Этникалық бірлестігі
|
1. Батыс бірлестік: 11 тайпа: елбөрілі, тоқсоба («9 тайпалы»), йетиоба («7 тайпа»), дурут («төрт тайпа»). Тоқсоба әулеті басқарған Батыс қыпшақ бірлестігі Дунайдан Еділге дейінгі аумақты иеленді.
2. Шығыс бірлестік :16 тайпа: 8 негізгі тайпа, 8 ұсақ тайпалық бөлімшелер.Елбөрілер руынан шыққан хандар басқарған Шығыс қыпшық бірлестігі Еділден Алтайға дейінгі аумақты қоныстанған.
-Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктерінің шартты шекарасы Еділ (Волга) өзені.
|
Ел бөрілер
|
-Қыпшақ тайпаларының ішіндегі ең беделдісі. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.
-ХІІІ ғ. парсы тарихшы Жүзжани: «ер бөрілі» тайпасын хан әулетінен» деп атаған.
|
ХІ-ХІІІ ғ.басы
|
Түркі тілдес қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт тайпалары да Қыпшақ бiрлестiгiне енген.
|
ХII ғасыр
|
Арал маңын жайлаған қаңлы, қарлұқ, жікіл тайпалары Қыпшақ бiрлестiгiне енген.
|
«Половшылар»
|
-Половецтер-«Далалықтар» орыс деректеріндегі қыпшақтардың атауы.ХІІ ғасырда қыпшақтар орыс князьдерінің өзара соғыстарына араласып, олармен одақтар құрды және әулеттік некелер жасасты.
|
«Кундар»,
«Командар».
|
-Қыпшақ әскерлерінің алдыңғы шебінде құман тайпалары жүргендіктен, қыпшақтар Еуропаға осы атпен белгілі болды. Дунай бойына жайғасқан қыпшақтарға венглердің берген атауы.
|
ХVғ. дейін
|
-Қыпшақ халқының қалыптасуына монғол шапқыншылығы үлкен нұқсан келтірген. Қазақстанда бірыңғай халық болып қалыптасу құбылысы ХVғ. дейін кешеуілдеді. Қыпшақтар қазақ этногенезіне үлкен үлес қосты.
|
-Қыпшақ тілі тобына жататын тайпалардың (қыпшақтардың) Ұлы Даланың орталық, кейін батыс бөлігіне қоныс аударуы қазіргі заманғы түркі халықтарының солтүстік тобының, бірінші кезекте қазақтардың қалыптасуына негіз қалады.
|