Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет74/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Көтерілістің жеңілуі. 
Орынбор
 
əкімшілігі отарлау саясатын бұрынғысынан да 
күшейте түсті. 1790 жылы Сырым батыр Екатерина ІІ-ге казак атаманы Донсковтың 
1500 əскерімен қазақтарға шабуыл жасап, 150 адамды өлтіріп, сансыз көп малды 
айдап кеткені жайлы мəлімдеме жолдады. 
Бұған жауап болмағаннан кейін қазақтар Орал шебінің жекелеген учаскелеріне 
шабуыл жасай бастады. Орынбор əкімшілігінің жаңа басшысы А. Пейтлинг халықты 
тыныштандыру үшін кіші жүзде жаңа хан сайлау қажет деді. Оның таңдауы 
Нұралының інісі Ералыға түсті. Сырым Ералының хан сайлануына наразы болып, 
Бұқар əмірімен келіссөз жүргізді. 
1792 жылы Сырым тікелей қарулы күрес жолына түсіп, Ресейге соғыс 
жариялады. Күрес Елек қорғанына шабуылмен басталды, бірақ көтерілісшілерге 
тойтарыс берілді. Сонан соң Сырым Красногор бекінісіне шабуыл жасауға 
əрекеттенді, бірақ бұдан да еш нəрсе шықпады. Оның үстіне Сырым Бұқар əмірімен 
уəде етілген қолдауды ала алмады. Ресейге соғыс жариялағанға дейін Сырым өзімен 
келіспеген ақсақалдарды жазалауға əрекет жасаған еді. Енді олар патша 
əскерлерімен бірлесіп, біріккен күштермен Сырымға қарсы шыға бастады. 
1794 жылы Ералы хан қайтыс болып, Орынбор əкімшілігі Нұралының баласы 
Есімді хан етіп сайлады. Сырым бір кезде белгілі дəрежеде оны өзінің ортақтасы деп 
санаған еді, ал өзіне Есімнің қолдау көрсетпейтіні анықталған кезде ымырасыз күрес 
жүргізді. 
Кіші жүздің шежіре бойынша рулық бірлестіктері: Əлімұлы, Байұлы, Жетіру 
тайпаларынан тарайды. Кіші жүз қазақтары ел арасында Кіші жүз – «Алшын» 
атанған. Оның құрамына 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, 
беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш), жетіру (табын, тама, 
кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан), 6 ата Əлімұлы (қаракесек, қарасақал, 
төртқара, кете, шөмекей, шекті) тайпалары енді. 
Əбілқайырдың билігі кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Мұнда оған қоса Қайыптың 
(Хиуа ханы) баласы Батыр сұлтан Əбілқайырдың баласы Нұралы сұлтан өз алдына 
ел биледі. Жетіру рулары көпшілігі – Жайық өзенінің орта ағысын Қобда, Елек жəне 
Ор өзендерінің бойын, Мұғалжар тауларының қойнауын, байұлы рулары Жайық 
өзенінің төменгі ағысымен Жем бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегін, Əлімұлы 
рулары – Ырғыз, Торғай өзендерінің бойын, Шалқар көлінің төңірегін, Кіші жəне 
Үлкен Борсық құмдары мен Қарақұм атырабын, Сырдарияның төменгі ағысын 
мекендеді. 
С. Датұлы бастаған көтерілістің себебі – жер мəселесінің шиеленісуі, патша 
үкіметінің қазақтарға Жайық пен Еділ өзендері аралығына өтуге тыйым салуы, ру 
басыларының құқыларына қысым жасауы, хандардың, сұлтандардың, Жайық казак-
орыс əскерінің жəне патша əкімшілігінің халықты ашықтан-ашық тонап, озбырлық 
жасауы болды. Кіші жүз шаруаларының 14 жылға созылған қозғалысы сəтсіздікке 
ұшырады. Игельсторм реформасы бойынша кіші жүз қазақтарының біраз бөлігі Еділ 
мен Жайықтың төменгі ойпатына көшіп, Бөкей ордасын құрды. Кейін Бөкей 
ордасында қара халыққа қысым күшейді. Империялық қанау мен жергілікті 
əкімшіліктің қысымы салдарынан хандықта халық наразылығы орын алып, патша 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
79
озбырлығына қарсы көтеріліс болды. Бұл көтерілісте патша үкіметі ішкі Бөкей 
ордасында хандық билікті жойды. Сырым Датұлы өзінің батырлығымен, 
қайсарлығымен кіші жүз шаруаларын өз қол астына біріктірді. 
Бұл көтерілісшілердің Есімханды өлтіруіне əкеліп соқты. Орынбор əкімшілігі 
жаңа хан сайламай, кіші жүзді хан кеңесіне тапсыруға əрекет жасады. 1797 жылы 
хан кеңесі жұмысын бастады, оның төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. 
Алайда, сұлтандар өз бетімен халық өкілдерін қатыстырмай, Қаратай сұлтанды хан 
етіп сайлады, бұл қайта наразылық тудырды. Осы кезде Сырым ақсақалдармен 
татуласуға ыңғай танытып, Сырдарияның төменгі ағысына көшіп барды. Кейінен 
бұл арадан оны Қаратай сұлтан жасақтарымен ығыстырып, Хиуа жеріне өтуге 
мəжбүр етті. Осылай бұл көтеріліс жеңіліспен аяқталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет