың түп жағы жалпақ болып келсе, онда мұндай күлтелерді отырмалы күлтелер деп атайды. Көп жағдайда күлтелердің аралық формалары кездеседі.
Біріккен күлте жапырақшаларды мынадай бөліктерге: күлтелерінің біріккен бөлігі- түтік, бірікпеген бөлігі- күлте алақаны және түтіктің күлте алақанына ауысатын жері- (зев) деп ажыратады.
Күлте жапырақшалар, тостағанша жапырақшалар секілді полисимметриялы (дүрыс, актиноморфты), моносимметриялы (бұрыс, зигоморфты) және ассимметриялы болып бөлінеді. Күлте жапырақшалары актиноморфты болып кел- ген жағдайда, күлтелер арқылы екі немесе оданда көп жазықтық симметрия жүргізуге болады, зигоморфты (моносимметриялы, бұрыс) болып келген жағдайда, күлтелер аркылы біреуден артық жазықтық симметрия жүргізуге болмайды, ал ассимметриялы болып келген жағдайда, күлтелер арқылы ешқандайда жазықтық симметрия жүргізуге болмаңды (канна, орхидей).
Актиноморфты біріккен желекті күлтелерді, түтіктерінің үзындығына, күлте алақанының (отгиб) формасына және мөлшеріне қарай классификааиялайды:
доңгалак тәрізді — түтігі кішкентай немесе жоқтың қасында болып келетін, ал күлте алақаны жайылып ашы- латын;
воронка тәрізді — түтігі воронка тәрізді үлкен, күлте алақаны шамамен үлкен болмайтын;
коңырау тәрізді —түтігі сфера тәрізді, тостағанша тәрізді, біртіндеп нашар байқалатын күлте алақанына айналатын;
түтік тәрізді — түтігі аилиндр тәрізді, күлте алақаны болмайтын немесе күлте алақаны қысқа болып келетін;
астау тәрізді — түтігі цилиндр тәрізді күлте алақаны жалпақ болып келетін;
қалпакща тәрізді — күлте жапырақшалары жоғарғы үштары арқылы біріккен (жүзім—виноград).
Зигоморфты біріккен жапырақшалы күлтелердің ішінен мыналарды жиі кездестіруге болады
кос ерінді — күлте алақаны әр түрлі болып келетін екі еріннен түрады- үстінгі және астынғы;
тілше гүл — түтіктен тіл тәріздес біріккен жапырақша- лары кетеді;
тегеурін гүл — күлте жапырақшалары тегеурін деп аталынатын іші қуыс өсінді түзеді.
Күлте жапырақшалары бос орналасқан гүлдердің ішінде де зигоморфты және актиноморфтылары болады.
АНДРОЦЕЙ
Бұл бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде ауытқып отырады- бірден бірнеше жүзге дейін. Аталықтары не жеке-жеке бос орна- ласқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді. Егер аталықтардың барлығы біріккен болса, онда оларды бір ағайынды, аталықтардың біреуі бос қалып, қал- ғандары біріккен болса — екі ағайынды, ал егерде аталық- тары бірнеше топ түзіп бірігетін болса — көп ағайынды аталықтар деп атайды. Аталықтардың биіктіктері бірдей болуьща немесе әртүрлі болуьща мүмкін. Биіктіктері әр түрлі болып келетін аталықтарды мынадай топтарға бөледі: екі жақсы жетілген аталығы болатын, үш жақсы жетілген аталығы болатын және т.б. Екі жақсы жетілген аталығы болған жағдайда, аталықтың екеуі бас- қаларынан биік болады, ал үш жақсы жетілген аталығы болғанда, аталықтың үшеуі басқаларынан биік болады және т.б.
Аталык,. Қалыпты жағдайда аталық екі бөліктен тұрады — аталық жіпшесінен және тозаңқаптан (тозаңдықтан).
Аталык жіпшесі өсімдіктердің көпшілігінде қарапай- ым, тармақталмаған болып келеді. Алайда олардың кейбіреулерінде, әртүрлі формада, бүйірлік өскіншелер жетіледі немесе бұтақтанады. Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оны отырмалы аталык деп атайды.
Тозаңқап әдетте “текалар” деп аталынатын екі жартыдан тұрады, ал ол жартылары бір-бірімен дәнекер арқылы біріккен. Кейде дәнекерді аталықтың жеке бөлігі ретінде қарастырады, бірақта микроскоппен қарағанда оның ұлпасының тозаңның ұлпасынан айырмашылығы болмайды.
ГИНЕЦЕЙ
Бұл бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы. Бір жеміс жапыракщадан (мегаспорофилл) тұратын аналық түзетін гинецейді, бір мүшелі, ал бірнеше жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді көп мүшелі деп атайды. Егерде көп мүшелі гинецейдің жеміс жапырақшалары бір- бірімен бірікпеген болса және көп аналық түзсе онда мұндай гинецейді апокарпты деп атайды, ал егер жеміс жапырақшалардың бір-бірімен бірігіп кетуінің нәтижесінде бір ғана аналық түзілетін болса, онда мүндай гинецейді ценокарпт ы деп атайды. Ценокарпты гинецейдің гүл түйінінде қанша бағана болса, оның сон ша жеміс жапырақшасы болады. Гүл түйінінде қанша ұя немесе тігіс болса, аналықтың аузының сонша жақтауы болады.
Бұл жағдайда жоғарыда келтірілген белгілердің барлығын ескеріп отыру қажет, өйткені олардың белгілерінің біреуі жеміс жапырақшаларының санын барлық уақытта дәл корсете бермеуі мүмкін.
Аналык. Бұл бір немесе бірнеше жеміс жапырақшалардың бірігіп кетуінің нәтижесінде түзілетін, тұқым бүрлері орналасатын жабық қуыс (гүл түйіні, плацента). Аналық гүл түйінінен, аналықтың мойнынан және аналықтың аузынан түрады. Кейде аналықтың мойны болмайды, бұл жағдайда аналықтың аузы отырмалы болып келеді .
Гүл түйіні гүлдің басқа бөліктеріне қатынасына қарай жоғарғы және төменгі болып келеді. Жалпақ, дөңес немесе ойыс болып келген гүл түғырына гүлдің қалған мүшелері бос орналасса және гүл түйіні тек жеміс жапырақшалардан түзілсе, онда мұндай гүлдің гүл түйіні жоғарғы болып келеді. Мүндай гүл түйінін препаральды инемен оңай бөліп алуға болады. Төменгі гүл түйінінің түзілуіне, жеміс жапырақшаларымен қатар, гүлдің басқада бөліктері қатысады (көп жағдайда тостағанша жапырақша лар мен күлте жапырақшалардың түп жағы және аталық- тары, сиректеу гүл тұғыры). Яғни гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері жеміс жапырақшаларымен бірге гүл түйінімен бірігіп кетеді.
ГҮЛДІҢ ФОРМ УЛАСЫ М ЕН ДИАГРАМ М АСЫ
Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде мынадай белгілерді пайдалану қажет: тостағанша жапырақша (Саіух)-Са, күлте жапырақ- ша (Corolla)-Со, аталықтары (Androeceum)-A, аналықтары (Gynoeceum)-G, қарапайым гүлсерігі (Perigonium)-P Гүлдің типтерінінде шартты (условные) белгілері болады: қос жы- нысты —f (бұл белгіні әдетте формуладан алып тастайды), аналық гүл — аталық гүл — <5, дұрыс гүл (актиноморф- ты) — *, бүрыс гүл (зигоморфты) — Т немесе і , ассиммет- риялы (ассимметричный) —
Гүлдің әрбір бөлігінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5-жапырақшалы күлте — Со5, 6-мүшелі андроцей — Аб), егерде олардың саны бір түрдің әр түрлі особь- тарының гүлдерінде түрақты болмаса (әдетте 12-ден көп болса) — шексіздікпен °онемесего белгілейді.
Гүлдің жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткен жағдайда, олардың цифрмен берілген саны жақшаға алынады (біріккен 5-мүшелі күлте — Со(5) екі ағайынды андроцей- А(9 )+1). Егерде тостағанша, күлте, андроцей бірнеше шең- бер түзіп орналасса, оңда жекелеген шеңберлердің мүше- лерінің санын көрсететін цифрлардың арасы + белгісімен байланыстырылады (Со(5+5)).
Формулада гинецейді түзетін жеміс жапырақшалардың саны көрсетілуге тиісті. Егерде жеміс жапырақшалары бірнешеу болса, онда олар бір-бірімен біріккен бе (цено- карты гинецей) немесе бірікпей әрқайсысы жеке аналық түземе (апокарпты гинецей), гүл түйінінің орналасуы қан- дай — жоғарғы ма немесе төменгі ме соларға көңіл бөліп, дүрыс белгілеу қажет (үш жеміс жапырақшадан түратын, гүл түйіні төменгі ценокарпты гинецей-Сі^, бір мүшелі, гүл түйіні жоғарғы гинецей-Gi). Сонымен, қалтагүлдің (калужница) формуласын былай жазуға болады: *Р5А„ GM, алманың формуласын - *Са(5) Со(5Л» G (5) асбұршақтың фор муласын - тСа(5) Со3+(2 ) А(9)+, G i.
Гүлдің қүрылысы жөнінде бүдан да толығырақ үғымды диаграмма береді, ол дегеніміз гүлдің өске перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы проекциясы болып табылады. Ди аграмма гүлдің бөліктерін және олардың мүшелерінің санын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге олардың өзара орна- ласу ерекшеліктерін де көрсетеді. Ыңғайлы болу үшін диаг- рамманы орналастырудың барлық гүлге бірдей тәсілі қолда- нылады: гүл шоғының өсін жоғарғы жағына, ал жабындық жапырақты төменгі жағына орналастырады. Гүлдің жекелеген мүшелері бір-бірімен біріккен болса, онда олар- дың арасын доғамен немесе түзу сызықпен қосады.
Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше (орган). Ол сырты жеміс қаппен (спермодерма) қапталған ұрықтан және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда (салқында, құрғақ- шылықта) тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақ уақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі.
Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша, күлте мен аналықтар қурап түсіп қалады, тек аналық түйіні ғана сақталып, ол жеміске айналады. Жемістің ішінде тұқым болады.
Гүл сағақтарына белгілі ретпен орналасқан гүлдер тобы гүл шоғыры деп аталады. Олар алуан түрлі болады.
Шашақгүлде гүлдер біртіндеп, ал ең соңында орталық сабақтың ұшындағы гүл ашылады (мойыл, арамжапырақ, інжугүл, алабұршағы). Шашақта кейде екі немесе үш гүл болуы да мүмкін (мысалы, асбұршақта).
Шатыршагүлдің жай және күрделі түрі бар. Пияз, шие, наурыз гүлдің гүлшоғары - жай шатыршагүл. Мұндай гүлдер бір жерден шығып тұрған гүл сағақтарына орналасады. Күрделі шатыршагүл жай шатыршалардан құралады (сәбіз, балдырған).
Собықтың кіндігі жуан, орағыштары немесе жабындары болады (жүгері).
Масақгүлдің жай және күрделі түрлері бар. Жай масақгүлде гүлдер гүл сағағынсыз тікелей негізгі сабақтың өзіне бекиді (жолжекен, фуксия). Күрделі масақгүл ортақ кіндікке орналасқан тармақтардан құралады (бидай, арпа).
Қалқаншагүлде барлық гүлдер шамамен бір деңгейде орналасады, ал төменгі гүлдердің гүлсағақтары ұзара өсіп, жоғарырақ орналасқан гүлдерге теңеледі (алмұрт, долана).
Себетгүлде гүлдер бір-бірімен тұтасып, дөңес, ойыс немесе жалпақ бетте орналасады. Гүлшоғыр кіндігінің аумағы үлкейе түседі. Себеттің жиегін жапырақшалар көмкереді. Көмкеруші жапырақшалардың түсі көбінесе өте ашық болып келеді де, олар гүл күлтесі қызметін атқарады. Мұндай гүлшоғырлар күнбағыс, ошаған, бақбақ, жусан, кекіре, тікенқурай, қараандыз өсімдіктерінде болады.
Сыпыртқыгүлде гүлдер тарамдалған жіңішке бұтақтардың ұшына ораналасады. Сұлы, тары, жүзім, бүрген, қоңырбас, күріш, су оты, қой көде, тобылғы өсімдіктерінде сыпыртқыгүл болады.
Жоғарыда айтылғандай, гүлшоғырлардың жай және күрделі түрлері болады. Күрделі гүлшоғырлар бірнеше жай гүлшоғырлардан құралады. Жай гүлшоғырлар, негізінен, 3 түрге біріктіріледі:
1) шашақгүл және оған ұқсас масақ, шоғырбас, собық гүлшоғырлары;
2) шатырша гүлшоғыры;
3) себет.
Гүлшоғырлардың биологиялық маңызы өте зор. Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір дара гүлдер ұрықтанбайтындықтан, олардан тұқым таралмай, жойылып кетуі жиі кездеседі. Ал гүлшоғырлардан тұқым өте көп түсетіндіктен, оларда Ұрықсыз қалу қаупі көп кездеспейді. Бунақденелілер арқылы тозаңдану да гүлшоғырларда тиімді жүреді. Өйткені дара гүлмен салыстырғанда, белгілі бір уақыт аралығында бунақденелілер гүлшоғырдағы гүлдерге жиі қонады, яғни гүлшоғырлары тұқым мен жеміс таратуға жақсы бейімделген. Сондықтан да болар, гүлді өсімдіктер көбінесе гүлшоғырлы болып келеді.
Гүлшоғырларындағы гүл саны әр түрлі болады. Кейде олар бірнеше мыңға дейін жетеді. Ең ірі гүлшоғыры пальманікі деп есептеледі, оның диаметрі 12 метрге жуық.
Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдай- ларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрық- тану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Ж ем істің түзіл уін де негізгі рольді гин ецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. М ұндай жемістерді партено карпты деп атайды, олар әдетте д ән байламайды (жүзім нің, алмұрттың, цитрус тектес- тердің кейбір сорттары). Жай жемістерден біріккен жемістің айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен (қызылша), бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады (тұт, инжир, ана нас) .
Құрлысы. Жеміс перикарпийден (грек, “пери” — жанында, “карпос” — жеміс; демек жемістің тұқымды қор- шаған бөлігі) және түқымның жиынтығынан тұрады. Пе рикарпий дегеніміз бір немесе бірнеше аналықтың жаты- ныньщ (гүл түйінінің) қабырғасынан, көп жағдайда гүлдің басқа да бөліктерінен — аталық негізінен, күлте жапырақ- шалардан, тостағанша жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып та- былады. Перикарпий үш қабатган: сыртқы — экзокарпадан, ортаңғы — мезокарпадан және ішкі — эндокарпадан тұрады.
К Л А С С И Ф И К А Ц И Я С Ы
Жемістер алуан түрлі болып келеді. Оның өзі жабық тұқымды өсімдіктердің систематикалық топтарының ұшы— қиыры жоқ көп түрлілігімен және жемістердің өздерін тарататын агенттерге бейімделушілігімен байланысты бо лады. Бұл жемістердің филогенетикалық классификация- сын жасауды қиындатады. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген филогенетикалық классификация гинецейдің типіне негізделген. Қарапайым апокарпты гинецейден пайда болатан жемістерді апокарпиялар, ал эволюциялық тұрғьн қарағанда жақсы жетілген (ілгері басқандық байқалатын) ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокар- пиялар деп атайды. Алайда, осы екі топтың одан арғы клас сификациясы өте күрделі және өсімдіктерді анықтау прак- тикасында қолдануға келмейді. Сондықтанда жемістердің айқын жасанды морфологиялық классификациясына сүйенуге тура келеді.
Жемістерді жай және күрделі деп екі топқа бөледі. Егер жеміс гүлдің тек бір ғана аналығынан дамыса — ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса күрделі болып табылады. К ейде жай жеміс ұяларға ыдырайды (дробный), немесе бір тұқымды бөліктерге яғни бунақтарға көлденең перделер арқылы бөлінеді. Күрделі жемістерді біріккен жемістер деп те атайды.
Жай және күрделі жемістердің одан арғы классификациясын жасағанда мынадай белгілерді: перикарпийдің консистенциясын (қаттылығын, жүмсақтығын, қүрғақты- ғын, шырындығын), тұқымның санын (көп немесе біреу), п ери к ар п и й дің қақы рауы н (қақы рамайты н нем есе қақырайтын, қақыраудың жолдарын — тәсілдерін), жеміс беретін жеміс жапырақшаларының санын негізге алады. Сонымен, жабық түқымды өсімдіктердің жемістерігі шы- рынды және құрғақ жемістер деп, екі топқа айырады. Шы- рынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол клеткалардан түзілген мезокарпиі жақсы дамыған. Экзокарпиі мен эндокарпиі кейде тек сыртқы және ішкі эпидермис түрінде ғана болады. Көбіне олар көп қабатты.
Құрғақ жемістерде шырындыларға қарағанда, мезокарпиі нашар дамыған. Кейде ол тіпті бір қатар клеткалардың тізбегінен ғана түрады. Құрғақ жемістердің көпшілігінің мезокарпиі көп қабатгы болады. Мүндағы мозокарпий клетка ішілік затгарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршық клеткаларынан түзілген.
Түқымдардың жемістерден босанып шығуы үш ін, перикарпийдің белгілі участкелерінде арнайы бөлгіш ұлпалар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көптүқымды, қүрғақ жемістерге төн. Қақырамайтын жемістердің перикарпилері механикалық жолмен немесе микроорга- низмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады.
Қүрғақ жемістің перикарпиі сүректелген болып келеді. Қүрғақ жемістер: қақырайтын жөне қақырамайтын, ал шырынды жемістер: шиелі жемістер және сүйекті жемістер болып бөлінеді.
Жемістерді құрғақ және шырынды деп болу тек қана олардың морфологиялық белгілеріне негізделген. Бұл прак тикада жиі қолданылатын, жемістердің сыртқы морфоло- гиялық белгілерін жақсы көрсететін, пайдалануға өте ыңғайлы жемістердің морфологиялық классификациям. Бірақ мұндай классификация жемістердің эволюциялық даму сатыларын көрсетпейді, сондықтанда оның ғылыми тұрғыдан маңызы шамалы.
Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір-бірден немесе өте көп болуы мүмкін. Бұларды коорапша тәрізді жемістер деп те атайды . Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай былай бөлінеді:
1. Таптама (листовка) —бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды құрғақ, бір жағынан (бауыр жағыңдағы жігінен ғана) қақырайтын жеміс; апокарпты ги- нецейден біріккен таптама түзіледі (сборная листовка).
2. Боб — бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір үялы, көптұқымды, екі жағынан (бауыр және арқа жа- ғындағы жіктері арқылы) қақырайтын жеміс. Бобтар спи рал тәрізді бұралған, бір жемісті, бунақты болып келеді (бүршақтар тұқымдасы).
3. Бұршақкын, бүршакқынша (стручок, стручочек) — екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, қос ұялы, тұқымы тік орналасқан, жалған пердесінің ұзына бойындағы рам- келерге бекініп тұратын, екі жағынан (бауыр және арқа жағындағы жіктері арқылы) қақырайтын жеміс (крест- гүлділер тұқымдасы). Бұраққынша бұршаққыннан үзын- дығы мен көлденеңінің арақатынасына қарай ажыратылады. Бұраққынның үзындығы көлденеңіне қарағанда 3-4 есе, кейде одан да артық болады (левкой және шалқан — репа). Егерде осы тәрізді жемістің ұзындығы көлденеңінен 2,5 еседен аспаса, оны бұршаққынша деп атайды (жұмыршақ — пастушья сумка, ярутка т.б.). Бұршаққындар бунақты болып келуіде мүмкін.
4. Корапша — екі немесе оданда көп жеміс жапырақшасынан пайда болған, көптүқымды, бір немесе көп ұялы болатын жеміс. Қорапшаның ашылуының әр түрлі жолдары бар: тесіктері, қақпақшасы, тістері, жақтаулары және т.б. арқылы ашылады.
Қақырамайтын қүрғақ жемістердің перикарпиі қүрғақ, бір түқымды болып келеді. Бұларды ж аңғақ тәрізді жемістер деп те атайды.
Бұған жататындар:
Жаңғақша — перикарпиі қатайып сүректенген, бір тұқымды, жоғарғы гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Апокарпты гинецейден топтасқан жаңғақша (сборный орешек) пайда болады. Фило- генетикалық тұрғыдан қарағанда, көп жағдайда жаңғақшалар көп тұқымды жемістердің, тұқым бүршігінің (семяночка) редукцияға үшырауының нәтижесінде пайда болған (сарғалдақ — лютик, эс парцет, қияқ — осока).
Жаңғақ — перикарпиі қатайып сүректенген бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Оның түп жағы біріккен жабындық жапы- рақтардан пайда болған тостағанша тәрізді қосым- шамен (плюска) қапталған болып келеді (лещина).
Түқымша (семянка) — екі жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болтан, қауыз тәрізденген перикарпиі тұқыммен тұтаспатан, бір түқымды құргақ жеміс (күнбагыс, бақбақ және т.б.).
Дән (зерновка) — құртақ, бір тұқымды, перикарпиі тұқыммен тұтасып бірігіп кеткен жеміс; ол бір жеміс жапырақшасынан түратын, жогарты гүл түйінінен пайда болады (бидай, қарабидай, арпа және т.б.).
Канатты жеміс (крылатка) — екі жеміс жапырақ- шасынан пайда болтан, перикарпиі түқыммен бірікпеген, қауыз немесе жаргақ тәрізді қанатшага ұқсас өскін беретін, екі үялы құртақ жеміс (үйеңкі шатан — ясень).
Шырынды жемістер жоғарыда айтылғандай жидекті жемістер және сүйекті жемістер болып екіге бөлінеді.
Жидекті жемістерге (жидек тәрізді жемістер) перикарпиі етженді болып келетін, көп жағдайда көп тұқымды жемістерді жатқызады .
Бұған жататындар:
1. Жидек (ягода) — перикарпиінің жұқа экзокарпасы- нан басқа бөлігінің барлығы шырынды және етженді бо лып келетін жеміс (картоп, банан, виноград, помидор).
2. Алма (яблоко) — бұл жемістің дамып жетілуіне гүд түйінінен басқа аталықтары мен аналықтарының түп жағы және гүл түғыры қатысады (алма ағашы, алмұрт).
3. Асқабақ (тыквина) — гүл түйіні төменгі болып келетін гүл дің , үш ж ем іс жапы рақш асы нан пайда болған, экзокарпиі қалың, қасаңданған жеміс. Жемісінің етженді бөлігі, негізінен түқымның жатынға бекінген жерінің ұлғайып өсуінің нәтижесінде қалыптасады (асқабақ, қар- быз, қауын, қияр).
4. Гесперидий, немесе померанец — экзокарпиінде эфир майлары жиналатын жері бар; мезокарпиі құрғақ, борпылдақ, ақ түсті; эндокарпиі шырынды, етженді болып келетін жеміс (лимон, апельсин, мандарин).
5. Гранат — бұл екі қабат (ярус) түзіп орналасатын, төрт жеміс жпырақшасынан түратын, төменгі гүлтүйінінен пайда болатын жеміс. Жемістің сыртқы қабығы көн тәрізді,
ал тұқымның сыртқы жабыны әрі етженді, әрі шырынды болып келеді (гранат ағашының жемісі).
Сүйекті жемістерге бір тұқымды, эндокарпиі қатты, сүректенген жемістер жатады
Сүйекті жемістер ( костянка) — көп жағдайда төменгі бір немесе көп үялы гүл түйінінен пайда болтан, перикарпиі жұқа экзокарпиге, етженді мезокарпиге және азды-көпті қальщ, сүректенген эндокарпиге дифференциацияланған жеміс. Бір сүйекті жемістерге грек жаңғағы, өрік, шие, алхары, шабдалы және тағы басқалар мысал болады. Көп сүйекті жемістерге таңқурай (ежевика, малина) жатады, ол апокарпты гинецейден пайда болады. Сонымен бірге апокарпты гинецеңден, сиректеу қүрғақ сүйекті жеміс пайда болады (кокос пальмасы).
Жоғарыда келтірілген жемістердің бірқатары апокарпты гинецейдің жекелеген аналықтарынан пайда болады. Мұндай апокарпты жемістерді көп жағдайда жиынтык, жемістер деп атайды (сборные плоды). Бұларға көп таптама (шөмішгүл—водосбор), көп жаңғақша (сарғалдақ—лютик), көп сүйекті жемістер (таңқурай - ежевика, малина) жатады.
Бөлшекті жемістер ( дробные плоды)
Бұларға пісіп жетілген кезінде жеміс жапырақшалары- на, немесе олардың тікесінен алынғандағы жартысына дәл келетін (мирикарпий) кейбір түқымдастардың қүрғақ це- нокарпты, көп тұқымды жемістері жатады (шатыршагүлдер түқымдасына жататын вислоплодник, торт жаңғақшаға бөлініп кететін ерінгүлділердің жемістері, үйеңкінің - кленнің екі қанатшалы жемісі)
Бунакщы жемістер . Бұларға пісіп жетілген кездерінде, көлденең перцелері арқылы бір тұқымды бунақтарға бөлініп кететін жемістер жатады (жабайы шомыр—дикая редька, т и ы н д ы қ —копеечник). Кейде жалған жемістер деп бөледі. Оларға жемістерінің түзілуіне гинецей ғана емес, сонымен бірге гүлдің басқада бөліктері қатысатын (мысалы, гүлтүғыры) жемістердің барлығын жатқызады (Бұлдірген—земляника, алма).
Табиғатта мұндай жемістердің көп кездесетіндігі сонша, оларды жеке топқа бөліп қарау тиімсіз.
Біріккен жемістер (соплодие)
Бұларға бір-бірімен біріккен бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүлшоғынан пайда болатын жемістерді жатқызады (тұт, инжир, ананас).
Жемістердің таралуының 5 негізгі жолдары бар:
1. Автохория.
2. Анемохория
3. Гидрохория
4. Зоохория
5. Антропохория
Бақылау сұрақтары:
1. Гүл, гүл бөліктері және олардың қызметі туралы түсіндіріңіз.
2.Гүлде өтетін процестерге тоқталыңыз.
3.Жемістер және олардың түрлері туралы түсіндіріңіз
Дәріс 9. Тақырып: Өсімдіктердің көбеюі туралы жалпы мәлімет
Жоспары:
1.Өсімдіктердің вегетативті жолмен көбеюі
2.Өсімдіктердің жынысты көбеюі
3.Өсімдіктердің жыныссыз көбеюі
Tipi организмдерде міндетті түрде болатын қасиеттердің бірі, ол артына үрпақ қалдыру, басқаша айтқанда бір особь- тын; өзі секілді жас особьтардың түтас сериясын немесе кем дегенде біреуін беруге қабілеттілігі.
Көбеюдің бір-бірінен принциптік айырмашылығы бар екі түрі белгілі: жыныстық және жыныссыз.