№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
146
Қашан да адам баласы үшін денсаулық – байлықтың ең негізгісі екенін,
денсаулықсыз ешқандай ісіміздің алға баспайтынын айтса, үйдің ішіндегі құт-береке
əйелге байланысты болатындығына мəн бере келе, қойды төрт түліктің алды деп
санағандығын көрсетеді.
Еңбек – адамның екінші анасы. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,
- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек етуге баулиды, еңбекті екінші анаға теңейді.
Мақал-мəтелдердегі сан есімдер жалғаудың түрлерін (септік, жіктік, тəуелдік)
қабылдайды:
Қырықтан артық жас жоқ,
Қымыздан артық ас жоқ.
Елу – ердің жасы,
Алпыста ел ағасы, - дейді халық. Елу-алпыста ақыл тоқтатып, еліңнің,
халқыңның қамын, жағдайын, болашағын ойлайтын уақытың, шынығып, қайрат-
күшіңнің шыңдалатын уақыты. Ата-бабамыз көшіп-қонып жүрген, сол
көшпенділіктің өзі қазақ халқын шыңдаған, күш-қуатын жетілдіре түскен.
Отызында орда бұзбасаң,
Қырқыңда қыр аспассың.
Қырықта – қылаң, елуде – елес.
Мыңның түсін білгенше,
Бірдің атын біл.
Бір ақымақтан – мыңға зиян,
Мың ақымақтан – он мыңға зиян.
Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.
Бір жаман адамның кесірі мың адамға тиеді, мың адамды бүлдіреді деген
ойдың мəнісі осында.
Тоқсанымыз жиылып,
Тоқты жыққан батырмыз.
Сексеніміз жабылып,
Серке жыққан батырмыз.
Сегізбін деме, – тоғызға жолығарсың,
Тоғызбын деме – доңызға жолығарсың, - дейді.
Күйеу жүз жылдық,
Құда мың жылдық.
Қазақ халқы ағайын, туған-туысқанын сыйлап, дəріптеп келген. Құда-
жекжаттың, күйеу, жиен, нағашылардың алатын орындары ерекше. Бұл мақал
арқылы үрім-бұтақтың, құда-жекжаттың бір-бірімен тығыз байланысты болып,
бірін-бірі сыйлап өткендігін көрсетеді.
Халық даналығы, байлығы – мақал-мəтелдердің еліміздің болашағы – жастарды
тəрбиелеуде, ақыл-кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор.
Ғылымымызға, тілімізге байланысты келіп қосылып жатқан жаңалықтарға, жаңа
ағымдарға байланысты мақал-мəтелдер толықтырылып, өзінің қорын көбейте береді.
Достарыңызбен бөлісу: