Изоосмолярлық гипергидратация – организмде осмостық концентрациясы
қалыпты жалпы су мөлшерінің артуы (судың көбеюі электролит көбеюіне тең).
Гипоосмолярлық гипергидратация – организмге тұзсыз судың көп
түсуінен пайда болады (электролит көбеюінен судың көбеюі басым).
Гиперосмолярлық гипергидратация - организмдегі сұйық ортаның
осмостық концентрациясы жоғарылағанда жалпы су көлемінің артуы (судың
көбеюінен электролит көбеюі басым.
Ісіну (лат. oedema - ісіну)
– тін және қан арасында су алмасу бұзылу
салдарынан тінаралық кеңістіктерде, тіндерде сұйықтықтың патологиялық түрде
жиналуымен сипатталатын типтік патологиялық процесс.
Шемен (водянка)
- организмнің сірнелі қуыстарында сұйықтықтың
патологиялық жиналуы.
Транссудат (лат. trans- арасынан, өту + sudoatum- терлеу) – ісіну кезінде
жиналатын құрамында нәруыздары аз қабынулық емес сұйықтық.
Экссудат (ex – бірдеңені жою + sudo- atum - терлеу) – қабыну кезінде
микротамырлардан айналымдағы тіндік кеңістіктерге, дене қуыстарына шығатын,
құрамы формалық элементтерге, нәруыздарға бай сұйықтық.
Гипонатриемия – қанда натрийдің мөлшері 135 ммоль/л-ден аз болуы.
Гипернатриемия – қанда натрийдің мөлшері 150 ммоль/л-ден көп болуы.
Гипокалиемия – қанда калийдің мөлшері 4 ммоль/л-ден аз болуы.
Гиперкалиемия – қанда натрийдің мөлшері 5 ммоль/л-ден көп болуы.
ТАҚЫРЫБЫ: «Қышқылдық-негіздік жағдайдың бұзылыстары» Организмнің қышқылдық-негіздік жағдайы -
биологиялық ортада
қышқылдар мен негіздердің белгілі бір қатынасымен қамтамасыз етілетін ішкі
орта pH-ның тұрақтылығы.