83
сөздердің синткасистік қатынастары жойылып, жаңа лексика-
грамматикалық мағына туындайды [17, 232]; 4) тіркескен сөздердің
арасы ашық, алшақ болады, біріккен сөздің арасы бітелген, тұйық
болады. Сондықтан біріншілердің арасына басқа сөз қосып, не басқа
сөзбен орын ауыстырып айтуға болса, екіншілердің арасына басқа сөз
не морфема қосуға, басқа сөз қоюға, орын ауыстыруға болмайды; Сөз
тіркестер (
қарлы биік тау, биік-биік қарлы таулар, қарлы биік тау)
орын ауыстырып басқа сөздер қосуға болады, біріккен сөздер
(
адалбақан, жарғанат, итаяқ, тасбақа) арасына сөз не морфема
қосуға болмайды.
Біріккен сөздер, М.Б.Балакаевтың пайымдауынша, ол бастағы
кемінде толық мағыналы екі сөзден тұтасып жымдасу нәтижесінде
әдепкі
лексика-грамматикалық
мағыналарынан
айырылып(не
күңгірттеніп) жаңа лексикалық, соған лайық жаңа лексика-
грамматикалық мағына тудыратын сөздер бірлестігі [17, 232].
Біріккен сөздер бірігіп, басқа сөздермен отасқанда, біртұтас сөз
болғанда, бұрынғы мағыналық дербестігін, лексико-грамматикалық
мағыналарын, бұрынғы синтаксистік қатынасын да, байланысын да
жояды. Жаңа сапалы туынды сөзге айналады. Академиялық
грамматикада біріккен сөздерге келесі анықтама беріледі: «Біріккен сөз
деп сыңарлы мағына жағынан да, тұлға мағына жағынан да бірігіп
біртұтас мағынаны білдіретін біртұтас дыбыстық құрамдағы, бір
екпінмен айтылып, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаратын сөздерді
айтамыз» [10, 254].
Біріккен сөздерді топтастыру үшін олардың синтаксистік
байланысын зерделеу керек. Осындай сөздердің құрамында
фонетикалық байланыстардың екі түрі болады:
1) Біріккен сөз құрамындағы сыңарлар ұласқан қалпында бір
екпінге ортақтасып, бір екпінге ие болып тұруы, айтылу тұтастығы
олардың байланысын күшейтіп жымдастыра түседі.
2) Біріккен сөздер аралығында дыбыс үндестігі байқалады. Ол
жағдай кездейсоқ емес – әдетте түбір мен қосымша арасында болатын
ілгерінді, кейінді дыбыс үйлесімдері біріккен сөздер аралықтарында да
болады, мысалы
, Бегәлі, Дәметкен, Аягоз – кіріккен сөздер, осындай
дыбыс үндестігі біріккен сөздерде де байқалады.
Біріккен сөздердің арасында синтаксистік байланыстары да
байқалады:
1) біріккен сөздердің көбі изафеттің 1-түрі ретінде саналады:
«изафет» І-ші түрінде біріккен сөздердің екі сыңары қосымшасыз
бірігеді, қараңыз:
Қаламұш, шашбау, абжылан, абырой, адамзат,
Достарыңызбен бөлісу: