І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет44/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   156
Бiр елдiң жерiне опасыздықпен басып кiрушi, жаулаушы.

ДАСТАРХАН

1. Үстiне ас-тағам қою үшiн жайылатын қалың мата. Үстелге ~ жайылды.
2. ауыс. Iшiп-жем, дәулет, ризық. ~ы бұрынғыдан кемiген жоқ. Дастархан мәзiрi – ресторан асханаларда тамақтардың түрi, бағасы, көрсетiлген тiзiм, меню. Дастарқан аттады – опасыздық жасады. Дастарқан байлығын берсiн (алғ.) – iшiп-жемiң мол болсын. Дастарқан қайырды – жақсы тiлек айтып, бата бердi. Дастарқаның жиылмасын (алғ.) – дәулетiң мол болсын.

ДӘМ-ТҰЗ

Бабына келтiрiп дайындалған тағам, ас. Қашаннан әйел көркi – дәм-тұзымен (Қайырбеков). Дәм-тұз айдады [тартты] – дәм бұйырды, нәсiбiн жазды. Дәм-тұзы аралас – ас-тұзы аралас-құралас. Дәм-тұз аттады – сенiмдi ақтамады, опасыздық жасады. Дәм-тұз атты – дәм ұрды, дәм атты; жолы болмады. Дәм-тұзы бiттi [сарқылды, таусылды] – ажал жеттi, дүние салды, өлдi. Дәм-тұзы жарасты [қосылды] – бiр-бiрiмен тiл табысып, тату-тәттi тұрды. Дәм-тұз тартса – аман-есен болса, амандық болса.

КЕТІС

1. орт. етіс. Кет-iс.
2. Басқа бiр жаққа беталыс, жөнелiс. Оспанның бұл кетiсi – опасыздық (М.Жұмағұлов).

САТ

1. Затты өз құнына тұратын ақшаға беру, саудалау. Базарға мал семiртiп сатты (З.Ақышев).
2. ауыс. Құндау, бұлдау. Ол қызметiн сататын адам емес (Ә.Сатыбалдиев).
3. Бас пайдасын көздеп бiреуге опасыздық iстеу. Мырзаның сатып кететiнiн баяғыда-ақ бiлгенмiн (Мұқаев). Сатып алды – пара берiп, iстi өз пайдасына шештi.

САТЫЛ

1. ыр. етіс. Сатыл.
2. Өз мүддесiн ғана ойлап, бiреуге опасыздық жасау, сатқын болу. Жауға ~ды, ақшаға ~ды.

САТЫЛҒЫШТЫҚ

Сатылып кеткендiк, сатылушылық, опасыздық. ~ әрекет.

САТҚЫНДЫҚ

Сатып кеткендiк, опасыздық. ~ саясат (жасады).

ТОБЫҚ

1. Адам аяғы жiлiншiгiнiң төменгi жағын өкшемен байланыстырып тұратын дәнекер томпақ сүйек. Аяғын тобық үстiнен байлап алыпты (Тоқаев).
2.Малдың ортан жiлiгi мен асықты жiлiгiнiң түйiскен жерiндегi сан етiнiң сiңiрiне орналасқан жұмыр сүйек. Аттың тобығынан жоғары жылан шаққан жерiн сора бастады (Тарази). Тобығынан келмейтiн – тең түсе алмайтын, тең емес. Тобық ойнау (этногр.) – қыз-келiншектер мен жас жiгiттердiң бiр-бiрiне тобық берiп, күтпеген жерде қайта сұрап ұту ойыны. Тобықтан қақты – қысастық қылды, опасыздық жасады.

ҮРЕЙЛЕНУШІЛІК

Зәре-құты қалмаушылық, қорқушылық. Соғыстағы үрейленушiлiк опасыздыққа апарады (Жылқышиев).

ӘЗӘЗІЛДІК

Әзәзiл болғандық; екi жүздiлiк, опасыздық.

Кез келген ұғымның мәнін толық түсіну үшін оған қарама-қарсы келетін лексика-семантикалық топтар қажет. Айталық, егер қорқақтық сөзі болмаса, батырлық сөзінің мағынасын толық түсіне алмас едік, қайғының не екенін білмейінше, бақыт ұғымын дұрыс аңғара алмаймыз, ал сондай-ақ егер қиянат концептісі болмаса, махаббатқа адалдық түсінігі біздің рухани әлеміміздің биігіне шыға алмаған болар еді. Дәл осы сияқты, Отанға, сүйген жарға, жалпы, құндылық атаулыға беріктік пен адалдық сезімдерінің мәнін толыққанды ашу үшін опасыздық концептісі қажет. Аталған ұғымдарды логика ғылымы контрарлық қатынаста болады дейді [5].


Опасыздық концептісінің қазақ тілінде мәнін толығырақ ашу үшін ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармаларға, тарихи фактілерге жүгіну арқылы көруге болады. Мәселен, Отан туралы қазақ мақал-мәтелдерінен үлгілер келтірелік:
Опасызда Отан жоқ.
Өз елім – өлең төсегім.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе өзің жеткенің.
Отанға опасыздық еткенің,
Өмірден қаралы боп өткенің.
Отансыздың оты жанбайды.
Есі бар жігіт елін табар, есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер жетім.
Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол.
Түйіндей келе айтқанда, қазақ тілінде опасыздық концептісінің қалыптасуы мен мәні қазақ халқының тарихи тәжірибесімен, басынан кешкен тарихи оқиғалармен, мәдени-рухани құндылықтарымен тығыз байланысты. Яғни, өмірде неғұрлым құндылықтарға тұрақсыздық жайттары көп болса, оны сақтау, адалдық концептілерінің мәні соғұрлым тереңдей түседі. Екінші сөзбен айтқанда, тіл халықтікі болғандықтан, оның басынан кешкен оқиғалар осы екі концептінің арасын барынша айқындай түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет