К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

1) 
–шылық 
(-шілік):тіршілік, 
адамшылық, 
кемшілік, 
айшылық, тоқшылық, азшылық, таршылық, кеңшілік; 
2) 
–лас  (-лес)  және  оның  фонетикалық  варианттары:  ұялас, 
бәсекелес,  бәстес,  будандас,  татулас,  ауылдас,  құрбылас,  еншілес, 
араздас, пікірлес, достас, серттес; 
3) 
–  ңқы  (-ңкі),  -ыңқы  (-іңкі):батыраңқы,  шашыраңқы, 
жуысыңқы,  түсіңкі,  бағыныңқы,  басыңқы,  жабысыңқы,  көтеріңкі, 
кебіңкі, шығыңқы; 


64 
 
4) 
–нды  (-нді),  -ынды  (-інді):жаттанды,  асыранды,  ерітінді, 
жыртынды, шұбыранды; 
5) –қылықты 
(-ғылықты),  -кілікті  (-гілікті):  тыңғылықты, 
түпкілікті, жергілікті, тұрғылықты, қызғылықты; 
6) 
–мпаз  (-ымпаз,  -імпаз):жасампаз,  сұрампаз,  кеңесімпаз, 
жүзімпаз, жортымпаз. 
7) 
–лан  (-лен),  -дан  (-ден),  -тан  (-тен):ашулан,  жігерлен, 
таңдан,  үйлен,  қайраттан,  бейнеттен,  еттен,  мастан,  бұлттан, 
аяқтан, арлан, еңбектен, қарулан. 
8)  –сыра (-сіре):жалғызсыра, етсіре, қансыра
9) 
–ыңқыра  (-ңкіре),  -ыңқыра  (-іңкіре):  айтыңқыра,  жүріңкіре, 
күтіңкіре, барыңқыра, тыңдаңқыра, сөйлеңкіре. 
Құранды  жұрнақтардың  құрамын  талдағанда,  олардың  әртүрлі 
өзгеріске  ұшырап  ықшамдалуына  және  олардың  құрамында  төл 
жұрнақпен  бірге  кейде  кірме  жұрнақтың  болу  мүмкінділігіне  де  назар 
аударған  мақұл.  Бұл  жайында  қазақ  тіл  білімі  маманы  А.  Ы.  Ысқақов 
былай  дейді:  «Құранды  жұрнақтарды  сөз  еткенде,  мынадай  екі  түрлі 
құбылысты  ескерген  мақұл:  біріншіден,  тіліміздің  дыбыстық  заңына 
лайық  өзгерілеу,  ықшамдалу  сияқты  құбылыстардың  да  болатыны 
шексіз.  Мысалы,  -  нікі,  -дікі,  -тікі  жұрнағы  бастапқы  ілік  септік 
жалғауының –нің (-ның,-дың,-дің, - тың, -тің) қосымшасы мен сын есім 
тудыратын –кі (-қы, -ғы, -гі) қосымшасының бірігуімен жасалған. Бірақ 
құранды  жұрнақ  -ніңкі  болудың  орнына  ықшамдалып,  -нікі  түрінде 
қалыптасумен  қатар,  өзінің  құрамындағы  екінші  компонентіндегі 
жіңішке к дыбысының әуенімен, тек жіңішке вариантта ғана орныққан. 
Демек,  -нықы,  -дықы,  -  тықы  түрі  шығып  қалған.  Екіншіден,  құранды 
жұрнақ тек байырғы қосымшалардың ғана емес, байырғы төл қосымша 
мен  басқа  тілден  енген  кірме  қосымшадан  да  бірігіп  жасалатыны 
байқалады.  Мысалы,  жоғарыдағы  жағымпаз,  жүзімпаз  дегендерде  –
ым  (-ім)  –байырғы  төл  қосымша  да,  -  паз  –шет  тілден  енген  кірме 
қосымша» [19]. 
К.  Аханов  өз  еңбегінде  күрделі  сөзге  де  түсінік  берді.  Ғалымның 
паймдауынша,  күрделі  сөздің  өзіне  тән  белгілері  болады.  Олар:  1) 
семантикалық  тұтастық  белгісі  (күрделі  сөздің  құрамындағы 
сыңарлардың мағыналық дербестілігі мен грамматикалық дербестігінің 
күнгірттенуі  немесе  жойылуы  сөздің  бұл  түрінде  семантикалық 
тұтастықтың пайда болуына әкеледі. 
2)  морфологиялық  тұтастық  белгісі.  Күрделі  сөз  де  жалаң  сөз 
тәрізді  түрленіп,  көптеледі,  септеледі,  жіктеледі.  Оның  сыңарларының 
әрқайсысы  бөлек-бөлек  өзгермей,  тұтас  күйінде  түрленіп,  бір  тұлғаға 
(формаға)  ие  болады.  Күрделі  сөз  тұтасқан  (бүтін)  күйінде  ғана 
парадигматикалық қатарға мүше ретінде ене алады. Мұның өзі күрделі 
күрделі  сөздің  морфологиялық жақтан  тұтастығын,  бір  бүтін екендігін 
көрсетеді. 


65 
 
3)  синтаксистік  тұтастық  белгісі.  Күрделі  сөздің  синтаксистік 
тұтастық белгісі дегенмен әдетте, оның синтаксистік жағынан  (сөйлем 
мүшесі  болу  жағынан)  бөлшектенбей,  сөйлемде  бір  ғана  мүше  болуы 
ұғынылады,  мысалы,қолғап,  қарақұс  деген  сөздердің  қол,  қара 
дегендері  өз  алдында  бір-бір  мүше  емес,    сөйлемде  қолмен  қап-тың 
екеуі қослып бір-ақ мүше бола алады. 
Қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі  М.  Оралбаеваның  «Қазіргі  қазақ 
тіліндегі  сан  есімнің  сөзжасам  жүйесі»  [21]  еңбегінде  «Қазақ 
грамматикасы»  кітапта  [20]  толық  сипатталған.  Осы  авторлардың 
айтуынша,  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесінде  әбден  орныққан, 
қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар: 
1) 
Синтетикалық тәсіл, 
2) 
Аналитикалық тә сіл, 
3) 
Лексика – семантикалық тәсіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет