Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет51/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

марифәтис-сахабә, VII-том, Каир, 1970. Б. 84-85. 


157
Тәрбиенің негізі – имандылық
Руқия,  Зейнеп,  Үммү  Күлсім  және  Фатима  да  Ислам 
дінін қабылдаған
207

Қыздары Пайғамбарымызды қатты жақсы көретін. 
Аяулы әкелерін қорғау үшін өжет мінезге де баратын. 
Бір  күні  Пайғамбарымыз  Қағбада  намаз  оқып  тұрған 
кезде, Әбу Жәһил бастаған бір топ мүшрік бұқпантайлап 
келіп, мүбәрак басына түйенің жемтігін қотарып, айыз-
дары  қана  сыртынан  әжуалап  күліп  жатты.  Олардың 
мазақтаған дөрекі дауыстарын естігенде, Фатима (р.а.) 
жанұшыра  жүгіріп  келіп,  мүшріктерге  жер-жебіріне 
жете  ұрысты.  Жылап  тұрып  әкесінің  үстінен  аққан 
малдың  қан-жынын  тазалады.  Әлгілердің  аузына  құм 
құйылып, дереу күлкісін тыйды
208

Дін  жолындағы  осындай  табанды  ерліктері  мен 
қажырлы  еңбектерін  бағалап  Пайғамбарымыз  бірде: 
«Осы  дүниеде  де,  ақыретте  де  құрметке  ие  болатын 
төрт әйел бар: Имранның қызы – Мәриям, перғауынның 
жары – Әсия, Хуайлидтің қызы – Хадиша, Мұхаммедтің 
қызы – Фатима», – деген еді
209

Ислам  тарихында  алғашқы  шейіттің  де  әйел  кісі 
болғаны баршамызға мәлім. Исламды жарыса қабылдап 
жатқандардың  көпшілігін  әйелдер  құраған.  Айталық, 
Әбу  Бәкірдің  (р.а.)  үйінің  қасына  келіп,  іштен  дауы-
стап  оқылған  Құранға  құлақ  түретіндердің  де  біразы 
207
  Ш.  Әділбаева.  Алғашқы  мұсылман  қоғамындағы  әйелдер. 
«Исламтану  және  Араб  филологиясы  мәселелері».  Халық-
аралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары 
(2007-2008ж). Алматы. Нұр-Мүбәрак университеті. Б. 51.
208
  Хайсами Али ибн Әбу Бәкр, Мәжмауз-зауаид, VI,13, Каир, 
х.1407ж. 
209
  Ибн  Исхақ  Мухаммед,  Сира,  ред:  М.  Хамидуллаһ,  Кония, 
1981. Б. 228.


158
Ислам және өнеге
әйелдер  еді.  Өйткені,  мүшріктер:  «Әбу  Бәкір  әйел, 
бала-шағамызды жолдан тайдыратын болды»
210
, – деп 
уайымдаған. 
Тарихшылар  сахаба  Омардың  (р.а.)  Ислам  дінін 
қабылдаған қырқыншы ер кісі екенін, оған дейін 39 ер 
кісі,  10  әйелдің  мұсылман  болғанын  айтады.  Алайда, 
кейбір зерттеушілер Омар (р.а.) Ислам дінін қабылдаған 
кездегі мұсылман әйелдердің саны ер кісілерден де көп 
болғанын алға тартады
211
. Әйгілі Ұхұд соғысына 14 әйел 
қатысқаны айтылады
212
. Ер кісілермен қатар әйелдер де 
Пайғамбарымызға келіп серт беретін. 
«...Мұндай  серттерін  білдіру  үшін  кейде  топ-
тобымен келіп жатса, кейде 2-3 әйел бірге келетін еді. 
Олар серт беруге келгендерін айтқанда, Пайғамбарымыз 
берген серттерін қабылдап, оларға керекті үгіт-насихат 
айтатын.  Осындай  серт  беру  оқиғасын  Сәлма  бинт 
Қайс  былай  баяндайды:  «Ансарлы  әйелдермен  бірге 
топ болып келіп, Пайғамбарымызға серт бердік. Аллаһ 
елшісі бізге Аллаһқа серік қоспауды, ұрлық жасамау-
ды,  зинаға  жанаспауды,  балаларымызды  өлтірмеуді, 
біреуге жала жаппауды, өзіне қарсы келмеуді насихат 
етті  және  «Күйеулеріңді  алдамаңдар»  деді.  Біз  осы 
айтылғандарды  орындауға  уәде  бердік.  Үйге  қайтып 
бара жатқанда, бір әйелге Пайғамбарымызға қайта ба-
рып  әлгі  «Күйеулеріңді  алдамаңдар»  дегенінің  мәнісі 
не екенін қайта сұрауын өтіндім. Аллаһ елшісі мұның 
210
  Рыза  Саваш,  Хаз.  Мухаммед  (с.а.в.)  девринде  кадын,  Б.  81. 
Станбул, 1991. 
211
  Бұл да сонда. Б. 82.
212
  Ибн  Сағыд  Мухаммед  Әбу  Абдиллаһ,  әт-Табақатул-кубра
VIII, Б. 241. Бәйрут, 1968.


159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет