№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
127
хатшысы» деп жазылған (Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газеті. – 20 қазан. –
1990).
Садықбек Сапарбекұлы!... Бұл кісі кім еді?... Отыз алты жылға жетер-жетпес
қана өмір кешкен жас өрен артына өшпестей із қалдырды. Садықбек Сапарбекұлы –
мемлекет, қоғам қайраткері; ол – жастардың жалынды жетекшісі; ол – кəсіподақ
қызметіне еңбек сіңірген алғашқы қазақтардың бірі; ол – журналист, əдебиетші,
аудармашы; ол – коммунистік партияның Х, ХV, ХVІ съездеріне, Түркістан АССР-ы
компартиясының
V-VІІ
съездеріне,
Қазақстан
өлкелік
VІ-VІІІ
партия
конференциялары мен Қазақстан коммунистік партиясы І съезінің делегаты. Сондай-
ақ Түркістан кеңестерінің бірнеше съездеріне делегат болып қатысып, ХІІ съезінде
ТуркЦИК-тің Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Қызылорда
аймағында «Қазақстанның 15 жылдығы» мерекелік белгісін тұңғыш алған да
Садықбек еді; ол – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «ХХ ғасыр адамы».
Осындай ірі тұлғаның саяси санасы мен білімін көтеруге қазақ халқының асыл
перзенттері С. Қожанов, Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Асфендияров, Х.
Досмұхамедов, М. Тынышбаевтар ықпал етті.
С. Сапарбекұлының шежіресіне тоқталсақ. Қоңыраттың Қайрақ атасынан
тарайтын Жүніс қарттың алты ұлы болады: Мұсабек, Сапарбек, Асылбек, Сапаралы,
Кенжебек, Жұмабек. Мұсабектен – Ақылбек, Əбдібек, Адамбек, Манат, Əбдіхалық
жəне Бегайым; Сапарбектен – Садықбек, Адырбек, қыздар Бибайым, Салтанат,
Бибіхадиша; Асылбектен – Айтбек; Сапаралыдан – Орынбасар, Қашпан, Шайық,
Камал, қызы Райхан; Кенжебектен – Əнуарбек, Аманбек, Əбілқасым, қыздары
Бибайша, Бибіжар; Жұмабектен – Тəңірберген, Əлмахан тарайды.
...Қызылқұмның терең ортасында «Қайраққазған» деген жерде қырық құлаш
тереңдіктен шыққан құдық бар. Бұл ауызбірлігі жарасқан алты ұлдың қыс қыстауы,
жаз жайлауы Қаратау бөктерінде болатын. Əулеттің мыңға тарта түйесі мен екі
мыңға жуық қойы болған жəне Жүніс қарт көмір алатын шағын зауыт салдырған
деседі. Бұл, əулеттің қазан төңкерісі мен 20-жылдардың соңындағы тіршілік тынысы
еді. 1928 жылы əулеттің дүние мүлкі тəркіленген, ал 1937 жылы Садықбек ұсталған
соң Мұсабек, Сапаралы деген ағалары түрмеге қамалған. Біразы соғыста хабарсыз
кеткен. Аман қалған Əбдібек, Адырбек, Айтбек, Əбдіхалық, Аманбек, Камал,
Əбілқасым ел қатарында еңбек етті. Алайда, халық жауының отбасы деген жалған
жала бұл əулетті ғана емес, олардың құда-жекжаты мен жиендерінің де еңсесін
көтертпеді...
Достарыңызбен бөлісу: