студентсіз деген тіркестің алдыңғысы – жіктеу есімдігі, ал екіншісі
предикативті суффикс екендігін көрсеткен. Белгілі тюрколог
Н.А.Баскаковтың көне түркі тіліндегі баяндауыштың III жақта жіктік
жалғауы бар және дыбысталу жағынан III жақтың жекеше түрінің
жіктеу есімдігімен сәйкес келеді деп айтқан пікірін келтіріп, келесі
мысалмен дәлелдейді. Мәселен, көне ұйғыр тіліндегі ви nиsаn mаnің
оl «этот знак мой он» дегендегі бастауыш nіsаn «знак» зат есімінен
болса, ал оl, mаnің жіктеу есімдігінің «мой» (притяжательное
местоимение) предикативті суффиксі деген. Ғалымның айтуынша
118
мұндай мысалдар көне ұйғыр және көне түрік тілдеріне арналған
Махмұд Қашқаридың сөздігінде көптеп кездеседі екен [39;29-30] .
Профессор Ғ.Мұсабаев «Қазақ тілі тарихынан» (1988) еңбегінде
етістіктің жіктік жалғауы тарихына тоқталған. Жіктік жалғауының
жіктеу есімдіктерінен шыққанын ескере кетіп, олардың орта ғасырға
шейін шылау дәрежесінде қолданылғанына М.Қашқари диуанындағы:
Мен бара мен. Сен бара сен айғақ болатынын көрсеткен. Осы
мысалдардың алғашқылары – есімдік, соңғы мен, сен – шылаудан гөрі
жұрнаққа жақын деп ойын нақтылай түседі. Етістіктің жақтық
жалғаулары жөнінде мәліметтер Бақырғани Сүлейменнің 15 ғасырда
«Бақырғани» атты кітабында да бар екенін Ғ.Мұсабаев өз еңбегінде
айта кеткен. Ал жақтық жалғауларының есім сөздерге жалғанғанда сөз
коммуникативті талғайды, өйткені бұл жалғау есім сөздерге жалғану
үшін, жалғанатын сөздің субъектімен тікелей болуын талап етеді деген
қорытындыға келеді [48;124-126].
Демек, жіктік жалғауының сөзге жалғанып, субъектілік мағына
беруі жақты ұғыммен, ал субъектісіз мағына жақсыз ұғыммен
байланысты деп қарастырамыз.
Түркі тілдеріндегі жақ аффикстерінің шығу төркінін зерттеген
П.И.Кузнецов өзінің «О происхождении личных аффиксов в тюркских
языках: спорные вопросы» деген еңбегінде: «….жіктеу есімдіктерінен
пайда болған қосымшалар есімдерге жалғанып меншіктілік пен
тәуелділікті білдірсе, ал етістіктермен тіркесіп, өздерінің алғашқы
қызметін яғни іс-әрекеттің субъектісі мағынасын сақтап қалады», - деп
анықтаған [49;201].
Бұл мәселені «Қазіргі қазақ әдеби тілінің» (1991) авторлары жақ-
сан
категориясы
тұрғысында
қарастырып,
етістіктің
негізгі
морфологиялық белгісінің бірі, жақтық мағынаны беруші жіктік
жалғаулары әрекет, қозғалыстың иесімен бірге, оның жеке не көптігін
білдіруші форманттар деп санаған. Сөйтіп, бұл ғалымдар
(М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкенова) жақ категориясына сан
категориясын біріктіріп, жақ – сан категориясы деп атаған. Жіктік
жалғауларын өз өзгешеліктеріне қарай 4 топқа ажыратып, яғни бірінші
топқа қалып етістіктері мен есімшенің жіктелуін жатқызса, екіншіге
көсемшенің (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п.) жіктелуін береді, үшінші топқа
етістіктің жедел өткен шақ және шартты райын, төртіншіге бұйрық рай
формасының жіктелу үлгісін ұсынады [25; 69-70].
Ал А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (1991) оқулығындағы
көзқарасына тоқталатын болсақ, ол жіктік жалғаудың синтаксистік
қызметін айрықша ескеріп, жіктеу категориясы етістікке ғана тән
қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз
топтарына, соның ішінде есімдерге тән қасиет деп ерекшелейді. Жіктік
жалғаудың жалғану жүйесін автор 4 топқа бөліп қарастырады [3;65-66].
119
Жоғарыда аталған еңбекпен салыстырғанда, айырмашылық тек
бірінші топта ғана көрінеді. А.Ысқақов бірінші топқа қалып етістіктері
мен есімшеден басқа зат, сын, сан есімдер, есімдіктер мен үстеулердің
жіктелуін жатқызады.
М.Томановтың жоғарыда аталған еңбегінде жақтық мағынаның
грамматикалық көрсеткіштерінің шығу тегін, жасалуын зерттеген.
Етістіктерге қосылып жақ мәнін туғызатын жақтық қосымшалардың
шығу тегі бір болғанымен, сыртқы тұлғасы әр түрлі болып келетінін
көрсеткен. Оларды екі топқа жіктеген. Жекеше ІІІ жақ қосымшалары (-
ды) түркі тілдерінде кейін қалыптасқанын басқа тілдермен салыстыра
дәлелдеген. Жақ қосымшаларының татар, башқұрт, ұйғыр, алтай
түркімен, шор, гагауз, әзірбайжан, түрік және т.б. тілдердегі вариантын
беріп, І, ІІ, ІІІ жақ жіктік жалғауларының дыбыстық ерекшеліктерін
өзге тілдермен салыстыра анықтаған. Түркі тілдеріндегі етістіктерге
жалғанатын жақ қосымшаларына жалпы шолу жасап, жекеше жақ
тұлғаларынан жіктеу есімдерін барынша қысқартып айту үрдісі
аңғарылғанын да байқаған. Ғалым түркі тілдеріндегі жақ
қосымшаларын зерттеу барысында жақ тұлғаларының қолданылу
тарихын еске алып, «Орхон – Енисей» жазбаларындағы, Махмуд
Қашқаридың «Диуан» тіліндегі жақ көрсеткіштерінің қолданылу
ерекшеліктерін жан-жақты, терең зерттеген [27;146-152].
К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» атты оқулығында (1993)
грамматикалық жақ категориясы іс-әрекеттің қай жаққа (кімге немесе
неге) қатысты екенін анықтаған. Іс-әрекет сөйлеуші жақ, тыңдаушы
жақ немесе бөгде жақтың бірі арқылы жүзеге асатынын, осыған орай,
жақ категориясы әр түрлі тілдерде бірінші жақ, екінші жақ және
үшінші жақтың грамматикалық мағыналары мен тұлғалары арқылы
танылып, солар арқылы көріне алатыны әңгіме болған. Түркі тілдерінде
жіктелетіндер етістіктер ғана емес, сонымен бірге баяндауыш
қызметінде жұмсалғанда зат есімдер, (көбінесе адамның мамандығын,
кәсібін білдіретін зат есімдер) сын есімдер мен сан есімдер кейбір
есімдіктер де жіктеліп, жіктік жалғауын қабылдай алатынын жалпы
сипаттай кеткен [50; 352].
Ғалым пікіріне мысал келтіретін болсақ, мәселен, сен жассың, біз
қорқақпыз, сендер қусыңдар, біз екеуміз, сен қатарда төртіншісің,
кітапты оқыған сенсің, есікті ашқан менмін деген қолданыстарда
есімдіктер, сын және сан есімдер жіктік жалғауын қабылдап тұр.
Берілген қолданыстарда жақтық мағынамен қатар, белгілі мағына бар
деп те айтуға болады.
Е.Мергенбаев жақтық қосымшаларды «жіктік сөзбайлам
қосымшасы» деп атап, зат есімнің жіктік жалғауымен байланыстырып,
бір үлгіге сыйдырып, тікелей етістікке тән –м, -қ,-к,-ң, -ды,-ді
жалғауларын да атап кеткен. Жіктік жалғауларының қолданысын екі
топқа (зат есімдерге, етістіктерге ) бөліп қана қарастырған [28; 96-97].
120
К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» (1996) атты
келесі еңбегінде жақ категориясының сөз таптарына қатысы әртүрлі
тілдерде бірдей еместігінде, орыс тілінде жіктелетіндер – етістіктер
ғана, ал есім сөздер жіктелмейді деген тұжырымдар айтқан [31; 149 –
150].
С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық
сипаты» (1998) еңбегінде жақ категориясын грамматикалық жақ
жіктелу категориясы немесе жіктік жақ категориясы деп атаған.
Категория тұрғысынан сипатталған бұл ұғым жіктеліп, субъектінің кім,
не екенін білдіру және жақ мәні – ортақ мағынасы деген. Осы жақ
мағынасы барлық жаққа тәуелді, ортақ бола тұрып, жақ жағынан (I жақ
II жаққа), (II жақ III жаққа), (кейде жекеше я көпше) бір – біріне қарама
– қайшы және сол әрбір қайшы мағынаның әрқайсысына тән
грамматикалық тұлғасы бар, мәселен I жақ – мын, -мін, -бын, -бін, -пын,
-пін немесе –м, II жақ –сың, -сің немесе –ң, сыпайы түрі –сыз, -сіз
немесе –ңыз, -ңіз, III жақта арнайы тұлға жоқ немесе –а, -е, -й және –п, -
ып, -іп, көсемше тұлғасынан кейін –ды, -ді, -ты,- ті. Бұл тұлғалар
парадигмалық түрлену жүйесі болып саналатынын анықтаған.
Грамматикалық мағыналардың белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесі
арқылы беріліп, мағыналық – тұлғалық сәйкестік жиынтығы
грамматикалық жақ жіктелу категориясы болып табылатынын
дәлелдеген [32;56].
Ғалымның жіктік жақ категориясы жайлы айтылған пікірін
зерттеу еңбегіміздің «Тіл жүйесіндегі қарама-қарсылықтар ерекшелігі»
деп аталатын тараушасында басшылыққа аламыз.
1998 жылы жарық көрген «Қазақ тілі энциклопедиясында» зат
есімдердің жіктеуге көнетіндерін шартты түрде жақты, жіктеуге
көнбейтіндерін жақсыз деп атаған. Жақты зат есімдер сөйлем ішінде
Достарыңызбен бөлісу: |