Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет113/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Нанға қатысты тыйымдар. 
Нанды шашуға, жерге тастауға басуға, рəсуə 
етуге болмайды. Нан – дəм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан дастарханға алдымен 
нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек. 
Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. Бұл «Наннан үлкен, одан 
құрметті тағам жоқ» дегенді білдіреді. Нан – қасиетті дəм. Онымен ойнауға 
болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана бір қолмен 
сындырады. «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б. 
нанды, тамақты сынамайды. 
Үй жұмысына, қоршаған ортаға байланысты тыйымдар 
Есіктің босағасын керуге, табалдырықта тұруға болмайды. Бұл жамандық 
шақырма деген мағынадағы тыйым. 
Есікті тебуге болмайды. Жау келгенде ғана есікті теуіп келген. Бүгінгі таңда 
есікті теуіп кіру – аса көргенсіздіктің белгісі. 
Сыпырғы, күрек, айыр, балғаның басын жоғары қаратып қоймайды. Ертеректе 
бұл – «ұстайтын кісі жоқ» деген мағынаны білдірген. Сондықтан бастарын төмен 
қаратып қою керек. 
Көкті бейберекет жұлуға болмайды. Көкті жұлсаң, көктей соласың деген сөз 
ата-бабаларымыздан қалған. 
Суға түкірмейді. Өйткені су, ауа, күн, от сияқты адамзатқа қажетті 
құндылығымыз. Оны сақтауға міндеттіміз. 
Үйге кірген жыланды өлтірме. Жылан үйге кіріп кетсе, басына айран немесе 
сүт құйып шығарады. Бұл халқымыздың тірі жəндікке қиянат жасамайтын 
кеңпейілділігінің белгісі. 
Жануарлар мен жəндіктердің белгілі бір түрлерінің пайдалылығы немесе 
зияндылығы жөнінде халық арасында ежелден қалыптасқан əртүрлі ырымдары бар. 
Мысалы, ата-бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң, міндетті түрде өрт шығады, 
апат болады деп есептеген. Сол сияқты бозторғайды киелі құс деп ескерткен. «Обал 
болады» деп егінді, шалғынды бейсауыт басқызбаған. «Бақаны өлтірсең, жаңбыр 
жауады» деп өлтіртпеген. 
Қазақтың баласына «шөпті жұлма, оны жұлсаң, көктей соласың» деп өсиет 
айтуы киіз, үйді кез келген жерге тікпей, өткен жылғы жұртқа тігуі, жерошақты 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
124
пайдалануы, əйелдердің ағын суға кір шаймауы т.б. шөппен суды қастерлеуден туған 
ырымдар. 
Халқымыз баққан малының басынан ұруды, əсіресе тебуді аса үлкен күнə, құт, 
байлық қашыратын əрекет деп санаған. Мұндай келісімсіз іс-əрекеттерге «обал 
болады», «жаман болады» деп тыйым салып отырған. 
Əртүрлі жануарларды аулауға кей кездерде тыйым салынған. Бұл тыйым кез 
келген уақытта емес, дəл сол жануардың балалау кездерінде болған. «Киесі атады» 
деп уағыздаған. 
Қазақ ауыз əдебиетіндегі үй хайуанаттарының пірлері: Шопан ата (қойдың), 
Зеңгі баба (сиырдың), Қамбар ата (жылқының), Ойсылқара (түйенің), Сексек ата 
(ешкінің) болып келуі, малға ауру – індет келгенде əр түліктің иелеріне арнап мал 
сойып, тасаттық беріп, олардың иелеріне жалынып-жалбарыну осы ұғымның қазақ 
арасындағы қалдығы. Қарапайым халық мал басының көп болуы сол түлік 
аталарының мал иелеріне деген көңіл күйіне байланысты деп білген. Сол себепті мал 
баққан халық малдың басынан ұруды əсіресе тебуді аса үлкен күнə, құт, байлық 
қашыратын əрекет деп санаған. 
Ертедегі қазақтар кейбір жыртқыш аңдарды киелі санаған. Қасқыр, жолбарыс, 
бүркіт сияқты түз аңдарының тұяғын, тісін, құлағын, терісін бесікке жауып қою 
рəсімдері соның айғағы. Ал «Мұңлық-Зарлық» аңызында жапан далаға апарып 
тастаған балаларды киік емізіп, аналық қамқорлық жасап өсіреді. «Қозы Көрпеш – 
Баян сұлу» жырында, аңда жүріп дос болған Қарабай Сарыбайға буаз маралды 
атқызып, Сарыбай «кие соғудан» өледі. Осы аңыздар арқылы киік адамның нағыз 
досы, киелі аң екенін дəлелдемек болған. 
Халық маралды да киелі санаған. Халықтың аңыз-ертегілерінде мерген оғынан 
жаралған алтын мүйізді ақ марал шипалы қайнарға келіп, күнде жарасын жауып, 
жазылып кеткен. 
Табиғаттың қыры мен сырына ерекше назар аударған, одан тағылым алған 
халық емшілері жануардың емдік қасиеттерін де байқап тəжірибеде қолданған. 
Мысалы, борсықтың терісі мен майын – өкпе ауруларына, иттің жүнін – құлғана 
ауруына, құрбақаны – «ақуыз» деп аталатын жараға ем ретінде қолданған. Сондай-ақ 
тобылғының майын теміреткі мен сүйелге, алаботаның сабынан қотырға қарсы 
қолданса, қынаны бояу ретінде пайдаланған. 
Қазақ табиғат құшағында өсті, бірақ халықтар олай етпейді деп отырғанымыз 
жоқ. Баршасының да туған жерге құштарлығы орасан зор. Қазір табиғат тазалығын 
бұзыңқырап алып, енді оны қалпына келтіруге жанталасудамыз. Халық тəжірибесін 
еске алмадық. Қазағым кез-келген жерден құдық қазып не босағасына дейін жыртып, 
зауыт, фабрикалар түтінімен немесе атом қаруымен ауаны ластамаған еді. Мейлі 
техникасы жоқ болсын, ғылыми орасан дамыса да, кең даласын табиғи өңдеп, таза 
шұбатқа мейірі қанып отырды. Табиғаттың сырларын терең білмесе де, ол көне 
заманнан бастап айға, күнге табына бастады, өзін табиғат құлымын деп есептеп, оған 
тағдырының да байланысты екенін ұғынды. 
Жерге табыну мекенге, қонысқа, жайлауға байланысты болды. Ата-бабалар 
қонысы ұрпақ үшін тек ардақты ғана болмай, қасиетті де болды! Оның айналасын 
таза ұстады, малын маңына жаймады. Мекенге ат қою елдің, ел ақсақалдарының 
есімін мəңгіге қалдыру ниетінде болды. Суы тұщы, шөбі шүйгін қойнаулар, өзен-көл 
жағалаулары, қамысы қыста малға ықтасын болсын деп, əр мекенді өз ерекшелігіне 
байланыстырып атады. Жер атаулары сол араға орнатылған ескерткіштерімен 
бірдей. Табиғат ортасы тек мекен, қоныс, қыстақ, қорық-қауым болып қана 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
125
қоймайды, сонымен бірге қазақтың мінез-құлқын да, кəсіп-шаруашылығын да, тəлім-
тəрбиесін де айқындайтын орта да болды. 
Енді табиғат туралы білім қорын қарастырсақ, қазақ нағыз эколог, күннің 
бұлтқа батқанынан ертең жауын-шашын болатынын, жұлдыздардың жиілігінен 
ертеңгі ауа райының қандай болатынын, жетіқарақшы жұлдызының орналасуына 
қарап, таңның атуына жақын қалғанын біледі. Сиырының мезгілсіз мөңірегенінен, 
тауығының мезгілсіз шақырғанынан, иттің ұлығанынан қауіптенеді. Мал жайып, 
оның қиымен жерді табиғи түрде тыңайтады. Табиғатта басы артық нəрсе жоқ. Бір 
жəндікті құрту өзге жəндіктерге зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының 
көнкөрісіне залалын тигізеді деп есептелген. 
Міне, қазіргі заманға, оның үрдістеріне жауап бере алатын, тəрбиелік мəні зор 
қазақтың тыйым сөздерінің бұл бір бөлігі ғана. Қазақ халқының ұлттық мəдени 
игіліктерінің қазынасында тыйым сөздердің мəн-мағынасы айрықша бағаланады. 
Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жағымды, тіршілікте жол көрсететін ақыл, 
нақыл, тыйым сөздер тəрбиенің бастау бұлағы. Аталардың қасиетті өсиеті замандар 
бойы мысқалдап жиналып, ой-елегінен өткізілген өмір тəжірибесінің, тарихи 
санасының даналық қорытындысы, адамгершілік ереже-қағидасы іспеттес. 
Халықтың тыйым сөздерінде ең алдымен ұрпағының жетелі, зерделі, кісілікті 
болуын, жерін, елін қорғауға дайын болып ер жетуін қалайды. Ал, адамшылыққа 
жат, оғаш, теріс қылықтардан аулақ болуға үндейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет