97
V бөлім. Қазіргі қазақ тілі морфологиясының зерттелуі
Кеңес дәуіріндегі қазақ тіл білімі ғылымында қазақ тілінің
грамматикалық
құрылысы
мен
фонетикалық
жүйесі
өзекті
мәселелердің бірі болып саналды. Қазақ ғалымдары осы тақырыптарды
қарастырған тұста жеке тілдің аясынан шығып, туысқан түркі тілдері
ауқымында зерттеулер жасады. Осыған байланысты, тілдің тарихи-
салыстырмалы грамматикасын жасау, сондай-ақ тілдің грамматикалық
құрылысын, оның даму заңдылығын түсіндіретін нормативті
грамматикалық еңбектерді даярлау күн тәртібінде болды. Бұл жолда
Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев,
Ы.Маманов, А.Ысқақов, М.Томанов, А.Әбілқаев, Т.Қордабаев сынды
тілші ғалымдардың қомақты зерттеулерін атай аламыз.
Морфология бойынша қызықты зерттеулер жарыққа шықты,
мәселен: Ф.А. Ганиевтің «Татарский язык: Проблемы и исследования»
(2000), Н.Э. Гаджиахмедовтің «Словоизменительные категории
имени и глагола в кумыкском языке» (2000); И.В. Шенцованың
«Акциональные формы глагола в шорском языке» (1997) және
синтаксис бойынша (соңғылардан, алдымен жаңасібір синтаксис
мектебі бағытындағы жұмыстарды көрсете кету маңызды) Н.Н.
Ефремовтің «Полипредикативные конструкции в якутском языке»
(1998), М.И. Черемисина, А.А. Озонова, А.Р. Тазрановалардың
«Элементарное простое предложение с глагольным сказуемым в
тюркских языках Южной Сибири» (2008), И.А. Невскаяның
«Типология локативных конструкций в тюркских языках Южной
Сибири» (2005), А.Б. Хертектің «Значения локальных падежей в
тувинском и хакасском языках» (2013), Н.И. Данилова, Н.Н.
Ефремов,
Е.М.
Самсонованың
«Функционально-семантические
категории в якутском языке: Каузативность, эвиденциальность,
итеративность» (2013) және басқа да көптеген еңбектерін атауға
болады.
Н.А. Баскаковтың қарақалпақ тілі грамматикалық құрылымына
қосқан үлесі орасан зор. Ол тілдің қысқаша грамматикасынан бастап
(1931), ғалым ретінде іргелі еңбек жазған (1951–1952), ол еңбекте тілдің
морфологиялық категориясы толықтай сипатталған, фольклор, ауыз
әдебиеті және әдеби тілдесім мысалдармен толықтырылған, түркі тілі
грамматикалық құрылымына сай әзірленген жүйе болатын. Ғалым көп
жылдар бойы түркі тілдерінің грамматикалық құрылымын түсінуге,
98
сипаттауға және ол бағытта түбегейлі жүйені әзірлеуге ат салысқан. Оны
сөз таптары, сөзжасам қалыптастыру, сөздің морфологиялық құрылымы,
қимыл есімдері, рай категориясы мен жіктелу тарихы, түркі
фонологиясы, сөз тіркесі синтаксисі және салалас сөйлем және тағы
басқа мәселелер қызықтырған. Ал ресей түркітанушылары Н.А.
Баскаков еңбегінен түркі тілінің грамматикалық құрылысы жайлы
толыққанды ерекше тұжырым алған болатын. Олар «Түркі тілдері
құрылымының тарихи-типологиялық сипаты» (1975), «Түркі тілдерінің
тарихи-типологиялық
морфологиясы»
(1979)
атты
іргелі
монографияларда жарық көрген болатын.
Н.А.Баскаков еңбектерінде түркі тілдерінің құрылымы туралы
толық тұжырымдама, оның барлық деңгейлері, әрбір морфологиялық
категорияның тілдегі орны ұсынылған. Осы толыққанды тұжырым әркез
қосмүшелі және мүшелері тиянақты орналасқан атрибутивтік және
предикаттық
синтагмада
сипатталған
тілде
болатын
ойлау
категориясының ортақтығы туралы негізгі идеяға негізделеді, ал бұл
тиянақтылық тіл құрылымында маңызды рөл атқарады. Н.А.Баскаков
осындай теорияны құрастыруда алтай тілдерінің генетикалық туыстығы
туралы көзқарасты басшылыққа алған (1981). Осындай пікір мен
қолдаудың нәтижесінде Г. Рамстедт, Вл. Котвич, М. Рясяненнің ғылыми
еңбектері жарық көрген, олар еліміздегі алтайтану ғылымына мол еңбек
сіңірген.
1974
жылдың
соңында
Г.Ф.Благова
түркі
тілдерінің
салыстырмалы тарихи грамматикасымен (әрі қарай ТТСТГ), түркі
тілдердің этимологиялық сөздігімен (әрі қарай ТТЭС) айналысады. Ол
ТТСТГ-ның 4 томын жазуға қатысады, оның әрбіреуіне ол маңызды
үлес қосады.
«Морфология» атты томында (1988) Г.Ф.Благова «Септіктің
категориялары» және «Есімдіктің септелуі» бөлімдерін жазады. Соның
алғашқысында автор түркі тілдерінің тарихи морфологиясында көрініс
тапқан тезистің, яғни түркілік септеудің қалыптасу үрдісінде түркілік
септеудің үш түрінің қосындысын анықтаған тәуелдік категориясы мен
септіктің өзара қатысы ерекше рөл атқарғандығын айтады. Демек,
парадигмааралық
қатынастың
жасалуы
барысында
есімдік
парадигмасы түркілік септеудің негізгі өзегі ретінде қарастырылады.
Осы есімдік парадигмасы түрткі болып, соңында олар есімдік
үлгісімен атауыш және поссесивтік-атауыш парадигмаларына ауысқан.
Осындай іріктеу материалы негізінде Г.Ф.Благова атауыш және
поссесивтік-атауыш парадигмасына құрылған түркілік септеу үлгісінің
тарихи айырмашылығын және сәйкес келетін морфонологиялық
үдерістердің дамуын көрсетті. Осындай септеу парадигмасының
сәйкестігін автор түркілік септеудің типтік классификациясының
негізіне жатқызады. Г.Ф.Благова ұқсас жүйе жасаушы белгілерді
есімдіктер түрлерін септеудің тарихи талдауына пайдаланады.
99
«Региональные реконструкции» атты (2002) түркі тілдерінің
салыстырмалы грамматикасы томында (ТТСТГ) зат есімдер, сын
есімдер, сан есімдер мен есімдіктер, сондай-ақ сөз табының көмекші
есімдері қамтылған «Реконструкция именной морфологической
системы карлукско-уйгурской группы языков» бөлімі дайындалады.
ТТСТГ -ның лексикалық томының (1997; 2010) «Антропонимия
(зат есім, сын есім, сан есім, етістіктер) тарауын Г.Ф.Благова әзірлеген.
Тілдік материалдарды талдау барысында жүйелік әдісті пайдаланған
Г.Ф.Благова қайта жасалатын арғы түркі антропонимиясы
дараланған жалқы есімдердің өрнектелген жиынтығы тәріздес емес,
демек оның тәртіпке келтірілген семантикалық негізі – семантикалық
жүйесі, яғни құрылымдық жүйесі бар екендігін көрсетеді және онда
кездейсоқ атауларға орын жоқ екендігін айта кетеді.
Морфологияға қатысты еңбектердің бірі – Ә.Төлеуовтың «Сөз
таптары» (1982) кітабы.
С.Мұхтаровтың «Қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастыру
мәселесі» (2001) деген еңбегінде қазақ тіліндегі сөздерді семантика –
құрылымдық топтарға (сөз таптарына ) жіктеудің принципі туралы
тұңғыш сөзді ғалым А.Байтұрсынов айтқан деген пікірді көптеген
зерттеушілер болжамдарынан кездестіреміз. Мысалы, А.Байтұрсынов
сөздер мағынасына қарай 9 топқа бөлінеді деп, осы мағыналық
(семантикалық) принципті басшылыққа алғандығы айтылады.
А.Байтұрсыновтың сөз таптастыруындағы жалпы жүйе қазақ тілінде
көп өзгеріссіз сақталып қалады. Өйткені қазіргі қазақ тілі үшін
семантикалық принцип маңызды, жетекші принцип болып есептеледі.
С.Мұхтаровтың еңбегінде сөз таптастырудың үш принципі
(семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) туралы айтылған
деректер бар. Бұл үш принциптілікті алғаш қазақ тіл біліміне енгізген
ғалым Қ.Жұбанов делінеді. Ғалым сөз таптарының семантикалық
белгісін «мағына» дей отырып, сөз бен сөздің арасындағы жуықтықты
көрсететін жағы сөздің грамматикалық мағынасы деп анықтайды. Сөз
таптарының үш белгісі (семантикалық, морфологиялық, синтаксистік)
туралы пікірді ғалым С.Жиенбаев та қолдаған [1;33].
Қазақ тіл білімінде грамматикалық категорияның ғылыми-
теориялық негіздемесі А.Ысқақов, К.Аханов, Ә.Хасенов, Н.Оралбаева,
С.Исаев т.б. ғалымдар еңбектерінен орын алып, грамматиканың
дәстүрлі деңгейінде сөз етілді. Бұл тілдегі негізгі грамматикалық
ұғымның бірі грамматикалық категория деген ұғым барлық
зерттеулерде біркелкі түсіндірілмеген. Ғалымдардың дәлелденген
пікірлерінің арасында да айырмашылықтар бар.
Мәселен, К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» оқулығында:
«Қандай да бір грамматикалық категория болсын, оның жалпылаушы
сипаты болады. Дара грамматикалық мағынаны білдіретін бір ғана
нысан немесе әр сипаттағы грамматикалық мағыналарды білдіретін
100
нысандар емес, біртектес, өз ара ыңғайлас грамматикалық
мағыналарды білдіретін грамматикалық нысандардың жиынтығы
грамматикалық категория деп танылады», - деген [2;338].
А.Ысқақовтың оқулығында, тілдегі өзіне тән грамматикалық
формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық
категория деп аталады [3;20].
К.Аханов пікірі бойынша, грамматикалық категория тілде жалпы
құбылыс болып саналады. Жалпының жеке (жалқы) құбылыстар
арқылы көрінетіні, грамматикалық категорияның грамматикалық
мағыналар мен нысандардан көрінуі, сол сияқты керісінше,
грамматикалық мағыналар жалқы құбылыс ретінде жалпыға яғни
грамматикалық категорияға ұласады екен. Мәселен, септік категориясы
жалпы құбылыс болып қаралады да, жалқылық сипаты жеке – жеке
нақтылы септіктерден байқалады. Осы септіктер болған кезде ғана,
грамматикалық категория ретінде танылады [2;339-340].
В. фон Гумбольдт пікірлері де ғалым К.Аханов тұжырымын
айқындай түседі.
Мәселен, В. фон Гумбольдт тілдегі жалқының әрбір жеке
элементі бүтіннің бөлшегі сияқты көрінеді де, ол жеке сөздер мен
категорияларға, олардың грамматикалық формаларына қатысты болса,
жеке формалардың мағыналары басқаларымен сәйкестеніп барып қана
анықталады деген [4;50].
Грамматикалық категориялардың өрісі біркелкі болмайтыны
туралы профессор А.Ысқақовтың ойлары да бар.
Кейбір категориялар тым жалпы, әрі өрісті, әрі қарымды болса,
кейбір категориялардың өрісі тар, қарымы аз, тіпті жалқы да бола
береді. Мысалы; тым жалпы категория деп сөз таптары категориясын,
қосымшалар категориясын алсақ, олардың әрқайсысын іштей саралап,
әлденеше ірілі – ұсақты жалқы категорияларға бөлуге болады. Сөз
таптары категориясын жалпы ерекшеліктеріне қарай, әуелі есімдер
категориясы, етістіктер категориясы, көмекші сөздер категориясы деп
топтасақ, одан әрі есімдер категориясын зат есім категориясы, сын
есім, сан есім категориясы деген сияқты жіктерге бөлумен тынбай,
олардың әрқайсысын тағы да әрі қарай саралап отырамыз. Мысалы,
есімдіктер категориясын жіктеу, сілтеу, сұрау, топтау, белгісіздік,
болымсыздық есімдіктер деп, одан әрі бір ғана жіктеу есімдіктерін
тағы да дараландырып, жақ категориясын анықтаймыз. Сол сияқты,
қосымшалар категориясын әуелі жалғау категориясы және жұрнақ
категориясы деп жіктеп, одан әрі жалғауларды, жоғарыдағыдай, көптік
жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау, жіктік жалғау категориялары
деп бөлеміз. Жұрнақтарды әуелі сөз тудыратын және сөз түрлендіретін
категорияларға, одан әрі іштей жеке сөз таптарына тели бөліп, олардың
өзара жіктері мен сыр–сипаттарын ашамыз [3;22].
101
Соңғы уақытта ғалым С.Исаев грамматикалық категория
ұғымының сипатын тереңірек және жан-жақты дәлелдеген.
С.Исаевтың пікірінше, грамматикалық категория болудың негізгі
талаптары мен шарты мынадай болу керек: 1) бірнеше, кемінде екі
грамматикалық мағына болу керек; 2) (кемі екі) мағыналар бір-бірімен
тектес, ыңғайлас, мәндес болу керек, әр тектес мағыналар
грамматикалық мағыналар құрай алмайды; 3) ол грамматикалық
мағыналар қаншама тектес, ыңғайлас болса да, мысалы, тәуелдік
мағына, екінші жағынан бір-біріне қарама–қайшы болып келеді; 4)
сөйтіп барып әр тектес, ыңғайлас, әрі бір-біріне қарама–қайшы
мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы; 5) сол тектес мағына да,
қайшы мағына да бөлек–бөлек белгілі грамматикалық формалар
арқылы берілуі; 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы
мағыналық–тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы. Міне осындай
шарттар мен талаптарға сәйкес келетін тілдік құбылыс қана
грамматикалық категория болып таныла алады десе, [5;56] өзінің
«Қазақ грамматикасының кейбір ғылыми тұжырымдары мен негіздері
жөнінде» деген мақаласында: «Дәл осындай қасиеттері жақ (жіктеу),
сан-мөлшер (көптік - жекелік), септік, шақ, рай, шырай, етіс, болымды
– болымсыз етістік, сабақты – салт етістік т.б. грамматикалық
мағыналардың бір-біріне қарама-қайшылығы мен оның білдіретін
грамматикалық формалардың саны бірінде аз, бірінде көп,
парадигмалық жүйе сипаты бірінде жай қарапайым, бірінде күрделі
болуы мүмкін. Бірақ олардың болуы, тілдік құбылысты грамматикалық
категория деп танып, айрықша көрсетуге негіз болып табылады»,-
деген тұжырымын да назарға ала отырамыз [6;189].
Қазақ тілінің грамматикалық құрылысына қатысты кейінгі кездегі
зерттеулердің негізіне ғалым С.Исаевтың пікірі басшылыққа алынып
жүр. Сондай-ақ жұп сыңарлы болымды-болымсыз грамматикалық
мағыналарды тіл жүйесінде лексика-грамматикалық категория
деңгейінде қарастырған еңбектерде (Т.Әбдіғалиева), функционалды-
семантикалық өріс негізінде танылған грамматикалық категорияларға
қатысты жұмыстарда С.Исаев пікірінің басымдылығын көреміз
(Н.Шаймердинова, Қ.Бибеков т.б.).
Грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз өздігімен
кездеспейтіндігін
грамматикалық
мағынаның
грамматикалық
құрылысқа түскен сөзге қосылатын, үстелетін қосымша мағына
екендігін профессор К.Аханов, С.Исаев та атап көрсетеді. Олар сөздің
жалпы грамматикалық мағынасы оның лексикалық мағынасы негізінде,
атап айтқанда, лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы
туындайтыны талассыз нәрсе деп те көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі
лексикалық, грамматикалық мағынаның теориялық мәселелерімен
бірге, оның объективті шындық өмірге қатысын М.Балақаев,
А.Ысқақов, Н.Оралбаева, С.Исаев сынды атақты ғалымдар өз
102
еңбектерінде айқындай түседі. Оның екеуінде де объективті шындық
өмірге қатыстылығы дау туғызбайды, бірақ олардың (лексикалық,
грамматикалық мағына) объективті шындық дүниеге қатыстылығында
ерекшеліктер бар деп көрсетеді. Лексикалық мағына арқылы өмірдегі
заттар, құбылыстар атауы білдіріліп, сол арқылы оның өмірге,
объективті құбылысқа қатысы айқындалса, грамматикалық мағына
арқылы объективті өмірдегі заттар, құбылыстар белгілерінің
арасындағы қатысты, байланысты білдіру негізінде оның объективті
өмірмен байланыс
– қатысы анықталады. Екі мағынаның
айырмашылықтары объективті өмірде білдіретін объектілерінде деп
түйіндейді [7;59].
Сөз таптарының ішіндегі есім сөз табының қатарына жататын зат
есімнің лексика-грамматикалық топтарының зерттелуі мәселесін
қарастырайық.
А.Байтұрсыновтың 1914 жылғы «Тіл құрал» еңбегінің
морфологияға арналған бөлімінде ғалым зат есімнің мағыналық
түрлеріне анықтама беріп, өзіндік пікір қалыптастырғанын байқаймыз.
Мысалы: «Зат есім екі түрлі болады: біреулері – нәрсенің дербес өз
басына ғана қойылған жалқы есім. Екіншілері – нәрсенің біріне емес
барлық тобына қойылған жалпы есім», – дейді. Жалқы және жалпы
есімге қысқаша ғана тоқталып, жалқы есімге кісі аттарын, жер
атауларын жатқызады да, жалпы есімдерге бір түрлі көп заттың
жалпылама атауларын білдіретін сөздерді (кісі, қала, дала, ел, жұрт,
ұлт, өлке, патшалық) жатқызады [8;199-200].
Морфологияны сөз ететін қазақ тілінде жазылған алғашқы
оқулықта зат есімді жалпы, жалқы есім деп бөлу, оның жекеше және
көпше септелуі, оңаша, ортақ түрінде тәуелденеді деп бөлу орын алған
[9;168].
1936 жылы орталау, орта мектептерге арналған Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтың 5-6-7 сыныптарға арналған «Қазақ тілі
грамматикасы»
атты
оқулықтан
ғалым
А.Байтұрсыновтың
еңбектеріндегі («Тіл құралы») тұжырымдарға сәйкес келетін ой –
пікірлерді кездестіреміз [10;58-60].
Қазақ тілінің грамматикасын ғылыми тұрғыда негіздеген ғалым
Қ.Жұбановтың «Из истории порядка слов в казахском предложении»
(1936) деп аталатын еңбегінде ғалым қазірде жалқы есімдер ретінде
танылып жүрген кісі есімдерін арнайы зерттемесе де, сол кездің өзінде
бұл мәселеге көңіл аударған, ол жайлы сөз қозғаған. Сол пікірлерін
басшылыққа ала аламыз.
Қазақ тіл білімінің зерттеу көкжиегі кеңейіп, салалары дамыған
сайын, зат есім де жан-жақты зерттеле бастады. Бірқатар ғалымдар,
мысалы, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, С.Исаев, Н.Оралбаева,
К.Бейсембаева, А.Данияров, И.Ұйықбаев т.б. зат есімге байланысты
мақалалар, арнайы зерттеулер, еңбектер жазды. Жалқы есімдер
103
ономастика және топонимика саласында да тың зерттелді. Қазан
революциясынан кейінгі кезеңде Қ.Жұбановтың, С.Аманжоловтың,
І.Кеңесбаевтың,
С.Әлиевтің,
Н.Баяндиннің
Қазақстанның
географиялық атаулары жөніндегі мәселелерді қарастырған жеке
мақалалары мен этюдтары жарыққа шыққаны белгілі. Сонымен қатар
жалқы есімнің этимологиялық түсініктемелері мен жалқы есім жайлы
құнды материалдар мен мағлұматтарды С.Аманжолов, І.Кеңесбаев,
М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, К.Аханов және басқа да
ғалымдардың (40-50 ж.) еңбектерінен кездестіреміз.
Өткен ғасырдың 40 – жылдарынан бергі уақыттар ішінде
жекелеген топонимдік атауларға байланысты С.Аманжоловтың,
Н.Баяндин мен Ғ.Қоңқашбаевтың, Ғ.Мұсабаевтың т.б. мақалалары
жарияланды. 1949 жылы ғалым Ғ.Қоңқашбаев «Қазақтың халықтық
географиялық терминдері» деген тақырыпқа диссертация қорғады
[10;91].
Сонымен
қатар
Ә.Әбдірахмановтың
«Қазақстан
топонимикасының кейбір мәселелері» деген тақырыпта жазылған
лингвистикалық зерттеуін және «Қазақстан жер су аттары»,
«Топонимика және этимология», «Қазақстан этнотопонимикасы» атты
үш монографиялық еңбегін айтып кетуге болады.
Халықтың тілдік қорының негізінде пайда болған географиялық
атауларды зерттейтін топонимика – жалқы есімнің үлкен бір саласы
екендігі белгілі. Көріп отырғанымыздай, жұп сыңардың тек бір мүшесі,
жалқы есім жайлы мәлімет көбірек кездеседі.
1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» ғылыми грамматиканың
алғашқы бөліміне зат есім туралы ғалым А.Ысқақовтың ізденістері
енген [10;101].
А.Ысқақовтың тұжырым, пікірлері өзінің ғылыми маңыздылығын
жойған жоқ, себебі күні бүгінге дейін тілді зерттеушілер өз
еңбектерінде ғалым тұжырымдарын басшылыққа алып келеді.
Т.Жанұзақовтың “Социально-бытовые мотивы в казахской
антропонимии” (1970), «Қазақ ономастикасының очерктері» (1982),
«Қазақ есімдерінің тарихы», «Есімдер сыры» атты еңбектеріндегі
жалқы есімге қатысты мейлінше құнды ой-тұжырымдар жұп сыңардың
бір мүшесіне көбірек арналған.
Е.Керімбаевтың «Атаулар сыры» (1984) еңбегінде жалқы
есімдердің ішінен топонимика саласына арналған, елді мекен, тау, жер
атауларының шығу тарихына, топонимикалық атаулардың жасалуына
байланысты деректер көп кездеседі [11;22].
Ғ.Айдаров «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986)
еңбегінде зат есімдердің мағыналық және тұлғалық жақтарынан
біркелкі емес, алуан түрлі болып келетіндігіне көңіл бөлген [12;66-68].
«Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері» деп аталатын еңбекте де
(1989) зат есімдердің семантикалық категорияларына байланысты
104
деректер бар [13;196]. Жалқы және жалпы есімдерге қысқаша анықтама
1993 жылғы «Қазақ тілі» оқулығында да берілген [14; 136].
Ж.О.Тектіғұлдың
«Қ.Жұбанов
және
қазақ
тілі
тарихи
грамматикасының
проблемалары»
атты
кандидаттық
диссертациясының авторефератында (1994) профессор Қ.Жұбанов
еңбектеріндегі күрделі жалқы есімдердің құрамындағы есім сөздердің
заттанып, кісі аттарында жиі қолданылуы, жалқы есімдердің тарихи
қалпының сақталуы жайлы, сонымен бірге жалпы есімдерден жасалған
тарихи сөз тіркестері туралы мәліметтер анықталған. Ғалым
Қ.Жұбановтың есімнің алғашқылығы туралы тиянақты қорытындыға
келуінің негіздемелерін берген [16; 11-21].
Ал қазақ тілі энциклопедиясында (1998) жалқы есімдердің
пайда болуы қоғамдық өмірмен, әлеуметтік жағдаймен, ал сипаты
көптеген
фактормен
байланысты
делінген.
Атап
айтқанда:
географиялық ортамен (топоним, астронимдерге әсері), халық
мәдениетімен, дініне (антропонимдер мен топонимдерге әсер етуі),
халық тарихына (барлық онимдер категориясына әсер етуі), әлеуметтік
орта және оның өзгеруімен (олардың құрамының өзгеруі) және т.б.
Сонымен қатар жалқы есімдер үш тәсілге ие: 1) аппелятивтің жалқы
есімге ауысуы (омонимге айналуы); 2) шетел жалқы есімдерінің
қабылдануы ; 3) басқа бір жалқы есімнің орнына екінші бір жалқы
есімнің ауысуы (трансонимдену) туралы болжамдар айтылған. Сондай-
ақ жалпы есім мен жалқы есімнің өзіндік айырмашылықтары мен
ерекшеліктеріне де көңіл бөлінген [17;185 –136].
Көріп отырғанымыздай, зат есім жүйесіндегі жалқы, жалпы
есімге қатысты зерттеулер тек оның тілге тән факті деп танудан әрі
қарай
жылжып,
оның
онимдік,
трансонимдік,
омонимдік,
этнолингвистикалық, халық тарихы, халық мәдениеті т.б. сияқты
бағыттармен ерекшеленетін жайттары да тілшілердің назарын аудара
бастаған. Мысалы, М.Д.Мұсабаева «Қазақ тіліндегі антропонимиялық
аталымдардың этнолингвистикалық сипаттамасы» (1995) тақырыбына
диссертация қорғады.
Жалпы лексикадағы жалқы есімдердің қарама-қарсы сөз
категориясына ауысу процесінің әртүрлі қырларын және атаулардың
осы ауысумен байланысты құрылымы мен мазмұндағы өзгерістерін
қарастыруға арналған А.Е.Бижкенованың докторлық диссертациясын
(2004) айтуға болады. Бұл еңбекте жалқы есімдердің ерекше
линвистикалық сипаты, олардың метатілдік әмбебаптығы, ішкі
тұлғасының терең мазмұнды көлемі, тұлға өзгерімдік ерекшелігі және
т.б. қарастырылған. Деонимизация тілде бар сөз таңбаларын
белсендендіру жолымен қоғамға қажетті жаңа атаулардың пайда болу
нәтижесінде қалыптасқандығы, генетикалық жағынан екінші құрылым
болып табылатындығы, олардың негізінде түрлі дәрежеде қолданылу
нәтижесінде жалпы мағынадан шығатын аппелятивтері бар екендігі
105
жөнінде сипат берілген. Жалқы есімдердің метафора-метонимиялық
транспозициясы нәтижесінде туынды лексиканың үлкен екі бөлімі
пайда болатындығы жайлы: олар – бірінші бөлім Адам ұғымының
концептуалды репрезентациясын және осы ұғымға қатысы бар барлық
сөздіктерді біріктірсе, деонимдік сөздіктің екінші бөлімі –
терминология яғни арнаулы атауларды жасау процесінде жалқы
есімдерді қолдану тәжірибесі барлық тілдерде бұрыннан бар, әрі
дәстүрлі болып табылатындығы жайлы сөз қозғалған [18;19-31].
Аталған еңбектің бірден-бір ұтымды жағы – деонимдік
деривацияның қазақ тіліндегі ерекшеліктеріне де баса назар
аударылуы. Жалқы есімнің жалпы есімге ауысу нәтижесінде туынды
лексиканың үлкен екі бөлімге жүйеленуі, әр тілдің ұлттық ерекшелігі,
тарихы мен мәдениетінің әсерімен жылдар бойы қалыптасатын,
номинативті дәстүрлерге негіздей отыра қарастырған деонимдік
лексика жайлы пікірлер қазақ тіл біліміне де енгізілген жаңалық деп
есептейміз.
Қазақ
антропонимикасы,
топонимикасы,
этнонимикасы
мәселелері және ономастиканың басқа да салалары жөнінде жазған
В.В. Бартольд, С.Е. Малов, А.Н. Кононов, А.Н. Самойлович, Н.А.
Баскаков, И.А. Батманов, Э.Р. Тенишев, Э.В. Севортян, А.А.
Серебренников, А.М. Щербак, В.А. Никонов, К.М. Мусаевтың
еңбектері ерекше орын алады [10; 6-7].
Ғалымдардың
ішінен
ономастиканың
негізін
қалаушы
А.Н.Кононов
екені
белгілі.
Ол
түркі
тілдес
халықтардың
ономастикасына тарихи-этимологиялық тұрғыдан талдау жасаған.
Орыс
тіл
біліміндегі
еңбектерді
зерделейтін
болсақ,
Ю.В.Рождественский «Типология слова» кітабында (1969) жалқы және
жалпы есімдердің сөйлем ішіндегі қолданылысында жалқы есімдер
шектеулі ғана қолданылса, ал жалпы есімдер зат есімдердің барлық
парадигмаларында көрініс табады деген пікір бар [19;137].
Орыс ғалымдары антропонимика мәселелері төңірегінде
«Личные имена в прошлом, настоящем, будущем» атты мақалалар
жинағын 1970 жылы жарыққа шығарды. Мұнда И.В.Бестужев –
Ладаның антропонимдердің тарихи дамуына, М.Н.Морозованың
антропонимдер мен жалпы лексиканың өзара байланысына жазылған
мақалалары елеулі орын алады.
Еңбектерге шолу жасау барысында жекелік және көптік
ұғымдарының зерттеу нысанына алынғандығы байқалады.
Тілдегі жекелік және көптік ұғымдары туралы ғалым
А.Байтұрсынов былай деген: «Зат есімде екі айырыс бар, 1) жекелік,
2) көптік. Жекелік айырыс нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі, ал
көптік айырыс нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі», - дейді [8; 201].
Бұл ұғымның етістікке қатыстылығы туралы профессор
А.Қалыбаеваның «Қазақ тіліндегі етіс категориясы» деген еңбегінде
106
етістікке жалғанатын –с, -ыс, -іс аффикстері субъектілердің аралық
қатынасын көрсетпей, тек іс-әрекетке қатынасушы субъектілер
санының көптігін білдіреді деген. Тұлғалас болса да етіс болмай, көптік
мағынада қолданылатындығы, етістік III жақта тұрғанда айқындала
түсетіндігі жайлы ескерткен. Көптік мағынаны беретін осы
аффикстердің бірі жалғанған етістік сөйлемде көптік мағынадағы
бастауыштармен үш жақта қиысып, сөйлемде баяндауыш болатындығы
анықталған. Көптік мағынада жұмсалатын етістік сөйлемнің
баяндауышы болғанда, оның бастауыштары көбінесе көптік тұлғада,
не көптік ұғым беретін жалпылауыш сөздер арқылы, не жекеше атау
тұлғадағы бірыңғай бастауыштар арқылы берілетіні жайлы деректер
бар [20;62-63].
Ғалымның пікірін мысалмен дәлелдейтін болсақ: а) бастауышы
Достарыңызбен бөлісу: |