Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82

Использованная литература

1. В.А. Бахвалов  « Методики и технологии образования». Рига,1997.

2.  В.И.Боголюбов    «  Педагогические  технологии:  эволюция  понятия».  Издательство  «Советская 

педагогика», №9,1991

3. И.В.Никишина  «Инновационные педагогические технологии и организация учебно-воспитательного 

и методического процессов в школе».  Издательство «Учитель», Волгоград, 2008.

4. В.Н..Рыжова «Дифференциация обучения как важный фактор развития познавательных интересов 

школьника». Журнал «Завуч» №8,2003.

5. Ю.Троицкий  «Об  инновационном  стандарте  исторического  образования», ж.  «История», № 36, 

1996.


6.  И.К.Шаламов  «Мотивационное  программно-целевое  управление:  теория,  технология,  практика». 

Барнаул, 2002.



БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯ ҰҒЫМЫ

Молдабаева Ә. Б.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 

Талдықорған қ., Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мақалада білім берудің жаңа сапасындағы инновация ұғымына талдау жасалады. Сонымен қатар, 

заманауи білім кеңістігіндегі интерактивті әдістердің тиімділігі жайлы айтылады. 

185

Аннотация

В статье дан анализ инновационным понятиям в новом качестве образования. Кроме этого, в статье 

затрагиваются вопросы эффективности интерактивных методов изучения в современном пространстве 

знания.

Abstract

The paper analyzes the innovative concepts in a new way of education.

In addition, the article addressed the effectiveness of interactive methods of learning in today’s knowledge 

space. 

Қазіргі кезеңде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен 

түрлендірулер жаңашылдыққа кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын 

әлеуметтік-педагогикалық  қызметтің  тиімділігін  арттыру,  оны  жаңа  сапада  ұйымдастыру  қажеттілігі 

туындайды.  Бұл  үшін  оқытушыларға  инновациялық  іс-әрекеттің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін 

меңгеруі  мақсат  етіледі.  Ал,  жаңа  технологияны  пайдалану  міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра 

отырып, мүмкіндік деңгейіне жеткізеді. Сондықтан, оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық, 

педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды меңгерудің 

маңызы зор. 

«Инновация  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әр  түрлі  анықтамалар  берген.  Мысалы, 

Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын 

идея».  Майлс: «Инновация – арнайы  жаңа  өзгеріс.  Біз  одан  жүйелі  міндеттеріміздің  жүзеге  асуын, 

шешімдерін күтеміз», - дейді [1]. 

Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Кейбір ғалымдардың 

еңбектерінде оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. 

Инновация  термині  қазірде  білім  берудің  теориясы  мен  тәжірибесінде  кеңінен  қолданылып  жүр. 

Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін 

анықтамалардың  көпшілігі  бұл  ұғымды  кеңінен  терең  таныта  алмайды.  Инновацияны  «білім  беру 

жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. 

«Инновация» ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, 

бір  мәдениет  түрлерін  екінші  ел  мәдениетіне  енгізу  дегенді  білдіреді  және  бұл  ұғым  этнографияда  әлі 

күнге дейін сақталған. 

«Инновация»  латыншадан  аударғанда  «жаңа», «жаңалық», «жаңарту»  дегенді  білдіреді  екен.  Яғни, 

С.Ожегов  сөздігіне  сүйенсек,  инновация - бірінші  рет  шыққан,  жасалған,  жуық  арада  пайда  болған, 

бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. 

«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин 

кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан, әр елде бұл 

құбылысқа  қандай  көзқарас  қалыптасқанын  анықтау  мақсатымен  ғылыми-педагогикалық,  техникалық, 

саяси  әдебиеттер  мен  баспа  беттерін  қарастыра  келе,  Ресейде,  Еуропа,  ТМД  елдерінде,  Қазақстанда 

«инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз. 

Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, ХІХ-ХХ ғасыр басындағы бірде-

бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық 

үрдіс өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды. 

Ал, Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық ғана 

емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс» деп түсінеді 

[1]. 


Нейхоз  инновацияны  үрдіс  деп  есептейді  де, «инновация  қандай  да  бір  идеялардан  басталатын 

өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдануы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс» дейді. 

Қазақстан  мемлекетінде  «инновация»  ұғымын  пайдалану  соңғы  бес  жылдың  еншісінде.  Ең  алғаш 

«инновация»  ұғымына  қазақ  тілінде  анықтама  берген  ғалым  Немеребай  Нұрахметов.  Ол  «Инновация, 



186

инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану 

және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деп жазған. Ал, инновация негізін құраушы ұғымдардың: 

«инновация», «нововедение», «новшество», «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин 

атындағы білім мәселелерін ғылыми-зерттеу институтының әдіскері Қ.Құдайбергенова болып табылады. 

Ол  өз  еңбектерінде  «инновация»-жаңарту, «нововедение»-енген  жаңалық, «новое»-жаңа, «новшество»-

жаңалық, «инновациялық процесс»-жаңарту үрдісі деп таратады [1].

«Инновация» сөзі-қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып 

жүрген  термин.  Қазір  бұл  сөз  «жаңа,  өзгеру,  жаңаша»  деген  мағынаны  білдіреді,  яғни  дәл  қазіргі  жаңа 

заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» қажеттілігі туындап отыр. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің 

дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық 

белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар: 

- үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту; 

- оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру; 

- мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру; 

- үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі; 

- көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету [2, 11]. 

Енді оқырманға таныс және беймәлім білім беру жүйесіндегі инновациялық

ұғымдарға және олардың беретін мағынасы мен мәніне тоқталайық.

Инновация (жаңашылдық) – жаңа немесе жетілген өнім (технология, қызмет, тауар) негізінде алынған 

инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

Инновациялық  қызмет – ғылыми-техникалық,  ғылыми-технологиялық  жетістіктерді  енгізуге 

бағытталған және инновацияны құрып, меңгеру мақсатындағы зияткерлік қызмет нәтижелері.

Инновациялық  орталық – ғылыми-зерттеу  қызметі  мен  білім  беру  үрдісіне  инновациялық  оқу 

бағдарламаларын  енгізуде  және  құруда  ғылыми  және  практикалық  қолдау  көрсететін  құрылымдық 

бөлімшелердің бірлестігі.

Инновациялық педагогика (педагогикалық  инноватика) - мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге 

асыруға бағытталған педагогикалық қызметті жаңарту үрдісін, қағидаларын, әдіс-тәсілдерін анықтайтын 

педагогикалық ғылымдар саласы.

Құрылымы:

Педагогикалық аксиология – педагогикалық жаңалықтар мен инновацияны педагогикалық ұйымның 

меңгеруі, бағалауы, қабылдауы туралы ғылыми тұжырым.

Педагогикалық неология – жаңа педагогикалық теория мен практика туралы ғылыми тұжырым.

Педагогикалық праксиология – педагогикалық жаңалықты енгізу және қолдану қызметі туралы ғылыми 

тұжырым.

Инновациялық  педагогикалық  қызмет – қалыпты  қызметтің  шығармашылық  қызметін  бейнелейтін 

әлеуметтік-педагогикалық феномен. 

Педагогтің инновациялық қызметінің деңгейлері:

1. Бейімделу деңгейі – педагогикалық жағдаяттарға қажетті дайындықтың жеткіліксіздігі.

2. Репродуктивті деңгей – педагогикалық жаңашылдыққа деген алғашқы баспалдақ.

3. Эвристикалық деңгей – жаңащылдықты енгізудегі бекемділік, мақсаттылық.

4.  Креативті  деңгей – педагогтың  шығармашылық  белсенділігі,  инновациялық  қызметтің  жоғары 

сатылы нәтижелілігі. 

Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық – білім беру жүйесіндегі мақсатты шынайы өзгеріс. 

Оқу-тәрбие үрдісінде көрініс табатын жаңашылдық түрлерін былай топтастыруға болады:

- білім беру мазмұнында;

- педагогикалық үрдістегі әдістеме, технология, түр, әдіс-тәсілдерде;

- білім беру үрдісін ұйымдастыруда;

- білім беру мекемелерін басқару жүйесінде;


187

Өзгеріс  көлеміне  байланысты:  жекелей  (бір-бірімен  байланыспаған),  модульдік  (бір-бірімен 

байланысқан кешен), жүйелілік (барлық білім беру мекемесін қамтыған).

Инновациялық  потенциалына  байланысты:  модификациялық  инновация – біліктілікті  арттыру,  түрді 

өзгерту, бағдарлама, әдістеме, құрылымдарды сәйкестігінше модернизациялау.

Комбинаторлық инновация – ерте кезден белгілі, қазір қолданыста болмаған белгілі әдістің элементтерін 

жаңамен байланыстыру.

Радикалды инновация – білім беру мекемелерінің даму деңгейін түбегейлі өзгерту. 

Қоршаған орта аспектісі: 

Инновациялық  ахуал – отандық  және  әлемдік  білім  беру  тәжірибесінде  инновациялық  үрдістің  оны 

басқарудағы оң және теріс әсері және білім беруді ұйымдастырудағы жаңашылдықтардың бірлігі.

Инновациялық алаң – инновациялық үрдіс жүзеге асып жатқан білім беру кеңістігі (мектепке дейінгі 

мекеме, мектеп, кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО және т.б.)

Инновациялық  орта – педагогикалық  жаңашылдықты  тудырып,  оның  жүзеге  асуын  жеделдететін, 

жалпы инновациялық үрдісті қоршаған орта.

Инновациялық  жағдаят – педагогикалық  жаңашылдықты  тудырып,  жүзеге  асыру,  қолдануға  негіз 

болатын жағдай, талап, талғамдар. 

Инновациялы-білім беру консорциумы – келісім шарт негізінде ерікті түрде, тең құқылы ЖОО, ғылыми 

ұйымдар  мен  өзге  де  заңды  тұлғалардың  бірігуі.  Өндіріс  аймағында  инновациялық  технологиялар, 

фундаменталды, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары базасында жоғары білікті мамандарды дайындау 

үшін зияткерлік, қаржылық және басқа да ресурстарды біріктіреді. 

Инновациялық педагогикалық ұйымдастыру – шынайы технологиялық аспект.

Инновациялық үрдіс субъектісі – білім беру мекемесін жаңарту процесіне тартылған ұйымдар, тұлғалар 

мен мекемелер.



Тұлғалы-қызметтік аспект:

Педагог-инноватор – педагог  (педагогикалық  ұжым,  ұжымдық  инноватор),  инновациялық  үрдісті 

жүзеге асырушы, яғни жаңаны құру, оны жүзеге асыру және қолдану, педагог-ойлаушы, педагог-зерттеуші.

Инновациялық жанұя – инновациялық тәртіп қызметіндегі қоғамдық білім беру, ұжым.

Инновациялық  мәдениет – тек  педагогика  саласында  ғана  емес,  өмірдің  өзінде  де  жаңашылдықтың 

шынайылығына  деген  қолдау  мен  қабілет,  дайындық,  жаңа  идеяларды  жақын  қабылдап,  білім,  білік, 

дағдыны шыңдау. Инновациялық құндылықтардың адамның рухани өмірінде көрініс беруі.

Инновациялық аспектегі ақпараттық мәдениет – жаңаны меңгерудегі ақпараттық ортамен байланысты 

адамның кәсіби маңызды құндылықтары, тиімді, рационалды, этикалық тағылымдары.

Инновациялық ойлау – танымның ең жоғарғы сатысы.

Инновациялы-моделділік  қызмет – педагогикалық  мамандықтарды  оқытуда  жалпы  білім  беретін, 

мәдени және әлеуметтік негізге бағытталған жаңа педагогикалық ойлау.

Инновациялық потенциал – педагогикалық жаңашылдықты қабылдаудағы рухани мәдениет.

Ұйымдастырушылық-тенологиялық аспект:

Инновациялық  ниет – мүмкін  болған  тұтынушылардың  сұранысына  талдау,  ғылыми-техникалық 

үрдісті болжау, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу базалары, өзге де өндірушілердің тұжырымдары, 

лицензияларынан туындаған жүйелі анықтама.

Инновациялық жоба – қабылданған инновациялық ниет.

Инновациялық  қадам – дәстүрлі  тапсырмаларды  шешуге  бағытталған,  шығармашылықпен  қайта 

қалыптасқан жағдай.

Инновациялық жоспар – бекітілген инновациялық жоба.

Инновациялық  оқыту – білімді  басқарудың  ерекше  типі.  Дәстрүлі  оқытуға  қарағанда  оқытушы  мен 

оқушы қызметін ұйымдастырудағы демократиялық бастама.



Білім берудің инновациялық технологиялары:

188

Инновациялық  оқыту  технологиялары – тұлғалық-бағдарлық,  интеграциялық,  ұжымдық  қабілет, 

қпараттық,  қашықтан  оқыту,  дамытушылық  және  т.б.  технологиялар  негізінде  оқушының  оқу  үрдісіне 

деген қабілетін жақсарту.

Инновациялық тәрбие технологиялары – тәрбиеленушінің жалпы адамзаттық түсінік негізінде тұлғалық 

құндылықтарын қалыптастыру.

Инновациялық басқару технологиялары – жетекшіге басқаруда шешім қабылдауға жағдай жасайтын 

жаңа экономикалық, психологиялық, диагностикалық, ақпараттық технологиялар. Инновациялық басқару 

технологияларының жетекшісі басқару қабілеті жоғары, білім беру менеджменті, инновациялық педагогика 

теориясынан кәсіби қаруланған шығармашылық тұлға болу керек.



Инновациялық үрдістің құрылымы:

Қызметтік құрылым – мотив, мақсат,міндет, мазмұн, түр,  әдіс, нәтижелер бірлігі. 

Субьективті құрылым – инновациялық үрдіс кезеңдеріндегі барлық қатысушылардың қызметі.

Деңгейлік  құрылым – халықаралық,  республикалық,  облыстық,  қалалық  деңгейдегі  инновациялық 

қызмет субъектілерінің өзара байланысы.

Мазмұндық  құрылым – оқу  орнын  басқарудағы  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда  жаңашылдықты 

қабылдап, жүзеге асыру.

Басқарушылық  құрылым - өзара  бірліктегі  басқару  қызметінің  төрт  түрін  ұсынады:  жоспарлау, 

ұйымдастыру, жетекшілік, бақылау. 

Басқару аспектісі:

Инновациялық  менеджмент – педагогикалық  инновацияны  енгізу  жағдайындағы  білім  беруді 

ұйымдастырудағы жетекшілік және басқару.

Инновациялық барьер – инновацияны жүзеге асыруда кездесетін қиындықтар [2, 111-114 б.б.].

Білім  беру  жүйесіндегі  инновация  мәселесі  ХХІ  ғасырда  бір  мақала  емес,  бірнеше  жылдарға  азық 

болатын заманауи түсінік. Сол себепті, келтірілген дәлелдерге айғақ болу үшін екінші тілді меңгертуде 

инновациялық  технологияның  бір  элементі  интербелсенді  әдістер  тиімділігіне  тоқталсақ.  Қазіргі  білім 

беру жүйесіндегі инновация шеңберінде оқыту – оқу, үйрету – үйрену сөздерімен алмастырылып отырғаны 

баршамызға белгілі. Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі «Қазақстан Республикасының ақпараттық 

кеңістіктің  бәсекеге  қабілеттігін 2006-2009 жылдарда  дамыту  тұжырымдамасында»  келтірілгендей, 

«ақпараттың  ақылға  сыймайтын  шамадан  тыс,  оны  игеруде  адамның  биологиялық  мүмкіншіліктерінен 

артық» мөлшерде дамуы. Сол себепті де, оқу/оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді 

түрде  ұсынатын,  сол  ақпаратты  жоғарғы  деңгейде  игеретін  және  пратикада  бетке  алатын  әдістерді 

қолдануды алға тартады. 

Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың негізі ретінде тұлғалық дамуды 

қарастырады,  өйткені  динамика  мен  өзгерістерге  толы  ақпараттық  дәуір  экономикасы  адамның  білімді 

әрі білікті тұлғасына тәуелді. Өйткені, ол дәуірдің биологиялық, әлеуметтік саяси сұраныстары. Адамнан 

төмендегідей құзырлылықтарды талап етеді:

- ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;

- проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;

-  социализмді  ауызша  және  жазбаша  түрде  қарым-қатынас  құра  білу,  бірлесе  жұмыс  жасай  білу, 

жанжалдарды болдырмау;

-  өмірге  деген  көзқарасын,  ұстанатын  сенімдерін,  қажеттіліктерін,  құндылықтарын  жалпы  адами 

құндылықтармен байланыстыра білу;

- өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан дамытып отыру [3, 61-62].

Яғни,  инновациялық  технология,  интербелсенді  әдістердің  негізгі  мақсаты  біреумен  қоян-қолтық 

қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.

 

Әдебиеттер тізімі

1. Интернет жүйесі. www.mail.ru, www.google.ru, www.doklad.ru сайттары (02.11.12)


189

2. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно 

преподавать. А.: 2009

3. Образование и наука // Энциклопедический словарь. А.: 2008

4. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. А.: 2009

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

Молдағалиева А. С.

№3 мектеп-лицей

Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы

Аңдатпа 

Автор  шығармасында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімдерінің  кәсіби  біліктілігін  арттыру 

үшін  жүргізілетін  жұмыс  түрлеріне  тоқталып,  білім  беру  үдерісін  тиімді  ұйымдастыру  үшін  АКТ 

технологиясы мен белсенді оқыту технологияларын қолданып отырудың тиімділігіне тоқталған. 

Аннотация 

Автор в своей статье исследуя приемы работ, проводимых учителями казахского языка и литературы 

в целях повышения профессионального уровня, акцентирует  внимание на технологии ИКТ и технологии 

активного обучения, как одной из наболее применимых в практике технологий. 

Abstract 

The author’s work of investing  a ting the methods of teaching conducted by teachers of Kazakh Language and 

literature in order to raise the professional level6 which focuses on Information and Communication technologies 

and technologies of active learning as one of the most applicable technological practices. 

Әлеуметтік-экономикалық жаңарулар, Қазақстанда болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесін, білім 

беру  мекемелеріндегі  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастырудың  әдістемесі  мен  технологиясын  түбегейлі 

өзгерту  қажеттілігін  туындатып  отыр.  Бұған  дейін  білім  беру  мекемелерінің  басты  мақсаты  бағдарлама 

көлеміндегі  білімді  меңгерту  болса,  қазіргі  жағдайда  оқушының  жеке  тұлғасы,  оның  өмірде  өз  орнын 

анықтай білуі, өзін көрсете білуі, өзі шешім қабылдап, оны орындай алуы, өз ісіне талдау жасай білуі, 

қысқаша айтқанда, сол алынған білімді өмірде қолдана білуі бірінші кезекке шығып отыр. Ал білім беру 

мазмұнын,  оны  игертудің  әдіс-тәсілдерін  өзгерту  үшін  ең  алдымен  сол  білім  мен  оқушы  арасындағы 

дәнекерлеуші  тұлға  мұғалім  жұмысын  жаңа  арнаға  бұру  қажет.  Бұл  өзгерістер  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәні мұғалімдерінің де жаңаша бағытта жұмыс жасауын талап етіп отыр. Ал жаңаша жұмыс істеп, заман 

ағымына  ілесу,  ілесіп  қана  қоймай  сол  жаңалықты  жасауға  өз  үлесін  қосу  үшін  мұғалім  өзінің  кәсіби 

деңгейін арттырып отыруы тиіс. Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыруға қазіргі таңда мемлекет тарапынан 

барлық жағдайлар жасалған: «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталықтары ұйымдастырған оқу 

сатылары, интернеттің қолжетімділігі, ақпарат көздерінің молаюы, оn-line сабақтардың жүргізілуі, өзара 

тәжірибе  алмасуға  арналған  семинарлар  мен  педоқулардың,  ғылыми-практикалық  конференциялардың, 

мастер-кластардың жүйелі түрде өтуі  т.б.  

Қазіргі таңда техника дамыды, білім беру технологиялары да күн санап толығып келеді. Мұның бәрі 

тіл  мамандарынан  көштен  қалмай  сол  жаңалықтарды  игеріп  отыруды  талап  етеді.  Әсіресе  ақпараттық-

коммуникативтік технологияларды тереңінен игерудің маңызы зор. Өйткені АКТ технология:

• сабақ уақытын үнемдейді;

• білім беру барысында көрнекі құралдардың сапасын арттырады;

• оқу үдерісін жандандырады;



190

• оқушының сабаққа қызығушылығын арттырады;

• материалға тереңнен бойлай білу мүмкіндігі туады;

• қосымша деректер көзінен мәліметтер беру мүмкіндігі;

• аудио, бейне, мультимедиа материалдарын пайдалану мүмкіндігі;

Cабақты  жаңаша  түрде  өткізуге  мүмкіндік  береді.  Ең  басты  артықшылығы – берілетін  білімді 

көзбен  көре  отырып  қабылдауға  қол  жеткізеді.  Дана  қытай  халқы: «Маған  айтып  берсең,  мен  ұмытып 

қаламын,  маған  көрсетсең,  мен  есімде  сақтаймын,  менің  өзіме  жасатсаң,  мен  үйренемін»  дейді  екен. 

Жаңа материалдың қаншалықты деңгейде игерілгендігін анықтау және аз уақытта барлық оқушы білімін 

бақылау үшін ACTIVote тестілеу жүйесімен жұмыс жасау – сабақ уақытын тиімді пайдаланудың бір жолы. 

Қазіргі кезде интернет желісінен әдебиет сабағына қатысты бейнематериалдарды көшіріп алу мүмкіндігі 

туып отыр. Өз іс-тәжірибемде әдебиет сабақтарында Абай, Шәкәрім әндерін, Мұқағалидың өз даусымен 

оқыған  өлеңдерін  тыңдату, «Көксерек», «Қараш  асуында  атылған  оқ», «Қыз  Жібек», «Абай», «Еңлік-

Кебек», «Біржан сал», «Менің атым - Қожа» т.б. фильмдерден үзінді көрсету арқылы көркем шығарманың 

түп нұсқасын оқуға оқушы қызығушылығының арттыруға қол жеткіздім. Менің ойымша, бұл – тіл маманы 

үшін маңызды. Өйткені қазіргі мектеп оқушысының көркем әдебиетке қызығушылығы төмен. Ал оқушы 

тарапынан көркем әдебиетті оқымау тіл жұтаңдығына, қарапайым сөздердің өзінің мағынасын түсінбеуге 

алып келуде. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін оқытудың әр түрлі технологияларын игеріп, олардың 

ұтымды  жақтарын  орынды  пайдалана  білудің  де  маңызы  зор.  Әсіресе  тіл  және  әдебиет  сабақтарында 

белсенді  оқыту  технологиясы  мен  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  әдіс-тәсілдерін  пайдалану 

қолайлы  әрі  оң  нәтиже  беріп  келеді.  Белсенді  оқыту  технологиясының  «Миға  шабуыл», «Аяқталмаған 

сөйлем», «Ашық  сұрақтар», «Жұптық  жұмыс», «Өз  ұстанымыңды  тап», «Нақты  жауап», «Пікірлер 

шкаласы»,  ал  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  «Бес  жолды  өлең», «Топтау», «Түртіп  алу», 

«Болжау», «Жұпқа талқылау», «INSERT», «Бес жолды өлең», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т 

кестесі», «РАФТ»  сияқты  әдіс-тәсілдері  сабақты  түрлендіріп  өткізуге  мүмкіндік  туғызумен  қатар,  әр 

баладан еркін жауап алуға, баланың өз ісіне сенімділігін арттыруға, бір-бірінің және өзінің жұмысына баға 

беріп, сын көзбен қарауға итермелейді, сабақ үстіндегі оқушы қызығушылығын тудырып, белсенділігін 

арттырады. Алайда бір әдісті үнемі қайталай бермеу үшін мұғалім өзіне осындай белсенді әдіс-тәсілдердің 

тізбесін,  картотекасын  жасап  алғаны  дұрыс.  Бұл  кейбір  әдістердің  ұмыт  қалып,  ендігі  әдістердің  жиі 

қолданылып кетуінен, оқушыны жалықтырып жіберуден сақтайды.

Қазіргі таңда мемлекетіміз білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары 

мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «E-learning» электрондық оқытуды енгізуді 

қолға  алып  жатыр.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасында «оқытушылар жасаған электрондық білім беру ресурстары дамытылады» 

делінген [1, 32-бет]. Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімі білім беру үдерісінде электронды оқыту құралдарын: 

электронды оқулықтар, анимациялық слайдтар мен презентациялық слайдтар, флипчарт сабақтар қорын 

жинақтап  отырғаны  абзал.  Әрбір  сабаққа  дайындаған  өз  туындысымен  қатар,  интернет  желісі  арқылы 

алынған басқа мұғалімдердің дайындаған материалдарын  да өңдеп, өз қажетіне қарай пайдаланып, өзінің 

электрондық ресурстарын толықтырып отыруға болады. Тек дайын электронды оқулықтарды пайдаланып 

қана қоймай, бір тақырып немесе бір тарау көлеміндегі материалдарды пайдаланып, қазіргі ақпараттық 

технология  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  шағын  электронды  оқулық  жасауға  да  болады.  Бұл, 

біріншіден, мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауына, ізденісіне негізделсе, екіншіден, сабақтың 

мазмұнды өтуіне ықпалы зор. Мен өз іс-тәжірибемде әдебиеттен 8-сыныпта «Махамбет. Ереуіл атқа ер 

салмай»  тақырыбындағы  сабаққа  бейнематериалдар,  Махамбет  өміріне  байланысты  әртүрлі  деректер 

жинақтап,  түрлі  деңгейдегі  сұрақ-тапсырмалар,  тест  жұмыстарын  дайындау  арқылы  бір  тақырыпқа 

арналған электрондық оқулық әзірледім. Сол арқылы сабақтың үш мақсатының толыққанды орындалуына 

қол жеткіздім. 

Орыс театрының режиссері К.С.Станиславский: «Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз үшін текке 

кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз» деген екен [2, 43-бет]. Бұл сөздің әсіресе ұстаздар 



191

қауым үшін маңызы ерекше. Дамыған заманда заманмен бірге адымдар жас ұрпақты тәрбиелеу үшін  біз, 

ұстаздар, үнемі жаңалықты бірінші игеріп, меңгеріп отыруымыз керек. Сонда ғана «Ұстаз» деген ұлағатты 

есімге лайық болып, Қазақстанның болашағы, тірегі болар жеке тұлға қалыптастыра алатын еделге ие бола 

аламыз.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет