І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет48/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   156
Әдебиеттер



  1. Айтматов Ш. Жәмилә. Повестер. – Алматы: Атамұра. 2005. – 312 б.

  2. Түркі халықтары әдебиеті. Б.Әбдіғазиұлы, Т.Тебегенов, Г.Асқарова т.б. – Алматы:

  3. Арыс, 2010. – 224.

  4. М.Бейсенова. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия. – Шымкент, 2006, - 344

  5. Р.Мылтықбаев. Шыңғыс Айтматов. – Алматы: Жазушы, 1978. - 88 б.



«ТОЛЫҚ АДАМ» ТАНЫМЫ АБАЙ ҰСЫНҒАН БАСТЫ ЖОЛ


Мұхаммедсапақызы Жансая (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Салқынбай А.Б., ф.ғ.д., проф.

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,


Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
(«Алтын хәкім Абайға», Мағжан)
Кеңдік. Биіктік. Тереңдік. Осынау бір-бірінен ажырамас үш ұғым арқылы Абай жырындағы, Абай сөзіндегі ұлылықты ұғынып, ұрпаққа ашып айтамын, не биікке шығамын, не тереңге бойлаймын деген адамның өзі жоғары шықса, басы айналары, төмен түссе, тұншығары анық. Өйткені, Абай рухы аспандай асқақ, қара жердей қасиетті, ақын ойы таудан да биік, теңізден де тұңғиық, қазақтың кең байтақ даласындай барлық құпия сырын ішке түйіп жатыр. Абайдың бір өзі – тұтас әлем және көрінгенге ашыла бермейтін, қалтарысы көп жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш.
«Абай – қазақ поэзиясының сөзсіз бір биік асқар белі. Қазақ поэзиясын тұйықтан шығарып, шын, мәнді поэзияның есігін ашты. Әдебиет тарихымызда поэзияның айқын жолдарын салды. Ол жол қазіргі әдебиетімізде де сайрап жатыр» [1],-деп жалпы поэзияның даму сатыларына көз салды, Абай қазақ поэзиясындағы шын көркем поэзияға жол ашты. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Оны біз оның маржан өлеңдерінен де байқай аламыз.Үлкен ғылыми трактат 38-сөзді барлап қарайтын болсақ онда «ғылым-білім» мәселесіне ерекше тоқталғанын аңғара аламыз. Бұл Абайдың «толық адам» туралы танымын дұрыс түсінуге көмегі бар мәселе деп қарасақ болады.
Жасымда ғылым бар ескермедім...
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.
Абайдың өлеңінен де қазіргі түсінігіміздей арнайы білім немесе мамандық алу мәселесі айтылғанын көре аламыз.Бұл орайда ақын рухани әлем сырын танып білу мүмкіншілігіне қолымды кеш сермедім деген өкінішін айтып отыр. Ал:
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы... Ойында жоқ олардың Шариғатқа шаласы, -
деген өлеңіндегі, бірінші көрсеткен өлеңіміздегі «медресе», бұл арада «шариғатқа шаласы» деген сөзі адамға адамшылдық жолын көрсету үшін қандай ғылым-білім қажеттігін білдіріп тұр. Осы мәселелерге қарай отырып ақын өлеңдерін талдау барысында семантикалық құрылым ерекшелігіне көңіл бөліну керек екендігін басты мәселе деп қарасақ болады. Ақын өлеңдерін талдау барысында, тақырыптық жағынан білім, ғылым концептісінің шеңберінде жазылған өлеңдеріне үңіліп қарайтын болсақ онда үлкен мағына жатқандығын көре аламыз. «Интернатта оқып жүр» өлеңін семантикалық құрылым жағынан талдау жасағанда, профессор Анар Салқынбай еңбегінде көрсетілгендей, -«бұнда Семейдің интернаты емес, шетелдің пәтерінде жатып, шетелдік білім аламын деп оқып жүрген қазақ баласының бүгінгі жай-жағдайын басып көрсетіп тұрған [2]» - деген оймен, бұл өлеңде үлкен мағына жатқандығын байқаймыз. Осыған орай тағы да мағыналық құрылым бойынша талдау жасалған өлеңдеріне барлап көрер болсақ, «Базарға, қарап тұрсам әркім барар...» - деген өлеңінің мәні мен мағынасына талдау жасалғанда, ғалым былай деп жазады: «Базарға, қарап тұрсам әркім барар, Іздегені не болса,сол табылар, сөздің негізгі және тура мағынасымен түсініп, үстірт мән іздесеңіз, күнделікті қоңыр тіршілік көз алдымызға келеді. Күнделікті қоңыр тіршілік – қарапайым, қарапайым күнделікті өмір...Мәтіннің ішкі мәніне ене бастаймыз. Өмір-базар. Ғұмырдың базары өтіп жатыр. Өмір – Базар бәріне бірдей нәрсе ұсынады, не іздесең соны табасың. Пенде өмірде өзінің не іздеп жүргенін біле ме? Базарға неге келгеніңді білесің. Ал өмірге неге келгеніңді, не іздеп жүргеніңді ойладың ба? [3]»-деп келтірген жолдардан бұл өлеңнің мән, мағынасының тереңде жатқанын көреміз. Ақынның бір өлеңі екінші өлеңімен сабақтас, үндес. Айтар болсақ,оның мына бір өлеңі:
Ғалымнан надан артпас ұққанменен,  Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен. О-дағы қалыбынан аса алмайды, Жауқазын ерте көктеп шыққанменен, –
деген шумақтағы ой, мағыналық құрылымы бойынша «Сегіз аяқтағы» мына бір жолдармен:
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды Әдеті надан адамның, –
сарындас екенін байқаймыз. Бір өлең екінші өлеңнің мағынасын ашып тұрған секілді. Осы тұрғыда біз ақын өлеңдеріне семантикалық талдау жасау арқылы ондағы басты идеяны аша аламыз. Сондықтан, қазіргі кезде оқу-ағарту саласында білім алып жатқан жастар ақын өлеңдерінің тура мағынасы бойынша, жеңіл-желпі қарамай өту үшін, оны семантикалық тұрғыдан талдау жасаудың маңызды екендігін түсіндіре білуіміз шарт. Ақынның «оқу-білім» концептісінің негізі, «толық адам» танымының о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1886) өлеңінен бастау алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене түсетіні бар. Бұл өлеңнің де мағыналық құрылымы тереңде. М. Әуезов ол өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Абайдың:
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз», -
деп адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы ұғымдардың сырын 7-қарасөзінде айтылатын «жанның тамағы» дейтін пәлсапалық мағынасы бар ұғыммен салыстыра отырып сырын ашсақ, көп мәселенің тамырын дөп басамыз. Осы өлеңде ерекше мән бере аталатын Шығыстың озық ойлы Ғұламаһи Дауанидің (XV ғ.) атақты шәкірті Жүсіп Қарабағи (XVIII ғ.) «Рисаласында» «жанның азығы» деген ұғымды еске (память) байланысты қарап талдайтыны бар. Автор «жанның азығы» деген ұғымды екіге бөліп: бірінші жанның пайдалы азығы (шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік) екіншісі - жанның зиянды азығы (күншілдік, жалған сенім) деп атайды. Абай танымындағы «жанның тамағы» да жан қуаты арқылы біртіндеп қорланатын рухани байлықты меңзейді. Өйткені, Абай: «...Құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп көрсетуі арқылы әрбір талапкер жас өзінің дүниетанымының қалыптасу жолында жанның пайдалы тамағымен сусындауға саналы түрде бет бұрса ғана толық адам жолына түсе алмақ, болмаса жоқ. Ақынның «бес нәрседен қашық бол» деп таңбалап отырғаны адамды аздыратын жанның зиянды тамақтары болып шығады. Абай әлеміндегі ғылым, білім сөзінің мағынасы бір сөзбен айтқанда, ол – әлемді құдіретті Аллатағаланың жаратылысы ретінде тұтас тану, игеру, қабылдау. Осыны қазіргі ұрпақ санасына ұқтыру, оқу-ағарту саласындағы басты мақсат екені даусыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет