Жамалбеков Е.Ү


Терістік суық шөлді зонаның топырақтары



Pdf көрінісі
бет67/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104
Терістік суық шөлді зонаның топырақтары. ТМД 
елдерінің оңтүстігінде түсетін ылғал мөлшері өте аз, сондықтан 
да мұнда биологиялық тіршілігі шамалы дамыған шөлді зона 
кездеседі. "Шөл" деген сөз орысша "пустыня" деп аударылады.
Бұл тәржіме бізіңше, дұрыс емес. Себебі ол сөздің мағынасын 
дүрыс бермейді. Шындығында, шөл деген ылғалсыз, шөлдеп 
тұр деген мағана, ал пустыня -бос жер, ешнәрсе жоқ деген 
түсінік. Байқап қарасақ, шөл бос жер емес, онда өзінше 
тіршілік бар. Ал егерде сол шөлдеп тұрған жерді суға қандырса, 
ол аймақтарда тіршілік жалпы жайнап кетеді.
Шөл мен шөлдердің айырмашылығы мол. Біздердегі 
шөлдердің басым бөлігі терістік суық шөлдерге жатады. Бұл 
жердің жазы ыстық, қысы суық. Экваторға жақындаған сайын 
қыссыз, ыстық шөлдер басым. ТМД елдерінде мұндай жерлер 
тек Түркменияда ғана орын алған. 
Шөлді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 9 -10% 
жуығын алып жатыр, көлемі 220 млн гектардан асады, оның 
басым көпшілігі Қазақстан мен Орта Азия республикаларында, 
шамалы бөлігі Каспий жағалауының терістік батысындағы 
Астрахань облысының территорияларында. 
Бұл зонаға күн сәулесі мол түседі, вегетациялық уақыт 
ұзақ, қоректік минералдық заттар жеткілікті, ал жеткіліксізі - 
тек ылғал мен органикалық заттар. Ауадан түсетін ылғалдың 
жылдық мөлшері 80-120 мм, ал жерден булану мүмкіндігі будан 
10-15 есе артық. Бұл өсімдіктердің қалыпты өсуіне жеткіліксіз. 
Мұнда шөлге бейімделген кейбір сирек өсетін бұта, сор шөптер 
шығады, ал кейбір жерлерде ол да жоқ. 
Топырағында 
қара 
шірінді 
өте 
аз 
(0,5-1,5%) 
болғандықтан, оның түсі ақшыл, бозғылт болып келеді. 
Зонаның терістік бөлігінде негізінен жусанды шөптер өсіп, 
онда құба (бурые) топырақ, ал зонаның оңтүстік бөлігінде 
жусанды-соршөптер басым, мұнда сұр құба (серобурые) 
топырақ түзілген. Ескеретін жай, бұрынғы Одақ кезіндегі 
Мәскеуден шығатын барлық топырақтану картографиялық 
материалдар мен оқулықтарда шөл зонаның терістік бөлігі, 
яғни құба топырақтар орын алған алқаптар жартылай шөл 
зонасына жатқызылған. Қазақстан ғалымдары өздерінің 
көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде зонаның терістік 
бөлігін де шөл зонасына жатқызады. 
Бұл аймақтағы топырақтарда сулану аз, булану көп 
болғандықтан, топырақ құрамында карбонаттар, гипстер, суға 


124 
тез еритін басқа да тұздар мол. Морфологиялық пішіні жөнді 
дамымаған. А қабатының қалыңдығы - 15-20 см, ал беткі 
топырақ қабыршығы 0,5 (7) см, ал оның асты бозғыл -құба түсті, 
борпылдақ қабат, одан кейін күңгірт-құба түсті, механикалық 
құрамы ауырлау, көп жағдайларда сортаңдау В қабаты (15 -20-
30-40 см) орналасады. Карбонаттар топырақ бетінен, ал гипстер 
В, ВС қабаттарынан кездеседі (ВС-40-50 см, С - 50-70 см). 
Суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде суға қанған егістікт ер 
күннің ыстығын, үсіксіз уақыттың ұзақтығын пайдаланып 
жақсы өнімдер береді. Бұл аймақтарда екі ландшафт, шөл мен 
оазис алма-кезек кезектесіп отыратыны осыдан. Орта Азия
Қазақстан республикаларының оазистерінде ТМД елдерінің 
негізгі бағалы дақылдары - мақта, бау-бақша, жүзімдер, 
көкөністер, қант қызылшасы, темекі, күріш т.б. дақылдар 
егіледі.
Шөлдің 
көп 
жерлері 
жайылымды 
жерлер. 
Бұл 
аймақтарда өсуге жайылымдық сор шөптер бейімделген. Мұнда 
түйе, қой шаруашылығы, әсіресе қаракөл тұқымын өсіру жақсы 
өріс алған. Бұл зонада тақыр мен құм басып жатқан жерлер де 
жеткілікті. Бұл зонаның жерін пайдалану жөнінде төменде 
толығырақ айтылады. 
4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет