Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82

 

 

Бұл компоненттердің ішінде мұғалімнің нәтижелі, табысты еңбек етудің негізі болып табылатын білім, 

құзырлылық,  рефлексияға  қабілеттілігі      педагогикалық  шеберліктің  құрылымдық  кломпоненттері  деп 

есептеуге болады [7, 73-83 б].

Бұл  қабілеттерді  дамыту  үшін  оқу-тәрбие  процесінде  студенттерге  еркіндік  беріп,  топтың  пікіріне 

бағындырмай  өз  пікірлерін  айтуға  ұмтылдыру  қажет.  Ол    үшін  дискуссия,  мақалаларға  пікір,  сын  айту 

,  сыни  тұрғыдан  ойлау,  конкурстарға , олимпиадаларға  қатыстыру,  ғылыми  жобалар  дайындау  т.  б. 

түрлерін қолдану маңызды. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда төмендігідей жағдайлар жасау: қарым-

қатынас жасауда бағаламау, сынамау, сабақта стрестік жағдай тудырмау, оқытуда  ашық жағдай тудыру, 

конформизімді болдырмау.

Студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  «Педагогикалық  шеберлік»  пәнін  оқытудың 

маңызы  зор.  Бұл  пәнді  оқыту  барысында  студенттердің  шығармашылық    әлеуетінің  сапасын  анықтау 

мақсатында «Өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді бағалаңыз» атты 18 сұрақтан тұратын тесті, Рензуллидің 

10  сұрақтан  тұратын  «шығармашылық    сипаттамасы » сауалнамасын,  студенттердің  қабілет  деңгейін 

анықтау үшін Г. Айзенктің «Қабілетті анқытауға» арналған сауанамасын, П. Торренстің шығармашылық 

ойлау тесттері (Тоггапсе Теst Creative Thinking-ТТСТ),  «Өзіңізді білесіз бе?» т.б. диагностикалық әдістерді 

пайдаландық..  


214

Мысалы,студенттердің  қабілет  деңгейін  анықтау  үшін  Г.  Айзенктің  «Қабілетті  анқытауға»  арналған 

сауанамасында 40 сұрақтан тұратын логикалық тапсырмалар таратылып тапсырманы орындауға 40 минут 

берілді.


Әдістемені қорыту кезінде 30 студенттің ішінен 10 студент орташадан жоғары жауап берсе, 12 студент 

орташа деңгейде, 8 студент орташадан төмен жауап берді. 

1-кесте. «Студенттердің қабілет деңгейі»

Қабілет деңгейлері

студенттер саны

Пайыздық көрсеткіштері

Орташадан жоғары

10

33,3%



Орташа 12

40%


Орташадан төмен

8

26,7%



Студенттермен  жүргізілетін  жұмыстың  тағы  бір  түрі  олардың  ғылыми  жұмыстармен  айналысуын 

анықтау  болды.  Ғылыми  жұмыспен  айналысатын  студенттер  арасында  Е.П.  Торренстің  (бейне  бөлімі) 

әдістемесін және КСТ Кеттелл әдістемесін қолданып креактивтілік қабілеттері анықталды.

2- кесте. Студенттердің қабілет деңгейлері Е.П. Торренстің (бейне бөлімі) әдістемесі және КСТ Кеттелл 

әдістемесі бойынша.

ТОП


Студенттер 

саны


КСТ Кеттелл

Е.П. Торренс әдістемесі

Төменгі

Орташа


Жоғары

Мөлшерден 

төмен

Мөлшер


М ө л ш е р д е н 

жоғары


8

9

11,5%



60,5%

28%


5,2%

94,8%


-

9

8



8%

51%


41%

-

90%



10%

10

7



-

26%


74%

-

80%



15,5%

11

7



-

36%


64%

-

76%



20%

Барлығы


31

4,9%


43,4%

51,7%


1,3%

85,3%


11,%

Жоғарыдағы зертеулер нәтижесі бойынша студенттер арасында  «Педагогикалық шеберлік» пәнін оқыту 

барысында, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу кезінде, педагогика пәндерін оқытуда есепке алынды.

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында  «Педагогикалық  шеберлік» пәнін 

оқыту  барысында түрлі жаттығулар жүргіздік. 

1.«Қалыптасқан сөз» тесті шарты бойынша төрт сөзден тұратын сөйлем құру керек және де олар мына 

әріптерден басталуы қажет: К,Б,К,К. Орындау уақыты-4 минут (әр бір қайталанбайтын сөзге 1 балл, ғажап 

сөйлемдерге 4 балл). 

Құрастырған сөйлемдерден мысалдар: 

Көңілді бала кино көрді,                      кәсіби білімді көтеру керек;

кеше Бақыт көше кезді,                        кішіпейіл болу көпке керек;

кенет біреу кіріп келді,                         кешегіден бүгінгі күн керемет;

кербез бала келіп кетті;                        кәсіптік біліктілік келешектің кілті;

керемет болашақ білім, біліктілікте.

2.«Елес арқылы геометриялық фигураларды салу».

3.Топтық сурет «Елес арқылы сурет салу». 

Барлық  қатысушылар  шеңбер  жасап  отырады.  Қатысушылардың  біреуі  қолында  ақ  парақты  ұстап 

отырып, көз алдына салынған суретті елестетеді. Ол салынған суретті суреттеп айта бастайды, қалғандары 

оның  айтқандарын  қағаздан  «көруге»  тырысады.  Содан  кейін  парақ  келесі  қатысушыға  беріледі,  ол 

«салынған» суретті жаңа детальдармен толықтыра отырып суреттейді.   



215

Ақ параққа 2 сөзден тұратын сөйлемдер жазу арқылы әңгіме құрастыру.  

4. «Өлең шығару».

Екі жолды өлеңді жалғастырып жазу керек.

5. «Ойды, қиялды дамытуға берілген есептер» 

1-есеп.  Он  орындықты  бір  бөлмеде  төрт  қабырғада  саны  бірдей  болатындай  етіп  орналастырыңыз 

(есікке назар аудармаймыз). (екі орындықты бұрыштарға қою керек, сонда олар екі бірдей қабырғаға да 

тиесілі болады) [7, 73-83 б].

Түрлі  жаттығулар  жүргізгеннен  кейін  шығармашылық  деңгейін  қайта  анықтау  үшін  Рензуллидің 

«Шығармашылық  сипаттамасы»  саулнамасын  жүргіздік.  Сауалнаманың  нәтижесінде    студенттердің 70 

пайызы шығармашылық деңгейінің жоғары, 30 пайызы орташа екенін көрсетті. Бұдан біз түрлі жаттығу 

жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде студенттер шығармашылығының 10 пайызға жоғарылағанын көрдік. 

Одан басқа  «Қалыптасқан сөз» немесе «Сөз жасам» тесті арқылы студенттердің ойлау жылдамдығы, 

тіл мазмұндылығын  анықтауға болады. 

Қорыта  келе  айтарымыз,  шығармашылық – проблемалық  сипаты  бар,  барлық  ішкі  байланыстарды 

біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және рухани құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті, 

- деген тұжырым жасауға болады.

Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан  Республикасының    жаңа  формация  педагогінің  үздіксіз  педагогикалық    білім  беру 

тұжырымдамасы // Педагогика мәселелері. №1-2. 

2. Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы //

Педагогика мәселелері. №1-2. 108-122б.

3. Дьяченко М.И.,Кандыбович Л.А.Психологическийсловарь-справочник.Минск:   Харвест, 2004.

4. Якушева С.Д.Основы педагогического мастерства: учебник для студентов сред. проф. учеб. Заведений. 

М.:Издательский центр «Академия»,2009. 

5.  Тұрғынбаева. Б. Профессиональное развитие из опыта учителей. Алматы, 2004.  

6. Қоянбаев. Ж. Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты. Алматы, 2004. 

7.  Мукутова  Ж.К.Педагогикалық  шеберлік  пәні  бойынша  дәрістер,  практикалық  тапсырмалар,  оқу 

әдістемелік құрал.Көкшетау, 2011. 



ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕ БЕЙІНДІК БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мұқанова Н. Е.

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Қазақстан Республикасы

Аннотация

В данной статье рассматриваются методические пути организации обучения в профильной школе. 

Дается  объяснение  понятию    «Профильное  обучение»  и  описываются  его  педагогико-психологические 

особенности.

Abstract

This article deals with methodological ways of teaching process organization in type of school (12 years school). 

Explanation of notions «Specialized teaching» and are given and pedagogical-psychological characteristics are 

described.

216

Қазіргі  заманғы  мектепте  оқыту  үрдісін  ұйымдастырудағы  басымдық    жеке  тұлғаның  әлеуметтік-

прогрессивтік  қалыптасуына,  оның  өзін-өзі  танытуына  мүмкіндік  туғызатын  кәсіптік  әлемнен  орын 

алуына бағытталуы тиіс. 

Білім  беру  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  саясатын  іске  асырудың 

ұйымдастырушылық  негізі  –білімді  жаңартудың  жалғастырылуын  қамтамасыз  ететін  Қазақстан 

Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Мемлекеттік  бағдарламаның  негізгі  мақсаты – білім  берудің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру, 

экономиканың  тұрақты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  арқылы  адам 

капиталын  дамыту,  жоғары  білім  республика  экономикасының  барлық  салалары  үшін  құзыретті  және 

бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз ету, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды 

рөл атқару, жоғары білімнің еуропалық аймағына кіруді қамтамасыз ету.

Бұл бағдарламада 2014 жылға қарай «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және 

сынақтан  өткізіледі, 2015 жылдан  бастап  «Бейіндік  мектеп»  бағдарламасы  бейіндік  сыныптары  бар 

жалпы  білім  беретін  ауылдық  мектептерде,  лицейлерде,  гимназияларда,  бейіндік  мектептерде,  интел-

лектуалдық мектептерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде іске асырылады 

деп жоспарланған [1].

Қазіргі мектепте оқу үрдісіне қойылатын жаңа талаптарды осы көзқарастар тұрғысынан іске асыру – 

тікелей  білім  сапасын  арттыруға,  мектеп  пен  жоғары  оқу  орындарындағы  білім  берудің  сабақтастығын 

күшейтуге жұмыс жасайтын жаңа тәсілдерді пайдалануды білдіреді. Сондықтан да қазіргі таңда кәсіптік 

білімге  орай  бейімдеп  оқыту  көзқарасы  жаңа  заман  үдерісіне  сәйкес  ғылымның  мол  жетістіктерімен 

қаруланған, бейіндік қабілеті шыңдалған оқушы тәрбиелеу болып табылады. Мұндай тұлғаға қойылатын 

бірінші  кезектегі  нақты  талап:  ойлылық,  салмақтылық,  белсенділік,  әлеуметтік  жауапкершілік,  терең 

білімділік, кәсіби сауаттылық. 

Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесі дамуы - мектептерде білім берудің  12 жылдық моделіне   көшуін, 

16-18 жастағы азаматтардың  білімділік  деңгейін, олардың  қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып 

бәсекеге  қабілеттілігін  көтеру  мақсатында    мүмкіндіктерді  кеңейтуін,  жоғары  сынып  оқушыларының 

мектептен  кейінгі    өмірлік  жолды    таңдауға  бейімделудің    негіздерін  жасауды,  олардың    кәсіптік  

мақсаттарын іске асыруға, еңбек нарығын  кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемаларын 

шешуге  бағытталған [2].

Бейіндік  оқыту  -  бұл  жалпы  білім  беретін  мектептің  жоғары  буынында  оқытуды  даралауға,  

оқушыны  әлеуметтендіруге,  сонымен  бірге  мектептің  жоғарғы  сатысы  мен  орта  және  жоғары  кәсіби  

білім  берудегі  сабақтастықты  жүзеге  асыруға  бағытталған  арнайы  дайындау  жүйесі.

Бейіндік  бағыт  беру  саласы  күрделі  де  алуан  түрлі.  Ол  экономикалық,  әлеуметтік,  психологиялық–

педагогикалық    т.б.  қатынастарды  қамтиды.  Бейіндік  бағыт  беру  ісін  жүргізу  кадрлар  даярлауды 

жоспарлаумен, халық ағарту жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтанда бұл бағытта 

көптеген ғылыми–зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

Ресейлік    зерттеушілер  тұлғаның  кәсіби  өзін-өзі  анықтауын  қалыптастыруда  таңдау  бір  реттік  сәт 

емес, оның болашақ кәсіби іс-әрекеттің дамуының ұзақ үрдісі ретінде қарастырады. Тұлғаның әлеуметтік 

астарларының  кәсіптік  өзін-өзі  анықтауын  Л.А.Амирова,  В.М.Архипов,  В.Г.Афанасьев,  В.В.Бахарев, 

Л.П.Бусева,  В.А.Журавлев,  С.В.Кушнир,  В.Н.Шубин,  Н.Э.Касаткин,  П.А.  Шавир,  В.В.Ядовтың 

еңбектерінде көрсетілген.

Жоғары  сынып  оқушыларының  кәсіптік  өзін-өзі  анықтауының  психологиялық-педагогикалық 

қалыптасуға әзірлік мәселелері Н.Ю.Буганова, Н.Э.Косаткина, Е.А.Климова, Е.В.Лямкина, Б.П.Невзоров 

т.б. орын алған.

Бейіндік  оқытуды  енгізуге  Э.А.Аксенова,  Л.Н.Архемова,  И.С.Артюхова,  Л.В.Байбрадова, 

С.Г.Броневщук,  А.И.Влазнев,  М.И.Губанова,  П.С.Лернер,  Н.В.Новожилова,  Н.Ф.Радичев,  Н.В.Кузмина, 

М.М.Фирсова, А.В.Хуторский, С.Н.Чистякова, В.И.Лях т.б. еңбектері арналған. Мысалы, Н.В.Кузминаның 

ұстанымына сәйкес педагогикалық жүйе үдерісіндегі бейіндік оқытудың коммуникативтік байланысы оқу-

тәрбие әдістерінің жиынтығы түсіндірілетін педагогикалық коммуникация тәсілі ретінде қарастырады. 



217

Ал  С.Н.Чистякова  тұлғаның  өз  мүмкіндіктерінің  құндылығын  елестетумен,  өз  мұратымен  пайда 

болатын мақсаттарын анықтайды. Ол бейіндік және кәсіптік сана-сезім – бұл бейіндік оқытуды таңдауды 

кәсіптік өзін-өзі анықтаудың қалыптасуының бастапқы кезеңіне өзін субъект ретінде бағытталуының, ал 

соңғысында – мамандық  пен  өзінің  мүмкіндіктеріне  талаптардың  байланысын,  өзін  болашақ  кәсіби  іс-

әрекеттің субъектісі ретінде сезінуі деген қорытындыға келді. Ол бейіндік бағдар үш кезеңде:бастауыш, 

негізгі,  аяқтаушы  –жалпы  білім  беретін  мектептердің  жоғарғы  сатысын  қамтуы  тиіс  деп  жүйеледі. 

Бастауыш кезеңінде мектептің білім беру мүмкіндіктерінің презентациясы жасалады, оқушылардың алдын-

ала білім алуға деген сұранысын анықтайды. Негізгі кезеңінде білім беру әрекетінің жеке жолын таңдау 

тәсілін үйретеді, бейіндік оқытуды еркін таңдауда болуы мүмкін шектеулерді талдайды, психологиялық-

педагогикалық  анықтау  және    өзін-өзі  анықтау  жүзеге  асады.  Аяқтаушы  кезеңде  оқушының  жоғарғы 

мектепте бейіндік оқытуды таңдауға дайындығы бағаланады деп есептейді.

Е.А.Климов  тұлғаның  құрылымдық  элементтерін  сипаттайтын  мамандықтың  талаптарын  кәсіби 

жарамдылықтың  жоғарғы  деңгейімен  байланыстырады  және  кәсіптің  бес  негізгі  типін  бөліп  көрсетті: 

«адам-табиғат», «адам- техника», «адам-адам», «адам-белгі», «адам-көркемөнер бейнесі».  

В.И.Лях  өз  зерттеулерінде  бейіндік  өзін-өзі  анықтауды  оқушылар  дамуының  жас  кезеңіне  сәйкес 

келетін  бастапқы  кәсіптік  өзін-өзі  анықтауы  ретінде  қарастырады.  Мұның  түбінде  субъектінің  өзін-өзі 

анықтауы бейіндік оқытуға қатысты жалпы орта білім беретін мектепті аяқтағаннан кейін білімін немесе 

кәсіби іс-әрекетін жалғастыру болып табылады деп жүйеледі. 

Н.Э.Касаткин,  П.А.  Шавир  т.б.  зерттеушілердің  талдаулары  бізге  жоғары  сынып  оқушыларының 

кәсіптік өзін-өзі анықтауының келесі компоненттерін бөлуге мүмкіндік берді: бейіндік оқытуды таңдау, 

кәсіптік өзіндік сана- сезім, кәсіби атақ және нәтиже ретінде мамандық таңдау. 

Қазақстандық 

ғалымдар 

Б.А.Әлмұхамбетов, 

М.Ж.Жадрина, 

С.Т.Каргин, 

М.Ковжасарова, 

Д.М.Қазақбаева, С.Д.Мұқанова, А.А. Мұқатаев, С.Қ.Омаров, т.б. бейіндік оқытудың әр түрлі аспектілерін 

қарастырады. 

Мысалы:А.А.  Мұқатаев  Қазақстан  Республикасының  инновациялық  мектептеріндегі  қосымша  білім 

бағдарламалары  негізінде  оқытуды  бейіндік  саралаудың  дамуын  талдау,  сипаттау  және  оның  позитивті 

тәжірибесін практикада қолдану мүмкіндігін анықтау мәселесін зерттеді. 

Ал Д.М.Қазақбаева бейіндік оқытуды ұйымдастыру жолдарын негіздеді.М.Ж.Жадрина, Г.З.Байжасарова, 

С.Д.Мұқанова т.б. тұлғаға бағдарланған  білім  беру моделін жасау  бағдарларын,  білім беруді  ізгілендіру 

тұжырымдамасында  баяндалатын  12 жылдық мектептегі оқу процесін ұйымдастырудың қисындылығы 

мен негізгі принциптері, 12 жылдық  білім беру моделіндегі бейіндік оқытудың негізгі мақсаттары мен 

міндеттерін  қарастырады. 

Мектептің  жоғарғы  сатысында  әлеуметтік-гуманитарлық,  жаратылыстану-математикалық  және 

техникалық  бағыттар  бойынша  оқытуды  енгізу  қарастырылған.  Ұсынылып  отырған  әрбір  бағытты 

оқушылардың  таңдауы  бойынша  бейіндік  және  элективтік  пәндердің  жиынтықтары  негізінде  түрлі 

бейіндерді ұйымдастыру қарастырылады.

Оқушылардың қандайда бір пәнді таңдауларына қатысты арнайы қабілеттіліктерінің құрамын зерделеу 

бойынша педагог-психологтардың зерттеулерін талдай келе, оның негізгілерін бөліп көрсетейік:

- Әдеби-тілдік бейімділік - шығармашылық белсенділік, байқағыштық сияқты эстетикалық көзқарас 

жадында  көрнекті  бейнелердің  сақталуы,  шығармашылық  елестету,  сезімталдық  және  тілдің  мәнерлігі 

анықтайды;

- Математикалық бейімділік - ойлау үрдісінің жылдамдығы, терең әрі жоғары деңгейде талдай алуы, 

қабылдау математикалық іс- әрекетке қажеттілік, математикалық қисын, кеңістікті түсінуді көрсетеді;

- Техникалық бейімділік - ойлай алу мен елестету, байқағыштық, іскерлік арқылы сипатталады [3].

Бейіндік оқытуға көшудің негізгі мақсаттары - жекеленген жалпы білім беретін пәндерді тереңдетіп 

оқытуды  қамтамасыз  ету;  оқытуды  саралауға  және  даралауға,  оқушылардың  өздерінің  қабілеттері  мен 

қызығушылықтарына  сәйкес  дара  білімдік  траекторияларын  таңдауға  жағдай  жасау;  оқушыларды 

әлеуметтендірудің, оның ішінде түлектерді кәсіби өзіндік анықталуының мүмкіндіктерін кеңейту; жалпы 

орта және кәсіби білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету.


218

Осы мақсаттарды жүзеге асыру мынадай міндеттерді тудырады, олар:

-  бейіндік мектептің негізгі жұмыс қорытындысы - жоғары сынып оқушысының тұлғалық дамудың 

нұсқаларын өз бетімен құрастыру дағдыларына ие болуы;

- таңдаудың негізінде оқушының өзінің қабілеттері мен қажеттіліктерін сәйкестендіре алуы;

- бұл нұсқалардың саны оқушы даралығының жан-жақтылығын ашу үшін жеткілікті болуы;

- оқушы таңдаған тұлғалық дамудың нұсқасы тек оның өзі үшін ғана емес, сонымен бірге қоғам үшін 

де маңызды болуы;

-  таңдаған  іс-әрекет  аймағындағы  іскерліктер  мен  дағдылар,  жетістіктер  оқушының  жетістік 

портфолиосын құру т.б. тұрады [4].

Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды.

Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және 

тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығушылық танытпаған оқушылар  кәсіпті таңдап алуға 

қиналып, оны жиі ауыстырады.

Ал, бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттті болуы өте маңызды болып табылады. Адамның өз мамандығына 

қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. 

Оқушы өзін мамандықтар әлемінде табу өзінің қоғамға қажетті адам екенін сезінуі, бір жағынан кәсіптік 

таңдау-болашаққа үңілу болса, екінші жағынан ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу, яғни менің мықты және 

әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауабы. Дұрыс 

таңдалмаған  мамандықтың  жағымсыз  тұстары  тек  адамның  өзіне  ғана  емес,  бүкіл  қоғамға  кері  әсерін 

тигізеді. Ғалымдардың есебі бойынша мамандықты бейініне қарай дұрыс таңдау кадрлар тұрақсыздығын 

2-2,5 есе азайтса, еңбек өнімділігін 10-15 пайызға арттырады да, кадрларды оқытуға жұмсалатын қаржыны 

1,5-2 есеге азайтады екен. Жоғарғы сынып оқушыларының бейіндік қабілетін анықтауда және кәсіби өзін 

табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары:

- мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;

- бейімділіктері (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);

- қабілеттері, денсаулығы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);

- ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалауы;

- ата-ананың, отбасының көзқарасы;

- мұғалімдар мен мамандардың көзқарасы;

-  жеке  кәсіби  жоспар-адамның  кәсіби  салада  неге  және  қалай  жету  керектігі  жөніндегі  пайымдар 

жүйесі[5]. 

Бейіндік сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын түзу және оқулықтарды әзірлеу кезінде меңгерілетін 

білім мен біліктіліктердің оқушылардың психикалық дамуымен байланыста екенін түсінудің мәні үлкен. 

Осы себепті де мектепте жоғарғы сынып оқушыларының бейіндік қабілетін анықтауда психологиялық-

педагогикалық зерттеулерді дұрыс бағытта жүргізу, әрі қолданудың маңызы зор, өйткені бейіндік оқыту 

барысында  оқыту  мен  тәрбиенің  сапасын  арттыруға  өз  үлесін  жастық  деңгейге  сәйкес  оқушылардың 

тұлғалық,  интеллектуалдық  дамуына  ықпал  ету,  олардың  өзіндік  дамуы  мен  анықталу  қабілеттілігі; 

оқушылардың  кәсіби  бейімділіктері  анықталып,  оның  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасалуы;  мектепте 

әлеуметтік-психологиялық ахуалдың жақсаруына жағдай туғызуға әсер ету; оқушыларының мүмкіншілігіне 

сәйкес білім бағдарламаларын меңгеруде психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету; әлеуметтік жағдайдың 

дамуына  психологиялық  талдау  жасау,  әрі  келелі  мәселенің  туындауының  алдын-алу,  шешімін  табуда 

құралдар мен жабдықтар пайдалану; оқушыларының тұлғалық дамуының ауытқуын анықтау, алдын-алу 

жұмыстар жүргізу; психологиялық-педагогикалық сабақтастықтың шарттарын қарастыру, әрі оқушының 

жан-жақты  дамуына  жағдай  тудыру;  оқу-тәрбие  үдерісінде  мұғалімдерді,  оқушыларды,  ата-аналарды 

психологиялық,  ғылыми-әдістемелік  іс-әрекетпен  қамтамасыз  ету;  таным  белсенділігі  мен  деңгейлері 

жеткіліксіз оқушылармен қосымша түзету жұмыстарын  жүргізу т.б. қарастырылады.

Оқушылардың  бейіндік  қабілетін  анықтауда  психологиялық-педагогикалық  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізудегі басты мақсат болып:

-  Тұтас педагогикалық үдерісті психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;



219

- Мектептегі оқушылардың жеке-бастық, психологиялық, әлеуметтік дамуына жағдай жасауын негіздеу;

- Оқушылардың таным белсенділіктері мен психологиялық процестерінің даму динамикасының өсуіне 

жағдай жасауға ықпал ету;

- Оқушылардың бейіндік ерекшеліктерін анықтау мен оның дамуына жағдай жасау болып табылады.

Оқушының бейіндік қабілетін анықтауда қолданылатын психологиялық-педагогикалық диагностикалық 

әдіс-тәсілдер қатарына: сұрақнама, сауалнама, тест, іс-әрекет нәтижесіне талдау, сұхбат, байқау, эксперимент 

және тағы басқа да зерттеу әдістерін жатқызуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда оқушылардың бейіндік қабілетін анықтап, соның негізінде бейіндік 

сыныптарда оқыту келесідей көрсеткіштерге қол жеткізуде мүмкіндік береді: 

- сыныптағы оқушының барлығы бірдей тереңдетілген пәнді оқуға бұрын міндетті болса, енді белгілі 

блоктық жүйенің бірін таңдап, бала қалауымен оқуға мүмкіндік алады; 

- бейіндік пәндерлі таңдау бойынша қабілеті есепке алына оқытылғандықтан, мұндағы оқыту үдерісі де 

тиімді, үйлесімді, сапалы болып шығады. Тереңдетіле құрылған бағдарламаны жақсы игеруге мүмкіндік 

алды. Оқыту сапасы артады

тек жақсы оқитын оқушылар ғана емес оқу қабілеті орта оқушылар да өз мүмкіндігіне қарай белгілі 

бір мамандықтың біріне бейімделе оқытылады; 



-  мұндай  қалауымен  біріккен  топты  оқыту  мұғалім  еңбегіне  жеңілдік  береді,  әрі  оқушының 

қызығушылығы  ескеріліп,  оның  бейімділігі  арта  түседі.  Сөйтіп  болашақта  жоғары  оқу  орнында  оқуға 

мүмкіндігі  бола  бермейтін  шәкірттерге  сұранысқа  ие  алғашқы  кәсіптік  білім  беру  қолға  алынады. 

Оқушының өмірден өз орнын таба аларлық мүмкіндікке ие болуының әлеуметтік мәні бар екені көрінеді.

Бейіндік  оқытуға  оқушыларды  тестілеу,  қабылдауға  арналған  бақылау  жұмыстары,  әңгіме  жүргізу 

негізінде анықталады. Оқушылар дұрыс таңдау жасау үшін, өзінің қабілеттері, қызығушылығы мен бейімі, 

мінезі мен темпераменті туралы не білуі керек? Өзінің кім екенін, кім бола алатынын, кім болғысы келетінін, 

кім болуы керек екенін және алға қойға мақсаттарын қалай іске асыру керек екендігі туралы білуі үшін 

келесідей  әдіс-тәсілдерді  қолдануына  болады:  Кәсіби  қызметтегі  басым  ынтаны  зерттеу  сұрақнамасын, 

Қызығушылық картасы, Дифференциалды диагностикалық сауалнама, Мамандықтар туралы сауалнама, 

Е. Климовтың мамандық түрін таңдау сауалнамасы,  Оқушы мен ата- ананың «Кім боламын» сауалнамасы 

т.с.с.


Жоғарғы сынып оқушыларының бейіндік қабілетін, олардың кәсіпке қызығуы мен білімге қажеттіліктерін 

анықтайтын  психологиялық-педагогикалық  әдіс-тәсілдер  нәтижесі  оқушының  білімін  жалғастыруын 

және тереңдетуін, сондай-ақ бейіндік оқыту бағытын анықтайды, әрі кәсіпалды дамуын қамтамасыз етеді. 

Біздің зерттеу жұмысымыз оқушыларының бейіндік қабілетін анықтауда психологиялық-педагогикалық 

әдіс-тәсілдердің  нәтижесін  қолдану  мектепте  келесідей  мәселелердің  шешімін  табуға  ықпал  етуі  қажет 

екендігін көрсетті, олар:

- бейіндік оқыту мәселесін тереңнен зерттеуді ұйымдастыру (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес 

арқылы), оқушылар мен ата- аналар арасында жүргізу;

- білім беру мен білім алуға деген сұраныстарға диагностика жүргізу;

-  белгілі  бейімділікке  байланысты  оқытуда  арнайы  кабинеттер  мен  оқу  орындарын  даярлау,  құрал- 

жабдықтармен қамтамасыз ету.

-  оқушылардың  кәсіби  бейімділіктерін  анықтау,  психодиагностикалық  жұмыстар  жүргізу,  соның 

негізінде қажетті әдебиеттерді алу;

- элективтік курстарды ұйымдастыру;

- әр оқушының бейімін ескеру мен оның жан - жақты дамуына психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан 

жағдай жасау.

Қорыта келгенде жоғарғы сынып оқушыларының бейіндік қабілетін дер кезінде анықтау, шыңдау мен 

дамытуда психологиялық-педагогикалық негіздерді дұрыс бағытта қолдана білу бейімділікті анықталудың 

негізі болып табылады деп түйін жасауға болады.


220



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет