Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет37/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1 2

Дислипопротеинемия 
(грек. dys – бұзылу + lipos - май + protos - бірінші + 
haima - қан) - түрлі липопротеидтер арасындағы қатынастардың бұзылуы. 
Атерогендік липопротеидтер 
(грек. athere - ботқа + genēs - туындау) –
атеросклероз дамуына ықпал ететін липопротеидтер; оларға тығыздығы төмен 
және тығыздығы өте төмен липопротеидтер жатады. 
Антиатерогендік липопротеидтер 
– атеросклероз дамуына кедерге 
келтіретін липопротеидтер; оларға тығыздығы жоғары липопротеидтер жатады. 
Атерогендік коэффициент:
Жалпы холестерин - Холестерин ТЖЛП 
К= ----------------------------------------------------- 
Холестерин ТЖЛП 
Қалыптаы жағдайда 3 -ке тең. Осы коэффициент жоғарлаған сайын жүректiң 
ишемиялық ауруының даму қауiпi өседi. 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары» 
 
Азоттық тепе-теңдік (азоттық баланс) 
- организмнен шығарылатын 
азоттық өнімдердің мөлшерi тағаммен түсетiн мөлшерге тең болатын жағдайы.
Оң азоттық баланс - 
организмде құрамында азоты бар нәруыздардың
ыдырауынан, организмге тағаммен түсетiн азот мөлшерiнің басым болуы. 
Теріс азоттық баланс
- организмнен шығарылатын азоттық өнiмдердің 
тағаммен түсетiн азоттың мөлшерiнен артық болуы. 
Алмастырылмайтын (эссенциальді) амин қышқылдар 
- организмде 
өндірілмейтін (түзiлмейтiн), тек тағаммен ғана түсетiн аминқышқылдары 
(фенилаланин, валин, триптофан, метионин, лизин, лейцин, треонин, изолейцин). 
Дезаминделу 

аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы. 
Аминооксидаза ферменттерінің әсерiнен аминқышқылдары аминтоптарынан 
азотты жоғалтады, ал ол аммиак түрiнде шығарылады. 
Переаминделу (трансаминделу) 
- аминқышқылдардың аралық алмасуының
этапы. Трансаминаза ферменттерінің әсерiнен (бос аммиак түзусiз өтетiн) 
аминқышқылдан альфа- кетоқышқылға аминтоптарды қайтымды тасымалдау 
процесi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет