Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан. 1994., 25 

тамыз.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы  27 маусым 2007 ж. №319// «Казахстанская правда» 



15 тамыз 2007. 

3. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы// Оқу құралы. Алматы. 2007.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты 2.003.1-

2008


5. Бастауыш мектеп журналы №7,8. 2010.

РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ 

СЕССИЯ ЖҰМЫСТАРЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЛЫ 

Мухашева Р.М. 

директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы

Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» ММ

                              



Аңдатпа

Ресурстық  орталық  кеңістігіндегі  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру  ерекшеліктері  және  

педагогикалық үрдісті  ақпараттандыру арқылы қашықтан оқытуды ұйымдастырудың тиімді  жолдары  

қарастырылған.

206

Аннотация

Рассматриваюстя особенности организации учебно-воспитательной деятельности Ресурсного центра 

и  эффективные  пути  организации  дистанционного  обучения  через  информатизацию  педагогического 

процесса.

Abstract

It is considered the peculiarity of school – educational activity of the Recource center and the effective way 

peculiarity of the distance teaching through information pedagogical process. 

Тәуелсіздіктің  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ    білім  саласын  дамыту,  адамзаттық  құндылықтарды 

жетілдіру Елбасының мемлекеттік саясатының бұлжымас басымдығы болып табылады. Өйткені қоғамның 

қазіргі даму кезеңінде, жаһандық бәсекелестік пен серпінді инновацияларды енгізу дәуірінде білім беру ісі 

еліміздің болашақ гүлденуінің негізгі іргетасын қалайды.

Қазіргі  кезде  барлық  қазақстандықтардың  бәсекеге  қабілетті    әлемдік  стандарттар  талабына  сай 

келетін  сапалы  білім  алуы  ерекше  өзектілікке  ие  болып  отыр.  Әрбір  азаматтың  денсаулығы  және  білім 

деңгейімен  мемлекетіміздің  әлемдік  қауымдастықтағы  орны  айқындалмақ.  Ауыл  мектептеріндегі 

білім  беруді  дамыту  саласындағы  мемлекеттік  саясат  толыққанды  білім  беру  ортасын  қалыптастыруға 

бағытталып, яғни, шағын жинақты мектептердің кадрлық потенциалы, ақпараттандырылуы, материалдық-

техникалық  базасы  нығайтылуда.  Бірақ  ауыл  мектептеріндегі  оқушылар  контингенті  санының  азаюына 

байланысты  баланы  толық  білім  беру  ресурстарымен  қамтамасыз  етудің  мүмкіндіктері  шектеліп  отыр. 

Бұл білім сапасына ықпал ететін үлкен проблемалардың бірі болып табылады, сондықтан оны шешудің 

жолдары  үнемі  қарастырылып  келеді.  Ауылдық  жердегі  мектеп  оқушыларының  білім  сапасын  көтеру 

және 12-жылдық  білім  беруге  дайындық  ретінде  бейіналды  дайындықтың  сапасын  көтеру,  бейіндік 

оқытуды  енгізу  мәселелелерін  шешудің  бір  жолы  ретінде  Ресурстық  орталықтар  ұйымдастырылуда.  

Кейінгі  жылдары  ресурстық  орталық  жүйесіне  енетін  тірек  және  магниттік  мектептер  жүйесі  мектепке 

дейінгі білім беру ұйымдарымен толықтырылып, жалпы орта білім берудегі барлық сатылар арасындағы 

үздіксіз білім беру және сабақтастық принципі жүзеге асырыла бастады.  Бұл жүйе арқылы  мектептердің 

ресурстарын  біріктіру,  жалпы  оқу  жоспарын  жүзеге  асыру  арқылы  тұлғалық-әрекеттік,  құзыреттілік, 

денсаулықты сақтау технологияларын  ұстана отырып, бағдарламаның тек базалық, бейіндік пәндер немесе 

таңдау  курстары  жүзеге  асырылып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар,  оқу-зерттеушілік  жұмыстары  мен 

қосымша білім беру шығармашылық зертханаларында, оқу шеберханаларында, студиялар мен клубтарда 

ұйымдастырылады [ 1].

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу жолында Ресурстық орталық білім беру жүйесі қазіргі кездегі 

нәтижеге бағытталған білім беру бағытында жүзеге асырылып отырған анағұрлым үнемді механизм болып 

табылады. 

Қарағанды  облысы  Ақтоғай  ауданының  Шашубай  кентіндегі  «Мектеп – балабақша  кешені»  ММ 

базасында 2001 жылы құрылған «Альянс» ресурстық орталығы жұмыс жасап келеді. Орталық кешеннің 

базасындағы  тірек  мектебі  және  одан 30-120 шақырымда  орналасқан    үш  шағын  жинақты  магниттік 

мектептердің  материалдық-техникалық,  ғылыми-әдістемелік,  мамандар  ресурстарын    біріктіріп, 

педагогикалық ынтымақтастыққа тартады. 

Ресурстық орталықтың мақсаты – базалық және  бейіндік оқытуды толық дерлік жүзеге асыру, ауыл 

мектебі    балаларының  қабілеттері  мен  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін,  бейімділігін  ескере  отырып, 

сапалы біліммен қамтамасыз ету; кең ауқымды ақпаратпен жұмыс жасай білуге дайын, өз білімін жүзеге 

асыра алатын  құзырлы бітірушіні даярлау болып табылады. 

Ресурстық орталықтың оқу-тәрбие жұмысы білім кеңістігіндегі бірыңғай жоспар арқылы іске асады 

және екі формаға негізделген: сессия аралық және сессия кезіндегі оқыту. 

Ресурстық  орталықта  жылына 3 рет  сессия    өтеді,  олар  қолданбалы-практикалық  сипатта 

ұйымдастырылады.  Оқу  сабақтары  блокты-модульдік  технологиялық  оқу  кестесі  арқылы  жүргізілсе, 


207

аудиториядан тыс жұмыстар - жобалар қорғау, технологиялық карталармен жұмыс жасау т.б.  жүргізіледі. 

Орталықтағы оқыту сессиясы қыркүйектегі кешенді тестілеуден басталады.  Бұл – бағыттау  сессиясы.

Кешенді тестілеу және бақылау жұмыстары нәтижесіде базалық, бейіндік пәндер бойынша оқушының  



қиындық  туғызатын  аймағы  айқындалады,  яғни,  сессия  аралық  кезеңдегі  іс-қызмет  пен  келесі  оқу 

сессиясының жұмыс мазмұны мен көлемі белгіленеді. 

Негізгі мақсат ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеру болғандықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруға 

ерекше көңіл бөлінеді.  Сессия жұмысының қандай деңгейде өткенін зерттеп, оның қорытындысы бойынша 

шешім қабылдау үшін оқыту блогының мониторингі жұмыс жасап, оқушының білім алу барысындағы 

жетістіктерін жүйелі  зерттеп отырады. Білім беру үрдісінде оқу мониторингінің маңызы ерекше. Білім 

деңгейінің  диагностикасы  оқушының  физикалық,  психологиялық,  рухани,  адамгершілік  дамуын 

зерттейтін  зерттеу үшін құрылған жан-жақты медико-психолого-педагогикалық мониторингтің құрамдас 

бөлігі  болып  табылады.  Әрбір  сессия  кезінде  оқу  сабақтары,  қосымша  білім  және  тәрбие  жұмыстары, 

яғни, дамыту блоктары өз алдына жеке жоспарланады. 

Мониторинг  бағдарламасы  бағыттау,  оқу  сессиясы,  қорытынды  сессия  жұмысының  бағдарламалық 

мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дайындалады. Диагностикалаудың  тестілеу, сабақ барысындағы бақылау, 

талдау және қорытындылау әдістері қолданылады. 

Оқыту  сессиясы  баланың  біліміндегі  айғақ  кемшіліктерді  жоюға  бағытталған.  Сондықтан  жұмыс 

қолданбалы,  зертханалық-тәжірибелік  сабақтар,  өз  бетімен  жұмыс  жасау  және  талдау  сипатында 

және өз бетімен білім алу, әлеуметтік және өзін-өзі кәсіби тану бағытындағы негізгі құзыреттіліктерді 

қалыптастыру бағытында ұйымдастырылады.

Магниттік  мектептен  келген  сыныптар  Тірек  мектебіндегі  оқушылармен  бірге  оқытылады: 

микротоптор  құрылады,  оқушы  жаңа  ортаға    бейімделеді,  бірлесе  жоспарлау,  пікір  алмасу  жұмыстары 

жүреді.  Магниттік  мектептерде  жаратылыстану-математикалық  бағыт  бойынша  толық  қамтылған 

базаның  болмауынан  кейбір  зертханалық  жұмыстарды  толыққанды  өткізуге  мүмкіндік  жоқ.  Сондықтан 

сессия  аралық  кезеңдегі  теориялық  білімді  практика  түрінде  бекітуге  арналған  блоктар  өткізіледі.  Бала 

мұғалімнің  басшылығымен  тек  тәжірибе  жасап  қана  қоймай,  өз  бетімен  жұмыс  жасауына,  дағдысын 

қалыптастыруға, талдап-қорытындылауы үшін мұндай сабақтар екі сағатқа жоспарланады. Зертханалық 

жұмыстар баланың қызығушылығын арттырады және біздер үшін өзекті нәрсе. Бұрын ауыл балалары тек 

гуманитарлық бағытты ғана таңдаса, кейінгі 3-4 жылда басым көпшілігі химия, физика, биология пәндерін 

таңдауда. Базалық және бейіндік пәндер бойынша мұғалімнің ұсынысы, оқушының талап-тілегіне сәйкес 

(математика,  тіл,  тарих)  қосымша  сабақтар  қойылады.  Соңғы  сабақтар  әрқашанда  бейіндік  пәндерге 

беріледі. Онда барлық мектептен жиналған оқушылар таңдаған пәндері бойынша бірлесе жұмыс жасайды 

[ 3 ].


Сессия  барысында кіріс-шығыс, жалпы және жеке бақылау  т.б. жұмыстар жүргізіледі. Олар:

күн сайын әр пән бойынша оқушының білім дәрежесін бақылау;

- мақсат пен нәтиженің айырмасы арқылы білім дәрежесінің өсу динамикасын айқындау;  

-  қиындық  туғызатын  аймақтардың  қаншалықты  азайғанын  қадағалау  және  соған  байланысты 



сессия аралық кезеңге технологиялық  карта дайындау.

Әрине, сессия кезінде оқушының білім сапасын анықтау мүмкін емес. Сондықтан осы жұмыстарды 

жүйелі  бірізділікпен  жүргізу  үшін  жан-жақты  бағалау  технологиясын - Блум  мен  Симоновтың 

әдістемелерін  қолданып  отырмыз.  Онда  оқушының  білім  дәрежесінің  білу,түсіну  сияқты  қарапайым 

деңгейін ғана қарастырмай, оның қолдану, анализ, синтез деңгейлеріне көбірек көңіл бөлеміз. Деңгейлік 

әдістеменің  әр  көрсеткішінен  әрбір  пән  ерекшелігіне  лайықты  параметрлер  қарастырылған.  Мысалы, 

гуманитарлық пәндер бойынша «аудиожұмыс», «сөз стилі», «терминдер»; жаратылыс тану-математикалық 

бағыттан  «формула білу», «есеп шығару» және жалпылама мини-жобалар енгізілген. Осындай бақылау-

диагностикалық жұмыстар арқасында білім деңгейінің өсу динамикасының картасын құрып  қана қоймай, 

баланың гуманитарлық немесе техникалық бағытқа ыңғайлы екенін де бірден байқауға болады.



208

Сөйтіп,  оқыту  барысындағы  жан-жақты  зерттеу  сессия  кезіндегі    қиындық  туғызған  аймақтарды 

анықтап,  технологиялық  карта  құруға  мүмкіндік  береді.  Картада  тек  қосымша  материалдар  ғана  емес 

оған қажетті ақпарат көздері, оқу құралдары, оны орындау және өз бетімен бағалау әдістері енеді. Қысқы 

сессия қорытындысы бойынша әр оқушы  қолына қиындық тудыратын аймақтар бойынша сессия аралық 

кезеңдегі жұмыс көлемі белгіленген  жеке технологиялық карта алады.



Қорытынды  сессияның  мақсаты  мен  міндеттері  атына  сай  өзгешелеу  келеді.  Оның  мақсаты 

оқушының оқу материалын өнімдік деңгейде меңгеру, өз бетімен білім алу, әлеуметтік және өзін-өзі кәсіби 

тану бағытындағы негізгі құзыреттіліктерінің  қалыптау деңгейі зерттеледі. 

-  оқу  жылы  бойынша  пәндерден  қиындық  туғызатын  аймақтарды  жоюдағы  қол  жеткізген 

нәтижелерін бағалау;

- білім алудың дербес маршруты бойынша жүргізілген жұмыстарын қортындылау;

-  оқу  жылы  бойынша  оқу-тәрбие  іс-қызметінің  барлық  бағыттары  бойынша  нәтижелерді 

диагностикалау.

- келесі  оқу жылына бағытталған  жобалау іс-қызметінің алдын ала  жоспарлау міндеттерін атқарады.

Сонымен  қатар,  базалық  және  бейіндік  компоненттің  практикалық  бөлімін  жүзеге  асыру  деңгейін 

жеткілікті  дәрежеге  жеткізу  және  бейіндік  және  қолданбалы  курстар  бойынша  жоба  жұмыстарының 

нәтижесі қарастырылады. 

Сонымен,  егер  сессияның  бағдарламасы  мен  жұмыс  жоспары  дистанттық    жолмен  алдын  ала  жан-

жақты даярланған болса, күтілетін нәтижедегі көрсеткіштер толық орындалады және білім дәрежесінің 

3-5%  артқанын көреміз. Бұл көрсеткіштің мектептегі жалпы білім сапасына игі әсер ететіні сөзсіз. 

20111-2012  оқу  жылында  РО  мұғалімдері  облыстық  білім  жетілдіру  институтының  басшылығымен 

аймақтық білім беру және білімді дамыту бағдарламасын дайындалып, оқу жылы бойында оның орындалу 

деңгейіне рефлексивтік есеп берілді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл мектептеріндегі білім сапасын 

көтеруге арналаған жағдайлар жасау, базаны жетілдіру болып табылады және шешімі күттірмейтін өзекті 

мәселелерді  қамтиды. Соның ішінде мұғалімнің үздіксіз білімін жетілдіруі мен ақпараттандару ерекше 

орын алады. Қазіргі мұғалімнің кәсіби өсуінің негізі үздіксіз білім алу, кәсіби- тұлғалық даму және өзін -өзі 

жетілдіру болып табылады. Үздіксіз білім алуды жүйелі біліктілік көтеру қамтамасыз етеді. Мұғалімнің 

кәсіби іс –қызметін жетілдіруде ресурстық орталық әдістемелік қызметінің маңызы зор. Бүгінгі таңда білім 

беру  үрдісінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілік 

сияқты  мәселелелер  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігін  негізін  құрап  отыр.  Ресурстық  орталықтардың 

педагогикалық  үрдісін  ақпараттандыру  және  материалдық – техникалық  базасын  дамыту  ауылдық 

жердегі балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасап, қаламен ауыл арасындағы айырмашылықты 

жоюға көмектеседі. Кең жолақты жоғары жылдамдықты интернеті бар мектептерде қашықтықтан оқыту 

курстары, он-лайн семинарлар арқылы білімдерін жетілдіруде және олардың интернет-фестиваль, интернет-

конкурс пен  педагогикалық жобаларға қатысуға шалғайда орналасқан ауыл мектептерінде мүмкіндіктер 

туды.  Қазірдің  өзінде  Ресурстық  орталықтың 4 мұғалімі  Алматы,  Семей,  Қарағанды  қалаларында  жаңа 

форматты жетілдіру курстарын табысты аяқтап, биылғы оқу жылынан бастап өздері меңгерген жаңаша 

интерактивтік әдіс-тәсілдерін білім беру кеңістігінде кеңінен қолдануда. 

Мониторингтің келесі бөлімдері даму блогы мен медико-психологиялық қызметтің жұмыс бағдарламасы 

мен жоспарының орындалу деңгейін қадағалайды және қорытындылайды.  

Мұнда  мектептің  медико-психологиялық  сауықтандыру  орталығының  бала  денсаулығы,  оның 

жеке  басының  даму  ерекшеліктері  мен  профильдік  таңдау  бағыттарын  анықтауда,  денсаулық  сақтау 

технологияларын  жүзеге  асыруда  алатын  орны  ерекше.  Әсіресе,  қолданбалы  және  бейіндік  пәндерден 

ұйымдастырылатын интеллектуалдық клуб, шығармашылық зертханалар, оқу шеберханалары, студиядағы 

жұмыстар,  оқушылардың  әр  бағыттан  қорғайтын  жеке  жобалары  баланың  нәтижеге  бағытталған  білім 

алуын  ұйымдастыруға,  өзара  қарым-қатынаста  коммуникативтік  қасиеттерінің  дамытуға  үлкен  көмек 

етеді. 

Ресурстық орталықта жыл сайын біріккен күзгі және көктемгі спартакиада, спорт-шоу бағдарламалары 



жүйелі  өткізіліп  тұрады.  Магниттік  мектеп  оқушылары  осындай  іс – шараларды  өз  мектептерінде  де 

209

ұйымдастырып  отырады.  Алғашқы  әскери  дайындық  пәніне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Жыл  сайын  РО 

оқушылары әскери-далалаық жиынды нағыз әскери бөлімдерде өткізіп, болашақ солдат  өмірінің   қыр-

сырына қана бастайды. 



Білім беру жобасын жүзеге асыру барысында төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік. Олар: 

 Мемлекеттік білім стандартының ауыл мектептерінде сапалы орындалуы;

 Пәндерді тереңдете және бейімдеп оқытуға,  оқушының өз бетімен, ерікті түрде белгілі бір кәсіпті 

таңдауына  жағдай туғызу;

 Мектептің дәрігерлік-психолого-педагогикалық қызметі арқылы баланың оқу қабілетін анықтау, 

денсаулығын түзеу және сақтай білуі;

 Оқушының ақпараттық-техникалық құралдар және жаңа оқу технолгияларын пайдалана  білуге 

қол жеткізуі;

 Ауыл  мұғалімдерінің  жаңа  әдіс-тәсілдер,  тиімді  технологиялармен  дер  кезінде  танысуы  және 

уақытылы білімін көтеріп, кәсіби шеберлігін арттырып отыруы;

Мектеп бітірушінің бойында ұлттық  салт-сана, әдет-ғұрыптың сақталуы және өзінің туған жеріне – 

кіші Отанына деген патриоттық тәрбие алуы [4 ].

Жоғарыда көрсетілген аспектілер жыл сайынғы кешенді бағдарлама мен оқу –тәрбие  іс-жоспарының 

негізгі мазмұнын құратын басты мәселелер болып табылады.

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасының  түбегейлі  жаңа  бағыты 

«Е-learning»  электрондық  оқыту  жүйесі  болып  саналады.  Бұл  жоба    бойынша  Ресурстық  орталықтың 

тірек  мектебінің  мұғалімдері 2011 жылдан  бастап  жұмыс  істей  бастады  және  оған  магниттік  мектеп 

мұғалімдері  де  тартылуда.  Жобаны  іске  асыру  барысында  оқу  материалдарын  меңгеру  деңгейі  артады, 

білім  беру  ұйымдарындағы  бақылау,  сараптау  және  басқару    орталықтандырылады.  Барлық  сандық 

ресурстар  оқушыларға,  мұғалімдерге,  ата-аналарға  қолжетімді  болса,  қала  мен  ауыл  арасындағы  білім 

беруді ұйымдастыру жағдайындағы теңсіздік жойылады деп күтілуде. 

Биылғы  оқу  жылының  өзгешелігі – бұл  оқытудың  түбегейлі  жаңа  сапасына  қол  жеткізу  мәселесіне  

баса назар аудару. Ойлай білуді және білім ала білуді дамыту –  бүгінгі таңда әр адамға  белсенді өмірінің 

әр күніне ауадай қажет. 



Әдебиеттер тізімі

1. ҚР білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік Бағдарламасы, 2010 . 

2. ҚР шағын жинақты мектепті дамытудың  2010-2020 жж. Арналған Тұжырымдамасы 2010 .  

3. ҚР бейіндік оқуды дамытудың Тұжырымдамасы, 2008 .  

4. Ресурстық орталықты дамытудың Бағдарламасы, 2010 .

5. Инновационный образовательный проект Ресурсного центра, Караганды, 2004 . 

  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - ШЕБЕРЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ

Мұқытова  Ж.Қ. - Қонырова-Ыдрысова З.Қ.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мақалада болашақ маманның нәтижелі қызмет жасауы оның шығармашылық қабілеттерінің даму 

деңгейіне  тәуелді  болып  келетіні  туралы  баяндалған.  Шығармашылықты  зерттеген  ғалымдардың 

пікірлеріне  сүйене  отырып, «Педагогикалық  шеберлік»  пәнін  оқыту  арқылы  болашақ  маманның 

шығармашылық қабілеттерін  қалыптастыру жолдары көрсетілген.


210

Аннотация

В статье обосновывается зависимость результативности деятельности учителя от его творческих 

способностей.  Опираясь на исследования ученых в этой области, авторы  показывают пути формирования  

творческих способностей будущего специалиста через изучение предмета «Педагогическое мастерство».

Abstraсt

The future results of a specialist largely depend on the development of creative abilities. With reference to 

former experience of researches in the fi eld the authors offer future steps in the development of creative activities 

through the study of a special subject “Teaching Profi ciency”

Қазіргі кезде жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту орта және жоғары оқу орындарының 

көкейкестілі  мәселесіне  айналып  отыр.  Маманның  болашақта  нәтижелі  қызмет  жасауы  кәсіби  іскерлігі 

мен дағдыларына  ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби-шығармашылық даму деңгейіне де байланысты 

болып келеді.

Тәуелсіз  Қазақстанның XXI ғасырға  ену  стратегигясының  негізгі  бөлігі-білім  жүйесін  жақсарту. 

Демек,  мұғалімнің  басты  мақсаттарының  бірі  оқушыны  біліммен  ғана  байытып  қоймай,  даралыққа, 

шығармашылыққа тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының ЖОО-ры білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы мол  маман иелерін 

дайындауды көздеп отыр. ЖОО-да болашақ мамандарды даярлау жайында Қазақстан Республикасының 

жоғары  педагогикалық  білім  беру  тұжырымдамасында  мамандарды  даярлау  мақсаты : « мектеп 

оқушыларының  тұлғалық  дамуы  мен  қалыптасу  мәселесін  шешуге  шығармашылық  қабілеті  жоғары  

кәсіби білікті жаңа формация педагоггін даярлау» қажеттілігі көрсетіліп, бес талаптардың ішінде төртінші 

талап тікелей шышағармашылықтың  қалыптасу бағдарына арналған [1,112-114б]. 

Қазақстан  Республикасының  жаңа  формация  педагогының  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру 

тұжырымдамасында: « Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі 

мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі 

дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын 

әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы 

жоғары маман» деп сипаттайды.

Бұл  тұжырымдамада  жаңа  формация  мұғалімнің  алдында  тұрған  басты  мақсат: « өмір  бойы    оқуға  

өздігінен білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге бағдарланған жүйесін қалыптастыру» қажет делінген [2, 

97б].

Жоғарыда аталған талаптардың іске асуы мұғалімнің шығармашылығын қажет етеді. Ал шығармашылық 



педагогикалық шеберлікке жетудің аса маңызды жолы.

Шығармашылық  тұлғаның  жеке  ерекшелігі,  табиғи  дарындылығы  мен  даналығының  көрінісі, 

шығармашылық  қабілеттердің  деңгейлері.  Ғылыми  тұрғыда  қарастырып  зерттеген  шетел  ғалымдары: 

Г.Селье, Дж.Гилфорд, Р.Тафель, Е.П.Торренс.

ТМД  елдерінде  А.Брушлинский,  А.Матюшкин,  Я.Пономарев,  С.Рубинштейн,  Л.Выготский, 

Д.Богоявленская, Ю.Гильбух, М.Махмутов, В.Загвязинский т.б.

Қазақстанда : М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, Т.Сабыров, Ж.Қараев, С. Смаилов, Р. Омарова, 

А. Әбілқасымова, С. Бегалиева, М. Құдайқұлов, Т. Сабыров,  Б.Тұрғынбаева, еңбектерінде адамның жеке 

басының дамуы мен шығармашылығының әр түрлі аспектілері қарастырылады. 

Педагогикалық  қызмет  табиғатынан  шығармашылық  қызмет  екені  баршаға  белгілі.  Мұғалімнің 

өмірінде каздесетін түрлі жағдайлардың дұрыс шешімін табудың дайын рецепті жоқ, сондықтан  болашақ 

маман иесі шығармашылықпен жұмыс жасай білуі керек. 

«Шығармашылық» сөзінің этимологиясы «ойдан шығару», «ойланып табу» деген мағынаны білдіреді. 

Шығармашылық  деген  адамның  белсенділігі  мен  дербестігінің  және  қиял-ойын  іске  асырудың  жоғары 

формасы дегенді ұғындырады.   


211

Шетел  психологі  П.Торранс  шығармашыл  тұлғаға  тән  қасиеттер  деп  :үнемі  дамуға,  жетілуге  деген 

қажеттілікті көрсеткен.

Психологиялық  сөздікте: «шығармашылық- адамның өздік белсенді нәтижелі еңбек ету түрі,  нәтижесі 

жаңалық  ашу,  жаңа  туындыларды  жасау,жаңа  міндеттерді  шешу»  деп  түсінік  береді,  ал  Л.С.Выготский 

«жаңалықты  ашу»,С.Л.Рубинштейн  іс  әрекетпен  байланыстырып    «жаңалықты  жасау»,  А.В.Тихомиров 

мақсатты  іс  әрекет  арқылы  «бұрын  болмаған  жаңалықты  жасау,  стериотиптерді,  шаблондарды  жеңу» 

деген. А.Я.Понамарев « даму» деген  ұғым мен байланысын көрсетеді. Оған жаңа білім, іс әрекеттің жаңа 

тәсілдерін меңгеру кіреді деген. Шығармашылық қабілет индивидтің ойлау қабілетінен, олардың еңбек 

әрекетінен, жасаған өнер туындыларынан және материалдық жан дүние әрекетінен көрінеді  делінген [3, 

421-423 б]. 

В.Давыдовтың  «тұлға – белгілі  бір  педагогикалық  шығармашылық  әлеуетке  ие  адам»  деген  пікірі 

маңызды. Осы пікір Ю. Калюткиннің зерттеулерінде де көрініс тапқан. Ол оны шығармашылықты нәтижеге 

жету үрдісі ретінде қарастырады, яғни тұлға өзінің әлеуметтік күштері мен қабілеттерін нығайтып жүзеге 

асыра алуы дейді. 

И.Я.Лернер  болашақ  маманның  қоғамдық  мәні  бар  құндылықтарды  жасауға  бағытталған  белсенді 

әрекеті деген [4, 46-47 б]. 

Отандық психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «басқалардан көмек күтпей, 

мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам – шығармашыл 

ойдың иесі». «Шығармашылық», « қабілет» деген түсінік пен тығыз байланысты. 

Ал, Т. Тәжібаев болса «қабілет-іс-әрекеттің белгілі  бір түрін ойдағыдай,  нәтижелі орындауда көрінетін 

адамның жеке қасиеті» - деп түсінік береді.  

Б.Тұрғынбаева өзінің монографиялық еңбегінде «Шығармашылық-мәселелік сипаты бар, барлық ішкі 

байланыстарды біріктіретін нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның 

мақсатты әрекеті дей келе, Д. Богоявленская, А. Брушлинский, Я. Пономарев, Н. Кузьмина, А. Матюшкин, 

Ю.  Кулюткин,  Г.  Сухобская,  т.б.  ғалымдардың  еңбектерін  талдай  отырып,  шығармашылық  әлеуетке 

төмендегідей  анықтама  береді: «Бұл  тұлғаның  жаңа  жағдайға  сәйкес  әрекет  тәсілін  өзгерте  алуға  негіз 

болатын білім, білік, дағдылары; әрекеттің нәтижесін айқындайтын жаңалық, сонылық, қайталанбастық; 

тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға әкелетін өнертапқыштық, елес, сыни ойлау, жаңалыққа 

деген ашықтық сияқты жеке қасиеттерінің жүйесі»[ 5, 43-50 б].

«Шығармашылық»  «креативтілік»  деген  ұғымен  тығыз  байланысты.  Креативтілік  шығармашылық 

жетістіктермен байланысты, бірақ, ол әлі де толық дәлелденбеген.     Креативтілік сөзі – латынша жасау, 

адамның  шығармашылық  дарын  деңгейі,  шығармашылық  қабілеті  дегенді  білдіреді.  Философиялық 

сөздікте  «креативтілік» - «ойлап  табу,  жасап  шығару»  делінген.  Ойлап  табу  қабілеттілігі – мәселе  мен 

жағдайды жаңа өзгеше көзқараспен қарайтын шығармашылық қабілет. 

Дж. Гилфорд және оның қызметтестері 1954 жылдан бастап креативтілікті білдіретін 16 түрлі интеллект 

қабілеттерді  анықтаған.  Оларға  ойлаудың  жылдамдығы,  бейімделгіштігі,  нақтылығы,  сезімталдығы, 

қиялшылдығы  кіреді.  Гилфорд  бұлардың  барлығын  «дивергентті  ойлау»  деп  атады.  Олар  мәселе 

анықталған кезде ғана пайда болады. 

Конвергентті ойлау адамға көптеген міндеттерді шешуде бір ғана дұрыс шешімін табуда қажет болады. 

Дегенмен, нақты шешімі бір ғана емес, бірнеше болуы да мүмкін, бірақ шешім көптігі шектеулі болады. 

Дж. Гилфорд конвергентті ойлауға қабілетті интеллектімен, яғни, жоғары өлшемді тестермен (IQ) өлшеу 

мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. 

Интеллекті зерттеушілер шығармашылық қабілеттер мен интеллектінің байланысын зерттеп, дәлелдеуге 

тырысқан. 

Шығармашылық  қабілеттер  мен  интеллектінің  айырмашылығын  байқаған  Л.  Терстоун  болды. 

Шығармашылық шешім мәселені шешу үстінде емес, дәл назар аударғаннан кейін пайда болады деген. 

Дж. Гилфорд креативтіліктің төрт, кейн алты параметрін көрсеткен: 

- мәселені қою және байқау қабілеттілігі; 


212

- көп идеялар табу қабілеттілігі; 

- бейімділік қабілеттілік - әр түрлі идеяларды іске асыру; 

- төтендік қабілеттілік – дәстүрден тыс жауап беру; 

- нысанды бөлшектер қосып жетілдіру; 

- мәселені шеше білу қабілеттілігі, яғни талдау мен жинақтау қабілеттілігі. 

Осы  теоретикалық  талдау  негізінде  Дж.  Гилфордтың  қабілеттерді  тестілеуде  жасаған  бағдарламасы 

(ARP) өнімді дивергенттіктің ерекшелігін көрсетеді [6, 324-329 б]. 

Мұғалімнің    қызметінің    нәтижелі    болуы  шығармашылықпен    тығыз  байланысты.  Ол  үшін  оның 

өзіндік «мені» болуы қажет. Тек ынтымақтастық жағдайда ғана ондай мүмкіндік туады.(Г.С.Костюк, В. 

Янтос, Г.А.Цукерман). Болашақ педагогті ашық өз пікірін айтуға, мәселеге сын көзбен қарауға, сын айтып 

бағалауға уйрету қажеттілігі туралы айтқан.           

Канада  психологі    Г.  Селье  шығармашылықтың  үш  типін  көрсеткен:  тапқыштар,  идеялардың 

генераторлары, энциклопедистер, сыншы–ғалымдар. Бір адамда бұл қабілеттер сирек кездеседі. 

А.Маслоу,К.Роджерс  шығармашылыққа  ие  болу  үшін  мұғалімде  төмендегідей  қасиеттері  болуы  

маңызды деп есептейді:  

- өзінің мүмкіндігін толық көрсете алу (самореализация);

- қызметке  шексіз  берілу, жетілдіруге ұмтылу;

- өзі болу, ашықтық, әлеуметтік рөлдің маскасын пайдаланбау;

- проблемаларды, шындықты дұрыс қабылдау, шешудің жаңа жолдарын іздестіру;

- өзін және басқаларды қандай болса солай дұрыс қабылдау;

- өзіне сенімділік, еркіндік, өзінің потенциалына суйену;

- қызметіне сын көзбен қарай  білу, рефлекссияға қабілеттілігі;

- икемділігі, шын ниеттілігі, ақкөңілдігі, эмоционалдығы;

- жаңалыққа ашықтық;

- динамикалық  өзгермелігі,  өзгеруге дайындығы. 

Педагогикалық өмірі үнемі өзгерісте болып тұрады, сол өзгерістерге қарай педагог өзі де өзгеріп, өзін 

жетілдіріп    тұруы  керек.  Педагогтың  шығармашылық  дамуы  оның  жеке  даралық  кәсібі  мәдениетінің 

қалыптасуына мүмкіндік туғызады. 

Педагог  үнемі  өзін-өзі    анықтап,  өзін-өзі  дамытып,  өзінің  мүмкіндігін  толық  көрсете  білуі  қажет. 

Сондықтан ол білуі керек: 

- өзінің қабілетін, ерекшеліктерін;

- өмірлік, кәсіби мақсатты қоя, таңдай білу;

- түрлі жағдайларды  жоспарлай, шешім қабылдай білу;

- мәселені шешудің түрлі әдіс , тәсілдерін табу;

- өзін бағалай білу, рефлекссияға қабілеттілігі. 

Шығармашылық–мәселені  белгілі  тәсілдермен  шешуге  болмайтын  жағдайда  туындайды.  Дегенмен, 

бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше 

кезеңдерден  тұратын  күрделі  психологиялық  үрдіс.  Осы  мәселені  зерттеген  ғалымдар  педагогикалық 

шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған: 

- педагогикалық ойдың пайда болуы;

- түпкі ойды талдау; 

- педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;

-  шығармашылықтың  нәтижесін  талдап  бағалау  туралы  пікір  айтқандар:  В.А.  Кан-Калик,  Н.Д. 

Никандров.  

- жаңалықты көру; 

- педагогикалық өнертапқыштықты құрастыру, модельдеу; 

- жетілдіру (В.И. Загвязинский). 

Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау 


213

операцияларын  іске  қоса  алу,  тапқырлық,  интузиазм,  табандылық,  еркіндік  пен  өзіне  деген  сенушілік 

сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді. 

Қандай  типтегі  тұлға  шығармашылықта  мұратына  жетеді  десек,  ойы  ұшқыр,  ақылы  алғыр  болуы 

керек екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты 

қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу сезімі болуымен көрінеді. Осыған байланысты 

«адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады»- деген К.Г.Юнгтің сөзі 

дәлел  бола  алады.  Білімнің  гуманистік  парадигмасы  тұрғысынан  қарасақ,  тұлғадағы  шығармашылық  

басқа адамдарда жоқ, немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. Таза жаңалықта жаңа «адам» туады, 

оның қабілеті кескінделеді.

Педагогтың  шығармашылығының  компоненттеріне  жатады:  оның  көзқарасы,  құзырлылығы,  қиялы, 

икемділігі,  рефлексияға  қабілеттілігі,  тапқырлығы,  даралығы,  мәдени,  әлеуметтік  және  педагогикалық 

тәжірибесі.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

,

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



,

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет