111
М.Ә.Жүнісованың пікірін құптай отыра, жеке меншік мағынамен
қатар өздік есімдіктері нақтылау және белгілі мағынаға ие деп
есептейміз.
Жекешелік мағынасына қатысты профессор Т.Ә.Әбдіғалиеваның
«Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық категория мәртебесінің
функционалдық сипаты» атты еңбегіндегі (2000) пікірі орынды
айтылған. Ол: «… тілдің грамматикалық құрылысынан үнемділік
принципінің басқа да бірсыпыра орны бар. Олардан болымдылық
сияқты кең көлемде орын алатын зат есімнің жекешелік мағынасын
мысалға келтіруге болады. Ол да лексикалық мағынамен
бірге берілетіні белгілі. Мысалы, кітап алдым, хат жаздым т.б. мұндағы
кітап, хат сөздерінің жекеше мағынасы анық, ол ешбір тілдік көрсеткіш
арқылы жасалып тұрған жоқ», - дейді [34; 6].
Ж.О.Тектіғұл
аталған
докторлық
диссертациясының
авторефератында көптік көрсеткішінің мағыналық, тұлғалық жағынан
өзгеруін зерттеген. Өте ежелгі дәуірде жалпы алтай тілдеріне ортақ
(түркі, моңғол, орал тілдері) өмір сүрген жинақтау-көптік
көрсеткіштерінің жалаң және күрделеніп қолданылуынан көптеген
грамматикалық элементтер дүниеге келгендігін анықтаған. Мысалы,
-л
жинақтау – көптік көрсеткішінен: 1)
–л, -ла, -ле, -ла –р, -лых көптік
жалғаулары қалыптасқан. Мысалы, көне түркі:
ата –л «ат - тар»,
ичал
«таулар»; 2) караим тілінде
–лых тұлғасының көптік көрсеткіші
қызметінде жұмсалуы кездеседі:
карайлых «караимдар»,
куллух
«құлдар» т.б.; 3)
–лық, лік; -дық, -дік жинақты, абстрактілік мәнді зат,
сын есім тудыратын жұрнақтар пайда болған, қаз.:
жүзімдік, алмалық,
Достарыңызбен бөлісу: