Синтетикалық сөзжасам тәсілі
Қосымшалы түрде синтетикалық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі
тәсілдер тобына кіреді. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз
жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы
туынды сөз жасау үшін оған екі тілдік бірлік қатысуы керек:
1) Лексикалық мағыналы сөз
2) Сөзжасамдық жұрнақ синтаксистік тәсіл арқылы туынды сөз
жасауға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының өзінің
атқаратын қызметі бар. Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына
арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы
сөздер қатысады; мысалы жүлдегер, ақты, ақылды.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын
негізгі талап оның лексикалық мағынасы болу керек. Сол лексикалық
мағыналы сөз туынды сөзді жасауға негіз болады.
Синтетикалық тәсілдегі екінші тұлға екінші тілдік бірлік –
сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше
болып саналады, оның қатысынсыз синтетикалық тәсіл арқылы ешбір
туынды түбір жасалмайды. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған
туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір сөзден
сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады, мысалы, сыр+лы >сырлы.
Аналитикалық тәсіл– тілімізде көне замандардан келе жатқан,
тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Бұл
тәсіл – басқа тілдердің сөзжасамында кең орын алатын кең таралған
тәсіл.
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі синтетикалық тәсілден өзінің
сөзжасамдық бірліктері арқылы ерекшеленеді. Егер синтетикалық
тәсілде туынды сөз жасауға лексикалық бірлік пен жұрнақ қатысатын
болса, аналитикалық тәсілде жұрнақ қатыспайды, тек екі, я одан да көп
лексикалық бірліктер ғана сөз жасаушы тұлға қызметін атқарады.
66
Аналитикалық тәсілде екі (я одан да көп) сөз бір-бірімен тіркесіп,
жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы
жасалған сөз күрделі сөз деп аталады. Мысалы, ортан жілік, шекара,
өнеркәсіп, аққу, темір жол, қызыл ала, алпыс бес, қара торғай т.б.
Мұндағы ортан жілік - бір мүшенің аты, шекара – орынның аты,
өнеркәсіп – заттың аты, шекара –заттың аты, аққу – құстың бір түрінің
аты, темір жол – поез жүретін жолдың аты, қара торғай – торғайдың
бір түрінің аты.
Келтірілген аналитикалық тәсіл арқылы жасалған, бірақ күрделі
сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалған, бірақ күрделі сөзде
олардың әрқайсысы өзінің жеке тұрғандағы мәнін сақтамай, бір тұтас
мәнге көшкен. Ол келтірілген мысалдардан анық көрінеді.
Лексика-семантикалық тәсіл. Қазақ грамматикасында лексико –
семантикалық тәсілге де сипаттама беріледі.
Лексика-семантикалық тәсіл, арқылы жасалған сөздердің құрамы,
тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана
болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі
бұрынғы қолданылып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағына қосып
алады, тілде жаңа мағынасында да қолданыла береді. Сөздің тек
мағынасында ғана өзгеріс пайда болады. Сөздің мағынасында жаңа
өзгеріс пайда болатындықтан, бұл тәсіл лексика – семантикалық тәсіл
аталған. Бұл сөзжасамдық тәсіл көне заманнан бері қарай қызмет
атқарып келеді. Ә.Қайдардың пікірінше, қазақ тіліндегі бір жарым
мыңдай бір буынды төл түбір сөздеріміздің төркіні тым алыста,
мыңдаған жылдар қойнауында жатыр. Ал сіздер мен біздердің күнде
айтып жүрген «жаңа сөздеріміз» шын мәнісіндегі жаңа сөздер емес,
тіліміздегі байырғы түбірлерден сөз жасау модельдері негізінде пайда
болған туынды дүниелер. Олар дүниеге тіл қажетін өтеу үшін келген,
оларды біз өзіміз тілімізде әбден қалыптасқан дәстүрлі тәсілдер арқылы
жасадық. Түбір ескі, тәсіл ескі, бірақ сөз жаңа, өйткені ол жаңа ұғым,
мағынаға ие болды. Тіл қорының осылайша жаңалануы оның ішкі даму
заңына байланысты. Бірақ оны ылғи әрекетке келтіріп отыратын
қоғаушы күш қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени
жағдайлар, яғни күн сайын туындап жататын жаңа ұғым, жаңа зат,
құбылыстарды игеру қажеттігі» [22, 121-122].
Сөз мағынасының дамуы – сөздік құрамның баюының құнарлы
жолы деуге болады. Бұл құбылыс тілдің өз ішкі мүмкіндіктерінің
негізінде іске асып жатады әрі тілді байытудың ең құнарлы жолы деуге
болады. Сөзжасамның бұл жолын семантикалық жолмен сөз жасау
дейміз[23, 823]. Мысалы, айдар – ертеде балаға қойылатын шаш, тұлым
болса, қазірде газет айдары (рубрика) ретінде жаңа мағынаға ие болған.
Сондай-ақ, құн сөзі ертеректе төлем, алым, пұл, ақы мағынасында
қолданылса, қазірде экономикалық терминге айналған. Сол сияқты
|