Гиперлактацедемия - қанда сүт қышқылының мөлшерiнiң жоғарлауы
(қалыпты деңгейі - 0,62-1,33 ммоль/л).
Аралшықты қантты диабет- асқынбайтын
инсулиндiк жеткiлiксiздiкпен
сипатталатын қантты диабеттiң патогенездік түрi (гипергликемия мен
глюкозурия бауыр семiруiмен және кетозбен асқынбайды).
Тотальді қантты диабет - инсулиндiк жеткiлiксiздiкпен қатар липокаиннiң
тапшылығымен жүретiн диабеттiң патогенездік түрi (асқынулар бауырдағы майлы
инфильтрация және кетоз түрiнде кездеседi).
Диабеттік микроангиопатия - ұсақ қан тамырларының (капиллярлардың,
артериолалардың,
венулалардың)
жайылымды
(жалпы)
дегенеративтi
зақымдалуы. Ретинопатия, невропатия жатады.
Гипогликемия - қанда глюкоза концентрациясының 3,3 ммоль/л-ден
төмендеуі.
Кетоацидоздық кома - инсулин тапшылығының өршуінен дамитын қантты
диабеттiң асқынуы. Әдетте гипергликемия, глюкозурия, гиперкетонемия,
кетонурия, ацидоз және сусыздану қабаттасады.
Гиперосмолярлық кома - айқын гипергликемиямен (55 ммоль/л), қанның
жоғары осмостық қысымымен (300 ммоль/л-ден жоғары), гиперазотемиямен
сипатталатын қантты диабеттiң асқынуы. Бұл кезде кетоацидоз болмайды.
Гиперлактацидемиялық кома - гликогеннің пайдаланылуы артқан
жағдайда, сүт қышқылының тым көп (1,33 ммоль/л-ден артық) түзiлуінен
дамитын қантты диабеттiң асқынуы. Бұл кезде гиперкетонемия және кетонурия
жоқ.
Гипогликемиялық кома- қан плазмасындағы глюкозаның мөлшері бірден
азаюынан, мидағы глюкозаның пайдалануының тез арада төмендеуінен дамитын
гипогликемия көрінісінің соңғы сатысы.
Қантты емес диабет- вазопрессин
гормонының
өндірілуінің
жеткіліксіздігінен немесе бүйрек түтікшелерінің сезімталдығының төмендеуінен,
үлестік тығыздығы төмен несептің көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады.