№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
123
жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды, бұл астамшылық, күпірлік болады. «Алла
жазса», «Құдай қаласа», «Барар жердің дəмі тартса» деп нысаппен сөйлеу керек.
Қазіргі кезде болып жатқан көптеген автокөлік оқиғалары осындай қарапайым жол
жүру қағидаларын ескермегендіктен деп ойлаймын.
Киім киюге қатысты тыйымдар.
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан
бастап шешеді. Аяқ киімді де солай. Бұл тірлігінің барлығы оң болсын деген ниеттен
туған. Киімді желбегей жамылмайды. Себебі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей
жамылады. Əрі жұмыс істегенде де ыңғайсыздық туғызады. Бас киімді тебуге,
лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына
жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді əрқашан
таза, ұқыпты ұстап, төрге іледі.
Ыдыс-аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар.
Ыдыста беті ашық қалған
тағамды жеуге болмайды. Өйткені зиянкестер, жəндіктер түсіп кетуі мүмкін. Егер
көршілер тамақ əкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып
табылады. Ыдысына аз болса да, дəм салып беру көршіңмен татулығыңды арттыра
түседі. Қонаққа сынық ыдыспен тамақ беруге болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу
болып саналады. Ақты төкпе. Ағарғанды өте қадірлеп, ұқыпты пайдалану керек.
Сондықтан адам өміріне шексіз қажет құнарлы тағамды сақтап, қастерлеу – міндет.
Достарыңызбен бөлісу: