Имашева турсынай бахытжановна



бет15/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Бейімделуді талдау проблемасы қоғамдық құбылыс ретінде Э.Ф. Зеера, Е.А. Климов, И.А. Милославова, В.И. Селиванов, В.А. Сластенин және т.б. еңбектерінде жарық көрді. Социологиялық түсінікте бейімделу жеке тұлғаны, ол өзі жататын ортаның (микроортаның) және тұтастай алғанда қоғамның әлеуметтік тәжірбиесін игеру негізінде осы әлеуметтік ортада болып жатқан, қызметтің белгілі түрлеріне қатыстыру. Басқа сөзбен айтқанда, бейімделу, ол тиесілі ортаның жеке бас әлеуметтік тәжірбиесін игеруден басқа ештеңе емес. Қарастырылып отырған мәселеде – бұл студенттердің жоо өміріндегі және қызметіндегі жаңа талаптарға бейімделуі.
Психологияда бейімделудің екі негізгі түрін ажыратады: конформды және конформды емес. И.А. Милаславованың пікірінше, бұл екі полюс шығарылмайды, бірін-бірі толықтырады. Конформды реакциялардың көмегі арқылы адам оның тіршілік әрекетіне қажетті стандарттарды, қабылдау сереотиптерін және мінез-құлықты қалыптастырады. Сонымен қатар бейімделу процесі жеке тұлғаның жаңа жағдайларға қарапайым бейімделуі емес, бұл жеке тұлғаның белсенділік моментінен тұратын және оның құрылымындағы белгілі бір ауытқулармен бірге жүретін, күрделі қарама-қайшы процесс [77].
Жеке тұлғаның тіршілік етуінің негізгі компоненті кәсіби қызмет болғандықтан, кәсіби бейімделуді бөліп көрсетудің маңызы бар, ол, В.А. Сластениннің пікірінше төрт кезеңге ие:
1) жалпыға білім беретін мектепте еңбекке дайындау;
2) мамандықты таңдау;
3) мамандыққа даярлау;
4) еңбек қызметінің басталуы.
Студенттің бейімделу процесін талдай отырып, онымен «кәсіби қызметті және маманның әлеуметтік ролін белсенді игеру» түсініледі, Э.Ф. Зеер оның келесі компоненттерін бөліп көрсетеді: жеке тұлғаның кәсіби бағыттылығымен шартталған, кәсіби қызметке психологиялық және адамгершілік дайындығы; кәсіби-педагогикалық тәжірбиесі; жеке тұлғаның жаңа әлеуметтік рольді игеруі.
Студенттердің жоо талаптарына бейімделудің үш формасын ажыратады:

  • формалды, жаңа ортаға, жоғары мектептің құрылымына, ондағы оқудың мазмұнына, оның дәстүрлеріне, өзінің міндеттеріне танымдық-ақпараттық бейімделуіне қатысты;

  • қоғамдық, яғни, бірінші курс студенттерін топтарға іштей біріктіру және осы топты тұтастай алғанда студенттік ортамен біріктіру процесі;

  • дидактикалық, жоо оқу жұмыстарының әдістеріне және жаңа формаларына дайындауға қатысты.

Студенттердің жоо талаптарға бейімделу процесі – сан қырлы.
Бейімделу кезеңі мамандықты таңдауда кәсіби дәлелдер болғанда анағұрлым сәтті өтеді.
Болашақ әлеуметтік педагогтың өзін-өзі кәсіби дамытуының біздің бөліп көрсеткен келесі мүмкіндігіміз – студенттердің өздік жұмысы.
Білім алушы студент үшін мамандыққа жақсы даярланған, өздік жұмыс, қызмет және тіл табысу дағдыларын игерген адам ғана нарық жағдайында табысты адам бола алатындығын жете түсінуі қажет; еңбектің жаңа талаптарына бейімделу қабілетіне ие, бәсекеге қабілетті, мобильді маман». Сөйтіп, әлеуметтік педагогтарды дайындаудағы маңызды міндеттердің бірі болашақ мамандарда дербестікті дамыту қажет. Е.М. Зайко дербестікті маман қызметіндегі кәсіптік және әлеуметтік-кәсіби міндеттерді ойдағыдай шешу үшін қажетті тұлғаның әлеуметтік-кәсіптік сапасы ретінде, ал дербестікті дамытуды «студенттің, олардың бөгде адамның көмегінсіз болашақ кәсіби қызметтің негіздеріне қол жеткізу іскерлігінің сыртқы және ішкі бірізді сапалы өзгеру процесі» ретінде анықтайды [78].
В.Б. Бондаревский дербестік деп «проблемалық-танымдық тапсырмалармен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар жүйелерін шешу, қосымша әдебиеттерді терең оқуды талап ететін, барлық оқу пәндері бойынша баяндамаларды, хабарламаларды және рефераттарды дайындау, тәжірбиелерді, эксперименттерді, бақылауларды, салыстыруларды өткізу және түрлі фактілерді салыстыру» деп түсінеді [79].
Осыны басшылыққа ала отырып, болашақ әлеуметтік педагогтардың өздік жұмысының міндетін студенттердің әлеуметтік педагогика саласындағы осы жұмыс түрінің мәні мен ерекшелігі туралы біліммен қаруландыру, оларда өздігінен білім алу, терең теориялық білімдерді, кәсіптік іскерліктерді және дағдыларды игеру мақсаттарын құру, таңдаған мамандықтарына қызығушылығын қалыптастыру.
Егер дербестікті жек тұлғаның қасиеті ретінде қарастырсақ, онда оның сыртқы және ішкі белгілерін шартты түрде бөліп көрсетуге болады: Дербестіктің сыртқы белгілеріне В.В. Городецкая мыналарды жатқызады:

  • студенттердің өз қызметін жоспарлауы;

  • тапсырманы педагогтың тікелей қатысуынсыз орындау;

  • орындалып жатқан жұмыстың барысын және нәтижесін жүйелі түрде өздік бақылау, оны кезекті түзету және жетілдіру;

  • жаңа білімдерді игеру үшін жаңа тәсілдерді таба білу шеберлігі;

  • бар білімді және әрекет ету тәсілдерін жаңа жағдайларда қолдану шеберлігі;

  • алған білімді практикада қолдану шеберлігі [80].

Дербестіктің ішкі белгілеріне мыналарды жатқызады:

  • талап-уәждеу ортасы;

  • басқаның көмегінсіз мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, студенттердің ақыл-ой, физикалық және адамгершілік-еріктік күштері.

Өкінішке орай, М.И. Дьяченко және Л.А. Кандыбовичтің жалпыланған мәліметтері бойынша студенттердің 45,5% өз жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмайтындықтарын мойындайды; сұралғандардың 65,8% өз уақытын бөле алмайды; 85% оны бөлу қажет деп ойламайды. Тіпті студенттер өз беттерінше жұмыс жасай алған жағдайдың өзінде қажетті оқу ақпаратты қабылдау, ұғыну, қайта өңдеу және түсінік беру оларға 1 және 2 курста айтарлықтай қиындық туғызатынын айтады.
Осы фактінің себептерінің бірі, біздің ойымызша, өзінің кәсіби қызметіне деген ұйымдастырылмаған уәждеме болып табылады. Біз екі негізгі міндетті бөліп көрсетеміз, олар студенттерде болашақ мамандығына деген қызығушылығын және уәждемені дамытуға көмектеседі: өздік жұмыс және психологиялық-педагогикалық өздігінен білім алу жүйелерін ұйымдастыру.
Дербестіктің даму деңгейін анықтайтын, критерийлер ретінде Е.М. Зайко келесілерді бөліп көрсетеді:

  • гуманитарлық пәндер білімінің икемділігін, тереңдігін, нақтылығын, жалпыланғандығын, саналығын, жүйелігін байланыстыратын когнитивтік критерийлер;

  • студенттердің жауапкершілігін, өз-өзін ұйымдастыруын, өзін-өзі бақылау қабілетін, табандылығын, тәртіптілігін көрсететін жеке бас критерийлер;

  • білімнің толықтығын көрсету, талдау, салыстыру, жалпылау, алған білімді практикада қолдану, қызметтің құрамды элементтерін пайдалану, операцияларды кезекті орындау іскерлігінен тұратын қызметтік критерийлер.

Студенттердің өздік жұмыстарының жұмыс жасау тиімділігін арттыру проблемасына арналған көптеген зерттеулерде жұмыстың аталмыш түрінің табыстылығына септігін тигізетін келесі шарттар көрсетілген: жоғары ақыл-ой жұмысқа қабілеттілік, ол жұмыс ырғағына, оның бірізділігіне, жүйелілігіне, еңбек пен демалысты икемді алмастыруға байланысты; ақпаратты алуға және игеруге дұрыс мақсат қою; шабыт немесе ерікті күшейту; проблеманы дербес шешу; мазмұнның қиындығын меңгеру табандылығы.
Осыған орай өздік жұмыстың келесі міндеттерін бөліп көрсетуге болады:
1) студенттерде өздік оқу, ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
2) студенттердің кәсіптік ғылыми және практикалық қызығушылықтарын дамыту және тереңдету;
3) болашақ әлеуметтік педагогтарда кәсіби маңызды сапаларды, білімдерді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру;
4) студенттің жеке басының үйлесімді шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау.
Жоғары оқу орны студенттерінің өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарға сәйкес студенттердің өздік жұмысы мынадан тұрады:

  • дәрісханалық сабаққа (дәрістерге, практикалық, семинарлық, зертханалық және т.б.) және тиісті тапсырмаларды орындауға дайындау;

  • оқу-тақырыптық жоспарларға сәйкес оқу пәндерінің жеке тақырытарымен өздік жұмыс;

  • практиктер қарастырған тапсырмаларды орындау және практикаларға дайындау;

  • жазбаша бақылау және курстық жұмыстарды орындау;

  • бақылау сынақтарының барлық түрлеріне, соның ішінде курстық, циклдік және кешенді емтихандарға және сынақтарға дайындау;

  • қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындықты, соның ішінде бітіру біліктілік (дипломдық) жұмысын, магистрлік диссертация орындау;

  • студенттердің ғылыми қоғамындағы, үйірмелердегі, семинарлардағы және т.б. жұмыстарды орындауы;

  • факультативтер, арнайы семинарлар жұмысына қатысу және т.б.;

  • кафедралардың, факультеттердің және ЖОО басқа да оқу-ғылыми бөлімшелерінің ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмысына қатысу;

  • ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, конгрестерге және т.б. қатысу;

  • ЖОО, факультет, кафедра және студенттердің өзін-өзі басқару органдары ұйымдастыратын және жүзеге асыратын басқа да қызмет түрлері.

Болашақ әлеуметтік педагог қандай кәсіби және өмірлік кезеңінде болмасын ол өзінің білім алуын аяқталды ал, өзінің кәсіби тұжырымдамасын осымен қалыптасты деп есептемеуі керек. Кез келген әрбір болашақ маман өзінің шеберлігін арттырудың маңызды аспекттерін өз анықтайды. Сонымен қатар ол өздігімен білім алу ол өзін-өзі дамытудың кепілі екенін естен шығармауы тиіс [81].
Осылайша өзіндік жұмыс барысында алынған біліктіліктер мен қабілеттер және өзіндік жұмыспен айналысуға деген ынта-жігер болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы үшін өте жақсы негіз бола алады деген қорытынды жасауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет