Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Тәрбиенің негізі – имандылық
«Күйеуінің рұқсатынсыз оның дүние-мүлкінен ешкімге 
ештеңе бермеу» екендігін түсіндіріпті»
213

Мәдина 
кезеңінің 
алғашқы 
жылдарында 
мұсылмандар  қатты  қиналғанда,  әйелдер  алтын, 
күмістен  жасалған  жүзік,  сырғаларын,  алқаларын 
Пайғамбарымызға  әкеп  табыстап,  мұсылмандарға 
көп  көмек  көрсеткен
214
.  Бұл  да  әйелдердің  дін  үшін 
барлық жанқиярлыққа бара білген ықыластылықтарын 
дәлелдеуде.
Әйелдер қажет кезде батыл мінез танытып, ер са-
хабаларды қолдап соғыстарға да қатысқан. Дұшпаннан 
қаймықпай,  небір  мықты  ерліктер  көрсеткен. 
Пайғамбарымызды қорғаған. Оған мына төмендегі мы-
салдар дәлел. 
«Ислам  тарихында  «екінші  Ақаба  серті»  деп 
аталған келісім кезінде Мәдинадан Меккеге Аллаһ ра-
сулын өз жерлеріне шақырып, көмек жасауға серт бер-
ген 75 кісінің арасындағы екі әйелдің бірі – Несібе де-
ген атпен танылған Үмму Умара еді.
Үмму  Умара  –  Пайғамбарымыздың  Мәдинаға 
мұғалім  етіп  жіберген  парасатты  сахабасы  Мусғаб 
ибн Умәйрдің себепкерлігімен мұсылман болған, има-
ны берік әйел сахаба. Ол дін жолында шыбын жанын 
пида  етуге  әзір  болатын.  Қанқұйлы  Ұхұд  ұрысында 
Пайғамбарымызға  берген  сертінде  тұрып,  әйел  басы-
мен шайқасқа қатысып, теңдессіз ерлік көрсетті. 
Жаужүрек  Несібе  бұл  шайқасқа  күйеуі,  екі 
баласымен  бірге  қатысты.  Шайқастың  басында 
213
  Ш.  Әділбаева.  Алғашқы  мұсылман  қоғамындағы  әйелдер. 
Конференция материалы. 
214
  Ш.  Әділбаева.  Алғашқы  мұсылман  қоғамындағы  әйелдер. 
Конференция материалы. 


160
Ислам және өнеге
мұсылмандардың  күші  басым  болғанмен,  Аллаһ 
елшісінің  әмірін  ұмытып  орындарын  тастап  кеткен 
оқ  атқыштардың  қателіктерінен  мұсылмандар  ауыр 
шығынға ұшырады. Осы тұста Аллаһ елшісінің (с.а.с.) 
маңындағы  сахабалардың  біразы  шейіт  болып,  оның 
айналасында  өте  аз  адамның  қалғанын  көрген  бұл 
қаһарман әйел Аллаһ елшісіне зиян тиіп кетпесін деп, 
оны қорғауға ұмтылды. Көзіне қан толған мүшріктерден 
Аллаһ  расулын  шамасы  жеткенінше  қорғауға  тыры-
сты.  Пайғамбарымыз:  «Ұхұд  күні  оңыма  да,  солыма 
да  қарағанымда  Үмму  Уммараның  өліспей-беріспей 
шайқасып  жатқанын  көрдім»,  –  деп  оның  ерлігін 
дәріптеген.
Осы  шайқаста  баласы  жараланды.  Ол  баласының 
қолын  дереу  таңып,  оған:  «Балапаным,  кәне,  Аллаһ 
расулының (с.а.с.) алдында шайқасып, оны дұшпаннан 
қорға»,  –  деп  өз  баласын  Аллаһ  расулының  (с.а.с.) 
жолында  шайқасуға  жұмсады.  Несібенің  өзі  де  бұл 
шайқаста  қатты  жарақат  алған  еді.  Ұрыс  кезінде  азу-
лы  мүшрік  Ибн  Камия  Пайғамбарымыздың  жүзін 
жарақаттап,  екі  тісін  сындырды.  Пайғамбарымыздың 
қан  жауып  кеткен  жүзін  көргенде,  жауыз  мүшріктің 
жанын  жаһаннамға  жөнелтуге  асыққан  Умму  Умара 
оған қылышын сермейді. Алайда екі қабат сауыт киіп 
алған дұшпанына бұл шыбын шаққан құрлы да болмай-
ды.  Ибн  Камия  ұрыста  тұрысты  білмейтін  Несібенің 
иығын  семсерімен  сойып  түседі.  Басқа  сахабалар 
ержүрек  әйелге  жәрдемге  үлгеріп,  жанын  аман  алып 
қалады. Оның жарақат алғанын көрген Аллаһ расулы 
Абдуллаһқа:  «Анаңның  жарақатын  таң»,  –  деді.  Шы-
бын жанын шүберекке түйіп шайқасқан бұл отбасына: 


161
Тәрбиенің негізі – имандылық
«Аллаһ  сендердің  отбасыларыңа  мейірім-шапағатын 
жаудырсын!» – деп дұға етті. 
Мұны естіген Үмму Умара шабыттана түсіп: «Уа, 
расулаллаһ!  Аллаһтан  жаннатта  бізді  өзіңмен  көрші 
етсін  деп  тілеші»,  –  дейді.  Бұл  бақытты,  жаужүрек 
әйелдің  көңілін  қалдырмай,  алақанын  көкке  қаратып, 
ол: «Уа, Жасаған ием, бұларды жаннатта маған қоңсы 
әрі жолдас ет», – дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл 
дұғасын  естіген  Умму  Умараның  төбесі  көкке  жетіп: 
«Бұдан кейін басыма қандай қиындық келсе де, көтеріп 
алуға мен әзірмін», – деп Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген 
сүйіспеншілігін жеткізді.
Осы кескілескен шайқаста қаһарман Үмму Умара 
он үш жерінен жарақат алды. Иығынан алған жарақаты 
жыл бойы жанын қинап әрең жазылған еді. 
Үмму Умара Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тұсында 
Ұхұд  соғысынан  басқа  Хайбар  және  Хунәйн  ұрыс-
тарына да қатысты»
215

Сол қиян-кескі шайқастан тағы бір мысал берейік. 
«Ұхұд  шайқасында  мұсылмандар  жеңіліске 
ұшырады, расулаллаһ шейіт болды деген хабарды ести 
сала,  екі  өкпесін  қолына  алып,  соғыс  алаңына  барған 
қаһарман әйелдердің бірі – Сүмәйра (р.а.) еді. 
Ұхұд шайқасына қатысып қаһармандық танытқан 
асыл ерлердің қатарында Сүмәйраның күйеуі, бауыры 
және  баласы  бар  еді.  Ұхұд  шайқасында  бұл  үшеуі  де 
шейіт болып, денелерінен сау-тамтық қалмайды. Соғыс 
алаңына келген Сүмәйраға сахабалар көңіл айтып, са-
быр тіледі. Алайда ол: «Аллаһ расулы қандай күйде?» 
–  деп  сұраумен  болды.  Сахабалар  Аллаһ  елшісінің 
215
  А.  Әділбаев.  Саңлақ  сахабалар.  Алтын  қалам  баспасы. 
Алматы, 2005.


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет