Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет56/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
22.01 
Анаммен 
ұрысып қалдым 
Мен шаршадым... 
Үнемі осы... 
Не істесем де 
көңілі 
толмайды... 
Бір нәрсені 1045 
рет айта 
береді... 
Ашу, реніш, 
агрессия 
Ашуланып, 
бөлмеме 
кіріп 
кеттім. 
Сосын 
киініп, 
далаға 
кетіп 
қалдым.. 
Мен анамның 
өзіме шешім 
қабылдауға 
мүмкіндік пен 
еркіндік 
бергенін 
қалаймын.
Мен анаммен 
ұрысқым 
келмейді. Маған 
отбасымыздағы 
түсіністік 
маңызды 
Дж.Л. Уоллен эмоционалдық күйді тану мәселесін қарастыра отырып, 
адамдар арасында туындайтын сезімдер мен эмоцияларды білдіру үшін 
төмендегі ережелерді ұстануды ұсынады [212]: 
1. Белгілі бір эмоциялар тудырған басқа адамның іс-әрекетін нақты атап 
көрсету. Бұл серіктеске өзінің қандай әрекеті талқыланып жатқанын түсінуге 
мүмкіндік береді. «Сіз менің сөзімді аяқтатпай, бөліп жібердіңіз». 
2. Өз сезімдерін динамикада сипаттау, ренішті іште сақтамай, бірден 
мазалайтын нәрсені талқылаған жақсы: «Маған жаңағы айтқандарыңыз 
ұнамайды» немесе «Айтқан сөздеріңіз менің көңіл күйімді түсіріп жіберді».
3. Коммуникациялық сәтсіздікке ұшырамау үшін: 
а) жалпылама емес, нақты («Көзіңе қарамайсың ба?» дегеннен гөрі 
«Менің қағаздарымды шашып алыпсың» деген жақсы); 
б) тұжырымдап емес, тексеріп («Сен онымен неге сөйлеспедің?» 
дегеннен гөрі «Онымен әлі сөйлеспедің бе?» деген жақсы) 
в) бұйырып емес, ақпараттандырып («Менің сөзімді бөлме» дегеннен 
гөрі «Мен әлі бітірген жоқпын» деген жақсы) сөйлеген дұрыс. 
4. Басқалардың сезімдері мен эмоциялары туралы өзіндік тұжырым 
жасамау: «Менің ойым сізді онша қызықтырмаған сияқты, солай ма?» 
дегеннен гөрі «Менің бұл идеям туралы не ойлайсыз?» деген жақсы. 
5. Басқа адам жөніндегі ақпарат секілді, бірақ шын мәнісінде сөйлеушінің 
эмоцияларын білдіретін айтылымдарды қоспау: 
а) кінә тағу: «Сен ешқашан көңіл бөлмейсің»; 


124 
ә) кеміту, тіл тигізу: «Сен алаяқсың», «Өте дөрекі екенсің»; 
в) айыптау: «Сен адамдарды қорлағанды ұнатасың»; «Сен үнемі бізді 
басқарғың келеді»; 
г) бұйыру, билеу: «Күлуді тоқтат»; «Көп сөйлеме»; 
д) сарказм: «Сен әрдайым бәріне оптимистік көзқараспен қарайсың, 
солай емес пе?» (қарама-қарсы мағынаны меңзей отырып). 
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыра отырып, коммуникацияға 
түскенде осындай ұстанымдарды естен шығармау адамдар арасындағы 
түсініспеушілік, араздық, алауыздық, т.б. секілді жағымсыз қарым-
қатынастарды 
жоюға 
септігін 
тигізеді. 
Себебі 
медиакеңістіктің 
лингвоэкологиясын зерттеу нәтижесі қазіргі технократтық қоғам өкілдерінің 
бір-бірінің көңіл күйі мен сезімдеріне алаңдаушылық білдірмейтінін көрсетті. 
Бұл жөнінде Б.Г. Мещерякова мен В.П. Зинченко былай дейді: 
«Технократическое мышление – это мировоззрение, существенными чертами 
которого являются примат средства над целью, цели над смыслом и 
общечеловеческими интересами, смысла над бытием и реальностями 
современного мира, техники (в том числе и психотехники) над человеком и его 
ценностями. Технократическое мышление – это Рассудок, которому чужды 
Разум и Мудрость. Для технократического мышления не существует категории 
нравственности, совести, человеческого переживания, достоинства» [213]. 
Сондықтан оқыту барысында «Қошеметтер бұрқасыны», «Қар көшкіні», 
«Бұл кім?» т.б. секілді әдістерді тиімді қолдануға болады. Мәселен, 
«Қошеметттер бұрқасынында» білім алушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 
минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келетін 
қошеметті жазады. Қошеметтердің толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. 
Жазып болған соң студенттер бұл парақтарды домалақтап, қармен лақтырып 
ойнағандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім білім 
алушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. 
Қошеметтерді барлық студенттердің кезектесіп оқуына да болады. Бұл әдіс 
білім алушылардың «Айтылым-мен» моделіндегі қажеттіліктерін түсінуіне 
және бір-біріне жақсы сөздер айтуына ықпал етеді. 
Осылайша 3 кезеңдік технология негізінде эмотивтік құзыреттілікті 
қалыптастыруға болады. Оны игерген білім алушылар жалпы коммуникативтік 
және 
кәсіби-коммуникативтік 
сипаттағы 
білімдердің, 
дағдылар 
мен 
қабілеттердің жиынтығын меңгеріп, эмотивті мәтіндерді тиісінше қабылдап, 
түсіну 
қабілеттері 
қалыптасады. 
Тілдік 
ортада 
коммуникацияның 
экологиялылығын қамтамасыз етіп, өздерінің де, өзгелердің сөздеріндегі 
эмоционалдық тепе-теңдікті сақтай алады. Технологияның тиімділігі зерттеу 
аясында жүргізілген эксперимент нәтижелерімен тексерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет