Жаратылыстану негіздері



бет22/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Бақылау сұрақтары:
1.Өсімдік биосфераның бір бөлігі ретінде екендігін дәлелдеңіз.
2.Өсімдік қауымдастықтарының құрылуы мен құрылымы туралы түсіндіріңіз.
3.Өсімдік типтері және биоценоз туралы түсінік беріңіз.
4. «Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы» атты ЭССЕ жазыңыздар.


Лекция № 15-16
Тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі мен эволюциясы
Жоспары:
1.Жануарлар мен өсімдіктердің негізгі айырмашылықтары мен ұқсастық жақтары
2.Жануарлардың жүйелілігі және жануарлар экологиясы

1.Сырттай қарағанда жануарлар мен өсімдіктерді туыстас ортақ тектен таралған деп есептеу мүмкін емес тәрізді жануарлар да өсімдіктерде біріне-бірі ұқсас күрделі органикалық заттардан, жасушалардан құралған тірі ағзалар болып табылады. Жануарлар да өсімдіктер тәрізді көбейеді, қоректенеді, тыныс алады. Жануарлардың тұқым қуалаушылық, өзгеріштік, тітіркену қасиеттері де өсімдіктерге ұқсас. Мұндай белгілер жануарлар мен өсімдіктердің туыстас екенін, ортақ тектен таралғанын дәлелдейді. Жануарлар мен өсімдіктерде болатын кейбір құбылыстар олардың арасында елеулі айармашылықтардың бар екенін де көрсетеді. Бұл әсіресе, олардың қоректену тәсілімен айқын байқалады.


1.Жасыл өсімдіктер қоректену кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді, яғни ауадан көміпқышқыл газын, топырақтан су мен минералды заттарды сіңіріп, бейорганикалық заттарды қорегіне жаратады.
Жануарлар болса дайын органикалық заттармен, яғни өсімдіктермен немесе басқа жануарлармен қоректенеді, жануарлардың жүйке жүйесі, сезу, зәр шығару және т.б. мүшелері жақсы жетілген. Жануарлар арнаулы мүшесі арқылы қозғалады.
2.Жануарлар қозғалып өмір сүрсе, өсімдіктер бір жерде бекініп тіршілік етеді.
3.Жануарлар клеткасының сырты мембранамен қоршалған болса, өсімдіктердің сыртқы қабығына серпімділік және мықтылық қасиет беретін клетчаткадан (жасунық) тұрады.
4.Жануарлар белгілі бір мерзімге дейін өмір сүрсе, өсімдіктер өмір бойы тіршілігін тоқтатпайды.
5.Жануарлардың мүшелері денесінің сыртында орналасса, ал өсмідіктерде ішінде орналасады.
Тұжырым:өсімдіктер мен жануарлар- тірі дүниенің өзара ұқсастықары мен айырмашылықтары бар бірімен-бірі тығыз байланысты екі тобы, олар- табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.
2.Жануарларды жер шарының кез келген түкпірінен кездестіруге болады.Олар тірі тірі ағзалардың барлығымен қарым-қатынаста тіршілік етеді. Қазіргі кезде дүние жүзінде жануарлардың 2 млн- нан астам түрі бар деп есептеледі, яғни жануарлар түрінің саны өсімдіктер түрінен 3 есе көп.Тек Қазақстанда ғана 30- мыңнан астам бунақденелілердің тіршілік етуі жануарлар дүниесінің сан алуандығына нақтылы дәлел бола алады.
Жануарлар туралы ғылым зоология өте ертеден белгілі.Оның негізін грек ғалымы Аристотель қалаған. Зоология (грекше-зоон-жануар логос-ғылым) жануарлар туралы ғылым. Жануарлардың құрылысын, көбеюі мен дамуы туралы, құрамын, таралуын шығу тегін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейді.
Оны оқып-үйренуге бағыт сілтейтін оқулықтың атауы – “жануартану”деп аталады. Біздің Республикамызда мекендейтін жануарлар туралы алғашқы жазба деректер араб, парсы және қытай саяхатшыларының жазбалары мен орта-азиялық ғұлама ғалым Махмуд Қашқари еңбектерінде кездеседі. Қазақстанның жануарлар дүниесін жүйелі әрі ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары 17-18 ғасырларда ұйымдастырылған экспедицияларға байланысты. Мұнда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың еңбектері ерекше орын алады.
Жануарларды жіктеу.
Жер бетіндегі барлық жануарларды белгілі-бір ретке келтіруді жүйелеу деп аталады.Ал әлемдегі жануарларды бірінен-бірін толық ажыратып құрылысы, тіршілік ету ерекшеліктері, белгілі орында мекендеуі және басқа ортақ белгілері бойынша топтастыру жіктеу деп аталады.
Жануарлар дүниесі жануарлар дүниесінің тармағы тип класс отряд тұқымдас туыс түр.
Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa – бір клеткалыларға және Metazoa - көп клеткалыларға.
Protozoa тармағына қарапайымдылардың 5 типі жатады.Олар:
1.Саркомастигофора типі
2.Споралылар типі
3.Книдоспоридиялар типі
4.Микроспоридиялар типі
5.Кірпікшелілер немесе Инфузориялылар типі
Metazoa тармағына қалған 18 тип жатады.Олар:
1.Тақталылар типі
2.Губкалар типі
3.Ішекқуыстылар типі
4.Ескектілер типі
5.Жалпақ құрттар типі
6.Немертиналар типі
7.Жұмыр құрттар типі
8.Скребнилер типі
9.Буылтық құрттар типі
10.Буынаяқтылар типі
11.Онихофоралылар типі
12.Моллюскалар немесе былқылдақ денелілер типі
13.Қармалауыштар типі
14.Тікентерілілер типі
15.Погонофоралылар типі
16.Қылтанжақтылар типі
17.Жартылай хордалылар типі
18.Хордалылар типі
Одан әрі типтер класқа, класс отрядқа, отряд тұқымдасқа, тұқымдас туысқа, туыс түрге жіктеледі.
Жануарлар экологиясы
Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Дүние жүзінде жануарлардың 1,5 млн түрі бар деп есептелген.
Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы.
Республикамызда сүтқоректілердің - 155, құүстардың – 481, бауырмен жорғалаушылардың – 48, қосмекенділердің – 33, балықтардың 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар – біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат пен адам өмірі үшін маңызы зор.
Десекте, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан күрт төмендеп кеткен.
Жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді.
Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті.Әрбір адам өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
3.Бірклеткалы жануарлар, яғни қарапайымдылар - бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, алмасу, көбеюі, дамуы т.б. қызметтерді атқарады.
4. Денесі бір ғана жасушадан құралатын жәндіктер қарапайымдар деп аталады. Қарапайымдар типін кейбір ғалымдар жануарлар дүниесінің тармағы ретінде қарастырады. Бұлардың жалпы саны әзірге тұрақты емес: 25 000 – 70 000 шамалы. Қарапайымдардың көпшілігі бір немесе бірнеше ядролы , құрылысы өте қарапайым болып келеді.Үш кластан тұрады.Олар:
1)Жалғанаяқтылар – белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін плазмалемма деп аталатын қарапайым цитоплазмалы жарғақшасы қаптайды. Жалғанаяқтылар класында 11 000-нан астам түр бар деп есептеледі.
Жалғанаяқтылар класына жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда, кейбір түрлері паразит ретінде еркін тіршілік етеді. Топырақта, сондай-ақ батпақты жердегі мүк арасында мекендейтін түрлері де бар. Олардың денесі бір ғана жасушадан тұрады.
Жасушасы қабықшасыз болғандықтан, жалғанаяқтылардың денесінде тұрақты пішін болмайды. Электрондық микроскоппен ғана көрінетін өте жұқа жарғақша немесе плазмалемма жасуша ішіндегі цитоплазма қозғалысынан бірде созылып, бірде қайтадан қалпына келіп, жалған аяқтар түзеді. Амебалар осы жалған аяқтармен жүреді және қорегін аулайды.
Кейбір жалғанаяқтылардың әктен түзілген ішкі қаңқасы, сондай-ақ денесін қаптайтын бақалшақтары болады.
Жалғанаяқтылар бактерияларымен, балдырлармен және әр түрлі қарапайым жәндіктермен қоректенеді. Оларда асқорыту және зәршығару вакуольдері болады. Жалғанаяқтылар тыныс алады, тітіркенеді және бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді.
2)Дене пішіні ұршыққа ұқсас, жұмыртқа тәрізді сопақша, цилиндр пішінді бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайым жәндіктер талшықтары класына жатқызылады. Бұлардың денесінің алдыңғы жағында болатын талшықтары қозғалу мүшесі болып табылады. Талшықтар теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері бар. Талшықтылар класы 7 000-нан астам түрлерден құралады.
Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтар болады және бір ғана жасушадан тұрады.
Талшықтылардың денесі көпіршік тәрізді бір ядросы бар цитоплазмадан құралады. Цитоплазманың сыртқы қабаты мөлдір және тығыз, сондықтан талшықтардың дене пішіні өзгермей, тұрақты болады. Цитоплазманың ішкі қабаты кенеулі заттардан түзілген түйіршіктерге және жасыл тақташаларға толып тұрады.
Талшықтылар жарықты сезеді, арнаулы көзшесі болады. Жыныссыз жолмен бөліну арқылы көбейеді. Талшығы арқылы қозғалады, амеба тәрізді тыныс алып, зәр шығарады, циста түзеді.
Талшықтардың топтасып тіршілік ететін түрлері (домаланғы) де бар.
3)Дене пішіні алуан түрлі, тұщы немесе тұзды суларда мекендейтін, денесінде кірпікшелер болатын, мөлшері 10 микромиллиметрден 3 миллиметрге дейін жететін едәуір күрделі құрылысты бір жасушалы қарапайым жәндіктер кірпікшелілер класына жатқызылады. Бұлар еркін де қозғалады, кейбіреуі “отырықшылықпен” тіршілік етеді. Кірпікшелі жәндіктердің 1100-ден астам түрі бар деп есептеледі.
Кірпікшелілердің денесін жұқа, майысқақ қабықша қаптайды, сондықтан олардың денесі белгілі пішінін сақтайды (мысалы кірпікшелі кебісше). Бұларда сондай-ақ екі ядро – үлкен және кіші ядро болады. Кіші ядро кірпікшелілер тіршілігінде жыныстық көбею қызметін атқарады. Жыныстық жолмен көбею кезінде екі кірпікшелі біріне-бірі жақындасып, кішкене ядроларын алмастырады. Үлкен ядро негізінен өсімді ядро болып табылады, ол кірпікшелілердің жынысты көбеюінен басқа барлық тіршілік әрекетіне қатысады.
Кірпікшелілер – тұщы сулы ортаның мекендеушісі, олардың сондай-ақ тұздылау сулы ортадан да, теңіздерден және ылғалды топырақ арасынан да кездестіруге болады.Бұлардың көпшілоігі жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың паразиті болып саналады.
1.Көп клеткалылардың негізгі сипаты: денесі дифференцияланған көп клеткалардан және үш ұрық жапырақшаларынан – эктодерма, мезодерма және эндодермадан тұратындығы.Осындай үш жапырақшалар көп клеткалылардың ұрығы дамыған кезінде қалыптасады. Ұрықтың дамуы барлық көп клеткалы жануарларға тән. Ұрықтану кезінде аталық және аналық екі гаметалар қосылып зиготаны түзейді, содан кейін организмнің жеке дамуы – онтогенезі басталады.
Көп клеткалылардың денесі толық мүшелерге бөлінген және олардың әр қайсысының қызметі белгіленген.
2.Ішекқуыстылар – басым көпшілігі теңізде тіршілік етететін қарапайым құрылысты көпжасушалы жәндіктер. Олардың қос жынысты да, дара жынысты да болуы мүмкін.
Дене құрылысы қапшыққа ұқсас, іші қуысты болғандықтан да бұл жәндіктер ішекқуыстылар деп аталады.Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: сыртқы қабаты – эктодерман, ішкі қабаты – энтодермадан құралады.
Ішекқуыстылардың көпшілігі сәулелі симметриялы болады.Ішекқуыстылар отырықшы және еркін жүзетін қалыпта тіршілік етеді.Аузының айналасында өте көп қармалауыштары болатындықтан, ішекқуыстылар көпаяқтылар (полиптер) деп те аталады. Ішекқуыстылар – жыртқыш жәндіктер.Олар қорегін аулауға және қорғануға атпа жасушаларын пайдаланады.
Ішекқуыстыларда арнаулы зәршығару мүшесі болмайды, қорытылмаған қорек қалдығын аузы арқылы шығарады. Қорегі екі тәсілмен қорытылады: жасуша ішілік және жасушадан тысқары немесе ішек қуысында қорытылады.
Ішекқуыстыларда регенерация күшті дамыған. Бұлардың жасушаларының атқаратын қызметі сараланып, денеде ұлпа пайда болған. Ең алғашқы жүйке жасушасы да ішекқуыстылардан байқалады. Ішекқуыстылар жыныссыз – бүршіктену арқылы және жынысты тәсілмен көбейеді. Олар жыныс өнімдерін суға шығарады және сырттай ұрықтанады.Ішекқуыстылардың еркін жүзетін, дене құрылысы едәуір кірпікшелі дернәсілі болады, ол планула деп аталады.
3.Көпаяқты жәндіктер-полиптер. Тұщы су гидрасы да көп аяқты жәндіктерге жатады. Көпаяқты жәндіктер әсіресе теңізде көбірек мекендейді. Мәселен, Арал және Каспий теңіздерінен жеке, кейде шоғырлас тіршілік ететін, актиния деп аталатын көпаяқты жәндіктер кездестіруге болады. Оның денесі кеспелтек бағана тәрізді, төменгі табан жағымен су ішіндегі нәрсеге бекініп, үстіңгі көпаяқ тәрізді қармалауыштарымен қорегін аңдып, қимылсыз отырады. Актинияны әдемі гүл екен деп қаласың. Ол-өте жыртқыш ішекқуысты жәндік. Атпа жасушаларымен әлсіреткен балықты қармалауыштарымен қармап, жұта салады.
Көпаяқты маржан-шоғырлас қаңқалы жәндік. Гидро тәрізді ішекқуысты теңіз жәндіктерінің бірі-көпаяқты маржан. Ол теңіз суынан әр түрлі көптеген минералды тұздарды жинап, қызыл түске боялған және әктен құралған бұтақты қаңқа түзеді. Жартасты нәрсеге бекінген ондай бұтақты қаңқаның биіктігі 40 сантиметрге дейін жетеді. Қып-қызыл бұтақтардан құстың қауырсыны тәрізді аппақ 8 қармалауыштарды- көпаяқтарды көруге болады. Демек қызыл маржан аналығының денесінде гидродағы тәрізді бүршік пайда болады да, ол аналық денесінен ажырамай, сақталып жаңа көпаяқты өскін түзеді, сөйтіп әктенген қаңқада бірнеше көпаяқтылар пайда болады, бұлар шоғырлас тіршілік етіп, ішекқуыстары арқылы бірімен бірі жалғасып өседі. Мұндай көпаяқтылар шоғырлас көпаяқтылар деп аталады.Қызыл маржанды әйелдердің әшекей бұйымдарын, алқа, моншақ дайындауға пайдаланады.
Ішекқуыстылардың терең суда жүзіп жүріп тіршілік ететін де түрлері бар, солардың бірі- медуза. Медузалар- мөлдір денелі, қолшатыр тәрізді жәндіктер. Медузаның аузы қолшатыр тәрізді күмбездің астыңғы жағында болады. Ауыздың айналасынан атпа жасушалары бар көптеген қармалауыштар байқалады. Жапон теңізінде тіршілік ететін шаршылы медузаның атпа жасушасынан адамның денесінде едәуір күйік пайда болып, одан дене ауырсынады.
1.Құрттар – жануарлардың өте кең таралған тобы.Бұлардың денесі созылыңқы пішінді, аяқтары болмайды, алайда басын айқын ажыратуға болады, ирелеңдеп қозғалады. Құрттар үш типке ажыратылады: жалпақ құрт, жұмыр құрт және буылтық құрт.
Дене пішіні созылыңқы, құрсағы арқасына жабысып жалпайған, кейбіреуінің денесін кірпікшелер қаптаған, еркін тіршілік ететін жәндіктер жалпақ құрттар типіне жатады. Бұлар жалпақ денелі болғандықтан да жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ құрттар теңізде, мұхитта және тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі жыртқыштықпен, біразы паразиттікпен тіршілік етеді. Қазіргі ғылымға жалпақ құрттардың 12 500-ге тарта түрлері белгілі.Жалпық құрттардың 3 класы бар.
1)Кірпікшелі құрттар – еркін қозғалатын жалпақ құрттардың бір класы. Бұлардың денесін кірпікшелер қаптап жататындықтан,осы класқа жататын құрттар кірпікшелі құрттар деп аталады.Кірпікшелердің үйлесімді қимылынан жалпақ құрт бірқалыпты еркін қозғалады. Бұлар су түбінде, кейбіреулері паразиттікпен тіршілік етеді. Ылғалды тропиктік ормандарда, топырақта тіршілік ететін де түрлері кездеседі. Ғалымдардың есептеуіне қарағанда, қазір кірпікшелі құрттардың 3000-ға тарта түрі бар деп есептеледі.
Кірпікшелі құрттар – теңіз, мұхит және тұщы суларда су түбінде тіршілік ететін жалпақ денелі, созылыңқы пішінді жәндіктер. Денесін түк тәрізді кірпікшелер қаптайтындықтан, бұл класқа жататын жәндіктер кірпікшелі құрттар деп аталады.
Кірпікшелі құрттар – жыртқыш жәндіктер, олар судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Кірпікшелі құрттардың денесі үш қабаттан: эктодермадан, энтодермадан және мезодермадан құралады. Бұларда дене қуысы болмайды, ең алғаш мүшелерге жіктелу байқалады.
Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Олар – гермафродиттер. Кірпікшелі құрттар жыныстық жолмен көбейеді. Кірпікшелі құрттарда асқорыту, зәршығару, жүйке және жыныс мүшелері бар. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады, олардың арнаулы тынысалу мүшесі болмайды.
Кірпікшелі құрттар – еркін тіршілік ете алатын, кірпікшелері арқылы қимылдап жүретін жәндіктер.
2)Сорғыш құрттар – балық, қосмекенді, құс және сүтқоректілердің ішкі мүшелерінде паразиттікпен тіршілік ететін жалпақ құрттар класы. Бұл класқа жататын жәндіктер кейде трематодтар деп те аталады. “Трематода” грекше атау, оның қазақша баламасы “сорғышы бар” дегенді білдіреді. Сорғыш құрттардың дене тұртқы бірнеше миллиметрден 5 сантиметрге дейін жетеді. 5000-нан астам түрі бар деп есептеледі.
Әр турлі жануарлардың ішкі мүшелерінде (көбінесе ішегінде) мекендейтін жалпақ құрттар типінің бір класы – сорғыш құрттар. Бұлар мекендейтін иесінің ұлпалары мен мүшелеріне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы болғандықтан, сорғыш құрттар деп аталған.
Сорғыш құрттар – ішкі мүшелерде паразиттік тіршілік етеді, сондықтан ішкіқұрттар деп аталады. Бұлар нақтылы жалпақ құрттар болғанмен кірпікшелі құрттардан құрылысы мен тіршілік әрекеті жағынан едәуір ерекшеленеді.
Сорғыш құрттар – еркін қозғала алмайтын жәндіктер, сондықтан олардың денесі кірпікшелермен қапталмаған,оның есесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы бар. Денесін жұқа, тығыз қабықша – кутикула қаптайтындықтан, сорғыш құрттардың ішкі мүшелерінде тіршілік ету мүмкіндігі артады. Сорғыш құрттар – гермафродиттер – қос жынысты жәндіктер. Олардың көбеюі өте күрделі. Көбею кезінде негізгі иесі – омыртқалы жануарлар, аралық иесі – былқылдақденелілер (ұлу) және қосымша иесі – құмырсқа болады. Сорғыш құрттардың дернәсілдері кірпікшемен қапталған, сондықтан олардың кірпікшелі құрттардан шығуы да мүмкін. Паразиттік тіршілікке байланысты сорғыш құрттар жұмыртқаны өте мол салады. Бұларда қанайналым және тынысалу жүйелері болмайды, газ алмасуына қатыспайды.
3)Таспа құрттар – жануарлар мен адамның ішегінде, кейде басқа мүшелерінде тек паразиттікпен тіршілік ететін өте қауіпті жәндіктер. Бұлардың сыртқы пішіні таспа тәрізді әрі ұзын болғандықтан, таспа құрттар деген атауға сай келеді. Таспа құрттардың дене тұртқы миллиметрге жетер-жетпес,кейде тіпті 30 метрге дейін жетеді. Қазір таспа құрттардың 3000-нан астам түрі белгілі.
Таспа құрттар – адам мен жануарлардың ішкі ағзасында тіршілік ететін паразит жәндіктер. Сыртқы пішіні жалпақ құрттардың белгісіне сай келеді, денесі ұзын да жалпақ болып біткен.
Паразиттік тіршілікке байланысты таспа құрттарда асқорыту мүшесі жоқ, сондықтан иесі пайдаланатын қоректі бүкіл денесімен сіңіреді.Паразиттік тіршілікке негізгі бейімділігі денесін қорғаныш қабықша қаптайды, иесінің денесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы және қармақшалары бар. Жүйке жүйесі нашар дамыған, сезім мүшелері болмайды.
Таспа құрттардың тіршілік айналымы өте күрделі: негізгі және аралық иенің денесінде дамиды. Бұлар – гермафродиттер, яғни қосжынысты жәндіктер. Таспа құрттардың көбею айналымы: жұмыртқа қармақшалы дернәсіл финка (екінші дернәсіл) ересек таспа құрт. Финка негізгі иесінде дамиды, оның қармақшалы және сорғышты басы, қысқа мойны, көпіршік тәрізді денесі болады. Финканың мойнынан буылтықтар пайда болып, олардың саны 1000-ға жетеді. Таспа құрттар өте көп жұмыртқа салады.
2.Жұмыр құрттар – денесі созылыңқы, буылтықтарға жіктелмеген, цилиндр немесе ұршық пішінді, көлденең кесіндісі дөңгелек, теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар денесінде буылтығы болмағандықтан, жұмыр құрттар деп аталады. Жер жүзінде жұмыр құрттардың 20 000-ға жуық түрлері тіршілік етеді.
Жұмыр құрттар- еркін қозғалатын, денесі буылтықсыз, созылыңқы, көптеген түрлері өсімдіктер мен жануарлар паразиттікпен тіршілік ететін цилиндр пішінді жәндіктер. Бұлардың дене тұрқы 1 миллиметрден 8 метрге дейін жетеді.
Ішексорғы және үшкірқұрт- адамда тіршілік ететін нағыз паразит құрттар. Жұмыр құрттардың денесі кутикуламен қапталған, денесінде қуысы болады, ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі-артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды, тек жан-жағына иіледі. Жұмыр құрттарда тынысалу және қанайналым жүйесі болмайды. Бұлар-дара жынысты жәндіктер, олардың арасында қос жыныстылары да болады. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді, дернәсілін тірі туатын да түрлері бар.
3.Буылтық құрттар- едәуір күрделі құрылысты, денесі екі жақты симметриялы, буылтықтанған ұп-ұзын жәндік. Бұлар теңізде, тұщы суда және топырақта тіршілік етеді. Денесі жұмыр және буылтықтардан құралғандықтан, бұл құрттар буылтық құрттар деп аталады. Буылтық құрттардың тұрқы бірнеше миллиметрден 3 метрге дейін жетеді. Қазір ғылымға 9000-нан астам түрі белгілі.Үлкен екі класқа жіктеледі.
1)Әсіресе топырақта немесе тұщы суда, кейде теңізде тіршілік ететін, денесінде көзге байқалмаса да, сипағанда сезілетін аздаған қылтандары болатын, дене тұрқы өте ұсақ немесе 2,5 метрге дейін жететін буылтық денелі жәндіктер сирекқылтанды құрттар класына жатады. Бұлардың жұмыр құрттардан ерекшелігі- денесінде буылтықтардың және сирек те болса қылтандарының болуы. Бұлар сондықтан сирекқылтанды құрттар деп аталады. Сирекқылтанды құрттар барлық жерде кездеседі, қазір олардың 5000-ға тарта түрі бар.
Сирекқылтанды құрттар-денесінде аз да болса қылтандары болатын, сезім мүшесіз, денесінде буылтықтары бар, қосжынысты болатын,сезім мүшесі нашар жетілген буылтықтары бар, қосжынысты жәндіктер. Бұлардың 200-ге тарта түрі теңізде тіршілік етеді. Бұрынғы КСРО-да 100-ге тарта топырақта, 300-ден астам суда мекендейтін сирекқылтанды құрттар бар.
Сирекқылтанды құрттардың топырақта мекендейтін түрлері топырақтың құнарлығын арттырып, жақсартуға қатысады, судағы түрлері балықтарға керек болумен қатар, суды ластанудан тазартады.
Сирекқылтанды құрттардың денесі сақиналы және біріңғай саласы бұлшықеттен тұратын тері-бұлшықет қапшығы мен қапталады. Оның астында іші сұйықтыққа толы дене қуысы болады, дене қуысы әрбір буылтыққа жеке перделермен бөлінген. Әрбір буылтықта құрттың ішкі мүшелері қайталанады, сондықтан регенерациялық қасиеті күшті дамыған.
Сирекқылтанды құрттардың көлемді ішектен тұратын асқорыту жүйесі бар. Тынысалу жүйесі бүкіл денесі арқылы жүзеге асады, арнаулы мүшесі жоқ. Қанайналымы-тұйық, қанайналым жүйелі, қаны- қызыл. Әрбір буылтықтарда зәр шығару түтіктері орналасады. Денесінің алдыңғы жағында-аузы, соңғы жағында аналь тесігі болады.
Сирекқылтандылар жұмыртқасын белбеушесіндегі шырышты қалтаға салып, содан пілдеге айналады. Пілдеден ұсақ сирекқылтанқұрттар пайда болып, біртіндеп ересек құрттар пайда болады.
2)Денесі екі жақты симметриялы, басым көпшілігі теңіз түбінде мекендейтін, тұрқы 2 миллиметрден 3 метрге дейін жететін, буылтық денелі, денесін өте көп қылтан қаптаған жәндіктер көпқылтанды құрттар класына жатады. Жер бетінде бұлардың 7000-нан астам түрі мекендейді.
Көпқылтанды құрттар-денесінде өте көп буылтықтары бар, алдыңғы буылтықтары ерекшеленіп, бас бөлігіне айналған, буылтық сайын өте көп қылтандар орналасқан, көпшілігі дара жынысты жәндіктер. Қылтандар шоғы буылтықтан өскен қалақшалары орналасады, көпқылтандылар сол қалақшалары арқылы су түбіне жорғалайды, суда жүзеді. Кейбір көпқылтанды құрттардың құлақшасында тынысалу мүшесі-желбезегі де болады.
Көпқылтанды құрттар сирекқылтанды құрттардың арғы тегінен шыққан деп саналады, сондай-ақ бұлар былқылдақденелілер мен буынаяқтыларға бастама береді.
Көпқылтанды құрттардың барлығына дерлігі теңіз түбін мекендейді. Бұрынғы КСРО-да олардың 750-ге тарта түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тері-бұлшықет қапшығы жақсы жетілген және дене қуысы бар. Асқорыту, тынысалу, қанайналым, зәршығару, жүйке жүйесі және сезім мүшелері едәуір күрделі құрылысты. Олардың қанайналым жүйесі тұйық болады. Көпқылтандылар жұмыртқа және дәрнәсіл арқылы көбейеді. Бұлардың регенерациясы қабілеті күшті дамыған. Көпқылтандылар балдырлар және ұсақ жәндіктер мен қоректенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет