Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасында білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. Астана, 2011.
2. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2010, 3-б.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам.//
Егемен Қазақстан, 2012, 8 тамыз.
4. Жұмағұлов Б.Жаңа заң бізге жаңа бағыт//«Айқын», 2011, 22 ақпан.
5. http://www.egemen.kz/2012/07/26/342593/
ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Мәдібекова Ғ.М., Сыздықбаева Р.Г., Исаева А.Б.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Білім беру жүйесіндегі жаңа процестің дамуы оқытудың әдістері мен тәсілдерін, мазмұнын
жетілдіруде, инновациялық технологияны қолдануда шығармашылық ізденістердің жоғары
белсенділігімен ерекшеленеді.
Аннотация
Современный процесс развития системы образования отличается высокими темпами творческого
поиска в усовершенствовании методов и приемов обучения, содержания, в использовании инновационной
технологии.
Abstract
The modern process of the development of educational system differs by high rates of the creative search in the
improvement of methods and means of teaching, maintenance and the use of innovative technology.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген оты рысында-Қазақстанды әлем дік деңгейдегі білім
орталығына айналдыру қажеттілігіне баса назар аударған еді. Әлемдік озық тәжі рибелерді талдап,
таразылай оты рып жасалған Қазақстан Рес пуб ликасында білім беруді дамыту дың 2011-2020 жылдарға
арнал ған мемлекеттік бағдарламасында еліміздің индустриалдық-инновациялық даму жобаларына
242
сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету, жо ға-
ры оқу орындарының қызме тін жоғары білім берудің әлемдік үлгісіне сәйкестендіріп, жаңа үлгідегі
шығармашыл мұғалімді қалыптастыру-жүзеге асырылуға тиісті мін деттердің бірі ретінде көрсетілген [1].
Қоғамның дамуы, оның ілгері қарай қарқынды қадам басуы білім мен ғылымның қаншалықты деңгейде
дамығандығына тәуелді болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтарда халыққа
жолдауында “Біз білім беруді жаңғартуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу, әрбір
қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс. Біз .... білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз”
деп көрсеткен болатын. Білім берудің жаңа жүйесінің басты ерекшелігіне әртүрлі деңгейдегі білім беру
мен кәсіби іс-әрекетін жобалауға қабілетті педагог дайындау жатады. Жаңаша ойлайтын мұғалім міндетті
түрде жаңа бағыттағы идеяларды, жаңа технологияларды меңгеруге дайын болу керек. Оқыту үдерісінде
инновациялық оқыту технологияларын пайдалану, оқушыға берілетін білімді, іскерлікті және дағдыны
жаңаша түрде меңгерту қажеттіліктен туындап отырған көкейкесті мәселе екендігі түсінікті [2].
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан
туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби іс-әрекет деңгейіне, өндіріс
пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің
қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде. Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары
білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемнің жетекші
университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе
толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар
түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» - деген сөзі дәлел болады [3]. Осы бағытта жасалып жатқан іс-
шаралардың бірі - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп
отырған, 2010 жылы еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу
туралы шешімнің қабылданып, енуі де айрықша мәнді шара. Бұл білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі
тарихи оқиға болып есептеледі.
Қазіргі заман жағдайында жоғарғы білімді, интеллектуалды, жан-жақты дамыған, еркін ойлайтын,
шығармашылық тұрғыдан ізденетін, адамгершілігі мол, өз отанын сүйетін жастарды тәрбиелеу–жалпы
білім беру, әсіресе жоғары білім беру орындарындағы басты мәселелердің бірі. Ұлт көшбасшысы
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер–бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе
Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Мұның өзі
адамзаттың жинақталған іс-тәжірибесін жастарға жеткізуші педагогтарға қойылатын белгілі бір талап-
тілектерді айқындауды қажет етеді.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар, идеялар мен көзқарастарды жоғары оқу
орындарында химия пәнін оқытуда қолдану, бір жағынан, оқу процесін нәтижелі етсе, екінші жағынан,
химия пәні мұғалімдерін дайындау сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Себебі, еліміздегі бүгінгі қоғамдағы
өзгерістерге байланысты ғылым мен техниканың даму беталысы, автоматтандырылған ақпараттық орта,
мамандардың да заман талабына сай болуын қажет етеді.
Жоғары оқу орындарында химиядан білім беру процесінде инновациялық оқыту технологияларын
қолдану мол мүмкіндік беруде. Бүгінгі қоғамның талабы инновациялық технологияларды қолдана алатын
жас мамандар санының арта түсуін талап етуде.
Еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне ену туралы бағыттары мақсатында студенттерге химиядан білім
беруді ұйымдастырудың жаңа принциптері мен ғылыми әдіс-тәсілдерінің белсенді түрін қолдану, оқыту
технологияларының инновациялық түрлерін оқу-тәрбие процесіне енгізу бұл мәселені өзекті ете түсуде.
Химия пәнінің лекция сабағын өткізу барысында лекция мәтіні студенттерге алдын-ала таратылады,
студенттермен негізгі сұрақтары талқыланып, бірге қорытындыланады. Қазіргі таңда ақпараттық
технологияның қарқынды дамуына байланысты оқу орнының және студенттердің де оларды қолдану
мүмкіншілігі артты. Студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, әрі өзіндік дайындығына
мүмкіндік жасау үшін дербес компьютер, ноутбук, планшет сияқты т.с.с. қолданыстағы құралдарды тиімді
пайдалану қажеттігі туындайды. Сондықтан, алдымен: а) лекция мәтінінің электронды нұсқасы; ә) әр
лекцияға 20-25 тест сұрақтарын құрастыру; б) әр лекция презентациясы; в) әр лекцияның 10-15 минуттық,
243
оқытушы өзі оқып, түсіндіріп тұрған видеолекциясы дайындалып, институттың қолданысындағы Platonus
бағдарламасына орналастырылады.
Студент лекция сабағына алдын-ала дайындалу үшін оқытушы таратқан лекция мәтінін ғана
пайдаланып, сабақ үстінде талдауға қатысатын. Ал, институт веб-сайтындағы Platonus бағдарламасына
студент өз логині арқылы химия пәнінің кешеніне кіреді. Лекция материалдарын оқып, тақырыбына
сәйкес тест сұрақтарына жауап беріп, түсінбеген сұрақтарын презентациясы мен видеолекциясы арқылы
қайта қарап, материалды толық игеруге дейін мүмкіндік алады.
Студент кез-келген уақытта дайындала алады, тестке жауап беру арқылы өз білімін, дайындығын
бағалай алады. Студенттің сайтқа кіргені, тестке жауап берген пайызы көрсетіліп, сақталатындықтан
оқытушы платформадан студенттің өздік жұмысын орындағанын бақылауына болады. Ал, оқытушы
студентке қажетті пәннің толық кешенін дайындап, бағдарламаға енгізгеннен кейін, студент үшін қажетті
оқулықтар мен материалдардың жеткіліктілігіне сенімді болады.
ХХІ ғасыр–информациялық ағындар ғасыры. Әрбір адам күнделікті алынатын мәліметтердің 10%-ын
ғана игере алады. Қалған мәліметтер назардан тыс, игерілмей қалып отырады [4].
Бұл ахуалдың оқу процесінде де орын алатыны түсінікті. Өйткені, әсіресе, кредиттік оқыту жүйесі
қолданыла бастағалы бері, таңдау пәндерінің саны күрт өсті, дәрістік және практикалық сағаттар мөлшері
кеміді. Сондықтан теориялық және практикалық материалдарды түсіндіруге уақыт жетіспей қалады.
Материал түсінілмеген соң, оқу формальді түрге ауысады да, студенттер оқу материалдарын жаттап алуға
мәжбүр болады.
Олай болса, кредиттік жүйеде түсіндіре оқытуға көшу–бүгінгі күннің көкейтесті талабы.
Кредиттік технология бойынша студенттің өзіндік дайындығына үлкен көңіл бөлінетіндіктен студенттің
алдын-ала дайындалуына, уақытын тиімді пайдалануына және материалды толық меңгеруіне мүмкіндік
жасалып отыр.
Кредитік оқыту жүйесі–оқытуды жекелендіру негізінде өзін-өзі білімдендірудің жоғары деңгейдегі
технологиясы. Қазіргі кезеңде болашақ педагогтарды сапалы дайындауды негізге алған жоғары оқу
орындарының саны мен педагогикалық білім беру бағдарламаларын дайындап, оқу процесіне ендірудің
ролі үлкен. Атап айтқанда, инновациялық әдістерді іздестіру, инновациялық технологияларды меңгеру,
оқытушылардың жұмыс нәтижесін арттыру.
Студенттердің өз бетінше жұмыс жүргізуін арттыру мен оқытушының қызметін оқу процесіндегі
басшы және консультант ретінде ұйымдастыру үшін лекция сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану
тиімді.
Лекция-білім алудағы негізгі проблемаларды меңгерудің теориялық мәселелерін қарастыратын
сабақтың түрі. Химия пәнін оқытудың сапасын артыруда оқытушы лекция тақырыбының мазмұнын толық
ашып, теориялық білімді меңгеруге студенттердің сабақ барысындағы белсенділігін арттыра отырып
жеткізуі нәтижелі болады. Ол үшін тақырыптың түріне және күрделілігіне байланысты интербелсенді
әдістердің кейбір түрлері қолданылады. Интербелсенді тәсілге жататын проблемалық лекцияда
қарастырылып жатқан тақырып бойынша бір-біріне қарама-қарсы пікірлер мен көзқарастар келтіріледі.
Бұл жерде басты мақсат-студентті үйреншікті қалыптан шығарып, білім игеру процесін өзіндік тұрғыдан
ұйымдастыру болып табылады: студент келтірілген пікірлерді таңдау мен дәлел келтіру арқылы өзіндік
түсінік қалыптастырады. Проблемалық лекция заттарды алу, химиялық экология, химиялық технология
пәндерін оқытуда қолданылады.
Пікірталас лекциясында күрделі немесе жан жақты қарастырылмаған, студент тарапынан көптеген
сұрақтар туғыздыратын өзекті теориялық проблемалар талқыланады. Бұл лекция түрі мұнай химиясы,
полимерлер химиясы және химиялық физика пәндерінде қолданылады.
Лекция-конференция бір жақ сұрақтар қойып екінші жақтың жауап беруі тұрғысында өтіп және
жауаптардың дұрыстылығы анықталып, бағаланып отырады. Мұндай лекцияларда студенттердің сұрақ қою
біліктілігі артады. Лекция-конференция аналитикалық химия, бейорганикалық химия және органикалық
химия пәндерінің лекция сабағында көп қолданыс табады.
244
Лекция–консультация конференция түрінде ұйымдастырылған лекцияға ұқсас. Лекция-консультация
студенттерге тек жаңа ақпарат пен проблема шешудің жолдарын ұсынып қана қоймайды, оларды игеруде
туындаған қиыншылықтар төңірегінде студенттермен ой бөлісу тұрғысынан ұйымдастырылады. Көп
жағдайда лекцияның бұл түрі қорытынды сабақтарда қолданылады.
Видеолекция алдымен оқытушы лекцияның мазмұнына сәйкес негізгі айтылатын сабақ мазмұнын
тақтаға жаза отырып түсіндіреді. Бұл лекцияның ұзақтығы 10-15 минуттан аспайды. Студент видеолекцияны
тыңдау арқылы лекцияның мазмұнына көңіл аударып, негізгі мағлұматтарды жеңіл түсініп, тақырыпты
толық игеру мүмкіндігін алады.
Алдымен оқытушы лекцияның толық курсын жазады, оның электронды нұсқасынан электронды
оқу құралы жасалады, камера алдында оқытушының білімі мен біліктілігі, кәсіби шеберлігі негізінде
видеолекция дайындалады.
Химия кафедрасында видеолекцияны дайындау, камерамен жұмыс істеу The Open University
университетінің профессорлары Питер Тейлор, Саманта Смидт және ВВС өкілдері Жаннет Самнер мен
Эндрю Рикстің ұйымдастыруымен жүргізілді.
Сұрақ-жауап пікірталас лекциясы студенттердің берген сұрақтарына жауап беру формасында
жүргізіледі. Бұл лекция оқу процесінде соңғы кезде көп қолданыс тапқан әдістердің біріне жатады.
Химияны оқытудың өзекті мәселелері, химияны оқытудың әдістемесі және химиядан көрнекі құралдар
дайындау пәндерінде тиімді пайдаланылуда.
Химия пәнінен лекция сабақтарын жүргізгенде топтық (ұжымдық) оқыту әдісін негізге алып, яғни
лекцияда студенттерді бірнеше топқа (5-6 студенттен) бөліп сабақ жүргізілу тиімді нәтиже береді.
Топтық оқытудың негізі–студенттердің өздігінен бір-бірімен жұмыс істеу әдістемесі. Химия пәндерін
өту барысында пәннің ерекшелігіне байланысты Студент/студент арасында және оқытушы /студент
арасында «Сұрақ-жауап-талдау» және «Сұрақ-жауап-пікірталас» тәсілдері бойынша сабақ жүргізу тиімді.
Лекция барысында студенттер тарапынан туындаған сұрақтар бойынша оқытушы жаңа тақырыпты
қосымша түсіндіргенде, лекция материалын тұтастай бермей, сұрақтарға қатысты бөлшектеп үлестірмелі
материал ретінде берілуге болады. Сонда студенттер оны оқу, талдау кезінде белсенді қатысады.
Қорыта келгенде, жоғары оқу орнында оқытудың инновациялық тәсілдерін тиімді пайдалану қажет.
Қазіргі таңда, ЖОО-ның оқытушыларының алдында тұрған басты мақсат-әр пәннің толық кешенін
дайындауда ерекшелігіне сәйкес студенттердің өзіндік дайындығына мүмкіндік жасау және «e-learning»
әдісіне көшу үшін сындарлы жаңаша әдістерді қолдану қажет.
Әдебиеттер тізімі
1. ҚР Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011
жылғы 28 қаңтар.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы. 2010 жылғы 29
қаңтар.
4. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуындағы қашықтан білім берудің келешегі»
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы, Алматы, 2009ж., 21-22 қазан.
5. “Көптілді білім беру негізінде бәсекеге қабылетті тұлғаны қалыптастыру” атты ОҚМПИ-дың 75
жылдығына арналған Республикалық ҒТК материалдар жинағы, Шымкент 2012.
245
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ: ӘЛЕУМЕТТІК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘРЕКЕТТІЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Мұрзалинова А. Ж. - Ахметова Т. Ә. - Кәкімова М. Е.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы
Аннотация
В статье обоснована социальная значимость функциональной грамотности учащихся в условиях
системной модернизации казахстанского образования. Далее представлены характеристики
школы функциональной грамотности, обобщенные авторами на основе анализа опыта Назарбаев
Интеллектуальной школы. Наконец, с учетом указанных характеристик рассмотрены особенности
деятельности педагога в такой школе, включая функциональное сотрудничество, педагогическое
проектирование, выбор инновационных педагогических технологий.
Abstract
In the given article a social importance of students’ functional literacy under conditions of systemic updating
Kazakhstani education a proof has been given. The description of functional literacy school presented further is
generalized by the authors and which is based on the analysis of the experience of Nazarbaev Intellectual school.
Finally, taking into account all the mentioned descriptions, the peculiarities of teacher’s activity in such schools
are regarded including functional collaboration, pedagogical projection and the choice of innovative pedagogical
technologies.
Әр адам өзіне және өзінің балалары мен немерелеріне барынша жақсы білім беруде сол білімнің
болашақта тәжірибе жүзінде сәтті пайдаланылуы мен ұрпағының бойында адамгершілік қазынасының
негізі болып қалыптасуын армандайды. Біздің алдымызда күтілетін нәтижелер функционалдық сауаттылық
мектебімен байланысты болмақ.
Аталмыш мектептің концепциясын әлеуметтік аспектіде қарастырамыз.
2000 жылы «Школьные технологии» атты ресейлік журналда: «Вторая половина двадцатого века дала
новое понятие – функциональной грамотности. Новые требования общества и то новое, что окружает нас в
современном мире (новые технологии и новые модели деятельности), подразумевают Новую грамотность.
Новая грамотность уводит нас от механического заучивания с последующим исполнением рутинных
инструкций и переносит основной акцент на способность отыскивать информацию, моделировать новые
объекты и процессы, понимать, изобретать и формулировать правила, ставить перед собой разнообразные
задачи, самостоятельно планировать и выстраивать собственные действия» [1,174-б], - деп жазылған.
Бүгін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған
ұлттық іс-қимыл жоспарын [2] бекіту белсенді талқылауда. Аталмыш жоспар білім беруді жүйелі
модернизациялаудың басқа да бағыттарымен қатар енгізілетін болса, мектептің дәстүрлі моделінен
ұтымды, кейін әлемдік тренді болып табылатын қазіргі заманғы - феноменалдық модельге көшудің негізі
болуы мүмкін. Жоспарды кезеңдік енгізу үшін оқушылар, ата-аналар, педагогтер қатысатын 4 механизм
әзірленген.
Бірінші механизм – оқытудың әдіснамасы мен мазмұнының түбегейлі жаңартылуы – «Қалай оқыту?»
және «Нені оқыту?» деген сұрақтарға құзыреттілік әдіс деген негізгі жауап ретінде ұсынылады.
«Құзыретті маман», қызмет саласына қарамастан, бізідің үміттеріміз бен сұраныстарымызды
қанағаттандыратын өзінің жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді.
Қазақстандық мектептер оқытуда құзыреттілік әдісті таңдайды, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден,
оқу ақпараты көлемін бір бағдарламаға «енгізу» мүмкін емес. Екіншіден, оны есте сақтаудың қажеті жоқ,
одан гөрі оқушыларды бар ақпараттты қолдана білуге үйреткеніміз дұрыс болады. Үшіншіден, бүгінгі
күні оқушылардың алдына қойылатын талаптар мектептен қазіргі заманғы ойлай білетін, таңдай алу
246
және таңдай білу, дербестілік, тіл табыса білу, толеранттілік, бейімделе білу, командада жұмыс істей
алу қабілеттері дамыған және дербес шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді.
Оқушылардың осындай қасиеттері жаңа, толық, жекелік және әлеуметтік интеграцияланған білім алу
нәтижесін береді.
Құзыреттілік әдіс арқылы оқыту үшін жаңа бағдарлы педагогтер, дамыту оқулықтары, тиімді білім беру
технологиялары, сонымен қатар, өзіндік жеке қабілеттерін дамыту үшін жеке білім беру траекториясын
жасауға үйренетін оқушылар, балаларын шыдамдылықпен және даналықпен табысты өмірге итермелейтін
ата-аналар қажет.
Екінші механизм – оқыту нәтижелерінің бағалау жүйесін модернизациялау – «Нені бағалау?», «Қалай
бағалау?» деген сұрақтарға жауап ұсынады.
Жауаптар логикасы: білесің, демек, түсінесің, тәжірибеде қолдана аласың; өзінділікпен қолданасың.
Өз біліміңді іс жүзінде пайдалану арқылы өз тәжірибеңді, өз қызметіңнің жеке стилін қалыптастырасың.
Оқушының осы траекториямен жеткен жетістіктерін бағалауымыз қажет.
Бағалаудың жеке-бағдарлау жүйесіне көшу үшін білім беру саласындағы бақылау жөніндегі
Комитетке үлгереді-үлгермейді, ҰБТ ұпайлары, және «Алтын белгі» иегерлері санының пайызы бойынша
статистикамен шектелмей-ақ, мектептер мен оқушылар қызметтерін бағалау әдістерін өзгерту керек.
Болашақтағы PISA, TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер мұғалім мен оқушы еңбектері
сапасының барабар индикаторы болуы мүмкін.
Үшінші механизм – ата-ананың балаларды оқытуға және тәрбиелеуге белсене қатысуы – Қамқорлық
кеңес функционалдық қарым-қатынас орнатудың жаңа субъектісі ретінде анықталады.
Мектеп пен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың маңызы әрқашанда зор. Қарым-қатынас мүдделі
ата-аналардың оқу және тәрбиелік іс-шараларға баруымен ғана шектелмейді. Балалардың сапалы білім
алуына жағдай жасау үшін мектеп пен отбасы бірлесіп жұмыс істейді, бір-біріне қолдау көрсетіп отырады.
Бүгін педагогикалық ортада мақсаттары мен мәртебесі бойынша әр түрлі педагогикалық (математика
мұғалімдері, новатор-мұғалімдер, жас мамандар және т.б.) қауымдастықтар құрылуда. Әрбір қала немесе
облыстағы ең әрекетті мектеп Қамқорлық кеңестері бірігіп жұмыс істесе, солтүстікқазақстандық білім
беру сапасына әсер ететін күшті қоғамдық бірлестік құрылар еді.
Төртінші механизм – қосымша білімнің дамуы – балалар мен жастардың бос уақытын мазмұнды өткізу
мәселесін шешуге бағытталған.
Оқушылардың көбі өз мүмкіндіктерін жалпы білім беретін мектепте емес, арнайы мектептептерде
– спорт, музыка, өнер және т.б. мектептерде көрсете алады. Әрбір адамның есінде: мектепте әр түрлі
секциялар, үйірмелер, студияларда әлдеқайда қызық болатын, онда өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті
анықталады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған
ұлттық іс-қимыл жоспары бойынша Қазақстанда алғаш рет олардың материалдық-техникалық базасының
жаңартылуы көзделген. Жаңа түрлері тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуда, олар: балалар интерактивтік
парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, мұражайлар, алуан түрлі танымдық журналадар.
Жалпы, Б.Т.Жұмағұловтың айтуы бойынша, Ұлттық жоспардың жүзеге асырылуы «шығармашылық
пен инновацияларға қызығушылық, білім алу мен жұмыс істеуге деген уәж тудырады» [2].
Сонымен, қазақстандық мектептің функционалдық сауаттылығы моделі сапа ғасыры атанатын ХХІ
ғасырдың мектеп білімі сұранысын қанағаттандыратын бірегей мектептің бір болып табылады.
1-кестеде өзектілендірілетін мектептің тұжырымдалған педагогикалық аспектісі ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |