І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Сүтке санитарлы-микробиологиялық сипаттама беріп тұжырымдаңыз



бет44/70
Дата13.12.2022
өлшемі221,53 Kb.
#57014
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Байланысты:
Санитар сессия ответы толык еместт

11. Сүтке санитарлы-микробиологиялық сипаттама беріп тұжырымдаңыз.
Сүттің санитарлық-микробиологиялық сипаттамасы. Сау малдан алынған сүт пастерленгеннен кейін тұтынуға жіберіледі. Оның құрамында туберкулез, бруцеллез, колибактериоз және басқа да індеттердің қоздырғыштары болмауы керек. Сүттің құрамындағы сүт қышқылды және басқа да патогенді емес микроорганизмдер қышқылдықты арттырып, кейін қыздырусыз тұнбаға шөгетін протеинді-минералдық кешенді бұзады. Антибиотиктердің, пестицидтердің, радиоактивтік заттардың қалдықтық мөлшері сүттің сапасын төмендетіп, кейде тіпті оны азыққа пайдалануға жарамсыз етеді. Осы және басқа да ластанулар өнімнің санитарлық сипаттамасын төмендетеді. Сапасы жақсы сүт алу үшін малдың денсаулығын, әсіресе сүт бездерін үнемі бақылауда ұстау қажет. Желінсау малдың сүтінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан басқа көптеген мөлшерде стрептококтар, стафилококтар және басқа да микроорганизмдер кездеседі. Олар қосымша факторлармен біріге отырып әртүрлі аурулардың себепшісі болады.

Микробиологиялық және физикалық-химиялық көрсеткіштеріне байланысты сүтті 2 сортқа бөледі. 1-ші сортты сүттің қышқылдығы 16-18°Т және редуктазалық сынама бойынша микробтың мөлшері 1-ші кластан төмен емес болуы шарт. 2-ші сортты сүттің қышқылдығы 16-20°Т, микробтың мөлшері 2-ші кластан төмен болмауы тиіс. Ауру және сау сиырлардың сүттерін араластыруға болмайды.


Сүт өнеркәсібі зауыттарында шығарылған өнімді микробтардың жалпы мөлшері және коли-титр бойынша екі топқа бөледі: А және Б (7-кесте).


А тобына жататын сүтті қайнатпастан пайдалануға болса, Б тобына жататын өнімді тамаққа пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату қажет.


Ветеринарияда антибиотиктерді бақылаусыз қолданған жағдайда көптеген микробтар, соның ішінде сапрофиттермен қатар паразиттер де антибиотикке үйреніп, олардың әсеріне төзімді түрге айналады. Сүттің құрамындағы антибиотиктердің сүтқышқылды микробтардың әрекетін тежеуі нәтижесінде сүт қышқылды өнімдердің технологиясы бұзылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет