Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет116/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
129
Қай жерде олқылық, қиындық болса, партия оны сонда жіберді. Садықбек жастарды 
тəрбиелеуде, оларды оқытуда көп еңбек етті». 
Қабілетті қайраткер 1923 жылдың аяғында арнаулы шешіммен партиялық 
қызметке ауысады. Əуелі Сырдария облыстық партиялық бақылау комиссиясы 
коллегиясының мүшесі жəне «Қосшы» облыстық комитетінің хатшысы болады. Ал, 
1924 жылы Ташкент уездік партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі 
қызметіне жоғарылатылады. Осы қызметте істеп жүрген кезінде өлкелік партия 
комитеті оны тағы да Мəскеуге Свердлов атындағы университетке оқуға жібереді. 
1925 жылы жазында демалысқа оралған Садықбекті қазақ өлкелік партия комитеті 
қайтадан оқуға жібермей алып қалады. Оны бірден Сырдария губерниялық партия 
комитетінің əуелі үгіт-насихат, сосын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі етіп 
тағайындайды. Бұл қызметте бір жылдай істеген Садықбекті қазақ өлкелік партия 
комитеті енді 1926 жылдың қыркүйегінде Қызылжарға жібереді. Ол мұнда Ақмола 
губерниялық партия комитетінің екінші хатшысы болды. 1927 жылдан 1929 жылдың 
аяғына дейін Ақмола губерниясының өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат 
бөлімінің меңгерушісі, əрі бюро мүшесі болады. Осы жылдары ол Ф.И. 
Голощекинмен қоян-қолтық жұмыс істеуіне тура келеді. Мұны жазушы С. 
Мұқановтың «Есею жылдары» атты кітабындағы («Өмір мектебі», 3 том) үзіндіден 
анық аңғаруға болады. 
«Алматыға тығыз түрде жеткеннен кейін неге шақырған жайымды білгім кеп 
Крайкомның үгіт-насихат бөлімін басқаратын Садықбек Сапарбековке бардым. 
Жасы мен құралпы, орысша да, қазақша да сауатты бұл жігіт саяси білімді 
коммунистердің бірі болатын, үй таныстығымыз болмағанымен, іс таныстығымыз 
болып, идеологиялық майданда бағыттас жүретін бұл жолдасты мен іштей жақсы 
көріп, сеніп жүретінмін. Білім жағынан да, ұстамдылық жағынан да, мінез-құлық 
жағынан да Садықбек Сапарбеков маған болашағы зор адам сияқтанатын (бұл 
құрметті жолдас та культ құрбаны боп кете барды). 
Сапарбеков маған бірден шынын айтты. 
– Сені тығыз түрде Голощекин шақыртып отыр, - деді. 
– Неге? 
– Ауыл-селоны колхоздастыру туралы оған хат жазуың рас па? 
– Рас. 
– Сол хатың ұнамаған. 
– Неге? Мен онда шындықты ғана жаздым. 
– Философия тілімен айтқанда, «əрбір шындық – относительно» деді күліп. – 
Голощекин бұл хатыңды өзіне атқан оққа жоритын түрі бар. 
– Неге? 
– Ол 27-ші жылдан бастап Қазақстанда «кіші Октябрь» жасауға кіріскен кісі 
емес пе?.. Қазақстан крестьяндарын, əсіресе қазақтарды жүз процент колхозға 
тартуды Голощекин өз «октябрінің» жалғасына санайды. 
– Сонда ол, - дедім мен, - Октябрь революциясы кедейлерді жою үшін емес, 
байларды жою үшін жасалғанын ескере ме? 
– Енді қалай? – деді Сапарбеков кекесінді күлкімен, - сол революцияны 
жасауға қатысқан адамның бірі емес па Голощекин? 
– Ендеше мынасы несі?.. 
– Не екенін өзім де білмеймін, – деді Садықбек Сапарбеков – менің білетінім 
Голощекиннің бар істегі таянышы – Сталин. 
– Сталин де біледі деп ойлайсың ба, осы асыра сілтеуді? 
– Əрине, біледі. Білмесе: «Табыстан бас айналу» деген мақаланы жаза ма? 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
130
– Біле тұра жол бергені ме сонда бұл асыра сілтеуге? 
– Меніңше солай!.. 
– Неге ?! 
– Осы шал крестьян табының кедей-орташаларын ауызша ұнатқанымен, ұсақ 
буржуйға санап, істе олардан қорқатын сияқты. Сондықтан мына коллективизация 
кезінде бұқтырып, жекешілдік санадан бетін қайтарып алғысы келетін сияқты...». 
Міне, оның С. Мұқановпен арасындағы сұрақ-жауаптасуынан байқалып 
тұрғандай, Садықбектің өз ойы, дұрыс ойы болғаны анық. Тіпті, керек десеңіз, С. 
Мұқановқа өз ақалын айтып: «Сен Голощекинмен тістесіп қайтесің, одан да уақытша 
болса да бой тасала», - деп Мəскеуге оқуға жібертеді. 
Алғыр азамат 1929 жылдың аяғында Ақмола округтік партия комитетінің 
хатшысы болып тағайындалады. Ал, 1931 жылы Қарсақпай аудандық партия 
комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ауыстырылады. Содан кейін Шығыс 
Қазақстан облыстық партия комитетінде шамалы уақыт хатшы болады да, 1933 
жылдың қазанында Қызылорда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы 
қызметіне ауысады. Ол бұл қызметті 1935 жылдың желтоқсанына дейін атқарады. 
1933-1935 жылдары Қызылордада қызмет атқарған кезінде ол осы аймақта 
суландыру мəселесімен көп шұғылданады. Күріш, бидай, мақта егісін жолға қоюда, 
одан қажетті мөлшерде өнім жинауда зор еңбек сіңірді. Садықбек комсомол, партия 
қайраткері болып қалған жоқ, ол сонымен қатар қазақ халқының іргелі ел болуы 
үшін қай істен де бас тартпаған. Ол 1935-1936 жылдары республика кəсіподақтары 
кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 1937 жылы қараша айында, Орал облыстық 
партия комитетінің бірінші хатшысы боп тұрған кезінде ұсталып, «халық жауы» 
деген жалған айыппен қамалады. 
Жазушы Ж. Бектұров Садықбекпен ол ұсталатыннан бір күн бұрын 
жолыққанын былай деп суреттейді: «Садықбек ағамыздың қасында шайымызды ішіп 
болғанша отырдым. Қараса көз тоймайтын ажарлы адам. Байқаймын, ара-тұра 
күрсініп қояды. Еңсесі түскенін білдіргісі келмейді. Тегі буфет жаққа арқасын, залға 
бере отыруы əлдеқалай емес. Кірген-шыққан жұртқа көз салғысы келетіндей, қалың 
өрт, ауыр дерт іште арпалысып жатқандай, үрей, қорқыныш қас-қабаққа кіргендей. 
Мейрамхананың Громова дейтін əкімші-кезекшісі де бар еді. Ертеңіне сол кісі есік 
алдында маған: «Кеше сіз бірге отырған ағаңызды түнде алып кетті», - деді...», - деп 
жазды «Қазақ əдебиеті» газетінде жарияланған «Айыбы не еді ағалардың?» деген 
мақаласында. 
Ия, шынында да С. Сапарбекұлы секілді ірі тұлғалы мемлекет қайраткерлерінің 
не айбы бар десеңізші! Садықбек Сапарбекұлы қайсы жерде қызмет жасаса да, ол 
жерде ауқымы мол, нəтижелі істерді жүзеге асырып, ел-жұрт алғысына ие болды. 
Оның іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілеті нəтижесінде сол кездегі ең үлкен 
мəселені шеше білді. 
Талантты азаматтың өз қолымен толтырған анкеталарының бірінде: 
«Мамандығым – журналист», - деп жазған екен. Садықбек жас кезінен бастап-ақ 
мерзімдік басылымдарға жиі араласып, мақалалар, проблемалар жариялатып 
отырған. Ол ойдағыны қалың бұқара халыққа жеткізудің бірден-бір төте жолы 
баспасөз екенін жақсы түсінген. Содан да болар артында көптеген проблемалық 
мақалалар, публистикалары, əдеби толғаныстары қалды. 1930-1936 жылдары 
Садықбек Сапарбекұлының материалдары «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан»), 
«Советская степь» («Казахстанская правда») газеттерінде жиі-жиі жарық көрді. 
Колхоздастыру, тəркілеу науқанына орай, сонымен бірге қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігі, мəдениеті төңірегінде көптеген мақалалар жазды. 1936 жылы С. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
131
Сейфулиннің əдеби еңбегінің жиырма жылдығы тойланып жатқан кезде «Біздің 
Сəкен» атты көлемді мақаласын «Еңбекші қазақ» газетінде жариялады. Қаламы 
жүрдек журналист 1928 жылы «Мəдениет майданындағы міндеттеріміз» деген 
кітапша жазып, жарыққа шығарды. Осыған іле-шала «Алтыншы партия 
конференциясының қорытындысы» (1928) деген еңбегін бастырды. «Кəмпеске 
қорытындылары» (1929) деген кітапшасы бар. 
1938 жылы атылған Сыр өңірінің перзенті тек 1958 жылы 21 қаңтарда ғана 
ақталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет