Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет72/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
74
талқандағаны тарихтан белгілі. Сол кездегі деректерге қарағанда, Өзгент қаласы осы 
екі мемлекеттің ұзаққа созылған шайқасының негізгі орталықтарының бірі болған. 
Бұған дəлел, саманилер державасының билеушісі Нұқ ибн Мажурдың баласы Абд 
Əл-Мəліктің жəне де Самани əулетінің басқа да мүшелерінің Өзгентте ұсталып, 
тұтқынға алынғаны туралы сол кездегі деректерде айтылады. 
ХІ ғасырда Қарахан мемлекеті Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның көп 
бөлігін алып жатқан ірі державаға айналып, жер үлесі жөнінен Шығыс жəне Батыс 
иеліктерге бөлінеді. Сол кезде Қарахан мемлекетінің Шығыс бөлігінің орталығы 
Баласағұн қаласы болса, батыс иелігінің орталығы Өзгент қаласы болған. Яғни, 
Өзгент қаласы ХІІІ ғасырға дейін сол кездегі ірі қалалар Отырар, Сығанақ сияқты 
шаруашылығы, қолөнері дамыған ірі қалалардың біріне айналған. 
Өзгент қаласына ауыр сын болған кезеңдердің бірі Шыңғыс хан бастаған 
монғол-татар əскерлерінің жорығы еді. Шыңғыс ханның қалың қолына Отырар 
қаласының алты ай бойы, Сығанақтың жеті күн, жеті түн бойы ерлікпен күресіп, 
қорғанғаны тарихтан белгілі. Джувейнидің айтуына қарағанда, Сырдария бойындағы 
басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанған жəне бірқатар қалалардың 
қорғанысында қалалардың еңбекші тұрғындар арасынан шыққандар басшылық рөл 
атқарған. 1220 жылдың көктемінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бастаған 
монғол əскерлері қоршау жəне бұзғыш құралдарды пайдаланып, Өзгент қаласына 
тікелей шабуыл жасады. Бірақ күш тең емес еді. Жошының əскерлері Өзгентті қиян-
кескі ұрыстан кейін алып, қаланы өз əскерлерінің тонауына берген. Қаланы монғол 
əскерлерінің тонауы туралы Италия саяхатшысы Плано Карпинидің жазбаларында 
кездеседі. Атап айтқанда, ол Сырдария бойындағы қалалардың қирап, бүліншілікке 
ұшырағанын, қалалар мен қыстақтардың қаңырап бос қалғанын, халқының қуғын-
сүргінге, құлдыққа түскенін жазады. Дегенмен монғол шапқыншылығынан кейін көп 
ұзамай, Сырдария бойындағы қалалармен бірге Өзгент қаласы да қайта өркендеп
дами бастады. 
ХІІІ ғасырдың екінші жартысындағы деректерде, яғни Батый ханның інісі 
Орда-Еженнің немересі Қанышаның кезінде Алтын Ордадан бөліне бастаған Ақ 
Орда ұлысының саяси орталығы Жент пен Өзгент маңында болғандығы айтылса, 
Натанзи Ақ Орда хандарының бірі Ерзеннің Сығанақты көркемдетіп, Отырарда
Сауранда, Өзгентте жəне басқа қалаларда мешіттер, медреселер салдырғанын 
хабарлайды. ХІV-ХV ғасырлар кезінде де Отырарда, Сауранда, Өзгентте, Жентте 
талай ғимараттар салынғаны туралы деректер бар. Олай болса, Өзгент қаласы орта 
ғасырларда ірі сауда, қолөнер орталығы болған. 
Өзгент қаласы сонымен бірге, хандардың өзара жауласуы кезінде бірнеше рет 
бүлікшілікке ұшыраған. Əбілқайыр ханның 1446 жылы Созақ, Сығанақ, Аққорған, 
Өзгент қалаларын басып алғандағы жəне Өзгентті Маңғыт Уаққас биге 
сыйлағандығы туралы тарихта айтылады. 
Өзгент қаласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығына қараған. Өзгентке 
талас мұнан кейін де тоқтамаған. ХV-ХVІІІ ғасырларда бұл шаһар жоңғар 
қалмақтары мен Ақсақ Темір жəне оның ұрпақтарының жорықтарында қирап, халқы 
қуғын-сүргінге ұшырап, тарих сахнасынан біржола кеткен. 
Қазір осы Өзгент қаласының аумағы төрт шақырымдай жерді алып, төбе боп 
қалған орны жатыр. Қалаға кіретін қақпасының жобалары осы уақытқа дейін 
сақталған. Қаланың 62 қақпасы болған. Қорған төртбұрышты етіп төбе үстіне 
салынған көрінеді. Ұзындығы 1,5 шақырымдай. Аралаған кезде шөгіп қалған қорған 
ішінен саз балшықтан жасалған түрлі-түсті ыдыс сынықтарын кездестіресің. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
75
Тарихи зерттеушілердің еңбектеріне қарағанда, қалада сегіз қырлы жəне 
дөңгелек қалыпта күйдірілген қыштан соғылған биік мұнаралар салынған. Əр 
мұнараның ішінде тастан қаланған 40 басқыштан тұратын айналмалы сатысы 
болған. Қаланы қоршаған қорған сыртында айналдыра қазған ордың орны 
байқалады. 
Өзгент қаласы орта ғасырларда маңызды əкімшілік орталығы болған. Сырдан 
жəне Өгіз жылғасынан ағып келген су (канал) арқылы қала маңындағы халық 
егіншілікпен айналысқан. Зерттеуші И.А. Кастанье: «Өзгент Хорасанға дейінгі жол 
бойында барлық жерлер ескі арықтармен кесіліп қалған. Бұл бұрынғы Өгіз жылғасы 
өзенінің суы көп екендігін жəне бұл жерде сол кездері егіншіліктің дамығандығын 
білдіреді», – деп жазған. 
Сондай-ақ Өзгент өңірі – Сыр бойына Ислам діні мен мəдениетін алғаш 
əкелгендердің бірі Əзірет Əлінің ұрпақтары Хорасан Ата атанған Əбдіжалил бабтың, 
кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің табандары тиген жер. «Бақырғани 
кітабының» авторы, Хакім ата атанған Сүлеймен Бақырғани ақынның жамбасы да 
осы Өзгент өңіріне тиген. 
ХVІ-ХVІІ ғасырларда теңіздер арқылы өтетін сауда жолдарының игерілуіне 
байланысты Сыр бойындағы қалаларда сауданың маңызы кеми бастады. Оның 
үстіне сұлтандар мен хандардың өзара тартысы мен соғыстары қалалардың 
бүліншілікке ұшырауына əсер етті. Ғалымдардың пікірінше, Өзгент қаласы ХVІІІ 
ғасырға дейін өмір сүрген. 
Тарихыңа үңіл бала, үңіл қыз, 
Ертеңіміз – сендерсіңдер, бүгін – біз. 
Көтеріңдер ауыр жүгін ертеңнің, 
Көтерейік бүгінгінің жүгін біз. 
Ойсыз жатып жетер енді ойнауың, 
Тарихыңның қопар енді қойнауын. 
Туған жердің топырағы астында, 
Тарих жатыр... Керек соны байқауың. 
Біздің тарихымыз; ол – өз шежіреміз. Əрбір азамат, өсіп келе жатқан жас ұрпақ 
ата-бабаларының өмір сүрген дəуірінен сусындап, туып өскен жерінің тарихын
табиғи байлығын, қазіргі тыныс-тіршілігін терең білгені жөн. Туған жеріміздің 
тарихын білу – баршамызға парыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет