Амин қышқылдарының өндірісі. Амин қышқылдарының жіктелуі және олардың негізгі қасиеттері. Олардың медицинада қолданылуы.
Аминқышқылдар – молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар, олар табиғатта кең таралған. Олар табиғи ақуыздардың құрылымдық элементі болып табылады. Ақуыз құрамына кіретін 20 аминқышқылдарының сегізі адам мен жануардың организмінде синтезделе алмайды, сондықтан оларды алмастырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Оларға:
1 —изолейцин; 2—лизин; 3—треонин;4—триптофан; 5—валин; 6—фенилаланин ;7—метионин;8—лейцин.
Өнеркәсіпте ақуыз аминқышқылдары әртүрлі әдістермен алынады:
табиғи ақуыздардың гидролизі; - Протеин гидролизатынан экстракциялау арқылы L-цистеин, L-цистин, L-лейцин, L-аспарагин, L-аргинин және L-тирозин негізінен коммерциялық түрде алынады.
Барлық алмастырылмайтын АК гидролиз арқылы алынбайды. Сонымен қатар, гидролиз процесінде олар деструкцияға және рацемизацияға ұшырайды. Химиялық процесс сонымен қатар рацематтарды шығарады. Тек метионин ғана стереоселективті емес. Сондықтан биотехнологиялық әдіс ең перспективалы болып табылады.
Аминқышқылдары медицинададәрілік заттарды өндіруде, тағамға биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) өндіруде, үй және ауылшаруашылық жануарларына жемге арналған қоспалар ретінде, сонымен қатар бояғыштарды, жуғыш заттарды, синтетикалық талшықтарды (капрон) алу үшін қолданылады, парфюмерия өнеркәсібінде қолданады. Медицинада негізінен аминқышқылдары дәрілік заттар ретінде кеңінен қолданылады. Мысалы:
Глицин - орталық жүйке жүйесінің тежегіш медиаторы. Ми тіндеріндегі зат алмасуды жақсартады. Тыныштандыратын әсері бар. Ұйқыны қалыпқа келтіреді, ашуланшақтықты, депрессиялық күйлерді төмендетеді.
Цистеин - көз линзасының метаболизміне қатысады. Көбінесе линзаның бұзылуы цистеиннің жетіспеушілігімен байланысты, сондықтан цистеин катарактаның бастапқы кезеңдерінде қолданылады.
Гистидин - шартты түрде алмастырылмайтын амин қышқылы. Ол гепатит, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасын емдеуде қолданылады. Организмде гистидин медиатор гистаминге айналады.