И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


семантнкалық сипаты болып табылады. Сөздерді таптас-



Pdf көрінісі
бет15/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99
семантнкалық сипаты болып табылады. Сөздерді таптас- 
тырудың семантикалық деп аталатын принципі сөздердің 
осы жалпы грамматикалық мағынасына негізделеді.
Грамматикалық мағына арнайы грамматикалық формалар 
арқылы да беріледі. Грамматикалық форма деген үғымға, ең ал- 
дымен, сөзге (түбірге) үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префик-
стер мен жүиелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жата- 
ды. Ал қазақ тілінде префикстік те, флексиялық та, су пплетивтік 
те тәсіл жоқ. Бірлі-жарым кірме сөздің қүрамындағы бей, би 
(бишара, беймаза), на (наразм) сияқтылардың жеке басында 
ешбір грамматикалық, семантикалық сипат жоқ, олар тілімізде 
сөз қүрамынан болінбей, түтасып кеткен.
Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін 
мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау 
қажет. Жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның
жалпылануы арқылы оерілш, сөздщ сыртқы түлғасына, түріне 
қатысты болмай, демек, түрлену жүйесіне қатысты болмай, 
таза грамматикалық семантика ретінде болса, категориялық 
грамматикалық мағына, ең алдымен, белгілі грамматикалық 
формалар арқылы беріледі де, екіншіден, сол арқылы белгілі 
грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену 
жүйесі болып табылады, үшіншіден, соның нәтижесінде 
сол топтағы сөздердің грамматикалық немесе лексика- 
граммагикалық категориясын қүрауға негіз болады. Мыса-
26


I
I
I
I
і
лы, шақтық мағына белгілі шақ түлғалары (есімше, көсемше 
немесе қалып етістіктері, т. б.) арқылы беріліп, етістіктің шақ 
категориясын жасауға негіз болады. Сойтіп, категориялық 
грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының
түрлену жүиесін, парадигмалық сипатын, соның нәтижесінде 
ол топтардың грамматикалық, лексика-грамматикалық катего- 
риялар шеңберін, мәнін айқындайды.
Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде создің басқа 
сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші 
сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация, т. б. 
аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. 
Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет. 
Түсінікті болу үшін бірнеше мысалды талдап көрелік. Тал- 
дан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды 
дегендегі екі бала сөзін салыстырып көрейік. Бірінші бала зат 
атауы (адам), атау септігі арқылы субстанттық, иелік (таянбау 
қимылының иесі), 3-жақ мағыналарын білдіріп түрса, екінші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет