Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1 2

Бүйректік диабет- 
бүйрек түтікшелерінің патологиясынан глюкозаның кері 
сорылуының бұзылуы, салдарынан полиурия, глюкозурия дамиды. 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Липидтер алмасуының бұзылыстары» 
 
Гиперлипемия 
(грек. hyper - жоғары, басым + lipos - май + haima - қан) - 
қанда майлардың мөлшерiнiң жоғарылауы (қалыпты мөлшері 3,5-8,0 г/л)
Липурия 
(грек. lipos - май + uron – несеп, зәр) – зәрде майдың пайда болуы.
 
Стеаторея 
(грек. stear, steatos - май + rhoia – ағу) - нәжiсте майдың, май 
қышқылдарының немесе сабынның көп мөлшерде болуы. 
Майлы инфильтрация 
(лат. in - ішке + filtratio – сүзу)
 
- май тiнiне қатысы 
жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы. 
Майлы дистрофия 
(грек. dys - бұзылу, trophe - қоректену) - май 
жасушаларының протоплазмасының бұзылуымен қабаттасатын, май тiнiне 
қатысы жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы. 
Майлы декомпозиция 
(лат. decompositio – қайта құрылу) - нәруыздық-
липидтiк комплекстердiң бұзылуынан жасушада майдың жиналуы. 
Кетоз 
- бауырда кетондық денелердiң түзiлуi (ацетон, ацетосiрке және бета-
гидроксимай қышқылдары), олардың тiндерде тотығуынан басым болуымен 
сипатталатын аралық май алмасуының бұзылуы. 
Семіздік 
- майлы тiндерде майдың артығымен жиналуы. 
Гиперпластикалық семіру 
- май жасушаларының санының көбеюiне 
байланысты май тiндерiнде майдың артығымен жиналуы. 
Гипертрофиялық семіру 
- май жасушаларының көлемiнің ұлғаюына 
байланысты май тiндерiнде майдың артығымен жиналуы. Бозбала шақта жиі 
кездеседі. 
Атеросклероз 
(грек. athere- ботқа + scleros- қатты) – артериялардың
интимасында липидтердiң, көмiрсулардың күрделі қосындыларының, қан 
элементтерiнің және қанайналымдағы өнiмдердің ошақты жиналуымен, дәнекер 
тiндердің түзілуімен және кальцийдің шоғырлануымен көрінетін көптеген 
өзгерiстердің жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет