Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82

Использованная литература

1.Сидоров, С. В. Теоретические предпосылки проектирования рефлексивной компетентности [Текст] / 

С.В. Сидоров, А.Г. Гаврилов // Мир науки, культуры, образования. – 2010. – №1. – С. 253-256.

2.  Программа  курсов  повышения  квалификации  учителей  Республики  Казахстан  третьего  (базового) 

уровня. Астана, 2012 г. 

3. Суворова Н. Г. Интерактивное обучение: новые подходы // Учитель– 2000. – № 1. – С. 25-27.

4.  Степанов  С.  Ю.,  Варламова  Е.  П.  Рефлексивно-инновационный  подход  в  подготовке  кадров 

управления // Вопросы психологии. 1995. -№1.- С. 61-68. 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖОБА ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Мұхтарұлы Ғ.

Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектеп –интернаты; 

Қарағанды қаласы 

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Бұл  мақалада  оқушының  шығармашылығын  дамытуда  жоба  әдісін  қолдану  тиімділігі  және  оның 

қолдану аясының үлкен екендігін көрсетеді. Осы әдістін тиімділігі сыныптан тыс жұмыста болатынын 

айқындайды.

Аннотация

Статья посвящена использованию проектного метода для выявления и раскрытия исследовательских 

и творческих способностей учащихся. Данный метод имеет большой потенциал для применения в урочной 

и внеклассной деятельности.

Abstract

This article is dedicated to using the project method for opening  pupils’ creative and research skills. This 

method has a big potential in using in in-class and out-of-school activities.

Қазіргі  қоғамның  өзгеруі  білім  беруде  жаңа  талаптар  мен  міндеттер  қойғаны  барлығымызға  белгілі. 

Осыған  орай,  білім  берудің негізгі мақсаты: білім, білік, дағдының сабақтастығы ғана емес, әлеуметтік 

кәсіби  біліктілікті,  яғни  тұлғаның  өз  бетінше  мәліметтерді  іздеп  табуын,  талдауын  көздейді.  Ал  білім 

алушы баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының 

маңызды міндеті болып саналады. Соның ең бастысы-сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында 

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту. Себебі, білімді жастар ғана ел 

егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Ендеше 

өскелең ұрпақ мұғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және 

ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық 

іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс. 

Егер  әр  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуын  қамтамасыз  ету  қажет  болса,  онда  баланың 

қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. 


235

Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың әлеуетті қабілетін ашу, дамыту мүмкін 

емес. Ал ғылыми зерттеу дегеніміз – ғылыми әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде 

жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу. 

Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін 

еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын 

тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз 

бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Мұғалім оқушыны дамыту үшін баланың дамуын педагогикалық 

тұрғыдан дұрыс басқара білуі керек.[1,11-б] 

Сонау XX ғасырдың басында ғалымымыз Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен 

алу  керек,  мұғалімнің  міндеті  балаға  жұмысты  әліне  қарай  шағындап  беру  және  белгіленген  мақсатқа 

қарай бағыттап отыру керек» деп ой айтқан.[2, 17-б]

Егерде педагогикалық әрекеттің өзін шығармашылық әрекет деп санайтын болсак. Онда ұстаздың өзі 

оқушымен сенімді қарым-қатынас орнатуы қажет. 

Ғалым Д.С. Лихачевтің сөзімен айтсақ «Адамды тек педагог-жасампаз ғана тәрбиелей  алады. Білім беру 

тәрбиесінің міндеттеріне тәуелді тәрбие – шығармашылық» екенін айтады. Сонда оқушы шығармашылық 

әрекет ету үшін ұстаздың өзі сондай тұлға болуға әрекет етуі тиіс. Сонда бұл мәселе жөнінде мұғалімнің 

зерттеушілік  жұмысы  туралы  айтқанда  М.М.  Поташник  шығармашылық  әрекеттің  негізгі  механизмін 

анықтайды:

- Жетілдірілген – белгілі бір әдістеме,тәсілдерді жетілдіру, жүзеге асыру, өзгерту; бұрын болған, бірақ 

ұмыт болғанды жаңа жағдайда жасау;

-  Құрылымдық – жаңа  үйлесімде  әлі  қолданбаған  бұрыннан  белгілі  әдістемелердің  элементтерін 

жаңадан қосу

- Түбегейлі – баламасы жоқ жаңадан туындаған.[3, 59-б] 

Қазіргі заман да осы ой өзінің өзектілігін әлі де жоғалтқан емес. Бұл жерде кейінгі ұстаздар қауымы  

көп айтып жүрген жоба әдісі туралы ой – пікір қозғаған орынды.  «Жоба» деген сөздің өзі еуропа тілдеріне 

латын тілінен еніп, «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші» деген мағынаны білдіреді. Жоба туралы 

ізденушілердің    пікіріне  тоқталсақ,  В.  Афанасьева  былай  дейді: «Жобалау  субьектінің  педагогикалық 

тәжірибедегі шығармашылық іс – әрекетінің айрықша түрі болып табылады. Бұнымен қоса ол педагогикалық 

тәжірибенің теориясымен, болжам, ұйымдастыру, жоспарлау, үлгілеу және басқарумен тығыз байланысты. 

Тек осы іс – әрекет түрлерінің мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, толық әрекет етуші жобаны шынайы 

жасап, іске асыруға болады». И. Зимняя мен Т. Сахарованың айтуынша, «Жоба ауызекі тілдесу мен басқа 

әрекеттің (ойын,саяхат,сұхбат және т.б.) интеллектуалды – эмоционалды құрамының қосыла көрініс табатын, 

оқушылардың өз бетінше жоспарлап, іске асыратын жұмысы». Ал Т.Душейна өз анықтамасын былайша 

береді: «Жоба – бұл студенттердің өз ойларын толық ойластырылған шығармашылық іс – әрекет түрінде 

көрсету мүмкіншілігі: коллаждар, жарнамалар дайындау, сұхбат жүргізу, зерттеулер, қажетті ақпараттар 

мен моделдер көрсету, түрлі жерлерге бару, жоспарлар құру, картамен жұмыстар атқарылады,т.б.» [4, 22-б]

Енді  осы  қазіргі  кезде  жаңа  әдіс  ретінде  ұсынылып  жүрген  жоба  әдісінің  шығу  тарихы  туралы  сөз 

қозғасақ онда көптеген ғалымдар жоба әдісін мәселелік әдіс деп таниды. Бұл жоба жұмысы 1920 жылы 

АҚШ – тың  ауыл  шаруашылық  мектептерінде  жүзеге  асып,  ол  баланың  ойлау  қабілетін  дамытуға, 

мектептен алған білімін есте сақтауға және үйретуге негізделді. Жоба жұмысы сол кездегі сәтті дамыды. 

Американдық ағартушы, психолог, философ, идеалист Джон Догон осы жобалау әдісі туралы «Білімді беруде 

мақсатқа жету үшін оқушыны шынайы әлеуметтік өмірге араластыру керек, шынайы істерге араластырып 

белсенділігін арттыру керек» дейді. Ал оның ізбасары Килпатрик пен Колинс еңбектерінде де жоба жұмысы 

елеулі көрініс табады. Олар өз еңбектерінде мектеп бағдарламасын белгілеп берген. Бағдарлама жобамен 

өзара байланыста жасалған. Бұдан шығатын қорытынды, мұғалім мен оқушы арасында үзілмес байланыс 

орнығады. XX ғасырдың басында Колинс осы жобаның келесі түрлерін ұсынған: 

1) Экскурсивті 

2) Еңбек жобасы 

3) Ойын жобасы 



236

4) Әңгімелесу.

Кейінгі ғалымдар С.Шацкий, В.Петрова, Н.Крупская, Б. Игнатьев, В.Шульгин, М.Крупенина, т.б. жоба 

жұмысында оймен ойлап айту мен жазба жұмысы қатар жүрсе, ол оқушының бойындағы шығармашылықты 

дамыта алады және өз бетімен сөйлеуге үйретуге, алған білімін іс жүзінде меңгеруге қалыптастырады деп 

есептейді.[5, 61-б] 

Сонымен  тиімді  педагогикалық  технологиялардың  бірі – жобалар  әдісі.  Жобалар  әдісі  келесі 

дидактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- студенттерді (оқушылардың) дайындау процесінде пәнаралық байланыстарды өзектілендіру;

-  студенттің  (оқушының)  оқу  процесінде  теория  мен  практиканың  арасындағы  байланысты  толық 

жүзеге асыру;

- студенттердің (оқушылардың) білім мен білікті меңгеру дәрежесін жоғарылату;

- оқу процесінің субьекті ретінде студенттердің (оқушылардың) белсенділігін арттыру және өздігінен 

білім алуын, өзін – өзі дамытуының рөлін жоғарылату;[6, 23-б]

Жоба әдісінің тиімділігін арттыру үшін оқушы міндетті түрде мынандай біліктер мен дағдыларға ие 

болуы тиіс:

- Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу

- Ойлай, қиялдай білу

- Оқушы өзінің көргенін, байқағанын, істегенін, ойын тұжырымдап айта білуі

- Өзіне керекті кітапты таба алу

- Мұғаліммен бірлесе жұмыс істей алуы

Оқушыларда  осындай  шеберліктер  мен  дағдылар  жүйесі  болмаса,  онда  ойдағыдай  оқып  өз  бетінше 

оқып жұмыс істей алмайтынын В.А. Сухомлинский ескерткен. [7, 12-б]

Бұл жоғарыда аталған біліктер мен дағдыларды оқушылар сабақ барысында қалыптастыру керек. Ол 

үшін сабақ шығармашылық қабілеттерді дамытуға ықпал етуі тиіс.

Сабақ  барысында  оқушының  шығармашылық  әрекеті  өзіндік  жұмыс  арқылы  іске  асырылады.  Оқу 

үрдісінде шығармашылық әрекетті қалыптастырудың екі кезенің көрсетуге болады:

1. Алғашқы кезең;                                 

2. Дамыту кезеңі.

Алғашқы  кезеңде  өзіндік  жұмыс  арқылы  пәндік  білім,білік,дағды  қалыптасады.  Бұл  оқу  білік, 

дағдыларын  меңгеру  өте  маңызды,  өйткені  олар  тапсырманы  орындаудағы  дұрыс  және  тез  іс-амалдар 

жүйесі болып табылады.

Дамыту  кезеңінде  өзіндік  жұмыс  арқылы  қалыптасқан  пәндік  білім,  білік,  дағдылар  ойлау 

операцияларын  орындау  нәтижесінде  оқушы  біліктілігі  қалыптасады.  Оқушы  біліктілігі – оның  өмірге 

дайындық деңгейі, иемденген білім, білік, дағдыларын нақты нәрсеге не жағдаятқа байланысты қолдана 

алуы. Біліктілігі қалыптасқан оқушы – кұрделі мәселелерді шешуде жол таба алатын, қоғам талаптарына 

жауап беретін жеке тұлға.[8, 104-б]

Қалай дегенмен жоғары оқу орындары кредиттік жүйеге өтуі студенттерден өзіндік жұмысты қажет 

етсе, онда оқушыларға осы өзіндік жұмыс ( жоба жазу) дағдыларының алғашқы қадамдарын білуі бүгінгі 

күн талабы деп айтуға толық негіз бар. Ал осындай дарынды оқушыларды тәрбиелеудің бір түрі – сыныптан 

тыс жұмыстар.

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызды  ерекшелігі – оқушылардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін 

жетілдіру. Мұндай ерекшелік мынадай жағдайда байқалады:

- оқушының іс-әрекетте нәтижеге жетуіне сенімділігін қалыптастыруда;

- шығармашылық ой – өрісін кеңейтуде;

- өзіндік жұмыс істеу біліктерінің қалыптасуында;

- дербес жұмыс істеу дағдысын жетілдіруде;

- дүниетанымының интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік бөліктерін қалыптастыруда;

- оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастыруда.


237

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық дербестікті қалыптастыру бір жағынан оқу үрдісіне 

қызмет етсе, екінші жағынан тәрбиелік ықпал жасауды күшейтеді. Сыныптан тыс жұмыс мазмұны әр түрлі 

іскерліктерді,  дағдыларды  жетілдіруге  бағытталады.  Олар  оқу  дағдыларын  жетілдіреді,  өзіндік  жұмыс 

ұйымдастыруда ізденімпаздығын, дербестігін, танымдық біліктерін дамыту, этикалық нормаларды сақтау 

іскерлігін менгереді. Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. 

Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен 

бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы 

еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу – мұғалімдердің 

негізгі  міндеті.  Сондай-ақ  мұғалімнің  оқу  материалын  түсінікті  етіп  әсерлі  баяндауы,  тәжірибелерді 

шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге 

деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға 

ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.[9, 24-б]

Қазіргі таңдағы көптеген мектеп қабырғасында білім алып жатқан өскелең ұрпақ озық әдіс – тәсілдер 

шеңберінде  өздерін  білім  алушы  ғана  емес,  осы  алған  білімді  қолдана  алатын,  болашаққа  сеніммен 

қарайтын азамат болып шығу әр ұстаз үшін үлкен бақыт.

Бұл орайда ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры да, келешек 

ел  болуы  да  мектебінің  қандай  негізде  құрылуына  барып  тіреледі.  Мектебіміз  таза,  берік,  жанынмызға 

қабысатын,  үйлесетін  негізде  құра  білсек,  келешегіміз  үшін  тайынбай-ақ  серттесуге  болады»[10, c.17] 

деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор. Өйткені, 

қазақ елінің келешегін айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол – 

бүгінгі ұрпақ. 



Әдебиеттер тізімі

1. Исламова Р. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу аспектілері // Қазақстан мектебі. №2. 2010. 11 – 12 

бб.

2. Нұрманбетқызы Ж.. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі // Қазақстан мектебі. №10. 2006. 



17-б.

3.  Нұрғазиева  Н.М.  Шығармашылық  әрекеттегі  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігінің  аспектілері // 

Бастауыш мектеп. №11. 2010. 59-б.

4. Рапишева Ж.. Жоба әдісі – жаңа тәсіл // Қазақстан мектебі. №9. 2010. 22-б. 

5.  Карменбаева Ж.. Жобалау әдісі – шетел тілін оқытуда // Қазақстан мектебі. №5. 2006. 61-б. 

6.  Баешова  А.К.,  Калбирова  А.К.  Студенттердің  ғылыми – зерттеу  жұмыстарының  орнықты  даму 

үрдісіндегі ролі жөнінде // Білім. №4. 2010. 23 – б.

7. Қибасова С. Оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру // Бастауыш мектеп. №3. 2007. 12-б.

8.  Қадірова  Б.Н.  Оұушылардың  шығармашылық  әрекетін  ұйымдастырудағы  өзіндік  жұмыстың 

мүмкіндіктері // Вестник КазНУ, серия «Педагогические науки», №3 (16). 2007. 104-б.

9. Омарова Р. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру // Қазақстан мектебі. №5. 2006. 24-б.

10. Нұрманбетқызы Ж.. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі // Қазақстан мектебі. №10. 2006. 

17-б.


238

БЕЙІНДІК МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДАҒЫ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛ

Мыханова О. Ж.

Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 

оқытушысы, магистрант

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Автор  мақаласын,  бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесі  алдында  заманның  жоғары  технологияларының 

талаптарына  сай  келетін  біліктілігі  жоғары  деңгейлі  мамандарды  даярлаудың  басты  міндеттерінің 

бірі - бейіндік  мектеп  проблемаларына  арнайды.  Сындарлы  ойлайтын,  өз  мүмкіндіктеріне  сенімді;  әр 

түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындаудағы 

бейіндік оқытудың сапасын жетілдіру қажеттілігін, ондағы құзыреттік тәсілдің орнын ашып көрсетеді.

Аннотация

Автор  посвящает  статью  проблемам  профильной  школы – одной  из  основных  задач  подготовки 

высококвалифицированных  кадров,  соответствующих  требованиям  современных  высоких  технологий, 

стоящих перед системой образования страны. В статье обоснована необходимость совершенствования 

качества  профильного  обучения  и  определено  место  компетентностного  подхода  при  подготовке 

конструктивно  мыслящей,  уверенной  в  своих  возможностях,  способной  самостоятельно  принимать 

решения в различных социальных и производственных проблемах, личности.

Abstract

Author dedicates the article issues of profi le school-one of the main tasks of training is prepare highly qualifi ed 

person to meet the demands of modern high technology that face the education system of the country. This reveals 

need to improve the quality of school education and place for a competent approach in preparing constructive 

thinkers, confi dent in their abilities, able to make decisions in different social and professional problems of the 

individual.

ХХІ  ғасыр  білімнің  жаңа  философиясын,  жаңа  ақпараттық-коммуникациялық  және  педагогикалық 

технологияларды талап етеді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының 

талаптарына  сай  келетін  біліктілігі  жоғары  деңгейлі  мамандарды  даярлаудың  басты  міндеттерінің  бірі 

-  әсіресе,  бейіндік  мектеп,  жоғары  кәсіби  білімге  дейінгі  білім  және  жоғары  білімнен  кейінгі  біліктілік 

арттыру  проблемаларының  кең  спектрі  еліміздің  білім  беру  жүйесін  жетілдіруде  көзделіп  отырған 

мақсаттардың  ең  негізгісі - әрбір  жеке  тұлғаға  білім  алудың  өмірлік  жолын  еркін  таңдауына  мүмкіндік 

туғызу болып отыр [1]. 

Білім  берудің  жаңа  бағыттарының  басты  ерекшелігі – оқытудың  нәтижесін  алдын-ала  болжап, 

оқушылардың  қызығушылықтары  мен  ізденімпаздығы  негізінде  білімі  мен  біліктерін  жетілдіріп,  оны 

сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға 

ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. 

Өркениетті  елдер  арасындағы  экономикалық  бәсекелестік  білім  деңгейімен  айқындалмақ.  Елбасы 

Жолдауы – бұл  бүгінгі  уақыт  талабына  сәйкес  қажеттіліктен  туындаған  өте  маңызды  құжат.  Сосын  да 

ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатыны риясыз шындық. 

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың    «Жаңа  онжылдық - жаңа  экономикалық  өрлеу-Қазақстанның  жаңа 

мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі 

іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен 

технологияларды енгізу» - деп көрсеткен [2].


239

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі 

көкейкесті  тақырыпқа  айналуда.  Жаңа  білім  парадигмасы  балаға  оқу  қызметінің  субъектісі  ретінде 

қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, 

танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке 

тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды 

өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе 

болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін, 

тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз 

керек.  Оқытудың  ұтымды  технологиясын  пайдалану  арқылы  шәкірттің  тұлғалық  болмысын  дамытуға 

мүмкіндік туады.

Білім  беру  процесін  жаңаша  ұйымдастыру  оның  философиялық,  педагогикалық-психологиялық 

негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог 

- ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, 

білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс 

жасау қажеттігін дәлелдеуде.

Республиканың  терең  әлеуметтік-экономикалық  қайта  құрулар  жолына  түсуі  оқушыларды  еңбекке 

даярлау    жүйесіне  жаңаша  тұрғыдан  келуді  және  олардың  өнімді  еңбегін  ұйымдастырудың  тиімді 

нысандарын іздестіруді талап етеді. Соның бастыларының бірі – 12 жылдық білім беруге көшудің дайындық 

шаралары. 12 жылдық білім беру ол тек қазіргі 11 жылдыққа 1 жылды қоса салу емес, жалпы орта білім 

беру  мазмұнының  құрылымдық  және  мазмұндық  тұрғыда  жаңғырып  өзгеруі,  қайта  қалыптастырылуы. 

12-жылдық оқыту мерзімін енгізудегі негізгі мақсатты анықтайтын факторлар бар. Олар:

- білім беру парадигмасының өзгеруі, (бұрын ең жақсы оқушы терең білімді, тәртіпті болса жарайтын 

болса,  қазір  бұл  талаптарға  қоғамдық  белсенділік,  әлеуметтік  бейімделу,  өз  бетінше  білім  алу  сияқты 

қасиеттер қосылып отыр)

- білім сапасын арттыру қажеттілігі, (оқу мазмұнын қайта қарау арқылы пән бағдарламаларына өзгеріс 

енгізу, нәтижелі білім беру тактикасын басшылыққа алу оқушылар білімін бағалау жүйесін жетілдіру)

-  оқушылардың  денсаулығын  сақтау, (апталық  жүктемені  жеңілдету  пән  мазмұнын  оқушының 

физиологиялық, психологиялық ерешеліктеріне сәйкестендіру т.б.)

- оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.

Білім  реформасы  қазір  әлемнің  көптеген  дамыған  елдерінде  жүріп  жатыр.  Оларда  бейіндік  оқыту 

проблемасына  көп  көңіл  бөлінеді. 12 жылдық  мектеп  жағдайында  бейіндік  оқыту  мәселесін  дұрыс 

шешудің мүмкіндігі бар. Бұл негізгі және жоғарғы мектепті бітірушілердің кәсіпті барынша саналы түрде 

таңдауына ықпал етеді.

12  жылдық  жалпы  білім  беретін  мектеп – бұл  негізгі  сатыда  бейіналды  оқыту  (оқушыларды  кәсіби 

бағдарлы  оқуға  дайындау  мақсатында)  және  жоғарғы  сатының 11,12-сыныптарында  бейіндік  оқытуды 

қамтамасыз ететін жалпы білім беретін орта мектептің тиімді моделі.

Бейіндік және бейіналды дайындық – бұл оқушыны өзінің кәсіби жолын саналы таңдауға дайындау 

жүйесінің ең басты бөлігі. Бейіндік оқыту 11 жылдық мектеп жағдайында негізінен гимназия, лицейлерде 

ғана жүргізіліп келеді. 

Жоғары  сынып  оқушыларын  бейіндік  оқыту  мәселесі  жан-жақты  дайындықты  қажет  етеді.  Жоғары 

сыныпта  бейінді  таңдау  үшін,  оқушы  ең  әуелі  өз  қабілетін  сынап,  бағытын  анықтап  алуы  керек.  Яғни, 

оқушы  негізгі  буында  өз  бетінше  кәсіби  бағдарын  анықтауы  керек.  Осы  арада  төмендегідей  сұрақтар 

туындайды.  Оқушының  қызығушылығын,  бейімділігі  мен  қабілетін  ескеру  үшін  оқу  үрдісі  қалай 

ұйымдастырылуы керек? Қазіргі қолданылатын оқу үрдісінің  қай бөліктерін дамытып, қайсысынан бас 

тарту керек? Бейіналды дайындықтың құрылымы неден тұруы керек? Бейіндік оқытуға көшу жағдайында 

оқу жоспарын қалай құру керек?



240

Елбасының  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай 20 

қадамын» жүзеге асырудағы 11-тапсырмаға сай  білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі бұдан былайғы 

қадамдар белгіленді [3]. 

Білім  беру  жүйесіне  Қазақстан  тұрғындарының  үштен  бір  бөлігіндейі  тартылған.  Мұндағы  ең 

маңыздысы біздің балалары-мыздың нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні, қалыптасатыны және есейетіні. 

Бұл әрбір отбасын толғантады. Сондықтан да бүкіл жаңғырту үдерісінің табысқа жетуінің түйінді факторы 

ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып табылады.

Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргені көкейге қонымды:

1. білім беру мекемелерін оңтайландыру;

2. оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту;

3. білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Білім  беру  саласындағы  инновациялық  процестердің  күрделілігі  мен  қайшылықтары  жаңа 

құбылыстармен  әрекеттесу  және  жалпы  орта  білімді  ізгілендірудің  сапалы  кезеңінде  оқушылардың 

шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

Соңғы  жылдары  оқу-тәрбие  процесіндегі  жеке  тұлғаны  дамытуға  бағытталған  оқытуға  үлкен  мән 

берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді. 

12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  тұсында  мұғалімнің  кәсіптік  жетілуі  мен  дамуы  түрғысында 

көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім- мектептің жүрегі» 

дегендей,  бар  күш  мұғалімге  түспек.  Жаңа  қоғам  мұғалімнің  «рухани-адамгершілігі  дамыған»  деген 

уғымының мәнін ашар болсақ, ондағы рух оймен санасатын шоқтығы, адамның психикалық белсенділігінің 

көрінісі, адамның сана сезімі мен қимыл әрекетінің озық болжампазы, тарихи тәжірибенің идеалды түрі 

болып табылады. 

Қазір  мектептерде  оқытылып  жүрген  таңдау  курстары  негізінен  бір  ғана  мақсатта  оқушы 

шығармашылығын  дамытуға  немесе  белгілі  бір  пәннің  мазмұнын  тереңдетуге  ғана  бағытталған.  Ал 

бейіналды оқытуда берілетін таңдау курстары оқушы танымын, шығармашылығын дамытуды, белгілі бір 

кәсіп саласы туралы мағлұматтар берумен қатар нақты кәсіби дағдыларды игеру барысында оқушының өз 

таңдауының дұрыстығына немесе бұрыстығына көз жеткізуге көмектесетіндей болуы шарт. Осыған орай 

біз қолданыстағы таңдау курстарының мазмұнын, оқыту технологияларын толығымен қайта қарап, жаңа 

талаптарға сай қайта дайындау қажет.

Әлем  елдерінің  біразы  бұдан  бұрын  игерген  әдіс-  тәсілдер  мен    озық  технология  бұл  күнде  әрбір 

мұғалімнің  құралы  болып  отыр.  Мұғалімдер  съезінде  Елбасы  Н.  Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы 

бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді. Қазіргі 

уақыт талабы болып отырған жаңа педагогикалық технологияның өзі жаңадан пайда болған дүние емес, 

оның  негізі  бұрын  қалыптасып,  бірақ  көпшілігі  түбегейлі  өзгерістерге  ұшырап,  зерттеліп,  жинақталып 

жетілдірілді. 

Қазақстанның білім беру жүйесін модернизациялау стратегия-сында  білім  беруде  құзырлылық  тәсілді  

енгізу  қажеттілігі  жөнінде  айтылған, өйткені  ол  мұғалімнен  оқушыға  білім,  білік,  дағдыны  қарапайым  

түрде  ғана  беру  емес,  ол  педагогтың  кәсіптік  құзырлылығын  қалыптастыруды  талап  етеді.  

Қазіргі  педагогтардың  ойынша  өмірлік  маңызы  бар  құзырлы-лықтардың  әр  адамда  болуы  оларға  

қазіргі    қоғамда    бағдар    жасауға    көмектеседі,  тұлғаның    қазіргі    уақыт    талабына    сай    әрекет    ету  

қабілеттерін  қалыптастырады. 

Оқытуда  құзырлылыққа  бағдарланған  тәсіл  жүйесінде  оқушыны  психологиялық-педагогикалық  

жағынан  қолдау  үлгісі  тұлғаның  жалпы  қабілеті  ретінде  құзырлылық,  сол  сияқты,  нақты  өмірлік  

жағдайларда    жеке    іс-тәжірибе    мен    білімді    пайдалану    білігімен    байланысты    кіріктірілген    оқыту  

нәтижесі  ретінде  пәнаралық  білім  туралы  түсініктерге  негізделеді.

Өнімді  әдістер  мен  технологиялардың  жаратылыстық  әлеуеті  бар,  оны  жүзеге  асыруды  оқушы  

құзырлылықтарының  негізгі  топтарының  қалыптасуымен  байланыстыру  керек.  Бірақ  жеке  оқыту 

әдістерін немесе белгілі бір  технологияларды  қолдану  арқылы  құзырлылықтардың барлық  топтарының  


241

қалыптасуын    қамту    мүмкін    емес.  Құзырлылық  тәсіл,  басқа  да    оқытудағы    инновациялық    тәсілдер  

сияқты   кезеңмен  енгізуді  талап  етеді.

Педагогтың  кәсіптік  құзырлылығының  құрылымын  негіздеу  тәсілінің  мәнділігі  өнімді  кәсіптік  

қызмет  негізін  салуға  мүмкіндік  беретін  ең  маңызды  сипаттамаларды  іздеумен  және  анықтаумен  

анықталады.  Сонымен,  мұғалімнің  кәсіптік  құзырлылығының  қалыптасуы,  дамуы  жетілуінің  бірыңғай  

үздіксіз  бағыты  жүзеге  асырылуы  мүмкін. 

Тәуелсіздік  алған  жылдардың  ішінде  еліміз  ілгеріге  үлкен  қадам  жасап  үлгерді.  Ұлт  көшбасшысы 

Н.Назарбаевтың  ғылыми  жолмен  айқындаған  стратегиялық  бағыты  жүзеге  сәтті  асырып  келеді.  Алды-

мызда тұрған ұлы міндеттер көп, отандық ғылымның осы міндеттерді шешу жолындағы мықты құралға 

айнала алатынына сенім мол. 

Адами  капиталды  дамыту,  жоғары  білікті  мамандарды  даярлау - Қазақстанның  индустри я лық-

инновациялық  саясатының  не гі зі.  Демек,  осы  іске  үлес  қо су  әр қай сысымыздың  абыро й лы  мін де ті міз 

болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет