Негізгі бөлім.
Тəуелсіздік туғалы тарих жаңару жылнамасын ашты. Ұмыт
қалған, ұмыту алдында тұрған қаншама қастерлі қазақ перзенті ұлтымен қайта
қауышты, тарихи есімдер қайта тірілді. Əрине, қуанарлық жəне сүйсінерлік табыс
толағай, бірақ барды мезетінде бағалай алмайтын да аңғалдығымыз аз емес.
Дегенмен бір өкініш, бір үмітпен көңілге қаяу түсіруден ой аулақ. Тек, тарихи
тұлғалар тұғыры төмен тартып қалмаса дейсің. Қазақ тарихының көгінде құйрықты
жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырған, ел-жұртын жалын жүрегімен
жылытып, жасын ғұмырмен ағып өткен халқымыздың дарынды ұлдарының бірі –
Садықбек Сапарбекұлы еді.
Сталиндік саяси қуғын-сүргін құрбаны болған, алаш ардақтысы – Садықбек
Сапарбекұлы 1902 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы
Сырдарияның сол жағалауындағы «Балапантөбе» деген жерде дүниеге келген. Əкесі
Сапарбек, анасы Өрік қарапайым көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған
жандар еді. Жастайынан зерек өскен Садықбек Жаңақорғандағы орыс-түзем
мектебінде 1912-1917 жылдары орысша тəлім тəрбие алады. Жаңақорғандағы орыс
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
128
мектебінен едəуір сауат алған соң Садықбек енді Ақмешіттен (қазіргі Қызылорда
қаласы) бір-ақ шығады. Осындағы орыс мектебінде білімін одан əрі жалғастырады.
Біршама уақыт балалар үйінде тəрбиеленеді. 1917-1919 жылдар аралығында білімін
тереңдетіп, Ақмешіттегі большевиктік ұйымдарға қатысып, революциялық жолға
біржола түседі. Жас жігіттің қабілетін тез байқаған большевиктер Ақмешіт уездік-
қалалық
комитетінің
шешімімен
оны
Ташкентте
ашылған
үгітшілер-
ұйымдастырушылар курсына жібереді. Қысқа курс аяқталған соң, Түркістан өлкелік
партия комитеті Мəскеудегі Я.М. Свердлов атындағы шығыс елінің коммунистік
университеттерінің қысқа мерзімдік курсына жібереді. Садықбек университеттің
комсомол бөлімінде оқиды. 1920 жылдың күзінде Ташкентке оралды да, онда
комсомол ұйымдастырушыларының бірі болып қызмет атқарады. Түркістан
комсомолы Орталық Комитетінің пленум мүшесі, Ташкент қалалық комсомол
комитетінің бюро мүшесі болады. Міне, осы шақта ол өзінің үлкен ұйымдастырушы,
нағыз жастар жетекшісі екендігін ісімен шегелей түседі. Мұсылман жігіттер мен
қыздардың шын сырлас досы, ақыл берер адамына айналады. Оларды жаңа өмірге
бағыттады, білімге жетеледі.
1920-1923 жылдар аралығында қабілетті, жас, Түркістан өлкелік партия
комитеті жанындағы партия мектебінің комсомол бөлімін басқарды. Сонымен бірге
оған Алматы, Жетісу облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін де қоса
атқаруға тура келді. Садықбектің шын жарқырап көрінуі осы кезеңдер болды. Осы
жылдар ішінде Садықбек Сапарбекұлы көрнекті комсомол қайраткері, жан досы
Ғани Мұратбаевпен қоян-қолтық араласты. Екеуі бірлесе отырып, шығыс жастарына
жол-жоба ұсынды. Зейінді балаларды қамқорлыққа алып, тəрбиеледі. Кейінірік
атағы шығып, қазақ халқының аяулы ұл-қыздарына айналған Ш. Артықбаев, А.
Тоқмағанбетов, А. Хангелдин, Ж. Бектұров сынды азаматтарға көмегін тигізді. Бұл
кісілер өз естеліктерінде Садықбек Сапарбекұлының есімін ілтипатпен атайды.
Садықбектің өзіне жасаған қамқорлығын Түркістан қаласында тұратын
Медеубек ақсақал былай деп əңгімелейді: «Садықбек ерекше кішіпейіл еді. Біз 1922
жылы Əбіласан Сопыбеков екеуміз поезбен Ташкентке келіп, Садықбектің үйін
тауып алдық. Мəн-жайды, оқу іздеп келгенімізді айтып бола бергенімізде ұзын
бойлы бір жас жігіт келіп: «Сізді Ғани тез келсін деп жатыр», - деп шақырып əкетті.
Өзінің бөлмесінен үстіне гимнастерка, басына шапка, аяғына ботинка, кең балақ
шалбар киген, белінде көк белбеу бар ол шыға келгенде аса сымбатты көрінді. Бізге:
«Мен келгенше кетпеңдер», - деді. Сол кеткеннен шұғыл тапсырмамен ол үш күн
жүріп оралды. Ертеңіне екеумізге бір қағаз жазып, оны көк конвертке салды да:
«Мынаны Жүргенов Темірбек деген кісіге беріңдер», - деп жөн сілтеп жіберді. «Сол
кісі сендерді оқуға орналастырады. Жақсы оқыңдар», - деді. Жүргенов те жайдарлы
кісі екен. Бізді өз кабинетінде столға отырғызып, əңгімелесіп, əлгі қағазды оқып
болған соң, бізді №2 балалар үйіне əкеліп орналастырды. Сонда үш жыл оқып,
бітіріп шықтым».
Профессор, филология ғылымдарының докторы Əуелбек Қоңыратбаевтың
естелігінен: «Нəубет заманының құрбаны болған азаматтардың қаһармандық, кейде
драмалық істерін сөз етудің бүгіндік мəні аса зор. Солардың ісі басшыға да, қалың
бұқараға да үлгі-өнеге. Халық – ерлердің туған топырағы. Бесігі. Содан қол үзген
елде басшы жоқ. Өз халқының сондай ғажайып ұлдарының бірі – Садықбек
Сапарбеков. Садықбекті 1919 жылдың аяғында Ташкентте көрдім. Ташкентте мен
оны С. Ходжанов, əсіресі Т. Рысқұловтың үйінде көп көретінмін. Ол кезде
комсомолдың жұрт таныған екі тұлғасы болды. Бірі Ғани Мұратбаев, екіншісі
Садықбек Сапарбеков еді. Садықбек өз кезінде аса беделді партия қайраткері болды.
|