Использованная литература
1. Государственная программа развития образования на 2011-2020гг.
2. «Руководство для учителя» 2012г.
3. Александер (2004) стр. 151
4. Мерсера и Ходжкинсона (2008) стр.145
5. Вольф и Александер ( 2008) стр. 156
6. Assessment Reform Group, 1999 стр. 163
ЖАҢАШЫЛДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ОҚУШЫНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Нурмагамбетова Н. А.
М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған
дарынды балаларға арналған №8 гимназия
ОҚО, Шымкент қ, Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Аталмыш мақалада оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда мемлекеттік тілдің оқытылуы;
инновациялық технологияларды қолдану барысында бәсекеге қабілетті оқушылардың қалыптастырылуы
сөз етіледі.
Аннотация
В этой статье рассказывается об изучении государственного языка в классах с русским языком
обучения; о формировании конкурентноспособных учащихся в процессе использования инновационных
технологий.
Аbstract
Motivation of students studying activities through a system of exercises The formation of competitive students
on the basis of innovative teaching methods usage
314
«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап,
кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз
инновациялық экономика құра алмаймыз».
Н. Ә. Назарбаев
Қай заманда болмасын адам баласының алдында тұратын ұлы міндеттердің бірі – сапалы, саналы ұрпақ
тәрбиелеу.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыру және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» [3, 1-б] – деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, әрбір мұғалімге ой-өрісін, ізденісін, білімділігі
мен біліктілігін дамытып, жаңа тәжірибе, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігін туындатады.
Жаңа тәжірибе туралы белгілі ғалым И. М. Поташник былай деген екен: «Инновация – оқу бағдарламасын
меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» [6, 31-б].
Ал Н. Ф. Талызина: «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет – сабақ үрдісінде
белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» [7, 7-б], – деген анықтама береді.
Инновациялық әдіс – білім мазмұнын дамыту мен жаңа үрдісті ұйымдастырып қалыптастыруға
бағытталған кешенді іс-әрекет екендігі анық.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың себептері неде?
Біріншіден, қазіргі уақыт – жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен
жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
Екіншіден, жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам
жасауға үйретеді.
Үшіншіден, инновациялық әдістер – бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде
оқушы жадында өздері айтқанның 80 % сақталса, өздері істегеннің 90 % қалады.
Өздеріңіз білетіндей, білімнің ең басты факторы – туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан бастау
алады. Тіл – әр елдің рухани, мәдени, экономикалық бірлігінің көзі, бүгінгі мен ертеңгісін жәдігер ретінде
растайтын, бірлікті қалыптастырушы күші.
Қазіргі таңда «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы – Елбасының тілді оқытушы ұстаздар
алдына қойып отырған басты талабы. Әрине, болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп
тәрбиелеуде егеменді, тәуелсіз елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. Ал қазақ
тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру, жан-жақты
дамытудың бірден-бір жолы – тілді оқытуды, үйретуді тиімді жүзеге асыру, оқыту сапасына қатаң талап
қою, тіл қолданушының өздігінен білім алуын ұйымдастыру, оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау.
Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог, әдістеменің негізін салушы А.Байтұрсынұлы өзінің
«Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі
– бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу.
Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек» [1, 3-б], – деп жазған еді.
Қай әдісті пайдалансақ та, менің әрдайым ұстанатын бағытым: «Ауызша айтылғанды ұмытамын.
Көрсетсең, мүмкін есіме сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» [2, 25-б], – деген қытай даналығы.
Олай болса, өзімнің ұстаздық шеберханамда тиімді нәтижелерге қол жеткізіп жүрген бірнеше
инновациялық технологиялар жөнінде айтып өтейін.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныпта қазақ тілі пәнін оқытатындықтан, барлық сабақтарымның
негізгі мақсаты – оқушылардың сөздік қорын молайту, еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және алған
білімдерін тәжірибемен ұштастыра білуге үйрету. Сабақтарымда Б.Брехттің: «Ең бастысы – адамды ойлауға
үйрету» [2, 14-б],−деген пікіріне сүйеніп, көбінесе, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдіс-
тәсілінің элементтерін қолданамын. Себебі, бұл әдіспен өтілген сабақ оқушыларымның қызығушылығын
тудыратынына, «үнсіз» оқушыларымды оятатынына көзім жетті.
315
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі сол – оқушылар өз алдына
сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасауға үйренеді.
Ең алдымен, сынып оқушыларын шағын топтарға түрлі әдіспен топтастырып отырамын. Мысалы, «Тіл
өнері» атты сабағымда алты түсті парақта «Тілің үшін таяқ жеген кезің болды ма?», «Бала тілі – бал дегенге
қосыламын» сияқты сұрақтар жазылған парақты оқушы санына қарай қиып, араластырып, оқушыларға
таратып бердім. Балалар сұрақ желісін байланыстырып, өз топтарын тауып ала қойды. Балалар сондай
қызығушылықпен өздерінің ойламай айтқан сөздері үшін таяқ жеген сәттерін, кейбірі балалық шағын еске
түсірді. Кішкентай іні-қарындастарының тәтті тілдерін айтысты. Ал «Қазақ шешендіктану ғылымының
қалыптасуы мен дамуы» атты сабағымда Төле, Әйтеке, Қазыбек бидің суреттерін қайшымен қиып, өз
бөліктерін табуды, сурет бойынша әңгімелеуді тапсырдым. оқушылар өз танымдары мен білімдеріне
сәйкес жауап берді.
Әр сабақтың «Қызығушылықты ояту», «Ой қозғау» кезеңінде мен оқушыларға тақырыпқа қатысты
қызықты сұрақтар қоямын. Криптограмма шешкен, өздері ребустар, сөзжұмбақтар құрасырған сәттер
де болған. Мысалы, «Қырық өтірік» ертегісі бойынша өтілген сабақтың қызығушылықты ояту бөлігінде
оқушыларға «Өтірік айтып көрдіңдер ме?», М.Мақатаетың өмірі мен шығармашылығын өткенде, өзінің
«Менің анкетам» өлеңін диалог түрінде үнтаспадан тыңдадық. Ал, «Компьютер жанындағы жанжал» атты
сынып сағатында оқушылардың алдарына тірек символдар, яғни, суреттер (балалар, компьютер, нота,
кітапхана) берілді, балалар берілген суреттерді бір-бірімен байланыстырып, әңгіме құрады.
Оқушы шығармашылығын шыңдау түрлі тақырыптарда Синквейн әдісімен «Бес жолды өлең» құрастыру,
ойтолғау жазу сияқты тапсырмалар да жасадық. Мысалы, оқушыларға М.Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі
бойынша бес жолды тұжырым (Синквейн әдісі) шығаруды тапсырдым:
Үлгі:
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзді сөйлем
Синоним
Жоғарыдағы үлгі негізінде Бота есімді оқушым төмендегідей бес жолды өлең шығарды:
Фантазия
Бай, ұшқыр-ай
Шарлатып, шарықтатып, шалқытады-ай!
Адам фантазиясы шексіз бай.
Қиял-ай...
Сабақта Венн диаграммасы, Кубизм, Соңғы сөзді мен айтайын стратегияларын да, оқытуда проблемалық
жағдаяттар енгізу сияқты тапсырмалар да көптеп орындалады.
Мысалы: «Эвфемизм» тақырыбын өткенде, Венн диаграммасы оқушылар табу мен эвфемизмнің
ортақ қасиеттері мен ерекшеліктеріне талдау жасаса, Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең, табылады»
әңгімесі желісінде сабақ өткенде, Кубизм стратегиясы бойынша І топқа – әңгімеге жоспар құру, ІІ топқа
– кейіпкерлерге мінездеме жасау, ІІІ топқа – Ы.Алтынсариннің өзге әңгімесімен салыстыру сияқты
тапсырмалар берілді.
Бірде Шешендік өнер бойынша «Балдан тәтті не бар?» мәтінімен таныстық, онда «Балдан тәтті бала
бар, қылыштан өткір тіл бар, удан ащы әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз бар», − деп жазылған болатын.
Енді мен балаларға әркім өз дәптеріне дәл осы сұрақтарға «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы
бойынша жауап жазуды тапсырдым. Әрине, балалардың ішінде жаттанды «Балдан тәтті – ананың сүті,
қылыштан өткір – әкенің алақаны...» сияқты жауаптар болды. Алайда, мен оқушылардан өзім күтпеген
жауаптарды да естіп, тәнті болдым. Аня есімді оқушым: «Мен үшін балдан тәтті – балалық шағым,
кішкентай кезімде әкем орныма көтеріп жатқызу үшін, өтірік ұйықтап қалатынмын; қылыштан өткір
әкенің ренжігені деп түсінемін, себебі бір жолы әкемді ренжітіп, екі күн сөйлемей қойған, ал удан ащы
316
жақын адамның сатқындығы, өз басымнан сондай жағдай өткен», − деді. Бұл тапсырма бізді тек тілдік
қарым-қатынасқа ғана емес, ынтымақтастық қатынасқа да түсірді.
Тура осыған ұқсайтын «Ел бастау қиын ба? Қол бастау қиын ба? Сөз бастау қиын ба?» деген сұрағыма
Қанат есімді оқушым: «Сөз бастау қиын. Себебі, сөз бастай алған адам елін де, әскерін де өз айтқандарына
сендіріп, ел де, қол да бастай алады», - деп жауап берді.
Мұғалімнің дарыны оқушыларына теориялық білім ұсынуында емес, керісінше балалардың өз бетінше
ақпарат жинауын, оларды талдауын және тапсырманы шығармашылық тұрғыда орындауға ұмтылысын
туындату. Сондықтан, әр сабақта балалар шығармаларды, кейіпкерлерді салыстырады, бір шешімге келеді,
түрлі тақырыптарда ойтолғаулар жазады, топтық тұсаукесер және жеке жобалар қорғайды. Мысалы, қазақ
әдебиетінің әр сабағында оқушылар белгілі бір әдебиетші және оның шығармасы бойынша талдау, қорғау
жұмыстарын жасайды.
Әрине, тіл практикада жетілетіні баршамызға аян. Сондықтан, қазақ тілі сабағында біз оқушыларман
пікірталас, дебат ұйымдастырдық. Пікірталас мынадай тақырыпта өрбіді:
«Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл статусына лайық па?
Осы бағыттағы елдегі нәтижелі жұмыстар қандай деп ойлайсыз?
Қандай түйткілді мәселелер бар?
Мәселелерді шешудің жолдары, нәтижелері қандай?
Ал дебат тақырыбы - «Компьютер заманында шешендік өнер қажет пе?». Оқушылардың бірі қазіргі
ғылым мен техниканың дамыған уақытында шешендік өнердің қажеті шамалы десе, екіншілері адами
ізгілікті, құндылықты дамыту үшін, шешендік өнер қажет деп жатты.
Оқушылардың рефлексияларын оқу арқылы бірлескен жұмыс, берілетін ақпаратқа сыни тұрғыдан қарау
оларға білімнің жаңа көкжиегін ашуға көмектесетініне, оқушылардың мейлінше ашық, өздеріне сенімді
болатынына көзім жетті. Жалпы, инновациялық технологияларды сабақтарымда пайдалану оқушылардың
жалпы грамматикалық әрі танымдық білімдерін өмірмен ұштастыруға жетеледі, оң нәтиже берді.
Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттыратын басты құрал.
Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа тәсіл болып есептеледі. Әрбір оқушының сабаққа
қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әр түрлі. Сондықтан да, оқушылардың осы топтарына
әр түрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын
тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды белсенділікпен
орындайды. Олардың қызығушылықтарын тудыратын ойындардың бірі – дидактикалық ойындар.
Сабақта мәтін бойынша «Даналық ағашы», «Шеңбер бойымен әңгімелеу», «Қазымыр оқушы»,
«Көкпар», «Пікірталас», «Мәтін құра», «Өз жұбыңды тап» сияқты көптеген ойындар ойналады.
Мысалы: «Үш бидің жер бөлуі» мәтіні бойынша «Даналық ағашы» ойынын ойнадық.
Ойынның шарты бойынша оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шықты.
Сосын әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазды. Менің қолымда қоржын болды,
соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салды. Оқушылар мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шықты. Әр
оқушы қоржыннан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруге тырысты.
Ойын арқылы оқушылардың бұған дейін алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың
ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін шыңдау, оқуға белсенділігін
арттыру мақсаты алға қойылды және сол көздеген мақсатқа жете алдық деп ойлаймын.
Ойын арқылы оқушы нені меңгерді?
1. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік алды.
2. Уақытты үнемдеуге үйренді.
3. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан жауапкершілікті талап етті.
4. Оқушыға жағымды жағдай туындады.
5. Логикалық ойлау қабілеттері дамыды.
Қорыта келгенде, мен төмендегідей тұжырымға келдім. Бұрындары өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар
үрдісімде мен төмендегідей әдістерді қолданатынмын.
317
Менің іс-әрекетім :
1. Тақырыпты түсіндіремін;
2. Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіремін;
3. Шығарманың идеясын анықтаймыз, талдаймыз;
4. Шығарма жазуды тапсырамын.
Оқушылардың іс-әрекеті:
1. Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды.
3. Сабақты мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолданғаннан бастап,өткізілген сабақ үрдісіндегі өзгерістер
және оң нәтижелер төмендегідей болды.
Менің іс-әрекетім:
1. Топқа бөліп, ой қозғаймын;
2. Тақырыпты ашуда қызықтырып бағыттаймын;
3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтауды, зерттеуді ұсынамын;
4. Образдылық ерекшелігін тануға бағыттаймын, орнына өздерін қойып қарайды, салыстырады;
5. Ойларын жазуды ұсынамын;
6. Қорытынды жасауға бағыттаймын.
Оқушылардың іс-әрекеті:
1. Топтарда жұмыс жасайды;
2. Мәтінмен өздері танысады;
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды;
4. Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді;
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді;
6. Тұжырымдама жасайды.
Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте көп, оқушылардың
қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз өз оқушыларына ыңғайлысын
қолдана білуден ұтады.
Теориялық тұжырымдар әрдайым әдістеменің озық сарайынан өтіп жатса, оқыту сапасы да жақсарған
үстіне жақсара түседі.
Олай болса, оқыту әдістемесіне қосылған жаңалықтарды зерделей отырып, оны орынды, тиімді
пайдалана білетін, психологиядан, педагогикадан, методикадан білімді ұстаздар ғана бәсекеге қабілетті
тұлғаны қалыптастыра алады деп ойлаймын.
Мақаламды Н.А. Некрасовтың:
Адамның еркі мен еңбегі
Тудырар небір кереметтерді! [4, 1-б] −деп аяқтағым келеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Байтұрсынұлы А. «Қай әдіс жақсы?», «Жаңа мектеп», 1928
2. Даналардан шыққан сөз. Алматы, «Мектеп», 1987
3. ҚР Білім туралы Заңы – edu.gov.kz|fl eadmin|user_uploa…
4. Нақыл сөздер – Massaget.kz
5. Н. Ә. Назарбаевтың Халыққа Жолдауы
6. Поташник М.М. Требования к современному уроку: Методическое пособие. М.:Просвещение,
2008,-175с.
318
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ ТИІМДІЛІГІ
Нұрқайдарова Г.Б.
№44 орта мектеп; Қарқаралы қаласы
Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Баяндамада физика пәні бойынша білім сапасын көтеруде жаңа технологияның ерекшелігі негізге
алынған. Сапалы білім беру жолдары жан – жақты жоғары деңгейде көрсетілген.
Аннотация
В докладе обоснованы преимущества новых технологии в процессе обучения предмета физики. Указаны
пути достижения выского качества обучаемости.
Abstract
This report based on advantages of new technology in a processing of studying physics. The author show the
way of achievement of high quality instruction.
ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму
деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда
жаңа технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің
тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық
өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында «Адам – мемлекеттің басты
байлығы» - деп атап көрсеткен. Мемлекеттің стратегиялық жаңаруын іске асыру қазақстандықтардың
білімділік деңгейіне, әлеуметтік және салауаттылық көңіл-күйіне байланысты, бұл міндеттерді тек кәсіби
құзіреттілігі жоғары педагогтар мен білімді оқушылар ғана шеше алады.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде
өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға
икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Мұғалім –
оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін
бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін,
оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл
тұлғаны талап етеді.
Осындай мақсатты алға қойған мектептің бірі - Қарқаралы қаласындағы №44 орта мектеп. Мектеп
мұғалімдері ақпараттық технология құралдарын оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелеу
мақсатында жан – жақты пайдалануда. Оқыту барысында электронды оқулықтарды, интернет желісімен
жұмыстарды тиімді қолданып келеді. Оқушының әр жетістігін бағалап, шабыттандыру арқылы өз әрекетіне
бақылау жүргізіп, талдап, оған анализ жасауына ықпал етуде. Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың
бейімділік деңгейін анықтап, олимпиадаларға , сайыстарға , интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс)
клубына, ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау,
жоба қорғау), оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына
қатысуға іріктеп алынады. Мектепте 1 мультимедия, 1 мультимедия-лингафон кабинеті, физика, биология
кабинеттері жабдықталған, 3 интерактивті тақта жұмыс жасайды. Компьютерлер “Megaline” интернет
желісіне қосылған. Қазақ тілі, биология, физика, тарих, математика, география, химия, ағылшын тілі
пәндерінен және бастауыш сыныптарға арналған 70-тен артық электронды оқулықтары бар
Мектеп ұстаздары жаңа жетілдірілген оқыту түріне электронды оқулықтарды, журналдарды,
319
электронды планшеттерді, оптикалық карталарды, дискілермен жұмыс, есептеу, гипермәтіндер, аударма
жасау, сөздіктер, интерактивті жүйелермен жетік жұмыс жасайды.
2007-2008 оқу жылының қазан айында мектебімізге стандарт талабына сай жаңа буындағы физика
кабинеті берілді. Кабинет жалпы мектеп курсында жасалынатын зертханалық жұмыстар мен практикалық
жұмыстардың құрал – жабдықтары, электронды оқулықтары, тақырыптарға арналған слайдтар және толық
компьютермен жабдықталған. Білім стандартында физиканың негізгі теориялық және эксперименттік
зерттеу тәсілдеріне, тәрбиелік және дүниетанымдық мазмұнына үнемі көңіл бөліп отыру көзделген. Негізгі
білім мазмұнын және оны жүзеге асырудың құрылымын оқулық берсе, осы оқулықпен біріге отырып
белгілі біртұтастықты құрайтын оқу құрал – жабдықтары игерту тәсілдерін нақтылап және саралайды.
Физикадан оқу әдістемелік жүйенің негізгі бөліктері мынадай:
1. оқулықтар
2. әдістемелік кітаптар
3. есептер мен жаттығулар
4. дидактикалық материалдар
5. көрнекілік жабдықтар
6. қосымша оқу материалдары
7. зертханалық жұмыстарды
Осы уақытқа дейін қолданып келген «дәстүрлік оқыту» артта қалды. Дәстүрлік оқытуда сабаққа
кіргенде екі –үш оқушыдан сабақ сұрайсың, жаңа сабақты толығымен түсіндіресің, яғни сабақтың басым
бөлігінде мұғалімнің іс – әрекеті болады. Мұндай кезде оқушылар өздігінен әрі қарай дамуы, ізденуі,
пікір талыстыруы тағы басқа жайлары қолданылмай қалады. Сондықтан оқушылар анықтама, формула
жаттаумен шектеліп қалады.
Қазіргі уақытта сабақта ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану - жалпы білім беруді
дамытудың басты бағыттарының бірі. Сабақта компьютерді дұрыс қолдана білу, сонымен қатар электронды
оқулықтарды тиімді қолдана білудің үлкен тәжірибелік маңызы бар. Электронды оқулық – ғылыми –
педагогикалық құрал. Ол теориялық материалды өз бетімен оқуға, үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді,
сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі денгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға
мүмкіндік береді. Қазіргі таңда компьютерлік оқу үрдісінде «интерактивті тақтамен» жұмыс істеуқолға
алынып отыр. Бұл тақтаның тиімділігі мынада:
- тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді;
- әрбір жеке тұлғаның білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік
береді.
Бұл біріншіден, әр түрлі себеппен сабаққа келмей қалған оқушының өтілген материалды компьютерден
оқып, ізденіс жасауына, білім алуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, дербес компьютерді қолдану, пәнге қызығушылығын туғызады, әрі келесі сабақтарды
менгеруге жетерлік білімдері жинақталады.
Үшіншіден,білім деңгейін әртүрлі оқушылардың жаңа сабаққа қатысты даярлығы шамаланады.
Төртіншіден, оқушы компьютер арқылы сабақтың жалпы қисынды құрылымын біле отырып модульді
тапсырмаларын орындауды алдын ала жоспарлай алады.
Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне
құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру
арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс
деп қарауға болады.
Арнайы пәндер сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану [2]
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5%-ын және көргенін 20%-ын есте сақтайтыны белгілі. Аудио –
және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % -ына дейін арттырады.
320
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы
жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен
жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің
болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша
ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Сабақ барысында дәстүрлі сабақтағы кемшіліктер пен жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
кезіндегі артықшылықтарын салыстырсақ:
Дәстүрлі жағдайдағы мектеп
Ақпараттық технологияны қолданған мектеп
Бормен тақтаға жазылған сызба - кескінді
жан – жақты түсіну қиын
Интерактивті тақтада түрлі – түсті айқын, ұқыпты
кескінділермен сызу оңай, ыңғайлы
Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі
қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын
әрі мүмкін емес.
Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе
құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың
таңғажайып
процестерімен
әр
түрлі
тәжірибе
нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді
Дайын
білімді
хабарлайды,
оқушы
орындаушы, мұғалім басқарушы болады
Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы
тексеру ұтымды, тиімді
Оқушылардың таным қабілеттері және жас
мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды
Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық
құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыруға болады
Сыныптағы оқушылар құрамының әр кез
тұрақты болуы;
Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де
ықпалы зор.
Сыныптағы сабақ оқулыктарға негізделген,
құрастырылған кестемен жүргізіледі
Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада
түзетуге болады
Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы
Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыр
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Сабақтың өнімділігі артады
Осыдан жұмыс барысындағы мұғалім мен оқушы әрекетіндегі байқалатын өзгерістер.
Мұғалім
Оқушы
Жұмысқа деген ынтасы, кәсіби шеберлігі артты,
зерттеу жұмыстарға машақтанады.
Оқуға деген ынта - жігері артты.
Төмендегідей нақты өлшеуіштер пайдаланады.
• П.Маскердың;
• Ж.Қараевтің;
• Блум жүйесін;
• Деңгейлік тапсырмалар;
облыс, республика көлемінде өткен авторлық
бағдарламалар байқауларына қатысып жүделі
орындарға ие болды
Авторлық бағдарламалар экспериментке қойылды
Ойлау өрісі кеңейді. Зерттеу жұмыстарға
машықтанды
321
облыс, республика көлемінде өткен авторлық
бағдарламалар байқауларына қатысып жүделі
орындарға ие болды
облыс, республика көлемінде өткен байқаулар
мен олимпиадаларға ынталы оқушылар саны
көбейді
Өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы
шәкірттерін бағалауы
Болашақ мамандығын таңдауда оқушы бағытын
анықтай ала отыр
Болашақ әлемнің тізгіні білімнің қолында [ 1,бет.5]
Өз тәжірибемде осындай тұжырымдарды байқай отырып, дәстүрі сабақ өтілген 2006-2007 оқу жылында
пән бойынша білім сапасы 30-40%-ын құраса, ақпараттық технологияларды пайдалану барысындағы 2011-
2012 оқу жылында білім сапасы 80-90%-ға дейін апаруға болатынына көз жеткендей болды.
Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер
мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері
үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. Жаңа педагогикалық технологияның
ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Ол үшін білімді инновациялық
деңгейге жеткізу, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу қажет. Ал
бұл тікелей мұғалімнің шеберлігінде. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы
– өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |