|
Байланысты: терминдік сөздік ПФ-1 2Декарбоксилдену
- аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы.
Декарбоксилаза ферменттерінің әсерiнен карбоксильдi топтан СО
2
шығарылып,
биогендiк аминнiң түзiлуі.
Алиментарлық нәруыз жеткiлiксiздiгі-
организмге тағаммен бiрге
нәруыздардың жеткiлiксiз түсуi, олардың қорытылуы мен сiңiрiлуiнiң бұзылуы.
Гипераминоацидемия
(грек. hyper – жоғары, басым + англ. amino acid -
аминқышқылы + греч. haima қан) – қанда аминқышқылдардың мөлшерiнің артуы.
Гиперазотемия
(грек. hyper – жоғары, басым + ázōos - тіршіліксіз + haima
кровь) - қанда қалдық азот мөлшерiнiң жоғарлауы.
Өнімдік гиперазотемия -
1) бауырдың ауыр зақымдануларынан
несепнәрдің (мочевина) бауырда түзілмеуі салдарынан қанда қалдық азоттың
жоғарылауы (несепнәрдің мөлшері жоғарыламайды, жиі төмендейді; қанда
аммиактың мөлшері артады; бауырда аминқышқылдарының дезаминделуі
бұзылады; бауырда ыдыраған нәруыздардың бактериялық өнімдерінің
концентрациясы қан құрамында артады); 2) тіндердің ауқымды ыдырауы кезінде
қанда қалдық азот мөлшері жоғарылайды (жарақаттық шок, күйіктер, өспелер).
Ретенциялық гиперазотемия
– нәруыз алмасуының соңғы өнімдерінің
шығарылмауынан, яғни бүйректiң бөлу қызметiнiң және несеп жолдарының
патологияларынан қанда қалдық азоттың мөлшерiнiң жоғарылауы (бүйректік
жеткіліксіздік).
Қалдық азот-
мочевина азотынан (50%), аминқышқылдар азотынан (25%)
және басқа азоттық өнiмдерден (25%) тұратын қандағы нәруыздық емес азот.
Гиперурикемия
(грек. hyper – жоғары, басым + uricum – зәр қышқылы +
haima - қан) – қанда зәр қышқылы мөлшерiнiң жоғарылауы.
Подагра
(грек. pus (podos) – аяқ + agra - қақпан, , «аяқтағы қақпан») - зәр
қышқылы түзiлуiнiң және бөлiнуiнiң бұзылуынан зәр қышқылы тұздарының
буындарда, сiңiрлерде жиналуымен сипатталатын ауру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|