-Византиятарихшысы Менандр (VІғ.) елші Земархтың Түрік еліне сапары туралы баяндайды: «Юстин Түрік қағакнатына Земархты аттандырды. Түрік иелігіне келгенде түріктер темір сатып алуды ұсынды. Меніңше, түріктер римдіктерге темір кендері бар ел екенін, металл өндіретінін көрсеткісі келсе керек. Әйтпесе, бұл елде металл алу өте қиын деп естігенім бар еді. Осыдан кейін бізді Естеми қағанның ордасына алып келді».
САУДАНЫҢ ДАМУЫ
Түрік-Византия сауда келісімі
Ұлы Жібек жолы ерте орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірінде халықаралық сауданың дамуына ықпал етті. Түрік қағаны Иштеми (Естеми)сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран, Византия елдеріне елшіліктер жіберіп, байланыс орнатуға ұмтылған.Соғды көпесі Маниах басшылығымен елшілікті Иранға жібек сатуға жібереді. Иран шахы Хұсрау сауда жасағысы келмей, түріктер жіберген жібекті сатып алып, халық алдында өртеп жібереді.Осыдан Түрік қағанаты мен Иран арасында соғыс басталады.568 жылы Естеми қағанелшілікті жібек сату үшін Византия астанасы Константинопольге жібереді. Түріктер мен Византия арасында жібек саудасы және әскери одақ туралы келісімдер жасалады.
Жәрмеңкелер
-Ерте орта ғасырларда сауда айырбас және ақша түрінде де жасалды. Айырбас сауда Сауран, Янгикент, Алмалық,Испиджаб, Отырар, Тараздаөткізілетін жәрмеңкелерде іске асырылды.
Түргеш теңгесі
-Ерте орта ғасырларда Жетісу жерінде теңге шығару ісін дамытқан түргештер.Суябта Түргеш қағандарының теңгелері шығарылды. Суяб әкімшілік орталығы ғана емес, бүкіл Шу алқабының ірі сауда қаласы болды.Қала туралы деректерде «онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрғаны, ал қала тұрғындарының жартысын көпестер құрағаны» айтылады. Суяб теңгесі сапасы жоғары болды, бұл ақша Х ғ. соңына дейін айналымда болды.
-Жетісудан табылған түргеш теңгелері Соғды, Ферғана, Батыс Сібір т.б. жерлерден де кезіккен. VIII ғасырдаТаразда табылған түргеш теңгелері соғылған.
- Сырдария бойындағы қалалардан Кангу Тарбан деген түрік бірлестіктерінің теңгелері табылған.