Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

АҚЫЛ – ТіЛДіҢ ҚҰЛПЫСЫ
«Абай» десе Әуезов – «Әуезов» десе Абай еске түсіп тұ-
рады. Бұл екі кемеңгеріміз туралы ата қазақтың «даныш-
панның көзі зынданға түссе, зынданның түбіне күн түседі» 
деген ұлағатын ойға алсақ болғандай. Абай – өз заманының 
зынданына күн сәулесін түсірген болса, Мұхтар Әуезов 
Абай за манына да, Абайдың өзінің рухани зынданының да  
түбіне күн түсірді. Абайдың әйгілі «жүрегімнің түбіне 
 
терең бойла» деген өлеңінің жеке шумағына Әуезов:
«Абай кейінгі ұрпаққа осылай деп үн қатқан еді. Түнекті 
тылсым ғасырдан жарқын болашаққа жалғыз аяқ соқпақ 
тартқан ақын, адал ақынның қалтқысыз сырлары еді бұл.
Қасіретті қазақ елінің қараңғы аспанын надандық бұлты 
торлаған тамұқ заманда өлең-жырдың жалқын алауын жо-
ғары көтеріп, күн шығатын көкжиекке қалың жұртын ол 
осылай бастаған болатын»...
Абай:
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, шыдамды, ұстамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсек керек, – деп, зерек 
ақылды, суық мұзға теңеп отырғаны қазақ айтатын «аса  
зерек басқа азап» деген өлшемнің екінші мағынасын ашады. 
Ал, «Тоқтаулылық, шыдамды, ұстамдылық» қайраттан шы -
ғады деп отырғаны, рух, жігер, қайратсыздығынан жаңға-
лақ, жеңілтектік яғни, «ұшқалақ адам сабырсыз, сабырсыз 
адам қадірсіз» деген мақалдың баламасы шығатынын әй-
гілеп отыр. Ал:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың, елден бөлек, – десе, ол, 
«ақылға салсаң төзімге тартады, жүрекке салсаң сезімге 
тартады, ал ақыл жүрек екеуін берік қайратпен тең ұстаған 
жерде «хан айтты деп бұқпақ жоқ, қазы айтты деп ықпақ 
жоқ» деген нақылға саяды. Ақылсыз сезімге ғана билеткен 
жерде екінің бірінде жарға соқтырады.

156
Жанат Ахмади
Абайдың: «Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ», – дегеніне 
тоқталатын болсақ, тағы да қазақтың «тамағы тойса ашуы 
басылатынды дауға салма» деген көрегендігіне тұрақтайды. 
Адамға ашу, мінез керек жері бар. Тек әділ ашу, ақылды 
ашу. Абай «ақыл да, ашу да жоқ» дегенде соны айтып отыр. 
Өйткені адам тағдырының өзі көбінесе оның мінезінен, 
әрекетінен, күрескерлігінен құралады. Алла соған орай жол 
береді. (Маңдайға жазылып, қатып қалған тағдыр жоқ). 
Тіпті адам беделінің өзіне жоғарыда аталған мінез бен әрекет 
ықпал етеді. «Момынның атасының құны зая кетеді, себебі 
есігін ел ашпайды, қараудың жиған малы зая кетеді, себебі 
түңілігін жел ашпайды» дегенді қазақ босқа айтпаған. Және 
Абай нұсқап отырған «ашу да, күлкі де жоқ» адам не жуас, 
момынға, не ынжыққа жатады. Олай десек «момынға алғыс 
та жоқ, қарғыс та жоқ» дейтін өлшемге сәйкес келмек.
Абайдың «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» деген бір 
өлеңінің өзінде осы айтқанымыз тектес, қаза берсең тереңдей 
беретін телегей философиялық түйткіл түйін жатыр.
Ал, «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» өлеңінде  
Абай махаббаттың шынайы тұтқыны ретінде өзін төмен 
түсіріп ғашықтық құдіретін мойындап шарқ ұрған. Чер-
нышевский «сүюдің жалынына шалдығып білмейтін адам 
шынайы сүюдің не екенін білмейді» дегені сияқты сом жүрек, 
Абай үшін, сүйіспеншілік жолы елден ерек, басқа болғаны өз-
өзінен түсінікті. Сарайи «ғашықта шыдам болмайды, шыдам 
болса ғашық болмайды», «ғашықтық ақылдың аяғына са-
лынған тұсау» десе, Шекспир: «сүю – шегі білінген жерде 
қор болады» дейді. Ал, Абай сүюінің шегі жоқ. Міне, ұлылар 
үндестігі осылай табиғи қабысып, табиғи тамыр тартқан. 
Махаббат сүйіспеншілігі тіпті қасиетсіз жаралған адамды  
да уақытша жақсылық жағынан ойната тұрады. Бірақ ба-
йырғы жамандығы аяғынан тартып, жанып-сөнгенше ғана. 
Ой шыл дар жағынан тағы да айта түссек, Луначарский: «сүю 
– өмірді көріктендіреді, ол жаратылысты құлпырған гүлге 
бөлеп, сайратады» дейді. Абай мен Тоғжанның уылжыған 
нәзік махаббаты қандай еді. Әуезов қалай жазып еді! 

157
 Әдебиет – жан нұры 
«Шынайы сүю барлық қиын шылықты көтеруге жақтас 
болады» (Ф.Чиллер). «Дос із демес адам – сүйе де білмейтін 
адам, сүю адамның барлық жақсы сипатын өз құшағы-
на алады», (О. Бальзак). Абайдың «Дүниеде сірә сендей 
маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да» деп 
махаббат дүниесі алдында шынайы бас июі оның ұлылығын,  
жүре гінде асыл гауһары барлығын көрсетеді. «Сен құрметтеп 
сүйген әйелді сенің көзіңше қорсынуға ешкімнің дәті 
жетпей ді»,  (Р.  Роллан).
Міне, Ролланның осы айтқанынан-ақ сүю дүниесінің 
пат ша алдында да бас имес құдіретін көруге болады. «Сүю 
– адамға әр дайым күш-қайрат береді», (А.С. Макаренко). 
«Өмір – гүл, сүю – гүлден шыққан бал, балды татуға болады, 
оған шомыла батуға болмайды» (В. Гюго). «Саған біреу өле 
ғашық болса, махаббат құдіреттілігінен түсіңде де белгі 
беруі мүмкін», (Баласағұн). «Ешқашан достық та, махаббат 
та іздемеген адам – сол екеуін жоғалтқан адамнан мың есе 
сорлы», (Жан Поль). «Ақылды адам ақылынан адаса ғашық 
болса да, ақымақтарша ғашық болмайды», (Ф.Ларошпуко). 
«Әлдебір жасты ғашық болғаны үшін жазғыру, біреуді 
ауырып қалғаны үшін кінәлағанмен бірдей», (Ш.Дюкло).
Ұлылардан қалған ғашықтыққа байланысты бұл заңғар 
ойларды тізбектеп отырғаным, Абай ғашықтығының шек-
сіздігін еске тағы бір алып қою мәселесі болатын. Ға шық-
тық та арнайы зерттеуге тұрарлық бір ғылымға жата-
тындығын жоғарыдағы шырқау ойлардың өзін трактат 
ретінде қарауға болатындығынан тануға тиіспіз. Соны нұс-
қалай отырып Абай махаббаты әлемдегі ең саңлақ деген 
ұлылардың ғашықтығының ешбірінен артық болмаса, кем 
болмағандығын, оның жалғыз ғана «Жарқ етпес қара кө-
ңілім неғылса да» атты екі шумақ өлеңінің өн-бойына 
сыйып тұрғандығын – көзбен кезеп, тілмен безеп беру еді. 
Жоғарыдағы таңғажайып ұлағаттарды айтқан ұлылардың 
сүйген қызы Абай сүйген Тоғжаннан әдеп, иба, һәм ізет 
жағынан артық болмауы да мүмкін.

158
Жанат Ахмади
КіТАБИ ТАҒЛЫМ
«Жомарт жүрекке иман қонады,  
жомарт қолға лашын құс қонады» 
(Халық даналығы)
Хазірет Ратбек Нысанбайұлының 2007 жылы «Өнер» 
баспасынан жарық көрген: «Тарих. Тағлым. Өнеге» аталатын 
дінтану және даналық кітабы жайлы.
Алматы бас мешітінің бұрынғы мүфтиі Ратбек Нысан-
байұлының даналық тағлымға құрылған бұл кітабы ислам 
әлеміндегі арғы-бергі дін ғұламаларының және ойшыл фи-
лософ даналардың әулие-әнбиелік болмыстарын тұжы-
рым дайды. Ислам дүниесіндегі әлемге мәшһүр ең саңлақ 
тұлғалар жайлы мол танымдық мағлұмат береді. Елбасымыз 
дінімізге даңғыл жол ашып, республикамызда мұсылман 
дінінің барынша көркеюіне ықылас танытып отырған; ақ 
жарылқап, күн туған заманымызға сай басылып шыққан 
бұл кітап «Құдайдың құлы, Мұхаметтің үмбетімін» деген  
барша мұсылман баласына ортақ қазына деуге болады. 
Исламиятқа талпынған әрбіріміз үшін сауапкершілік уағыз 
жиынтығы деп білсек артық емес. Өйткені өзге том-том 
кітаптардан табылмайтын бітімі бөлек тақырыптар қасиетті 
ұғымға бай.
Атамыз қазақтың «шойынның батпандайы құм болады, 
алтынның мысқалдайы пұл болады» дегеніндей, көлем 
жағынан шағын кітаптың айтары теңіз түбінен сүзіліп 
алынған маржандай кәделі. Бұнда тек бірыңғай діни ұғымдар 
философиялық өрелі ой-танымдар көкірек көзіңізді ашады. 
Құрандағы кейбір мәтіндердің мүдделі болған тұстарынан 
алынған және басқа кітаптардан теріліп мысал келтірілген 
мағлұматтар оқырмандар үшін сауаттылық ми 
уасындай. 
«Піскен жеміс бұтағында тұрмайды» дегендей, оқы мысты 
дінбасыларымыздың бірегейі Р. 
Нысанбайұлының ой-кө-
кірегінде қорытылған жазбалар ізгілікке ынтызарлығы бар 
кімнің де болсын назарын билемей тұрмайды. «Қымбатта 
хикмат бар, арзанда илат бар» дегенді шағатай тілінің атасы, 

159
 Әдебиет – жан нұры 
атақты «Шаркітапты» жазған Софы Аллаяр текке айтпаған. 
Бұл кітапта әлі беті ашылмай жабулы жатқан талай-талай 
өзекті, құнды тақырыптар бас құраған. Араб тілін жетік 
білген Ратбек Нысанбайұлы ағамыз ұзақ жылдар бойында 
көкірегінде сақтап келген әр жақтылы ілімін соңғы рет 
өзінің ой қорықтығынан тағы бір өткізіп, жұртшылыққа 
осылай ұсынудың сәт-сағатын келтіріпті.
Пенде болған соң жер басып жүрген барлығымызда 
«нәпсі» деген, кейде тізгін тежетпейтін шайтани пиғыл бар. 
Атам қазақ «нәпсі арды айыртқызбайды», «айдай ажарыңды 
– иттей нәпсі тоздырады», «әулие болыпты десе сен, әдетін 
тастапты десе, сенбе» деген болжамдарды босқа айтпаған. 
Әлгі «әдет» деп тұрған нәрсенің бел ортасында нәпсің бар. 
Олай болса, артық нәпсіге мүлде жол бермеу қадау-қадау 
кісілерден зорға табылатын шығар. Жоқ дегенде «әйтсем-ау, 
бүйтсем-ау...» деп, қолыңмен істемесең де, ой-пиғылыңмен 
қателесіп жүресің. Ашығын айтқанда, нәпсі тыюдан гөрі, 
әлгі өзіңе жақын ішкі тәтті қиялың оңай. Сол қызық, сол 
қымбат көрінеді.
Мәселен, арамызда жетік оқып шығып жатқан жас мол-
далар көп. Бірақ жасамыстың нәпсісі мен жастың нәпсісі 
бірдей емес. Өмірдің қызығына әлі тойынбаған жас кезде сіз 
үшін, дүниенің ең қымбат, ең қызығы боп тұратын қомағай 
нәпсіні пышақпен кескендей шорт тыйып тастау дегеннің  
өзі, сол адамды жазалаумен бірдей көрінуі мүмкін. Дүниеге 
деген ыстық-суығың басылып, көретін қызығыңа қанып 
болмай, нәпсі тыю асан емес. Әлдебір молдаға арналып 
«айналайын, тәсбім сенен, сен тұрғанда ешкім күмән қылмас 
менен» деген бағдар сөз текке шықпаған. Бұл ойларды қосып 
отырған себебім Р. Нысанбайұлының мына аталмыш кітабы 
адамды арамдықтан бой тартуға жетелейтін, күнделікті 
 
күйкі тір ліктің кірпікке қонатын шаң-тозаңынан сақтан-
дыратын тағлыми еңбек екендігін жеткізу.
Мен кітап жайлы ойымды сәл кейінге шегере тұрып, ал-
дымен оқымысты дінбасы Р. Нысанбайұлымен екі арамыз-
дағы таныстық қарым-қатынас жөнінде бірер мысал кел-

160
Жанат Ахмади
тіруді жөн көріп отырмын. Ол кісі Горный гигант ауылында 
тұрған кезде, біз жұбайымыз екеуміз бас құрап, үйленбек 
болып (Рекең ол кезде бас мешіттің қазысы) некемізді 
қидырған едік. Ол кісі сол күннен бастап тек Ислам дінінің 
құрметіне бола, бізді туған іні-келіндей көріп, қолынан 
келген жақсылығын аямайтын болды. Басымызда үй-жа-
йымыз жоқ, жай-жағ 
дайымыз келіспеген, жұтаң кезде 
Заря-Восток ауылында тұратын Байту деген ұлты шешен 
молданың үйіне ақысыз тұрғызып қойды. Үйлену тойымызда 
қара «Волга» маркалы машинасына дейін қызмет көрсетуге 
сайлап беріп, сол үйдегі жеңгемізді бибі-ханымдығына 
қарамай, той қамының қазан-ошағын басқартып қойған. 
Соны қалай ұмытуға болады? Онымен қоймай, Дінасыл деген 
алғашқы қызымыз дүниеге келіп (Дінасыл қазір Алмалы 
аудандық сотында жетекші маман болып жұмыс атқарады) 
перзентті болғанымызда Алматыдағы № 
1 перзентханаға 
зайыбы екеуі бірдей барып құттықтағанын немен өлшейсіз. 
Соның бәрі біздің байлығымыз, көркіміз үшін емес, дін-
қарындастықтың құрметі болатын. Қазір министрдің 
әйелі босанып, төтелей хабар айтпаса, қызылшақа бала 
шу лап жылаған перзентханаға қай мешіттің имамы бара 
қояр? Былай айтқанда шенеуніктердің қатыны да Иман-
Мәді таппайды ғой. Осы орайды пайдаланып басын аша 
кететін нәрсе, тарығып, зарығып жүргенде көрген жақ-
сылығыңды айтпай тұра алмайсың. Кейін Алматыдағы 
бес мешіт-ғимаратымыз бітіп, үй ішімізбен мүфти-хазі-
рет Р. Нысанбайұлының қол жеткізген табысына шындап  
қуан ған болатынбыз. Бірақ соған дейінгі аралықта Рекең 
біреулерден менің бір жерде дос-жолдас, ақын-жазушы-
лармен бірге «пиуалатып» жүргенімді естіген екен... Содан 
маған қабағы онша дұрыс болмай, бір жолы өз кабинетінде 
ұрысқаны бар. Соның салдарынан мешітті құттықтауға 
барғанымда жорта «байқамады ма», ол үйдегі жеңгеміз де 
қылиып қарамай, амандаспай қойған-ды. Сонда да кейін бас 
мешіттен бұл кісінің кететін болғанын естігенде, үй-ішіміз-
бен өкініште болып қалғанымыз күні бүгінгідей есімізде. 

161
 Әдебиет – жан нұры 
Үкімет шешкен екен; араб тілінің республикадағы бірден-
бір маманы, өзі қаламгер-ғалым Ә. Дербісәлінің келгенінен, 
Алла риза бол сын, бұл имандай шынымыз, тек талай жылдар 
бойы жат пай-тұрмай, «етігін шешпей, ерін алмай» дегендей 
бар ынта-ықыласымен ізгі ниет – еңбегін сіңірген кісінің  
бір-ақ күнде шеттеп қалғаны – тосын сезілгені рас. Маған 
ұрысқан болса, менен бірдеме сұрап кейіген емес. Бір тентек: 
«аруақ бәрін біліп қояр деп, көретін қызығымнан қалайын 
ба» деген екен... Сол айтқандай, бұдан жиырма жыл бұрын 
мешіттегі мүфти естіп қояр деп, шығармашылық дүниеде 
көңілі жақын дос-жолдас, әріптестермен бір сәт дүрлігетін 
қызығымыздан қала қоятын кезіміз емес еді. Сол үшін 
кейіп ренжіген болса, ол кісіні түсінбейтін несі бар, әрине 
жанашырлық. Бірақ амал-тәсіл, қулығы жоқ, төте мінез, 
өткір адам мы на әккі заманның ауруымен ауыра білмей-
тін дігі, бір ғана сол әрекетінен-ақ танылғандай еді. Қитұр - 
қылықты, екіжүз ділікті, сондай-сондай жерде елге жама-
натты болып несі бар? Айналадағы қасқырауыз, түлкі-
құйрық, обал-сауап дегенге бас ауыртпайтын, жеңіл ауыздар 
Рекеңнің әділдік айтар жерде бет-жүзіңе қарамайтын қа-
сиетін кек тұтып, сыртынан бұл кісі жайлы қысыр өсекті 
айтпай қалған жоқ. «Ерікті ауызға бөрікті бас сияды».
Сонымен «бетке шіркеу, көңілге дақ» дегені болмаса
ғы лым-білім адамды далада қалдырмайды. «Ойшыл жеке 
қалса да жалғызсырамайды», өйткені жан-рухы бай. Кезек 
дүние, кезбелі несібе. Баянсыз бақ, тұрлаусыз өмір бар.
* * *
Біздерді көрсе келіндері сәлем ғып, ұл-қызы қолын қу-
сырған, Рекең ағамыздың мына кітабының шығуы ұлтымыз 
үшін рухани жетістігіміздің бір бөлшегі дей аламыз. «Тарих. 
Тағлым. Өнеге» аталатын бұл кітаптың кей тақырыптары 
бір-бір көркем шығармаға арқау боларлық. Жазамын деген 
жазушы үшін дайын желілер тартылып тұр.

162
Жанат Ахмади
Үш бөлімнен тұратын кітаптың І-бөліміне бағдарсөз етіп 
ұлы Абайдың:
Махаббатпен жаратқан Адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті, – деген мән-
мағынасы мәңгі ескірмейтін өлеңімен ашқан болса, ІІ-бөлім: 
«Ай ортақ, Күн ортақ, Жақсы ортақ» делінген. Ал ІІІ-бөлімге 
келетін болсақ, Р. Нысанбайұлының өз жаралыс табиғатымен 
сәйкес келетін ұлағатты нақыл Махмұд Қашқаридың:
Кісілік пен кішілік,
Ұлылықтың белгісі, – деп, жер бетіндегі 
ізгі ниетті адам баласы өзгеріс енгізе алмайтын, таразы 
талғаммен түйінделген. Осы айтылып жатқанның барлығы да 
қаламмен жазылып, жүрек мөрімен бекітілген Құдайшылық 
шешіммен өлшеніп айтылғандай. Осы орайда бір ой қоса 
кету артық болмас... Адам білмеген нәрсесіне кінәлі 
емес, радиода Абайдың қарасөзін майталман журналист 
Кемелбек Шаматаевпен бірге талдап отырып, үлкен фи-
лософ ғалымдарымыздың бірі «оң иығымызда періште, 
сол иығымызда шайтан...» деген сөзді айтты. Сол жақта 
кінәні тіркейтін Кәтибан, оң жақта Кәрибан періштелер 
екенін айтуы керек болған. «Дәлдірдің сан қатесі еленбейді, 
данышпанның бір қатесі көзге ұрады» деген тәмсіл тегін 
емес. Атақ-даңқ, лауазым атаулы жақсы, бірақ, қылдан 
тайса тез кірленетіні бар. Олай болса, өресі биік, зиялы 
кісілер лаждың барынша біліп барып айтса, сол ғанибет.
Ратбек Нысанбайұлы мына кітабында Абайдың кейбір 
қарасөздерін жете талдайды және соған орайластыра дін фи-
лософиясынан көкейге қонымды, дана мағлұмат беріп оты-
рады. Ұят, иба, иман дейтін алтынға айырбасталмас жауһар 
ұғымдар жүрегіңіздің басына балдай тамып, жан-сезіміңіз 
жаңғырады. Осындай тәрбиелік мәні бар нақылияттарды 
оқыған тұста сіз, өз заманыңыз жайлы, өзіңіз өмір сүріп 
отырған қоғам жайлы ойланбай отыра алмайсыз.

163
 Әдебиет – жан нұры 
Бүгінде, біздің ортамызда бір нәрсеге ұяла білу, шімірігу 
деген сияқты қастерлі ұғымның азайып бара жатқаны есі-
ңе түседі. Басқа жер болса бір сәрі, тіпті әлемге жар сал-
ған теледидар сөресінде аузынан шыққан лебізіне жауап-
кершілігі жоқ лауазымды азаматтарды көресіз. Оған мы-
салды алыстан іздемей-ақ, республикамызға белгілі ұлт 
жа нашыры Мақаш Тәтімов мырза телеэкранның өзінде «...
көрпені бүлкілдету!..» деп жатады! Шімірікпестен, шірене 
отырып айтады. Мына жақта тыңдарман ел-жұрт, үлкен-
кіші, ер-әйел бар, қыз-келін бар дегендей, тиексіз тілді ті-
зілген тісімізге бағындыруымыз керек. Бұл нәрсе «ойламай 
айтсам да менікі жөн, көздемей атсам да менікі жөн» деген 
астамшылықтан келіп шығады. Қазір ешкім ешкімнің бетін 
жыртқысы келмейді, бірақ жұрттың бәрі де өз ішінен біліп 
отырады. Жақтырмай, жиреніп отырады.
Мақұл, өз қатарлары арасында, жай үш-төрт ер-әйел 
отырғанда, күлкі үшін айта салса мейлі ғой. Даңқты адамның 
сөзі өзгеге тез әсер етеді, сол сөз құлағына жағып кеткен 
бір келіншек теледидарда бас қосатын дода-тартыстардың 
бірінде Мақаш көкесінің әлгі сөз тіркесін айна-қатасыз 
қайталап жар салғанда, бетінің қытығы бар, ар-ұяты бар 
үлкендер үшін ыңғайсыз-ақ болған. Ешкім ешнәрсені тек-
темейді деп ойлайды. Олай емес, көп адам ішінен саралап, 
ұнатпай отыратынын еске алмайды. Ол қарындас та (атын 
айтпай-ақ қояйын, жұрт біледі) бір жерлерде әлгі сөзді өзі 
іспеттес, не болса соған желпіне салатын ойнақы, жеңіл 
жігіттердің көзінше айтып, оларды мәз етіп, ұпай жинап 
қалса керек, ұялу орнына жаны кенеліп, өзінің ерекше 
тапқырлығы ретінде сөйледі. «Имене білмейтін қыздың 
беті жесір әйелдің бетіндей тозған бет» деп тежеу салатын, 
әдепсіздіктен жасқап отыратын инабатты үлкендер қайда? 
Жүгенсіздікке жүген салып ауыздықтайтын абыздарымыз 
қайда?!.. «Қазақты көбейту үшін бүйту... керек» деу, 
құлаққа «қой ұрықтандыру» деген тәрізді естіледі. Қазақтың 
қыз-келіншегі зоотехникада қолданарлық тұрпайы сөзді 
айтуға аузы бармаушы еді ғой. «Қызға қырық үйден тыйым, 

164
Жанат Ахмади
қала берсе, шұнақ күңнен тыйым» деп тежейтін. Адамның 
ең құпия, ең нәзік намысына тиетін, басы жұмыр пенденің 
бәрі білетін нәрсені Америка ашқандай ғып, бадырайтып 
жатудың қанша қажеті бар?
* * *
Қолымыздағы Ратбек Нысанбайұлының аталмыш кітабы 
бізді осы тектес бейауыз, оспадарлықтан сақтандыратын 
имани тәлім ретінде жазылған дүние екенін айтуымыз 
керек. Ең бастысы, бұл кітап тек танымдық қана тұрғыдан 
шектелмейді. Түптеп қарағанда адами ар-абыройға келіп 
ті релетін және талайлардың рухани бұлақ көзін аршитын,  
әдеп тілік шараға жатады. Өз оқырманын табатын; адами-
лықтың жоғарғы сатысы – Исламият өнегесінің тәлімін 
жұқтыратын еңбек.
Олай десек, бұл кітапты шығарған «Өнер» баспасына 
да, ризашылық ықылас арнауға тиіспіз. Баспа директоры 
Әшірбек Көпішев бауырымыз Алланы аузынан тастамайтын, 
құдайшыл азамат болғандықтан да мән беріп, жаратушы 
Рәббімізді сүйер қауым үшін игілікті іс атқарған екен... 
Осы баспада сарыжөргек болып, алты-жеті жыл жатқан 
менің бір кітабымды биыл (2008 жылы) дін аман қалпында 
өзіме қайтарып беріп, «Мәдениет министрлігіндегі Балтабек 
Бәймешев, Райхан Мәженқызы деген кісілермен өзіңіз ха-
барласыңыз» деп, екеуінің телефондарын жазып беріп, шы-
ғарып салды. Алты жылдан бері Көпішев «осы авторға обал 
болды» деп, шындап кіріскен, кіріспегенін білмеймін... 
«Бі  реудің жоғын біреу өлең айтып жүріп қарайды...» деген 
бар... Бірақ өзімді көрсе, әлдебір төре-қожаны көргендей 
анадайдан келіп, қос қолдап амандасатын. «Міне, тізімнің 
басында тұрсыз» дейтін. Ақырында «орайсыз дәмету – 
өзек талдырады» дегеннің кері келіп, үмітті үзген болсақ 
та, хазірет Р. Нысанбайұлының мына кітабы үшін-ақ ри-
зашылық се зімімді білдіремін.
Досбол датқаға бір ақын қыз:

165
 Әдебиет – жан нұры 
Досбол, Досбол дегенмен дос болмайды,
Досболды айтпай көңілім хош болмайды.
Сен болмасаң қалмаспын қу далада,
Құдайдың тескен жері бос болмайды, – деген 
екен. Сол айтқандай, «тіс берген Құдай, тіске басарын да 
береді» демекші, жазушы ғып жаратқан адамның маңдай 
тері далада қалмауға тиіс. Қорыта келгенде, «Тарих. Таным. 
Өнеге» аталатын бұл кітап қазынасы көп, Алланың жомарт 
табиғаттың кең қолдығымен нәсіп болған еңбек іспетті. 
Автордың бұл кітабын ауызша уағыздағаннан гөрі оқып 
шыққан анағұрлым абзал.

166
Жанат Ахмади
ЗЕРДЕЛі ДЕ ЗЕРГЕР ЖАЗУШЫ
«Жұлдыз» жорналының 2003 жылғы 5, 6, 7 сандарында 
жазушы Тұрысбек Сәукетайдың «Жүрек неге жылайды» 
атты романы басылды. Тегiнде «Жұлдыз» жорналының 
өзi оқырман қауымға дайын кiтап ретiнде қабылданатын 
бол ғандықтан, Тұрысбек Сәукетайдың сәттi шыққан бұл 
ро манына тоқталып өтуге тура келдi. Себебi, «Жүрек неге 
жылайды» романы шебер жазушы Тұрысбекті әдеби қауым-
ға кеңiнен танытатын ғана шығарма емес, мұнан былай 
оның атағын мықтап шығаратын туынды деуге болады. 
Романдағы басты кейiпкер Бахтияр мен Зухра ортасындағы 
шынайы нәзік қарым-қатынас сізді қалайда баурап 
алады. Мезгiл-мезгiл шегiнiстермен үстiн-үстiн байып, 
толығып отыратын өмiрлiк оқиғалар сүйіспеншілікпен өте 
тартымды, жетiк тiлмен берiледi. Тараудан тарауға өткен 
сайын кенет бiр қызықты құбылыстарға бойлатып әкетедi. 
Әу басынан жұтап тұрған, жұпыны тағдырлар тауқыметiн 
тартқан ерлi-зайыпты жас отау иелерi сыртқы өмiрден 
қаншама өгейлiк көргенiмен, бiр-бiрiнiң iшкi адами 
қуат көзiне, яғни өздерi 
нiң жаралыс сапасына сүйенiп, 
жақсы ықыласпен өрелі өмiр кешетiндiгi кiмдi болса 
да толғандырары сөзсiз. «Көрмеген көлден – естiмеген 
қаздың үнiн естисiң» дегендей, өзiң бұрын ойлап бiлмеген 
Бахтиярдай, оның сүйген жары Зухрадай адамдар барын 
сезiнесiң. Өмiрге көзiң ашылады. Мынау күйкi тiр лiктен 
өзiңе жұққан iрiлi-кiшiлi кiнәраттарың есi 
ңе келiп, 
романдағы осы басты кейiпкерлермен өзің iштей таразыға 
тартылып отырасың. Олқы жерiңдi мойындап, кем-кетік 
осал тұсыңды танып, іштей мақұлдап отыратының бар. 
Бахтияр мен Зухраның романда жасалған көркем бей-
несi адамды ерiксiз толғандырады. Төртiншi класта оқитын  
Зух раны қаралы қазадан аузы күйген сорлы әжесi жоғал-
тып алады. Бұл бейбақ кемпiрдiң едәуiр көрген қызметкер 
жалғыз баласы мен келiнi жол апатынан бiр автобус адаммен 
бiрге қазаға ұшыраған. Автор бұл апатты кейбiр кiтапта-
ғыдай оқырманға зорлықпен таңбайды. Роман басталғаннан 

167
 Әдебиет – жан нұры 
тартып өзiң сол адамдардың, сол кейiпкерлердiң арасын-
да бiрге жүргендей боласың. Мен өзiм шығармашылық 
шамасын мұнан бұрын бiлмеген, тiптi кейбiр жағдайда 
екеуара түсiнiсу жағынан онша сәйкес келмей жүрген, 
Тұрысбек Сәукетайдың жазу қабiлетi осындай шығар деп 
ойламаппын. 
...Әлгi бала қыз кешкi апақ-сапақ мезгiлде жалғыз өзi 
ұшты-күйлi жоқ болып шығады. Сөйтсе, ол әке-шешесiнiң 
бейiтiнiң басына барып, екеуiнiң қабiрiн кезек құшақтап, 
зар жылап жатқан екен. Көршi бала он алты жасар Бахтияр 
үстiнен түсiп: 
– Мұның қалай, Зухра? Әжең iздеп шарқ ұрып жүр ғой! 
– дейдi. Қар iшiнде топырағы көрiнген, жас қабiрлерден 
ажырағысы келмей, «крест» болып жабысып қалған, жап-
жас жетiм қыз өксiген үнiмен: 
– Көкем мен апамды сағындым! – деген жерде кеңсiрiгiң 
қақ жарылардай дауылдап ашып кетедi. Оқырманның жан-
жігері құлазып, жүйе-жігі босайды. Зухраны жұбатарлық 
шамаң жоқ. Бірге егілгендейсің. Зухраны шарқ ұрып іздеп, 
осы жерден тапқан Бақтиярды жан тартасың, оған ырзасың. 
Сол сәттен бастап ол сенің жақыныңдай. Мұнан былай 
оның аты аталған жерде елең етесің. Әрі Зухра екеуін бірге 
іздеп отырасың. Бұл жазушының сізді болашақ күретамыр 
кейіпкерлер үшін дайындап алуы. Яғни автордың шеберлік 
суреткерлігі. Әсiлi жазушыға қалам ұстататын да осындай 
жан дүние сергелдеңi болса керек. Өзгеден өткір сезімі, жан 
киесі болса керек. 
Кейiнгi заманда, бұлдыр күндерде ойлап – күтпеген бір 
тұста осы екеуiнiң – Бахтияр мен Зухраның қайта табы-
сып, сүйiспеншiлiк құрғанын бiлген жерде оқырман бiр 
ты ныс тап, кеңiп қалады. Іздеген жоғың енді табылғандай.  
Олар отбасын құрап, жұпыны өмiр кешкенде де, екеуiнiң 
шынайы жанашыр тiлектесi болып, ең бiр етжақын қам-
қорына ай наласың. Бұлар дегенде тілеулес боп тақымыңды 
қысып оты ратының да содан. Яғни, шығармаға деген сол 
әлгi қылаусыз асыл сезiмiңiздi жаулатып алғандығыңыз-

168
Жанат Ахмади
дан. Олай болса, мұндай романды неге ауыз толтыра дәріп-
темеске. Тұрысбек Сәукетайдың бiлмейтiн сөзi жоқ. Соған 
орай шығармасында ғы оқиға жүлгесiне қарап отырсаңыз, 
көкжиегi кең жатқан романда бүкiл қазақ қоғамының 
арғы-бергi өмiрiнен iз шалмайтын жер қалмайтын шығар. 
Ахмет ишан тағдыры тәрiздi шегiнiспен берiлетiн көшпендi 
қазақтың ең бір бекзат, асыл құрығына iлiнiп, ал оның 
атылып кеткен баласынан қалған немересiнiң Советтiк 
Қазақстандағы «Ахметов» деген профессор болуына дейiнгi 
аралық қамтылып жатады. Тек бiр ғана оқиғаның өзi-ақ, 
Ахмет қажы айналасы арқылы сол тұстағы қазақ халқы ның 
басына түскен тауқыметi толық әйгiлеп жатады. 
Оқырман қолына сүбелi роман тигенi авторға аз мерей 
емес демекпін. 

169
 Әдебиет – жан нұры 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет